Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 18:00, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................4-5
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі...........................6-9
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.............10-12
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.............13-15
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы......................................................................................16-27
ІІ.2. Етістіктің келер шағы...................................................................................28-30
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы...................................................................................31-37
ІІІ. Тарау. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
ІІІ.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.........................................................................................38-46
ІІІ.2. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағыетістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................47-49
ІІІ.3. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................50-51
ІV. Қорытынды........................................................................................52-53
V. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Етістік-Ш.Мұртазаның-«Қызыл-жебе»-романы.doc

— 283.00 Кб (Скачать документ)

Сөйтіп, еді я екен компоненті тіркесінен кейін, күрделі формалардың бір-біріне ұқсамайтын (ажырайтын) семантикалық ерекшеліктері жойылмайды сақталады, олар тек өткен шақ формасына түседі, бірақ еді және екен компоненттерінің айырмашылықтарына (е+ді, е+кен) орай, өткен шақтың біріншісі (мысалы, ал-ған еді, кел-ген еді) мәніне сәйкес анық өткен (айғақты) шаққа, танық (айғақсыз) өткен шаққа жатады. Өйткені алған еді дегенде, анықтық (айғақтылық, күдіксіздік), ұғымы пайда бола қалса алған екен дегеннен таныттық (айғақсыздық, күдіктілік) түсінігі көкейге қона қалады. Осындай мағыналық ерекшеліктерді жақсы бағдарлау үшін, мына мысалдардағы өткен шақ реңктерін және оларды білдіретін формаларын салыстырып көрейік.

  1. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалыпты; (Ш.М., 1994., 63).             2.  Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған екен; 3. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған көрінеді; 4. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалса керек (үйіліп қалған болса керек); 5. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған білем; т.б. Ал қазіргі адам (сөйлеуші): «Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалды (... қалған еді ... үйіліп қалатын еді ..., үйіліп қалушы еді т.б.)» деп айта алмайды және айтуы мүмкін емес, өйткені бұл формаларды тек осы жайларды өз көзімен көрген, оның басы-қасында болған адам ғана қолданса керек. Бірақ, қазіргі адам (сөйлеуші): «Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалса керек; Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған шығар» деп айта алады. Өйткені бұл сөйлемдердегі қазуға байланысты әрекеттер өткен кезде жүзеге асырылмақшы болған ынта, тілек, мақсат, нысана, шарт, болжам тәрізді амалдар: сөйлеуші бұларда сол өткендегі әрекеттерді еді, екен, шығар, сияқты... дәнекерлері арқылы болғандай етіп көрсетеді, ал шындығында, олардың болғандары да, болмағандары да неғайбыл, демек, өткен шақ анық та емес танық та емес.

Шақ формаларын сыртқы тұлға түрлеріне қарай да, ішкі мазмұн өзгешелігіне қарай да жіктеуге болады. А.Ысқақов өткен шақтың өзіндік семантикалық ерекшеліктерін ескере отырып, өткен шақты а) анық (айғақты) өткен шақ, ә) танық (айғақсыз) өткен шақ және б) неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деген үш салаға бөледі. Ал «Қазақ тілінің грамматикасында» өткен шақ   а) жедел өткен шақ; ә) бұрынғы өткен шақ; б) ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді.

  Ал, Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе»  романында осы аталған өткен  шақтың барлық түрлері кездеседі. Олардың мағыналық ерекшеліктері контекстке қарай анықталып отырады.

Жедел өткен шақ іс-әрекет қимылдың дәл сөйлеп тұрған уақыт алдында ғана болып өткенін білдіреді. Мұнда іс-әрекеттің нақтылы анық болғандығы анықталады.

Жедел өткен шақ етістік түбірінің болымды және болымсыз түріне –ты//-ті, -ды//-ді жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалады, олар одан әрі бірінші жақта –м, -қ//-к, екінші жақта –у, -ның//-ңіз, -ңдар//-ңдер, -ңыңдар//     -ңіздер болып жіктеліп қолданылады. Мысалы «Қызыл жебе» романында жедел өткен шақтың мынадай түрлерін кездестіруге болады:

  1. ты//ті, ды//ді жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалып, одан әрі бірінші жақта –м, қ//к болып жіктелетін өткен шақтар. Мысалы:

Жүрегі тарс  етіп жарылып, жаны жаһаннамға кеткендей болды (Ш.М., 1994, 64).

Қабырғада көлеңкесі ебедейсіз сорайған қарауыл аңырып тұрып-тұрып, ақыры шығып кетті. (Ш.М., 1994, 64).

Тесіктен симай пұшайман болды. (Ш.М., 1994, 69).

Түсінде аспанның көк күмбезіне шашылған асқар-асқар тауларды көрді. (Ш.М., 1994, 66).

Қайнар көздің бас жағындағы жалбызды аршып-аршып, әрірек өтіп, пісігі өсіп кеткен бір шоқ бүлдірген тауып алды. (Ш.М., 1994, 69).

Бүлдірген ауқат болмады. (Ш.М., 1994, 69).

Тас-тастың қуысында қақылықтап жүгіріп жүрген кекілік көңілін алаңдатты. (Ш.М., 1994, 69).

Жуықтап жоламастан бұғып қана отырды. (Ш.М., 1994, 69).

Қызыл жебе сияқты асыл жылқыны ешкім де соймайды. (Ш.М., 1994, 73).

  • Әй, мырза-ай, осы жаман сандықтың ішіне біздің кісі сыйып кетеді  деп ойладыңыз ба? (Ш.М., 1994, 75).
  • Кәне, қақбас, інің қайда, қаныпезер, қашқын ініңді қайда тығып қойдың? (Ш.М., 1994, 75).

Әлі өздерің келіп, аяққа жығылып айтасыңдар. (Ш.М., 1994, 77).

Өздерің-ақ ұстап бересіңдер. (Ш.М., 1994, 77).

Сай-сайды сүзіп шығыңдар. (Ш.М., 1994, 77).

Онан да әлі кеш емес, көшейік. (Ш.М., 1994, 78).

Аттаныстың табан астында асығыс болғандығы сонша, әдеттегі «ауылдың алты ауызы», тіпті «жар-жар» да айтылмады. (Ш.М., 1994, 83).

А.Ысқақовта өткен шақтың бұл түрі анық (айғақты) өткен шақ деп аталады.

Анық өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы (оқушы) әбден қанық боларлықтай, сенерліктей хабарлайтын формаларды айтамыз, - деген анықтама берілген. Сондай-ақ, анық өткен шақ формаларының мынадай көрсеткіштер арқылы жасалатының  көрсеткен:

1) –ды (-ді, -ты, -ті) жұрнағы:

Кеудесіне мылтық тіреген солдаттың бетіне қолын салып жіберіп, мұрнының үстін сырдыра орып түсті. (Ш.М., 1994, 101).

Тұрар шыдай алмай шыңғырып жіберді. (Ш.М., 1994, 101).

Албаннан тоқал алып келе жатқан жерінен атып кеттім. (Ш.М., 1994, 102).

Төбеде жалғыз қыран қалықтап жүрді де қойды. (Ш.М., 1994, 104).

Өң мен түстің арасын ажырата алмай, әрі-сәрі халде қалған Рысқұл Қара Иванның даусын естіген соң есін бірден жиып алды. (Ш.М., 1994, 105).

Жан-жақтан қасқыр қамалағанда, шөмелесіне тығып пана болды. (Ш.М., 1994, 106).

Мал қораны айналып шықты. (Ш.М., 1994, 108).

Қара Иван қолына айыр алып, шөмеле төңірегіндегі кәшек шөп-шаламды жинаған болып, аймалшықтап жүріп алды. (Ш.М., 1994, 107).

Аттың иесі аман-есен бір жерде жасырынып жатқаны белгілі болды. (Ш.М., 1994, 109).

Анарбай мен Таубай бастап, болыстың адамдары да ауылдарына қайтты. (Ш.М., 1994, 109).

  1. –ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағы;

Таудан асып күн батқан. (Ш.М., 1994, 67).

Тұрар сайдың қабағындағы жабайы алма ағашының ашасына мініп отырған. (Ш.М., 1994, 67).

Бұталмаған жабайы алма ағаш балақтап, бұтағы ескіріп кеткен.               (Ш.М., 1994, 67).

Патшаның да айласы асқан. (Ш.М., 1994, 89).

Қара Иван да Рысқұл сияқты осыдан отыз жыл бұрын Ресейден ауып келген. (Ш.М., 1994, 90).

Бас аурудың үстіне мына меңіреу, бұлыңғыр тыныштық қосылып, миын шаға түскен. (Ш.М., 1994, 92).

Төсекте қарындасын ойнатып отырған Тұрар жерге жалаң аяқ секіріп түскен. (Ш.М., 1994, 94).

Түйметай төсек үстінде шашы сексиіп, қорыққанынан шырылдап қоя берген. (Ш.М., 1994, 94).

Ол ағаштар алдақашан шіріп кеткен. (Ш.М., 1994, 95).

  1. –атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы;

Тау – Шілмембеттің маңайындағы екі-үш құрым киіз үйдің ескі бақандары болатын. (Ш.М., 1994, 96).

Сол шанаға Оразбақ таласатын. (Ш.М., 1994, 99).

Ал, Шыныбек жәкесі шақылдаңқырап қалғанымен балажан, базардан ылғи тәтті әкеліп, балаларға тең бөліп беретін. (Ш.М., 1994, 99).

Үйден гөрі түзде көп жүретін Рысқұлды жоқтатпауға тырысып, кейде басқа балалардан гөрі Тұрарға бүйірі тартыңқырап тұратын. (Ш.М., 1994, 99).

Губернатор фон Таубе патшаға еліктейтін. (Ш.М., 1994, 119).

Шашын да соныкіндей қырықтырып, мұртын да солай бастыратын.             (Ш.М., 1994, 119).

Қазына тіккен мундир шақ келмей, киімді ұдайы жеке ұстаға арнайы заказбен тіккізетін. (Ш.М., 1994, 122).

Әкесінің мейірімі түсіп еніренген кездері аз болатын. (Ш.М.,1994,123).

Рас, түрме түбіндегі нар еменнің бір бұтағы көлбеңдеп, жасыл жапырақ көз алдайтын. (Ш.М., 1994, 124).

  1. –ып еді (-іп еді, -п еді) форманты;

Қанша жыл болған, құдай-ау, туған жері Түлкібастан кетер жылы Қатшагүл жеңгесі тігіп беріп еді. (Ш.М., 1994, 126).

Алау жалды ат енді кісінеп жіберетіндей шапшып тұр еді.               (Ш.М.,1994, 132).

Тары қоритын уақыт болып қалып еді. (Ш.М., 1994, 134).

Жігіт құлақ салып еді. (Ш.М., 1994, 134).

Әнеу күні де бір қасық суға бола Дауылбай ауылымен керілдесіп қалғанда, кедей Сәліктің бас көтерері осы Рысқұл боп қоқайқаптағысы қозып, қаны бір қайнап еді. (Ш.М., 1994, 134).

Әне сонда барып оның есіне баяғыда өткен Әлімбек батырдың күміс ер-тоқымы сап ете түсіп еді.

  1. –ған еді (-ген  еді, -қан еді, -кен еді) форманты: (қалаған еді, білген еді, шашқан еді, түскен еді, сүрініп кеткен еді, ашылып қалған еді).
  2. – ушы еді (-уші еді) форманты:

Күндіз-түні желдемейтін қапаста не иіс болушы еді. (Ш.М., 1994, 64).

Үшеуінің ішінде Тұрар әсіресе Қорған жәкесін жақсы көруші еді. (Ш.М., 1994, 100).Бір ауыз жылы сөзден іші-бауыры елжіреп, әлдеқандай аяныштан көмейіне түйіліп жас тығылып қалушы еді. (Ш.М., 1994, 114).

Қапаста аспаннан басқа көрінуші еді. (Ш.М., 1994, 14).Осы әуеніне бола Тұрар қолына кілт түскенде сандықтың аузын қайта-қайта бұрай беруші еді. (Ш.М., 1994, 71).Бар ықыласы баласына ауып, жас келіншекке кейде керенау қарап кетуші еді. (Ш.М., 1994, 14).Бұрын қанша сапарға аттанса да ала кет деп айтапушы еді.                            (Ш.М., 1994, 33).

  1. тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдіктерге еді көмекші етістігі тіркеседі; (жүр еді, отыр еді, тұр еді, жатыр еді) т.б.

Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында аталған өткен шақтың бірнеше формалары кездеседі; ал кейбіреулері сирек, кейбіреулері жоқтың қасы. Мәселен, ған еді (-ген еді, -қан еді, кен еді) немемсе тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге еді етістігі тіркесу арқылы жасалған формалары ұшырасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшеліктері.

 

Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді.

Бұрынғы өткен шақ мынадай жолдармен жасалады.

  1. Болымды және болымсыз етістік түрлеріне –қан//-кен, -ған//-ген тұлғалы өткен шақ есімшелері бар-ған-мын, көр-ген-сің(дер), кел-ген-сіз(дер), біл-ме-ген болып, жіктік жалғауының қосылуы арқылы жасалады.

Тас камераға қамалған соң-ақ Рысқұл ісінің оңалмасын сезген.                  (Ш.М., 1994, 126).

Сол сайыста екі батыр екеуі де бір мезгілде аттарынан ұшып түскен.              (Ш.М., 1994, 131).

Шабданның асында Теке батыр мен Соқыр батыр қайта сайысып, бұл жолы Соқыр Теке батырды ұшырып түсірген. (Ш.М., 1994, 134).

Кеше ол камераға кеш оралған. (Ш.М., 1994, 135).

Тасыраңбай Аркаша әкесінің әлгі ескертуін ұмытып кеткен.                 (Ш.М., 1994, 134).

Приходько мырза шоқынуды өз балаларына тәптіштеп тапсыра отырып, Тұрарға да емеурін айтқан. (Ш.М., 1994, 140).

Әруақ құдай қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты. (Ш.М., 1994, 16).

Заңғар таудың кеудесіне шығып отырған екі адам маздап жанған отқа үзіліп қапты. (Ш.М., 1994, 19).

Тасбақадай тарбиған дәу үй ауылдың ортасын ала орналасыпты.           (Ш.М., 1994, 37).

Көлікке жегіп жүретін бір аты ұрланыпты. (Ш.М., 1994, 45).

Көшенің аты өшіп қалыпты. (Ш.М., 1994, 54).

Күміс ерді ерліктің, елдіктің, дүбірлі күндердің белгісіндей келелі зат есебінде сақтапты. (Ш.М., 1994, 149).

Өз өміріндегі ат үстіне күміс ерді салмапты. (Ш.М., 1994, 149).

Күміс ер-тоқымнан басқа мұра болмапты. (Ш.М., 1994, 149).

б) –қан//кен және –ып, -іп, -п тұлғалары мне –ушы аффикстері арқылы –е етістігінен өткен шақ жасалады.

Ол жоғалса аз ауылды бәле-жаладан сақтап жүрген әруақ адасып қаласындай көрінуші еді. (Ш.М., 1994, 149).

Ал, шандағында Молдабек те, Шыныбек те, Қорған да мойындарынан емес, аяқтарынан асулы тұр еді. (Ш.М., 1994, 97).

Ізбайша жортпаш Түйметайды қолынан жетектеп ауылдас отырған Ахат қарияның үйіне кетіп еді. (Ш.М., 1994, 28).

Сол жолы өзі есімдес алқаптан Рысқұл таутеке атып алып еді.             (Ш.М., 1994, 22).

Тұтқын келген ізімен кері қарай бөрі бүлкіл салып, салмақпен желе жортып еді. (Ш.М., 1994, 60).

Өзінің тұсынан өте бергенде қарауылдың көзі Рысқұлдың көзімен атысып қалып еді. (Ш.М., 1994, 61).

Таңның арайы ажарланып, жаңа күннің шырайы кіре бастаған екен.            (Ш.М., 1994, 60).

Өткен шақтың бұл түрі А. Ысқақовтың оқулығында танық (айғақсыз) өткен шақ деп беріледі.

Танық өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекеттері өзі басы-қасында болмай, өз көзімен көрмей, тек басқа айғаққа немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп ... білген формаларды айтамыз. Олардың көрсеткіштері мыналар:

    1. –ып, (-іп, -п) жұрнағы.

Торлама сары қауындардың біразы пісігі өтіп, қақ-қақ жарылып кетіпті. (Ш.М., 1994).

Арқасы қып-қызыл етке айнала бастапты. (Ш.М., 1994).

Адам баласын кейде бір жыртқыштық құмар билеп кете ме екен, әйтеуір осы тәлкектен бір рахат тапқандай әуестеніп алыпты. (Ш.М., 1994).

Алтын түстес сары шашын сылаң тарап, желкесіне қаздитып түйіп, мүйіз тарақпен қапсыра жабыстырып тастапты. (Ш.М., 1994).

Сәмбінің солқылдақ нәзік бұтағының дәл ұшына құрқылтай ұя салыпты. (Ш.М., 1994).

Табиғат шіркін тамылжып, тікенегіне дейін ажарланып алыпты.             (Ш.М., 1994, -б).

Немістің ішінен бір менмен профессоры бірде Ломоносовқа дәл сен құсап қолын шошайтып күліпті. (Ш.М., 1994).

Информация о работе Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі