Биология сабақтарында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ізденіс дағдысын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 09:46, творческая работа

Краткое описание

Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңа талаптар мен сұраныстар тұрғысынан қарауды, қол жеткізген табыстарды екшеп сын көзбен бағалай отырып, жан-жақты саралауды, болашақ ұрпақтың шығармашылық белсенділігін барынша дамытуды талап етеді. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеуге аса мән беріліп отыр. Бүгінгі ұрпақ таңдау құқығына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп отыр. Білім алушыны болашағын дұрыс таңдай алатын, ұтымды шешім қабылдап, өзінің өміріндегі кездесетін өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір кезеңдері күтіп тұр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мәтін.docx

— 557.09 Кб (Скачать документ)

Дуриан – жемісі әлемдегі ең қауіпті жеміс. Себебі. 1 см тікенектері  бар 25 сантиметрлік 4 кг шар тәрізді  жеміс адам басына құласа не болар  еді?Сонымен қатар әлемдегі бұл  жеміс үшін адамдар өз өмірін құрбан ететін жеміс болып саналады. Биік, жуан ағаш, тамыры тақтай сияқты. Жемісінің  иісі алғашында жағымсыз. Пісер кезінде  иісімен жабайы  жануарларды еліктіреді. Ең жақсыларын пілдер, қалғаны жолбарыс, қабан, бұғы, мүйізтұмсыққа, тапир, маймылдарға  азық.Малай халықтары ағаштар  арасына жануарлар жете алмайтындай  етіп көпірлер салып жемістерді жинап  алады. Жемістердің мөлшері үлкен  жұмыртқа тәрізді 3-4 кг болады. Дәмі өте тамаша бұл жемісті бір рет жесең өзіңді тоқтата алмайсың.

Ғажайып жемістер – папайя, фикус, Джекфрут, Нан ағашы

Ой толғаныс.

 Талдану жүйесі

 1-тапсырма. Өсімдіктер мен жемістер арасындағы сәйкестікті стрелка арқылы қос.

1.Күріш 2.Шие 3.Қызанақ 4.Күнбағыс 5.Бұршақ 6.Орамжапырақ                        7. Меңдуана

А. Сүйекті шырынды Ә. Жидек  Б. Дәнек В. Бұршаққын Г. Тұқымша

Ғ. Қауашақ. Е. Бұршаққап

№ 7-8  Сызбанұсқа

 

2-тапсырма. Семантикалық  карта.

Суретте қауын, қызанақ, қияр, асбұршақ, бидай, көкнәр, күнбағыс,қырыққабат, жүгері, шие, таңқурай, емен жаңғағы, картоп жемістері берілген.  Жемістердің қайсысы шырынды,қайсысы құрғақ екендігін кестеге толтыр

Шырынды жемістер

Құрғақ жемістер

   



 

Логикалық - танымдық тапсырмалар                                                                                                                         

1. Жүгері, тары, арпа жемісі : а)тұқымша; ә)дәнек; б) қауашақ                                        

2. Бұршаққап:  а) ә) б)                                                                                          3. Сүйекті шырынды жеміс: а.кокос ; ә.өрік; б.құлпынай                                                  4. Қырыққабат жемісі: А. Бұршаққын;  ә. Бұршаққап; б. қауашақ                                                            5.  Помаренец  гесперидий тобына жататын жидек тәрізді жеміс:                                 а. Апельсин;  ә. Қауын;   б. қияр                                                                                         6. Жинақталған жеміс: а. Құлпынай; ә. Қарбыз; б. алма                                                  7. Алма жемісінің пайдалы болу себебі:                                                                              А)  Қол жетімді бағамен сатылады                                                                                 Ә)  дәрі – дәрмек есебінде қолданады                                                                                                                       Б) құрамында дәрумендік заттар көп болғандықтан  емдік қасиеті бар                                                            В) тек қызыл алмалар пайдалы                                                                                                                                 8. Дуриан – жемісі әлемдегі ең қауіпті жеміс.24 Себебі:                                                                                          А) 1 см тікенектері бар 25 сантиметрлік 4 кг шар тәрізді жеміс адам басына құласа қауіпті                                                                                                                    Ә) 1 см тікенектері бар 25 сантиметрлік 4 кг шар тәрізді жеміс адам басына құласа  ешқандай қаупі жоқ                                                                                                                                                                       Б) Жемістері өте улы                                                                                                                                                         В) Жемістері өте ұсақ қауіпсіз                                                                                       1.ә, 2.Б, 3.ә, 4.ә, 5.а, 6.а, 7.б, 8.а.

 Қолдану жүйесі. 1. Проблемалық жағдайды шешу

Алманың емдік қасиеті - Алма ішектегі инфекцияны болдырмайды.                       Алма тісті ағартады. Жатар алдында күнде бір алмадан жеу керек. Кепкен алма қайнатпасын қыста ішкенде адам тұмау және бас ауруынан сақтанады. Сұрақ: Алма қандай жеміс? Жемістердің түрлерін қалай ажыратамыз? Неліктен алманы кескен кезде немесе соғып алған кезде қараяды, ал лимон қараймайды?

№14 зертханалық жұмыс. Шырынды және құрғақ жемістермен танысу. Бұл зертханалық жұмысты орындату арқылы оқушы қызығушылығы артады, шығармашылық ойлары дамиды. Алманы кесу арқылы шырынды жеміс екеніне көз жеткізе отырып, кескен кезде қараятынын білді, ал лимонның қараймайтыны туралы ізденіп, келесі сабақта толық жауап беруге тырысты.         

24.Что такое,кто такой? Энциклопедия для школьников.1984

     Ол сұраққа 6 сынып оқушысы Марат Азамат  былай жауап берді: «Көптеген жемістер мен көкөністр кескен кезде түсін өзгертеді, ал цитрус тұқымдастар өзгертпейді. Бұл құбылысты американдық биохимик Альберт Сент-Дьерди (1893-1986) дәлеледеп берді. Көп жылдық тәжірибеден кейін лимонның құрамындағы аскорбин қышқылының биохимиялық тотығуын ашып, сол үшін 1937 жылы Нобель сыйлығын алды.Мысалы алманы кескен немесе түсіріп алған  кезде оның жасушалары бұзылып оттегімен реакцияға түседі, тотығу кезінде кесілген жер қоңыр түске еніп, біртіндеп қарайып кетеді. Ал цитрус тұқымдастары қараймау себебі құрамында аскорбин қышқылы көп болады.Аскорбин қышқылы мықты антиоксидант; яғни, оттегімен оңай қосылып, басқа заттардың тотығуына жол бермейді. Альберт  

   Сент-Диердің арқасында алма, алмұрт, картоптың ашық түстерінің қалай сақтауға болатынын білдік. Алма, алмұрт, картоп, көкөністерге лимон шырынын шашқан кезде қараймайды. Себебі лимон шырынының құрамындағы аскорбин оттегі молекуласын өзіне тартып алып, басқа заттармен әрекеттесуіне жол бермейді.»                                                                                                                      

   Табиғат сырын түсіндіруге байланысты әрбір тақырыпты өту барысында мынадай проблемалық жағдаяттар беруге болады.16 Мысалы: «Ерекше ғимараттар салуға архитекторларға не түрткі болды?», «Астрономдар бунақденелілердің қандай сезу ерекшеліктерін өз тәжірибелерінде басшылыққа алды?»,«Бонсайлар неге ергежейлі?», «Неліктен бунақде- нелілер аса ірі мөлшерге дейін өсе алмайды?», «Аю тонының құрылысы қандай?», «Кит пен дельфиндер су бетіне неге шығып тұрады?»  т.б  осы тәріздес проблемалық жағдаяттар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.Биология пәні жаратылыстану негіздерінің ішінде өзіндік орны бар, өте қызықты, табиғат таңғажайыптарына толы. Осы таңғажайып әлемнің сырын ашуға, жас жеткіншектерді сол ғылымға қызықтыра білуге барынша ұмтылуымыз керек.17 Табиғат кереметтерін ашатын әр түрлі ғылыми көпшілік әдебиеттер оқуға жетелеу әр ұстаздың міндеті. Аса күрделі құралдарды қажет етпейтін, үй жағдайында істелетін, бақыланатын қарапайым тәжірибелер оқушының қатты қызығуын тудырады.18

  7 сыныпта «Сүйекті балықтар класы» тақырыбын өткен кезде «Балықтың жасы» тәжірибесін жүргіздім.

Тәжірибенің мақсаты: балықтың жасын анықтау.

                                                                                                                 16. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. Пед. соч. в 2-х томах. -М.:Педагогика, 1982.

 17.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы                                                                                                                                     18. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет

Керекті құрал-жабдықтар: балық  қабыршағы, қара түсті қағаз, ұлғайтқыш  әйнек.                                                                                                                    Тәжірибенің орындалуы:                                                                                                                              

  • Балық қабыршағын қағаз бетіне орналастырыңыз.
  • Ұлғайтқыш әйнек арқылы қабыршақтағы сақиналарды қараңыз.
  • Мөлдір жарық, кең аумақты сақиналарын санаңыз.

Нәтиже: Мөлдір, жарық сақиналардың саны балық жасын көрсетеді.               

Неге? Ағаш діңдеріндегі жылдық сақиналар тәрізді, балық қабыршақтарын-дағы сақиналары да бір жылда пайда болып отырады. Сақиналар жылы уақытта, тамақ мол болғанда тез өседі. Осы уақытта мөлдір қабықтың ұлғаюы жылдамдайды, сондықтан ол қыста пайда болған күңгірт жолақтан анағұрлым кең болады. Балық тұқымына байланысты сақиналар да формасы мен түсі бойынша әр түрлі болады. Осындай қарапайым тәжірибелерді жүргізу арқылы оқушылардың білімдері толығып, белсенділігі артады.19                                                                                                         7 сыныпта «Түйе - төрт түліктің төресі» тақырыбын өткен кезде аса күрделі құралдарды қажет етпейтін қарапайым тәжірибелер жасау арқылы оқушылар түйе малының ерекшелігін және шаруашылықтағы маңызын түсіне біледі деп есептеймін. 

  Тәжірибенің тақырыбы: «Түйелер неге шөлдемейді?»

  Тәжірибенің мақсаты: Түйелердің шөлді жерде апталап су ішпей жүре беруінің себебін көрсету.

Керекті құрал-жабдықтар: айна

Тәжірибенің орындалуы:

  • Айнаға тыныс алыңыз.                                                                        

Нәтиже: Айна тұманданып, бетіне ұсақ су тамшылары тұрады.                                                            Неге ? Адам және басқа да тірі ағзалар дем шығарғанда ылғалды ауа шығарады, ал біразы мұрынның ішінде қалады. Адамның мұрын жолы тік және қысқа, ал түйеде мұрын каналы ұзын және қатпарлы болып келеді. Сондықтан ауа құрамындағы су булары ұзақ сақталады, сыртқа шықпайды. Бұл үрдіс оған ұзақ уақыт су ішпей жүруіне көмектеседі, тыныс алу кезеңінде суды аз жоғалтады. 8 сыныпта «Жүректің жұмысы» тақырыбын меңгерту барысында «Жүректің соғуы» деген тәжірибе жүргізілді. Тәжірибенің мақсаты: Білезік сүйекке орналастырылған сіріңке шиінің қозғалысы арқылы жүрек соғуын бақылау.

Керекті құрал жабдықтар: пластилин, сіріңке шиі, үстел.

Тәжірибенің орындалуы:

    • Сіріңке шиінің ұшына кішкене пластилин бөлігін бекітіңіз.
    • Үстелге алақанды жоғары қаратып қойыңыз.
    • Сіріңке шиін пластилин арқылы басбармақтың жанындағы

                                                                                                            19.Монахов В.М. Проектирование и внедрение новых технологий обучения // Советская педагогика. – 1990. – № 7. – С. 17-23.

білезік сүйегінің әр жеріне сіріңке ұшының тербелісі байқалғанша  бекітіңіздер.

  • 1 минут ішінде сіріңке шиі неше рет тербелетінін санаңыздар.              

Нәтиже: Сіріңке шиі біркелкі тербеледі. Ересек адамдарда 1 минутта 60-80 рет тербелсе, балаларда 80-140 дейін  тербеледі.

Неге? Жүрек соғысы кезінде, жиырылған бұлшықеттер қанды  қантамырларына айдайды. Қан ырғақты  қозғалып қантамырларына түседі. Оның пульсі білезіктегі қантамырлардан байқалады. Ырғалу барлық қантамырларында  байқалғанымен, білезікте олар бетіне тым жақын       орналасқандықтан, ырғақты оңай бақылауға болады. Сіріңке шиін пластилинмен білезіктегі тамыр үстіне бекіту арқылы, біз қанның тоқ соққандай оның тербеліс туғызатынын көреміз.

    Бұл тәжірибе арқылы оқушылар жүректің соғу жиілігін есте сақтайды, қызығушылығы оянады. Жедел жәрдем шақырғанда дәрігердің не себепті білезікті ұстайтынын түсінеді. Осы мамандыққа деген құрметі оянады.    Сабақ процесі кезінде сыныптағы белсенді оқушылардан құралған топ құрдым. Мақсатым жекелеген қабілетті оқушылардың қызығушылығын жоғалтып алмау мақсатында әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру арқылы осы белсенді оқушыларды әр түрлі сырттай байқауларға, олимпиадаларға қатыстырдым.

     Сонымен проблемаға бағытталған оқытудың негізгі сипаттамаларына мыналарды жатқызуға болады :

  • Оқушылар алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс, мәселені шешу оқушыға жүктелсе, оның өзіне қояр талабы күшейе түседі.
  • Проблемаға бағытталған оқу процесінде қолданылатын мәселені модельдеу ісінің құрылымы қолайсыз болуы керек, өйткені өмірдегі барлық мәселелер бір қарағанда қолайсыз болып көрінеді, әйтпесе олар пробемаға айналмас еді. Мәселе дұрыс құрылған болса, оқушылардың оны шешуге деген ынтасы жоғары болмайды.
  • Мәселені шешу барысында оқушылар көптеген пәндерден алған білімдерін қатарластыра пайдалануы тиіс.20 Өйткені өмірдегі бір мәселені шешу үшін біз алған біліміміз бен тәжірибемізді толық пайдалануға тырысамыз. Проблеманы шешу негізінде істелетін жұмыстар нақты өмірмен байланыста болғаны көп көмегін тигізеді.
  • Проблемаға бағытталған білім беру ісі оқу жоспарының дидактикалық бір бөлігі емес, оның педагогикалық негізі болуы тиіс.                                                Қорыта айтқанда, проблемалық оқыту технологиясында үйретуші ұстаз оқу процесін сүйемелдеп, шәкірттерден олардың ойлану қабілетінің даму бағытын (көзқарастарын) түсіндіруін күтеді, бірақ

 

 

20.Мұхамбетжанова С.Т.   «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Қазақстан     мектебі №3. 2012                 

ол оқушыларға қойылған проблеманы шеше алатын ақпаратты толық бермейді – ондай мәліметті ізденушілер  өздері табуға тырысуы керек.21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 21.Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26.                                                                                           

Қорытынды.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі  болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық  – психологиялық сауаттылық, саяси  экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман  талабына сай білім беруде жаңалыққа  жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс  істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер  меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға  ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.22 XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Информация о работе Биология сабақтарында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ізденіс дағдысын қалыптастыру