Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 16:03, курсовая работа
Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген.
Қарттарды әлеуметтік қорғау шараларының бірі жасқа қарттық келіп немесе жоғалған қарекетін өзіне-өзі қызмет ету жалпы қызметтің әртүріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін тұратын, сондай-ақ қарттардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады.
Кіріспе
І тарау.
1. Геронтология ғылымы туралы түсінік.
2. Қартаң адамдардың проблемалары.
3. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде.
ІІ тарау.
1. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.
2. Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі.
3. Егде жастағы психофизиологиясының өзгеруі.
ІІІ тарау.
1. Эксперименталдық топтағы сынақтан өтуші тұлғалардың себептік-қажеттік сферасының өзгешеліктері
2. Экспериментелдық топтардағы сынақтан өтушілердің эмоционалдық шеңберінің ерекшеліктері.
3. Егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі
О.И.Даниленко атап өткнедей, бұл жағдайда күрделі мір жағдайларын игеру қабеті адамның жан саулығының шамасы болып табылады. Адам ішкі дүниесі мен өмір сүріп отырған орта арасында келісім табуы керек.
Егде жастағы адамдардың өмір салтына таладу жасау кезінде, оның денсаулық жағдайын бағалау мәнін ескере отырып, Т.В.Карсаевская «денсаулық» ұғымының нақтыландыра түседі. Ол денсаулықты еңбекке қабілеттілігі мен қоғмадық белснеділігін сақтап қалу деп атайды.
Егде адамның денсаулығы оның күш-қуаты, оның психологиялық және адамгершілік жағдайымен өлшенеді, осы арқылы егде адам қоғамға пайдалы қызмет атқара алады.
Қазіргі геронтология «адамның табиғи физиологиялық қартаюын, қартаю жайының ұлғаюы менбелсенді ұзақ өмір сүруін» танып отыр.
Егде адамдардың тиімді өмір алты индивидтің биологиялық мүмкіндіктерін барынша қолдану тәсілі,мезгілсіз қартаюы тосқауыл қою. Егде адамдардың күнделікті жүріс-тұрысы материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және құндылық бағдарынан еңбекті демалысты ұйымдаструы, әлеуметтік ортмане өзара қарым-қатынасуы – мұның бәрі оның жеке өмір салтын анықтайды. Егде адам үшін өмір салты – бұл оның ақыл-ой қызметі, эмоциясы мен жүріс-тұрысы, еңбегі мен демалысы, тамақтануы және табиғат пен қарым-қатынасы. И.М.Мечников пікірі бойынша, өмір гармониясы «ортобиозға» тыныштық, психикалық сілкіністіңболмауынан болып жатқан оқиғалардан шеттеуі, айналға сезімсіз түрде қарамауы мен қол жеткізілмейді.
ІІ тарау. 2. Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі
Қартаюшы адамдардың зейнеткерлікке шығу қиын кезең болып табылады, мұның өзі олардың өмір салтының түпкілікті өзгеруіне әкеледі. Жалпы уақыт бюджетінің қайта құру процессі өтеді. Еңбек қызметін тастай отырып, егде адамдар бос уақыты сияқты байлыққа ие болады. Осыған байланысты егде адамдардың бос уақытын үнемді өткізуі өзекті мәселеге айналды.
Бос уақыт мазмұнына түрлі анқытамалар беруге болады. Біздің көзқарасымыз бойынша, В.И.Пименованың классификациясы нақты болып табылады. Бос уақыт қызметінің үш тобын атап көрсетеді: бірінші – қоғмадық пайдалы қызмет, осының негізінде рухани құндылықтар жасалады. Оған қоғмадық жұмыс, өнертапқыштық, көркем шығармашылық түрлері оқу жатады; екінші топ – рухани құндылықтардан тұтыну, кітап, газет, журнал оқу, теледидер көру, театр, кинотеатрға бару; үшінші топ – түрлі демалыстар, яғни дене тәрбиесі, спорт, туризм сияқты, белсенді түрі мен пассив демалыс түрі.
Г.А.Евреева бос уақыты пайдаланудың негізгі үш деңгейін атап көрсетті: біріншісі – қабілетті дамыту мен шығармашылық мүмкндіктерін жасаушы әрекеттер; екіншісі – рухани және тән қажеттеліктерін қанағаттандырушы әрекеттер; үшінші – шығрамашылық және әлеуметтік потенцияны арттыру, және деструктивті (антимәдени) әрекеттер.
Бос уақытты егде адамдар қызметін ұйымдастыру жүйесі олардың қажеттіліктері, мүдделерімен, мәдени мақсаттары және идеялары арқылы анықталады. Бір қажеттілкті қанағаттандыру басқа бір қажеттілікті тудырады. Мұның өзі демалыстүрін байыта түседі.
Э.В.Соколов демалыс құрылымын «қабат» немесе бір-бірімен ерекшеленетін деңгей түрінде елестеді. Мұнда бір деңгей екіншісінен нақты қызмет мазмұны, ақыл-ой дәрежесі, эмоциясы, рухани белсенділігі арқылы ерекшеленеді. Э.В.Соколов демалыс құрылымында келесі деңгейлерді қарастырады: бірінші саты – демалыс ол шаршауды басады. Мұндай демалыс алыс мақсатқа мөлшерленбейді, ол өте пассив. Пассив демалдыс шексіз түрде жалғаса аламайды. Ол анағұрлым дамыған демалыс деңгейіне көтеріледі, оны көңіл көтеру деседе болады. Көңіл көтеру өзін-өзі жеңіл сезіну қажеттілігінен туындайды. Көңіл көтеру формасы ойын деп те аталады. Демалыстың бұдан да жоғары деңгейін ағарту деп атайды. Ол өзінен үлкен деңгейін шығармашылыққа өтуді талап етеді. Шығармашылық - қызметтің ең еркін түрі. Демалыс, көңіл көтеру, ағартудан өзіндік бағасы арқылы ерекшеленеді.
Егде адамдардың босуақытын өткізуі туралы түрлі пікірлер бар. Кейбір авторлар (Н.Н.Сагун, Г.Н.Москалес) тұлғаның қартаюы объективті жағдайлармен өмір салтындағы өзгерістер әсерінен егде адамдар кейбір қасиеттерін жоғалатып, оның жаңасына ие болып отырады деп есептеледі. Ал басқалары (Н.Н.Щербакова) егде адамдарға өмір бойы қалыптасқан сенім сақтап қалуға ұмтылу тән деп біледі.
Басқаларға қарағанда біздің еліміздің қарттары екі-үш есе босуақытқа ие. Ірі қалаларда қарттар көп бос уақытқа ие болады. Орта есеппен алғанда әр аптада 30-50 сағатты иемденеді. Сөйтіп олар зейнеткерлікке шыққан кезде демалысын қалай өткізу керектігін дұрыс болжай алады. Цицерон «Қарттық туралы» былай деп жазады: егер ол (жан) әрекеттен білімнен қорек алса, онда демалыстан артық ешнәрсе жоқ.
Демалысты дұрыс өткізуге қаржы тапшылығы кедергі болса, онда ол олардың өмір салтына әсер етуі мүмкін.
Өз өмір салты бірыңғай, қозғаыссыз, пассив өтетін егде адамдарға демалысқа онша құлшыныс тудырмайды. Егде адамдардың аз бөлігі ғана өз демалысын таныстары, достары, бұрынғы әріптестері, туыстарымен қарым-қатынас жасау, түрлі мәдени нәрселерге (спектакель, музей, лекция) сондай-ақ түрлі әуесқойлықпен шығылданады.
Сөйтіп, олар кенеттен бос уақыттың пайда болуын, оған бейімделуін және оны дұрыс өткізуді ұйымдастыра алады. Егде адамдар босуақытын өткізуге сенімсіздік танытса, олардың бойында депрессия болып және өзін-өзі дұрыс сезінбейді.
Егде адамдардың бос уақытты қалай өткізуі мәдени білім деңгейіне де байланысты болады. В.В.Никитенко жүргізген демократиялық талдау мынаны көрсетті: басқа жас ерекшелігі топтарына қарағанда егде адамдардың білім дәрежесі елеулі түрде төмен екендігін көрсетті. Бірақ, зейнеткерлікке шыққан адамдардың білім деңгейі бірте-бірте тұрақты түрде жоғарлайтындығын атап өтуі қажет.
1980 – 88жылдары жүргізілген зерттеулер мұны дәлелдей түседі. Зерттеулер мәдени-ағартушылық шақта демалыс түрлеріне шығынды аз жұмсайды, әсіресе ер зейнеткерлер. Кинода, театрда тіптен болмайтындар 44,5%-ды құрайды.
Бұл еңбек етуші ер адамдарың пайызынан 3,5 есе артық екендігін көрсетеді. Сауал жүргізу нәтижесі мынаны көрсетті.
Егде адамдардың қызығушылығына талдау жасау олардың клуб мекемелеріне жай келе алу мүмкіндігін көрсетті.
Алайда, тәжірибе эксперименттік жұмыстың бірінші кезеңінде егде адамдар барлық қызмет түрінен үйде ғана айналысатындығын дәлеледеді. Олардың 3,6%-ы ғана достарымен клубта кездеседі, 3,7%-ы бау-бақша шаруашылығы клубында ұшырасады. Бос уақытын кіммен бірге өткізеді деген мәселе бойынша мынадай мәліметтер алынды: отбасы мүшелерімен - 62%, жалғыз өзі – 34,9%, туыстарымен – 31,1%, әріптестерімен бірге - 31%, жастық шақтағы достарымен – 29,2%, көршілеріменен – 26,2%. Егде адамдар кейде бірнеше нұсқаны да айтатын. Қай жастағы адамдар мен бос уақытын өткізеді? Деген мәселе бойынша мынандай мәліметтер алынды: 27,6% - орта жастағы адамдармен; 25,6% - құрдастарымен; 19,4% - достарымен; 8% - жасөспірімдермен.
Зерттеуде егде жастағы адамдар ұнататын қызмет түрлері айқындалды: «Сізге келесі қызмет түрлері қаншалықты дәрежеде маңызды?» - деген сауал қойылды.
Соның нәтижесінде маңызды қызмет түрлері бұл отбасында болу, немерелерді тәрбиелеу, одан кейінгі орында теледидар көру, радио тыңдау, өз білімін жетілдіру, қоғмадық қызмет, театр, кинотеатрға бару. Сөйтіп,отбасы қарым-қатынасымен кейінгі орынға бұқаралық ақпарат құралдары екендігі айқындалды. Коллекция жинау, көркемөнерпаздылықпен шұғылдану, әдебиет және өнермен айналысу маңызды немесе маңызы аз деп танылды.
Анкета жүргізу барысында, демалыстың білімге жас ерекшелігіне жиналысына тәуелді екенідігі анықталды.
Бастауыш білімге ие егде жастағы адамдар демалудың пассив формаларын қалайды, яғни теледидар көру, радио тыңдау, отбасында болу, үй шаруашылығымен айналысуды ұнатады. «Сіз клубта немен айналысқандығын қалар едіңіз?» - деген сауалға респонденттер былай деп жауап берді: жай ғана демалу – 3,02%; теледидар көру – 2,01%; таныстарымен кездесу – 7,4%.
Толық емес орта білімге ие егде адамдар демалудың пассив формаларымен бірге өнер және әдебиетті сүюші клубын, «денсалық», декаративті қолданбалы шығармашылық клубын атады. Олар мәдени-ағарту қызметтеріне қатысуды қалайды: құрдастарымен қарым-қатынас жасау – 3,09%; пайда болу тәжірибиесін үйрету – 1,4%; қызықты ортаны іздеу – 2,7%; сүйікті ісімен айналысу - 2,2%.
Орта білімге ие егде адамдар демалыс ісінде демалыс ісінде өте белсенді болып келеді. Олар дене тәрбиесі, өз білімін жетілдіру қызмет түрлерін қалайды. Олар да мәдени-ағарту жұмысына, яғни өздеріне пайдалы болу, өз тәжірибесі мен білімін тарату, сүйікті ісімен айналысу, құрдастарыменқ қарым-қатынас жасау сияқты түрлері де іске асады. Бұл адамдар еңбек және соғыс ардагерлері кеңесіне, қиын балалармен жұмыс істеуге көмек көрсете алады.
Орта арнайы білімге ие адамдардың жағдайы тіптен басқаша. ОЛар достары ортасында болуы, дене тәрбиесімен айналысу, қоғамдық жұмыспен шығылдану және өз білімін жетілдірумен айналысуды қалайды.
Жоғары білімді егде адамдар бірінші орына мынадай қызмет түрлерін қояды: өз білімін жетілдіру, қоғамдық жұмыс.Мәдени-ағарту жұммысында мынадай нақты көмек ұсынады – лекция оқу, сұхбат жасау, хабар жіберу, кеңес беру. ОЛар жастармен, жасөспірімдермен, балалармен жұмыс жүргізуге дайын. Түрлі әдеби музыкалық кештер ұйымдастыруда қалайды. Егде жастағы адамдардың демалыстиптерін анықтауда бос уақытта немен айналысуын, олардың өмір салтын көрсететіндігін ескеріледі.
Кейбір әлеуметтік күштер (В.А.Грушин) былай деп атап көрсетті: егде адамдардың отбасы міндетін бірнеше ұлғайту және сақтап қалу қажет. Егде адамдардың үй шарушалығын жүргізе отырып, олар өз денсаулығын, демалысын шағым етеді.В.А.Грушин түрлі жасерекшеліктерді топтар арасында бос уақыт үшін күрес өту деп есептейді. Әлеуметтанушылар олардың отбасындағы мынадай міндеттерін атап өтеді: немерлеріне қарап, оларды тәрбиелей отырып, жас жұбайларға көмек көрсету, үй шаруашылығыменотбасы бюджетін жүргізу, жас жұбайлардың қоғамдық, өндірістік жұмыстарына белснеді араласыуныа мүмкіндік беру, дау-жанжалдың алдын алу. Сонымен қатар, В.Д.Шапиронның зерттеу мәліметтері бойынша егде адамдар отбасында жеке мақсатты, мазмұнды және пайдалы жұмысты сақталуын қамтиды.
Мәселені теориялық жағынан зерттеу түрлі сауалдар жүргізу, бақылау, көркейту және тағы басқа әлеуметтік педагогикалық әдістер көмегімен жеке өзіндік зерттеу жүргізу іске асырылып оған 675 респондент қамтылды. Сауалнама жүргізудің мақсаты егде адамдардың демалысын ұйымдастыру мәселесінің кейбір жақтарын анықтау болып табылады. Атап айтқанда, бос уақытты бағдарлаушы туралы, осы уақыт көлеміне деген көзқарас, әлеуметтік күнделік ретінде демалысты бағалау, объективті және субъективті мүмкіндіктерге баға беру. Егде жастағы адамдарға мынадай сауалдар қойылды: «Сіздің сүйікті шаруаңыз қандай?», «Бос уақытты кіммен бірге өткізесіз?», «Бос уақытыңызда үйде отырасыз ба, әлде клуб, не болмаса белгілі бір мәдени мекемесінде боласыз ба?».
Егде адамдардың ұжымдық дамалу формаларын зерттеу оның өте аз жағдайда орын алатындығын көрсетті. Олардың 3,3% ғана түрлі үйірмелер мен секцияларға, мәдени-ағарту қызметіне қатысады. Мүлдем демалыстың кең тараған түрі-өзге елдермен қарым-қатынас жасау, қонақ күту және қонаққа бару-78% ; кинотеатрға бару- 68,9%; түрлі қатысымдарға бару-4,9%.
Л.Д. Гордон, Э.В.Клопов «Человек после работы. Социальные проблемы быта мвнерабочего времени» атты монографиясында егде адамдардың достарымен көшеде жиі кездесетіндігін атап көрсетеді. Бұл әрекет ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қарттық кезеңде достықтың ролі ұлғая түседі. Жақын туыстарынан айырылған егде адамдарда достарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі өрши түседі. Егер зейнеткерлікке шыққан адам демалысты қалай өткізуді ұйымдастырмаса, отбасында оны дұрыс қолданбаса, онда адамның қызығу шеңбері тарыла түседі.
Егде адамдардың рухани құндылық қажеттілігіне әсер ететін маңызды факторларының бірі зейнеткерлікке шығу алдында тиісті қажеттіліктердің қалыптасуы болып табылады.
Сөйтіп, зейнеткерлікке шыққан соң демалыс уақытының елеулі түрде ұлғаюы салдарынан оны пайдалану сапасы төмен деңгейде қалуда. Бос уақытта белсенді түрде өткізу факторлары арасында демалу біліктілігінің өте төмен деңгейде екендігі атап өткен жөн. Егде адамдар немерелері жағдайын өз мойнына алады, осы арқылы эмойиялық қажеттілікті қанағантандырады. Олар зейнеткерлікке шыққанға дейін атқармаған ісін осы арқылы, яғни өскелең ұрпақ тәрбиесі арқылы атқарады. Мұның өзі көп күш пен уақытты қажет етеді.
Демалыстың ең дамыған түрі –кітап оқу. Әсіресе әйел адамдар ерлерге қарағанда (газетті есепке алғанда) кітапты көп оқиды. Ерлер газетті көп оқиды, теледидар алдыңда 2 сағаттан көп отырады.
Еркін қарым-қатынас жасауға, талпынудың күшеюі еңбек етудің азаюымен ғана байланысты ғана емес, қарттықтың әлеуметтік психологиялық табиғатына да тиісті. Рухани қажеттілік пен байланысты уақытты шағымдау мәселелер болып табылады, көркем әдебиет, газет оқу.
Газет оқу кітап оқуға қарағанда көбірек орын олады. Өйткені егде адамдар күнделікті қоғамдық-саяси оқиғалармен қызығып отырады.
Демалыс сипатына егде адамдардың бұрыңғы әлеуметтік жағдайында әсер етеді. Зейнеткерлікке шыққан әйел және ер жұмысшыларда бос уақытты өткізудің нашар демалған формалары мен пассив демалыс көбірек орын алады. Зейнеткерлікке шыққан бұрынғы қызметкерлерде дене еңбегімен айналысу және қоғамдық пайдасы қызметпен шұғылдану орын алады. Ең белсенді демалушылар ер қызметкерлер, одан кейінгі орында әйел қызметкерлер, соңғы орында әйел жұмысшылар.
Қызметкерлердің мұндай жоғарғы көрсеткіштерге ие болуы бірқатар фактілерімен түсіндіріледі; жоғарғы білім, материалдық жақсы қамтамасыз етілуі, немерелерімен бірге тұрмауы. Аталған факторлар кинотеатр, театр, концерт, мұражай, көрме, лекцияларға қатысуға мүмкіндік береді.
Ер жұмысшылар көбіне домино, карта ойнаумен бос уақытын өткізеді.
Әлеуметтік және экономикалық дамуы түрлі деңгейдегі елдерде тұрғындардың қартаюы бірдей болып келмейді. Бір елдегі тұрғындардың территориялық және этникалық белгілері, өмір деңгейі, әлеуметтік және кәсіби статусы бойынша да қартаюы әр түрлі болып келеді. Батыс елдеріндегі егде адамдардың сана-сезімінің өсуіне егде адамдарды біріктіретін жалпы ұлттық және жергілікті қоғамдық ұйымдардың құрылуы себеп болуда. Мәселен, олар –Америка зейнеткерлері қоғамы, оның құрамында түрлі мәліметтер бойынша 9-15 млн. адам бар; зейнеткерлердің ұлттық одағы (Ұлыбритания); Аға ұрпақтың федералды конгрессі (ГФР); Жасы үлкендер қоғамы (Канада); Егде адамдар істері бойынша кеңестер (Австралия); Егде адамдар клубының Ұлттық федерациясы (Жапония) т.б.