Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 09:46, творческая работа
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңа талаптар мен сұраныстар тұрғысынан қарауды, қол жеткізген табыстарды екшеп сын көзбен бағалай отырып, жан-жақты саралауды, болашақ ұрпақтың шығармашылық белсенділігін барынша дамытуды талап етеді. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеуге аса мән беріліп отыр. Бүгінгі ұрпақ таңдау құқығына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп отыр. Білім алушыны болашағын дұрыс таңдай алатын, ұтымды шешім қабылдап, өзінің өміріндегі кездесетін өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір кезеңдері күтіп тұр.
Тапсырма проблемалық оқыту әдісі бойынша сабақ өткізудің бастапқы пункті болып саналады. Тапсырмада алдымен қойылатын проблеманың сипаттамасы болуы тиіс. Тапсырма тек теориялық сипатта ғана емес, оның практикалық жағы да қарастырылуы керек.
Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуетті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол – проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді. Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді. Проблемалық оқыту технологиясы мұғалім басшылығында өтетін үйренушілердің оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында үйренушілерде жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділіктері, қызығулары, ой-өрістері, шығармашыл ойлары жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, М.И. Махмудов жəне т.б.) Жалпы түрінде проблемалық оқыту технологиясы сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, үйренушілер алдына міндет (мәселе) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал үйренушілер мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді. Проблемалық технологияның биология пәнін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастырайық. Проблемалық әдіс туралы белгілі ұстаз Қ. Бітібаева «Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі жолы ретінде де пайдалы болып келеді», деген.
Проблемалық оқытудың негізі – проблемалық ситуацияны туғызу. Пробле-малық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Ол үйренушілердің ойлауына, ізденуіне, өздерінше қорытынды жасауға да жетелейді. Проблемалық ситуацияны пікірлесім түрлері, пікірлесім тақырыптары арқылы салыстыру, жетелеу сұрақтары арқылы шешуге болады. Проблемалық сұрақтар өткен материалды қайта жаңғыртып, үйренушілерді іздендіріп, әрі айтыс та тудыратын сұрақтар, әрі топтың ойлау белсенділігін арттыру да ерекшелігін көрсетеді, үйренушілер- дің білік пен дағдыларын және білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндіктерін тудырады.7
Биология пәнінің әрбір
тақырыбын өту барысында ғылыми болжам
жасауға жетелейтін проблемалық жағдаяттар
тудыру ерекше орын алады. Проблемалық
жағдаятты қабылдап, талдап шешудің жолдарына
болжам жасауда оқушылар бұған дейінгі
алған білімдеріне сүйенеді, сөйтіп қарастырылып
отырған құбылыстың, үдерістің өздеріне
әлі таныс емес қасиеттері, белгілері,
ерекшеліктері, заңдылықтары жөнінде
пікірлерін ортаға салады, әркім өзі ұсынған
піірлерін негіздейді, қорғайды, ғылыми
принциптерге сүйене отырып тұжырымдайды.
Оқушы ойын қозғап, түртіп, қозғалысқа
келтіріп отыру оқытушының басты міндеті
болып табылады. Проблемалық оқытуды ұйымдастырудағы
шешуші тәсіл – проблемалық жағдаяттар
тудыру. Бұл тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін
кеңейтеді, ойлана білу қабілетін дамытады,
ғылымға, пәнге деген қызығушылығын арттырады,
төзімділікке, шыдамдылыққа, аңғарымпаздыққа
баулиды.8 Проблемалық жағдаяттар
тудыру тәсілдерін өз тәжірибемнен келтірейін.
ІІІ. Демонстрациялық
тәжірибелер мен зертханалық
жұмыстар орындату.
7Выготский Л.С. Психология. – М, 2000
8Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 с.
Ү. Биологияны көркем әдебиетпен байланыстыру.
Проблемалық оқытуда
үйренушілерді топтарға бөліп, пікірлесімнің
топтық жұмыстарының тиімділігі зор, өйткені
үйренушілер өздеріне берілген проблемалық
сұрақтар төңірегінде топ болып пікірлесіп,
өз тобын қорғауға әзірленеді. Үйренушілерді
топқа бөліп, біріншіден, проблемалық
жағдаят туғызып, екіншіден, проблемалық
сұрақтар арқылы рөлдік ойын ойластыруға
болады. Сонымен, проблемалық оқыту технологиясының
биология сабағындағы тиімділігі: пікірлесім
арқылы үйренушілерге тек қажетті білім,
ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге
жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой
дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен
берік білім қалыптастыруға көмектеседі,
өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады,
тілін дамытады, тілдік шығармашылық қабілеттерін
жетілдіреді, мәдени-ресми қатынасқа
дайындайды, қазақша ойлауға, жетексіз
өз бетінше сөйлеуге дағдыландырады.
Я.А.Каменскийдің
ілімінен бастап бүгінге дейін оқыту әдістемесінде
білім беруді ұйымдастырудың басты формасы
– сабақ болып табылады.
Проблемаға бағытталған оқыту тәсілі белгілі бір тапсырмалар түрлерін орындауға негізделген. Проблемалық оқыту технологиясының биология пәнін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастырайық.
Ендеше 8 сыныпта өткен сабағыма тоқталайын.
Сабақтың тақырыбы: Адам
организміндегі мүшелер жүйелері қызметінің
үйлесімділігі, ішкі секреция бездері
тарауын қорытындылау.
Мен осы аталған сабағымда алдын-ала проблемалық жағдаяттар тудыратын сұрақтар дайындауды оқушыларға тапсырдым. «Миға шабуыл әдісі» арқылы Ішкі секреция бездерінің адам өміріндегі маңызы туралы проблемалық жағдайлар шешілді.
1.Адам қарынсыз, бір өкпемен, бір бүйрекпен, жарты бауырмен өмір сүре алады. Адам ағзасында оншақты ішкі секреция бездері бар, олардың салмағы 100 гр болады. Егер адамның салмағы 0,5 гр гипофиз безін алып тастаса адам өледі.10
Сұрақ: а) Ішкі секреция бездері өте кішкентай болғанымен ағза үшін маңызы өте зор.Неліктен?
ә) Ағзада олар қандай қызмет атқарады?
2.Ішкі секреция бездері тәулігіне өте аз мөлшерде гормондар түзеді.Тәулігіне В дәрумені 0,000003г,ал адреналин одан мың есе аз түзіледі.15 гр адреналин жер шарындағы бүкіл адамға жетеді екен.
9 Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании. – М, 1998
10 Иллюстрированная мини-энциклопедия.-Москва;АСТ Астрель,2001
Сұрақ: а) Гормондар дегеніміз не? Аттарын атаңыз.
ә) Ағза үшін ішкі секреция бездері гормондарының маңызы қандай ?
3.Адамның өміріне,
Сұрақ: Гормондардың ағзаға әсері қандай? – деп берілген тапсырмаларға оқушылар толыққанды жауап берді.
Осы сабақта биологиялық құбылыстарды негізге ала отырып жұмбақ жазу тапсырмасы берілді. Мысалы,
1. Әсері оның өте күшті- болар дауыс жіңішке
Әйелдерге ғана тән гормон ол,ойлан жауаптар ізде. (эстроген)
2.Гипофизде артқы бөлік-қан қысымын реттейді
Аты-заты не екенін-көп ізденген
көздейді
3.Көбірек бөлсе-бақшаңкөз, ал аз бөлсе –ақылес кем болар, әрі ез. (тироксин)
4.Айырша без арттырады-ауруға қарсы тұруды,
Көп шұғылдан спортпенен-жеңерсің сен ауруды. (тимозин)
5.Зат алмасуды реттер-бүйректің боз қабаты,
Сонда қай зат –анықта,
зерделе сен оны.
6.Қанда болар қантты реттейді-ол қосымша жұмыс істейді (инсулин)
7.Көңіл күйге байланысты өзгеріп тұрар - әсері,
Бұл гормонға тәуелді болар бар мүшелер іштегі. (адреналин)
8.Өзі сонша титтей ғана -әсері оның үлкен зор
Өсуге ол жауап берер-қайсы гормон екен ол? (соматотропин)
9.Жауырыны қақпақтай, дауысы болар жұп-жуан,
Қай жынысқа тән екен ол-жауаптарды
жібер бол. (андроген)
Сонымен қатар 9 сыныпта өткізген сабағымның тақырыбы
«Биологиялық алға басу табыстары ретіндегі ағзалардың бейімделуі». Биологиялық алға басу және кері кету туралы түсініктерін қалыптастыру, «Эволюциялық табыс» және «Эволюциялық сәтсіздік » туралы теориялық білімдерін әр түрлі мысалдар келтіре отырып, биологиялық білімдерін дамыту, табиғаттың тылсым сырын түсіне білуге, оны қорғауға, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу мақсаты жоспарланды.11 Сынып үш топқа бөлініп, үй тапсырмасы бойынша топтар бір-біріне тапсырмалар дайындап алып келді.
Проблемалық жағдайларды шешу. «Прогресс» тобына:
Құралайдың салқыны . Мамыр айының аяғында болатын суық жел.Осы желге қарсы киік өз құралайларын аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киік
11 Иманбаева А, Оқу-тәрбие
үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан
мектебі, №2, 2000
қанша көп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп болады. Киіктің тағы бір айта кетерлік ерекше қасиеті – оның енелігі кез келген құралайды емізіп, бауырына ала береді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмауы осыдан.
Сұрақ: Бұл халық болжамы тіршілік үшін күрестің қандай формасына келеді? – деп «Эволюция» тобы қойды.
Ал «Регресс» тобына: Қазақ халқында
аңшылық-саятшылық өнері ертеден бар,ал
аңшы аңға тек астында жүйрік аты,қолында
қыран құсын ғана емес,сонымен қатар тазы
итін де алып шығатын еді.
«Эволюция » тобына:
1 кг киік мүйізінің халық аралық құны 600 доллар. Бөкен мүйізі өкпе қабыну, жүрек сусамыр ауруларына таптырмайтын ем.Киік 300 түрлі дәрілік қасиеті бар шөппен азықтанады екен.Киік даламыздың көркі,табиғатымыздың байлығы, Еуразия материгінің жазық аймақтарында тіршілік еткен олардың біздің республикамызда ғана сақталуы еліміздің ұлттық мақтанышы. Десекте, қазіргі таңда олардың саны жойылу алдында тұр. Сол себепті де мемлекет тарапынан қорғауға алынған жануар болып саналады. Қазақтың бетпақ даласын мекен еткен киіктің жүйріктігі арқасында жауынан қашып құтылады, алыс суатқа да әлділері жетіп, әлсіздері жыртқыштарға жем болады.
Сұрақ: Киіктердің тек біздің жерімізде сақталуы дарвинизм бойынша қалай аталады? - деп «Регресс» тобы қойып оқушылар қойылған сұрақтарға бірін-бірі толықтыру арқылы жауап берді.
Осындай сұрақтар үйренушілердің ойлауына, ізденуіне ғана әсер етпейді, оларды болжам жасауға, өздерінше қорытынды жасауға жетектейді. Сабақтың келесі бөлімінде «Биологиялық құбылыстарды негізге ала отырып жұмбақ жазу» тапсырмасы берілді.
1. Әлемді біз билеп тұрмыз, -деді күл-қоқыста құжынаған... (шыбын)
2.Жаманның тұқымы көп болатынын
жәндік атаулы әлдеқашан мойындаған,-
деді улкен гүлге қонған...