Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 09:46, творческая работа
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңа талаптар мен сұраныстар тұрғысынан қарауды, қол жеткізген табыстарды екшеп сын көзбен бағалай отырып, жан-жақты саралауды, болашақ ұрпақтың шығармашылық белсенділігін барынша дамытуды талап етеді. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеуге аса мән беріліп отыр. Бүгінгі ұрпақ таңдау құқығына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп отыр. Білім алушыны болашағын дұрыс таңдай алатын, ұтымды шешім қабылдап, өзінің өміріндегі кездесетін өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір кезеңдері күтіп тұр.
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІС ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Л.Е.Байнияз
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Кіріспе
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңа талаптар мен сұраныстар тұрғысынан қарауды, қол жеткізген табыстарды екшеп сын көзбен бағалай отырып, жан-жақты саралауды, болашақ ұрпақтың шығармашылық белсенділігін барынша дамытуды талап етеді. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеуге аса мән беріліп отыр.
Қазақстан
Республикасының «Білім беру
туралы» заңында, Елбасымыздың
«Қазақстан 2030» атты стратегиясы
мен «Болашақ», «Дарын»
Проблемалық оқытудың теориялық негізі
І. Зерттеу жұмысының
өзектілігі
Бүгінгі ұрпақ таңдау құқығына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп отыр. Білім алушыны болашағын дұрыс таңдай алатын, ұтымды шешім қабылдап, өзінің өміріндегі кездесетін өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір кезеңдері күтіп тұр. Қазіргі білім берудің негізгі мәні білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игертуде тиімді әрі нәтижелі әдіс тәсілдерді іздеп, шығармашылық шеберлігін шыңдау.
ІІ. Зерттеу орны
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің биология кабинетінде, орыс тілі кабинетінің ғаламтор желісі, мектеп кітапханасы пайдаланылды.
ІІІ. Зерттеудің мақсаты
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету
1 Әбенбаев С, Ахметова Г, Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
ІҮ. Зерттеудің міндеттері
Өз бетімен ізденіс жолын ұйымдастыру – оқушының бұрынғы біліммен жаңа білімді ашуға негіз ету арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ойлау, есте сақтау қабілеті дамыған, өз бетімен ақпарат көздерімен, электрондық оқулық пен бүкіл әлемдік коммуникация желісі жүйесімен еркін жұмыс істей алатын тұлға қалыптастыру.
Ү. Зерттеудің әдістері
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі. Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
ҮІ. Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы
ҮІІ. Зерттеудің болжамы
Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Бұл мәселелерді шешуі үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу, ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.
ҮІІІ. Әдіснамалық негізі
Оқыту технологияларын пайдалануда мына жағдайлар еске алынуы қажет.
ІХ. Ғылыми ізденіс жұмысының кезеңдері
Оқушылармен жүргізу керек
дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе:
оқушылардың жас ерекшелігі, жүргізілгелі
отырған жұмыс мазмұнының ұйымдастырылуы.
Жалпы білім беретін мектептерде биология
пәнін оқыту мақсаттарын төмендегідей
етіп қоюға болады:
Оқу – тәжірибе жұмысы (оқушылардың табиғат аясында істейтін жұмыстары)
Мазмұндық - жалпылау жұмыстары
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.2 Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникация- лық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.3
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. 17
2 Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технология // Қазақстан мектебі. – 2001. - №2. – б.8-13
3 «Білім туралы» Заңы.Алматы. 2007ж.
17 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Оқыту технологияларының кезеңдері
Я.А. Коменский заманынан
бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі
механизмге сəйкестендіру ұмтылысының
талайы күні бүгінге дейін басылған
емес. Кейін оқыту технологиясы жөніндегі
көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып
отырды.4 Əсіресе, техникалық прогрестің
əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер
аймағына енуімен оқуды технологизация-
ластыру идеясы нығайып, іске асырыла
бастады (П.Я. Гальперин, А.Талызина, Ю.К.
Бабанский жəне т.б.). Шетел мамандары оқыту
технологиясының үш кезеңі болғанын айтады.
Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші
құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға
білім берген. «Бұл кезде – оқыту технологиясының
функциясын адамдар тәжірибесі атқарған»,
- дейді А. Талызина. Екінші кезеңде кітап басып
шығару игерілген соң оқыту технологиясы
елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр
түрлі дидактикалық материалдар көмекке
келді. Үшінші кезең – қазіргі кезең, оқыту
технология- сына әр түрлі дидактикалық
материалдармен қоса оқытудың техникалық
құралдары жәрдемге келді.
«Оқыту технологиясы» деген термин алғаш рет АКШ-та пайда болған. Кейіннен көптеген зерттеушілердің (Ф. Янушкевич, У. Куписевич, М.В. Кларин, Г.К. Селевко тағы басқа) еңбектерінің нәтижесінде бұл ұғым эволюцияға ұшырады. Польшаның белгілі дидакторы Ф. Янушкевич,
У. Куписевич оқыту технологиясына
жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде
оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтын
терең түсіну керектігін қолдады. «Біздің
– дейді олар, оқыту технологиясын жалпы
дидактикамен немесе оқытудың техникалық
құралдармен теңестіру ойымызда жоқ, өйткені,
бірінші жағдайда өте кең жалпылай салу,
ал екіншісінде тым бір жақты пікір болар
еді».
Қазіргі кезде 50–ден артық педагогикалық технологиялар бар.5 Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге асуы (Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов жəне т.б.). Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: «жаңа технологиялар», «білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар», «бағдарламаластырылған жəне проблемалық оқыту технологиясы», «сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «авторлық технология» жəне т.б. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.6 Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже
4 Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар. к.п.н. Данияров Т., магистр Малгайдарова Г. г.Шымкент., Казахстан Южно-Казахстанский государственный университет им.М.Ауезова
5 «Биолог анықтамалығы» басылымының жинақтамалары.
6 «Биология Қазақстан
мектебінде» №2,4,5,6 2011.
тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.
Бүгінгі таңда Д.Б. Эльконин
мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту
технологиясы, Ш.М. Амонашвилидің ізгілікті-