Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 18:00, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................4-5
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі...........................6-9
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.............10-12
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.............13-15
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы......................................................................................16-27
ІІ.2. Етістіктің келер шағы...................................................................................28-30
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы...................................................................................31-37
ІІІ. Тарау. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
ІІІ.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.........................................................................................38-46
ІІІ.2. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағыетістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................47-49
ІІІ.3. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................50-51
ІV. Қорытынды........................................................................................52-53
V. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Етістік-Ш.Мұртазаның-«Қызыл-жебе»-романы.doc

— 283.00 Кб (Скачать документ)

Қалып етістіктері (ы/п, - і/п), -а, -е, -й формалы көсемшелермен тіркесіп айтылып, осы шақтың аналитикалық жасалу тәсілін құрайды. Мысалы, айтып отыр; жазып жатыр; келе жатыр; бере тұр. т.б. (19, 64)

Ауыспалы осы шақ көсемшенің  -а, -е, -й жұрнағы жалғану арқылы сөйлеп тұрған кездегі әрекетті (күн көтеріліп келеді), күнделікті тірлікті (ол мектепте оқиды, Асан қалада тұрады), дағдылы қимыл -әрекетті (сиыр мөңірейді) білдіреді. Етістіктің бұл формасы контекске қарай  өткен шақ, келер шақ мағынасында да қолданылуы мүмкін. Сондықтан бұл шақ формасын ауыспалы осы шақ деп атайды. Мысалы, Баяғыда бір кемпір ме шал өмір сүреді дегенде өткен шақты білдірсе, Бұл ұя салып күшіктеген жолбарыс болса, бізге тыныштық бермейді. Тігінде ол осы маңайдан ұзамайды дегенде келер шақты аңғартып тұр. Етістіктің бұл формасын осындай ерекшеліктеріне қарап жалпы осы шақ ерекшеліктеріне қарап жалпы осы шақ деп атаушылар да бар. (20, 64-65).

Оқулықтарда  - уда, -уде формалы етістік осы шаққа жатқызылады. Мысалы, егін орылуда. Мал семіруде. Бұл етістіктер де жіктеліп, осы шақтың мағына береді. Алайда, А.Ысқақов «оған етістікке тән қосымшалар қосылмайтындықтан, етістіктің шақ формасы ретінде қаралмауға тиіс» деген пікірді айтады. (21, 232)

Ә. Төлеуов осы шақты нақ осы шақ (жалаң нақ осы шақ, күрдері нақ осы шақ), ауыспалы осы шақ деген топтарға бөледі.

Мұнда, осы шақ  істің сөйлеп тұрған уақытта істелуім де, не істелу үстіндегі кезеңім де көрсететін шақ категориясы. Біз ауыл сыртындағы дөңде отырмыз. Үркер жайды жәшік өзі айтып отыр. Келе жатыр, оқып отыр десек, мұнда келу, оқу қазір сөйлеу мезгілінде болып жатқанын көрсетеді. Жоғарыдағы  отырмыз, айтып отыр, келе жатыр сияқты осы шақ жасалу тұлғсына, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай нақ осы шақ (отырмыз, айтып отыр), ауыспалы осы шақ (келеді) болып, ең алдымен екіге бөлінеді.

Бірақ жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, морфологиялық жағынан, бұлардың әрқайсысының жасалу ерекшеліктері әр түрлі.

Нақ осы шақ дегеніміз  істің дәл сөйлеп тұрған уақытта, кезде істелуін білдіретін етістіктің түрі. Асан мектепте отыр. Ол оқып отыр деген нақ осы шақтың өзі де жасалу тұлғасына қарай жалаң нақ осы шақ (отыр). Кұрделі нақ осы шақ (оқып отыр) болып екіге бөлінеді.

Жалаң нақ осы шақ қосымшаның көмегінсіз-ақ өздерінің лексикалық мағынасы арқылы сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді білдіретін жалаң нақ осы шақ отыр, жатыр, жүр, тұр етістігінің бір өзінен жасалады. Аталған төрт етістіктің басқа да етістіктерден айырмасы – жеке тұрып үш жаққа бірдей жіктеме алады: Ояна  кетсем, қасымда сен отырсың. Қойшы деп мен жатырмын.

Күрделі нақ осы шақ екі не одан да көп етістіктер аналитикалық тәсілмен бір-біріне тіркесе айтылып, бір-ақ лексикалық ұғымда жұмсалып, бір сұрауға жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ мүшесі болады: Жас туған бұзаулар тоңып тұр Қожаштың әкесі қайын-жұртына көшіп келіп жатыр. Осындай екі не одан да көп етістік тіркесе келіп, күрделі осы шақ жасалады. Мұның жасалуы төрт түрлі:

а) Жіктік-жақ жалғауы жалғанып, көмекші болған отыр, тұр, жүр, жатыр сөздерін негізгі мағыналы үнемді көсемшеден соң қою арқылы: мен газет оқып отырмын.

ә) Бара, келе, апара, әкеле сөздері жатып көмекшісімен тіркесуі арқылы: Баймағамбет келе жатыр. Ол газетке мақала әкеле жатыр.

б) негізгі етістік үнемі көсемшелі (-ып,-іп, -п) болып, бара жатыр, келе жатыр, күрделі етістіктері тіркесуі арқылы жасалады. Өндіріс күннен күнге өсіп келе жатыр.

в)  -лы, -лі жұрнағы қосылып, сындық мәнге ауысқан сөздерге (ілулі, байлаулы) көмекші болып, отыр, жатыр, жүр, тұр тіркелсе; Оған көңіл аударған ешкім жоқ, қол-аяғы әлі байлаулы жаты.

Ауыспалы осы шақ. Басқа сөздердің ыңғайына қарай бірде осы шақ, бірде келер шақ мағынасында ауысып жұмсалатын етістіктің түрлері бар: жазып отырмын (осы шақ), жазады (қазір жазады) болып келетін ауыспалы осы шақ жасалу тұлғасына қарай етістіктің түбіріне ең әуелі көсемшенің –а, -е, -й жұрнағы, одан соң жіктік жалғаулары жалғанады: отыр – а, мын, жыр –е, -мін; чөйле –й, -мін, көр-е-сің, сөйле-іңді т.б.Олар жасалу түріне, беретін мағынасына қарай екі түрлі. Мәселен, мен кинодан келемін сөзін сөйлемде келтіріп былай айтуға болады: Мен кинодан келемін десек келемін ауыспалы осы шақ мағынасында болса, Мен жиналысқа сағат екіде келемін десек, келемін ауыспалы келер шақ.

Нақ осы шақтың күрделі түрі  ауыспалы осы шақтың мағынасында айтыла береді:  жүріп келеді, сөйлеп келеді. Жанбота ат үстінде газет оқып келеді.Тұйық етістікке – да, - де қосымшасын қосып, одан кейін  жіктік жалғауын жалғау арқылы ауысплы осы шақ жасауға болады.

Мұндай тұлғада жасалуы – қазақ тілінде кейінгі кезде пайда болған құбылыс.(22, 101-103 ). Ал, Байымбетова Жүзімкүл осы шақты нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп қарастырады. (23,25-26).

 

 

 

ІІ.2. Етістіктің келер шағы.

 

Келе шақ іс-әрекет қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатындығын білдіреді. Түрлі тәсілдермен жасалатын келер шақтың мағыналары бірдей болмайды. Олардың бірінде мақсаттың мағына басым, енді бірінде іс-әрекеттің болу-болмауы айқын не күмәнді болып келеді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай олар: болжамды келер шақ, сенімді келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ болып 4 бөлінеді.

Болжамды келер шақта іс-әрекеттің орындалуы, орындалмауы болжай, жорамалдай айтылады. Бұл болымды және болымсыз тұлғалы  -ар//-ер, -р, -с аффиксті есімшелерінің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады.

Болжамды келер шақ мына тәрізді синтаксистік тіркестер арқылы да жасалады.

а) Ауыспалы шақ есімшелер мен  шығап, секілді, тәрізді  сөздер тіркесі арқылы жасалады.

Қария адам өмірінің қысқалығына қынжылатын сияқты . (Бұлқышев)

ә) – у тұлғалы қимыл есісдер (тәуелделіп кейде барыс септікте тұрып) мүмкін сөзімен тіркеседі.

Басқа бір сылтау айтсам, маған сенбей қалуы мүмкін. (Есенжанов).

Сенімді келер шақ – іс-әрекет, қимылдың істелетіндігін және оның ақиқаттығын білдіреді. Сенімді келер шақ – қолы // -келі, ғалы//-гелі тұлғаны көсемшелермен жатып, отыр, тұр, жүр етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалады.

Біз соғысқа кіргелі отырмыз (Б.Бұлқышев) Айсұлу Алматыға жүргелі жатыр.

Мақсатты келер шақ. Бұл шақ істелуге тиісті мақсатқа, тілекке байланысты іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Мақсатты келер шақ – мақ//-мек, -бақ//-бек, пақ//-пек етістіктерінің жіктеліп айтылуы арқылы етістіктерінің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады.

Мысалы: бар – мақ-пын, кел-мек-сің (дер) т.б.

Бұл форма – шы, -ші аффиксі үстеліп айт-пақ-шы-мыз болып та қолданылады.

Бұл шақтың болымсыз түрі емес етістігінің жіктеліп, тіркелуімен жасалады.

Оқу орны жылдан жыл көбеймесе, оқу ісі жылдам жыл күшеймесе, кемімек, әлсіремек емес. (С.Дөнентаев)

Ауыспалы келер шақта болатын іс-әрекет нақтылы ешбір шүбәсіз баяндалады. Ауыспалы осы шақ пен тұлғалары (а,-е, -й аффикстері) Бірдей болғандықтан да, ауыспалы келер шақ делінеді. Олардың мағыналары сөйлемде  айқындалады.

Бірақ оған тапсырылған бірдеңе болса, ол өліп жатса да орындайды (Мүсірепов) Қажы Шұғылдың бурасының  «көзін жоғалтам!», - деді ғой, сөз жоқ, енді жоғалтады (24, 200-201).

А.Ысқақов келер шақ формаларын мағыналары мен тұлғалық түрлеріне қарай, жалпы (анық) келер шақ, болжамды келер шақ және мақсатты (арнаулы) келер шақ деген үш топқа бөледі.

1. Жалпы (анық) келер шақ амал-әрекеттің алдағы уақытта шүбәсіз, ашық жүзеге асатынын білдіреді. Бұл шақ  етістік негізіне көсемшенің осы шақ формасының жұрнағы (а, -е, -й) қосылу арқылы жасалады. Мысалы, Біз үлкендердің тапсырмасын орындаймыз, үміттерін ақтаймыз.

2. Болжалды келер шақ формасы  алдағы уақытта істеелтін амал-әрекетті атайды, бірақ ол амалдың жүзеге асу-аспауы күдікті, екі талай екені аңғарылады. Ал форманың өзі есімшенің келер шағының –ар (-ер, -р) жұрнағы арқылы етістіктің жалаң және күрделі негіздерімен жасала береді.

Мысалы, өзіңіз әуелі келерсіз, жай-жапсарымен сонда танысармыз: Сізбен әлі де талай кездесетін де шығармыз, әңгімелесетін де болармыз.

3. Мақсатты (арнаулы) келер шақ формасы  амал-әрекеттің алдағы уақытта  шүбәсіз, күдіксіз (қайткенде де) жүзеге  асатынын және онда бір мақсат  барын қоса білдіреді.Бұл форма  етістік негізіне есімшенің мақсатты келер шағының – мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы, кейде соңғы жұрнақтың үстіне – шы дәнекері қосылу арқылы жасалады. Мысалы, Біз ертең  жиналмақшымыз да, онда сенбілікке кім, қашан, қайда баратынын сөз етпекпіз: Бүгін кітапханаға бармақпын, жолға қажет кітаптар алмақпын. 25 (332-333)

Келер  шақ формаларын қазіргі қазақ тілінде мағыналарына қарай: ауыспалы келер шақ, болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ деп үш топқа бөледі.

Ауыспалы келер шақтың формасы –а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы, мен аламын, сен аласың, сіз аласыз, ол алады.

Бұл формадағы етістіктің өткен шақ, осы шақ ретінде де қолданылды.

Болжалды келер шақ есімшенің – (а) р, -(е) р және болымсыз-мас, -мес қосымшалары арқыы жасалып, алдағы уақытта болатын амал-әрекеттің жүзеге асу, аспауын күдікті, болжалды түрде аңғартады. Мысалы, жазармын, жазарсың, жазбақпыз.

Мақсатты келер шақ есімшенің – мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы, кейде оған –шы қосымшасы қосылып айтылу арқылы жасалады. Мысалы,  бармақпын-бармақшымын, бармақсың –бармақшысың.

Мақсатты  келер шақтың мағынасы сөйлеу кезінен кейін болатын қиымл -әрекетті анық білдірмейд, шындыққа қатысы жағынан ашық райдан гөрі бұйрық рай, әсіресе қалау райға жақындау. Мысалы: бармақшымын – барғым келеді, сөйлеспекпін – сөйлескім келеді. (26, 65-66).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.3 Етістіктің өткен шағы

 

Өткен шақ деп сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болғам я істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын айтады. Әдетте өткен шақ жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді (27, 198-199).

«Қазіргі қазақ тілі грамматикасы» атты оқулықта етістіктің өткен шағы істің болып өткен мерзімі мен сөйлеушінің баяндау уақытының алыс-жақындығына қарай: а) жедел өткен шақ; ә) бұрынғы өткен шақ; б) ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.

а) Жедел өткен шақ іс-әрекет, қимылдың дәл сөйлеп тұрған уақыт алдында ғана болып өткенін білдіреді. Жедел өткен шақ етістік түбірінің болымды  және болымсыз түрлеріне – ты//ті, ды //ді, жұрнақтарының қосымды арқылы жасалады, олар адам әрі бірінші жақта –ле, қ//к, екінші жақта ң, -ңыз//іңіз, -ңдар//ідер, -ңыздар//ңіздер болып жіктеліп қолданылады. Мысалы, айт-тым, бар-дық, кел-дің-дер, көр-медің-із т.б.

ә) Бұрынғы өткен шақ –іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді.

Бұрынғы өткен шақ бірнеше жолмен жасалады:

а) болымды және болымсыз етістік түбірлеріне  -қан//кен, ған//-ген тұлғалы өткен шаө есімшелер бар –ған-мын, көр-ген-сің(дер), кел-ген-сіз(дер), біл-ме-ген болып, жіктік жалғауының қосылуы арқылы жасалады.

ә) Болымды және болымсыз етістіктер –ып, //іп, -п тұлғалы көсемшелердің одан әрі жіктеліп қолданылуы арқылы жасалады.

Қызықтан қашып бұл жерге,

Көңіліңіз суып келіпсіз (Абай).

б) –қан //-кен және ып//іп, п тұлғалары мен-ұшы аффиксті етістіктер –е етістігінің жіктелуімен күрделене айтылып бұрынғы өткен шақ жасалады. Мысалы: бар-ған ем, көріп-ең, айт-ушы еді т.б.

Бұрынғы өткен шақтың бұлардан басқа да синтаксистік тәсілмен берілетін түрлері бар. Олар өткен шақ есімшелерге екен етістігі мен шығар, сияқты, секілді, тәрізді, білем, көрінеді (ған, екен, ған шығар, ған сияқты т.б) сөздерінің, етістіктің шартты рай формасына керек (са керек) және жедел өткен шаққа білем (..ді білем) модаль сөздерінің тіркесіп айтылуы арқылы жасалады.

Ауыспалы өткен шақ. Өткен шақтың бұл түрі есімшенің – тын//тін аффикстері арқылы жасалады. Бұл тұлғалар өткен шақта сөйлеушінің істің орындалғанын нақтылы баяндауын білдіреді.

Адам баласы жасаған ұлы мұраны біліп алып, мұраға білу үшін оқытыңыз (Бұлқышев). (28, 198-199)

А.Ысқақов  бірнеше семантикалық сипаттарын ескере отыры, өткен шақты анық (айғақты) өткен шақ, толық (айғақсыз) өткен шақ және неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп үш салаға бөлуге болады деп көрсетеді. 29 (328).

1. Анық (айғақты) өткен шақ деп  сөйлеушінің болған я болмаған  амал-әрекетті өзі басы –қасында  болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы (оқушы) әбден қанық боларлықтай, сенерліктей етіп хабарлайтын  формаларды мындай өткен шақ  формалары жасалады.

1) –ды, /-ді, ты, -ті) жұрнағы (алды, келді)

2) –ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағы (жайған, есейген, көшкен).

3) –атын, (-етін,-йтын, йтін) формалты (көтеріп  еді; сынап еді, ішіп еді)

4) –ып еді (іп еді, п еді) форманты (көтеріп еді, сынап еді, ішіп еді).

5) –ған еді, қан еді, -кен еді) форманты еді, білген еді, қашқан еді, түскен еді) форманты (қалаған еді, білген еді, қашқан еді, түскен еді).

6) – ушы еді (-уші еді) форманты (барушы еді, келуші еді);

7) тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері  мен есімдерге еді көмекші  етістігі тіркеседі. (жүр еді, отыр еді, жатыр еді, отыр еді).

2. Толық (айғақсыз) өткен шақ деп  сөйлеушінің болған я болмаған  амал-әрекетті өзі  басы-қасында  болмай, өз көзімен көрмей, тек  басқа айғаққа (біреудің айтуынша, хабарлауына)  сүйеніп, немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп... білген мәліметке сүйеніп айтқанындай етіп көрсететін формаларды айтамыз. Толық өткен шақ көрсеткіштері мыналар.

1) –ып (-іп, -п) жұрнағы (алыпты,  көріпті).

2) –ған екен (-ген екен, -қан екенғ  –кен екен) форманты (алынған екен,  кешіккен екен, сасқан екен).

3) –а, +ды екен (-е + ді екен) форманты (ақылдасады екен, кеңеесіп жүреді  екен).

Информация о работе Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі