Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 09:46, творческая работа
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңа талаптар мен сұраныстар тұрғысынан қарауды, қол жеткізген табыстарды екшеп сын көзбен бағалай отырып, жан-жақты саралауды, болашақ ұрпақтың шығармашылық белсенділігін барынша дамытуды талап етеді. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеуге аса мән беріліп отыр. Бүгінгі ұрпақ таңдау құқығына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп отыр. Білім алушыны болашағын дұрыс таңдай алатын, ұтымды шешім қабылдап, өзінің өміріндегі кездесетін өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір кезеңдері күтіп тұр.