Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 15:44, курсовая работа

Краткое описание

Осы "Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi -
Техникалық регламент) мұнай базаларының және стационарлық,
контейнерлiк, жылжымалы автожанармай құю станцияларының (бұдан әрi -
автожанармай құю станциялары) қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды
белгiлейдi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс2.docx

— 80.69 Кб (Скачать документ)

162. Тура жүретiн  локомотив өткелi үшiн құю-төгу  эстакадасымен темiржолды пайдалануға жол берiлмейдi.

163. Цистерналарды  төгу-құю кезiнде қызмет көрсететiн персоналға 
жұмыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн эстакадаларды, құю 
тiреушiктерiн алаңшалармен, өтпелi көпiрлермен жабдықтау қажет.

164. Темiр жол эстакадасында  мөлдiр мұнай өнiмдерiне арналған 
аспалы көпiршелердiң цистерналардағы тiректерi үшiн жасырын 
бұрандамалармен бiрге ағаш немесе резеңке жастықтары болуы тиiс.

165. Құю-төгу құрылғыларының көтергiш тетiктерi тетiктердiң 
өздiгiнен айналуын болдырмайтын сақтандырғыш құрылғыларымен 
жарақтандырылады. 
      Құю тiреушiктерiн бұрушы тетiкпен бұру керек. Тiреушiктiң үстiңгi 
бөлiгiне бекiтiлген арқанды, тартымды қолдануға рұқсат етiледi. Осы 
мақсатқа құю-төгу құбыржолшегiн немесе құбыржолды пайдалануға жол 
берiлмейдi.

166. Құю-төгу құрылғыларынан  немесе жеке тұрған тiреушiктерден 
екi жағы бойынша (төрт өстi бiр вагонның қашықтығында) олардың артынан 
локомотивтердiң кiруiне жол берiлмейдi "Локомотивтi тоқтату" сигналдық 
белгiлерi орнатылуы тиiс.

167. Цистерналарға  авиациялық майларды, реактивтi қозғалтқыштарға 
арналған отынды және авиациялық бензиндердi құю кезiнде атмосфералық 
тұнбалар мен тозаңдардың түсуiне жол бермеу мақсатында темiр жол 
эстакадалары қалқалармен немесе шатырлармен жабдықталуы тиiс.

168. Құю-төгу шебiн  жарықтандыру үшiн прожекторлар, сондай-ақ 
жарылысқа қарсы сенiмдiлiгi жоғары стационарлық шамдар қолданылады.

7.6. Мұнай  өнiмдерiн автоцистерналар мен  ыдыстарға 
босатудың техникалық құрылғыларын пайдалану

169. Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген маркаларын (сорттарын) 
босатудың типi мен көлемiне байланысты жұмыс орындары (островкалар) 
жеке цистерналар секiлдi, автопоездарды да құюмен қамтамасыз етуi тиiс.

170. Құю көлемiне байланысты құю пунктiнде қолмен басқарылатын 
құю тiреушiктерi, оператордан жергiлiктi немесе қашықтықтан басқарумен 
автоматтандырылған құю қондырғылары қолданылады.

171. Автоматтандырылған жүйелердiң көмегiмен автоцистерналарды 
құюды басқаруды арнайы оқудан өткен операторлар орындауы тиiс.

172. Автоэстакадалар, автотұрақтар, сондай-ақ автоматтандырылған 
құю станциялары ақаусыз күйде ұсталуы тиiс, табылған мұнай өнiмдерiнiң 
жылыстауы тез арада жойылуы тиiс. Ақаулы құрылғыларды пайдалануға жол 
берiлмейдi.

173. Мұнай өнiмдерiн  босату учаскелерiнде құмның қоры  және мұнай 
өнiмдерiн оқыс төгiлулердi жоюға және ластанған жерлердi тазалауға 
арналған құралдар қарастырылуы тиiс. 
      Мұнай өнiмдерiн алу кезiнде қатаң тәртiп пен кезектiлiк сақталуы 
қажет. Әрбiр автомобильдi тиеу орнын мұнай базасының операторлары 
көрсетедi.

7.7. Пирстарды, айлақтарды және айлақтық құрылыстарды 
пайдалануға қойылатын қауiпсiздiк талаптары

174. Мұнай базаларында мұнай құю кемелерiн 
болатпен арқандау үшiн кiрер жерде кепiлдi тереңдiктерiмен бiрге арнайы 
айлақтық құрылыстар болуы тиiс.

175. Пирстер мен  айлақтардағы судың қажеттi тереңдiгi кеменiң 
түбiндегi тереңдiктiң кепiлдендiрiлген қорында оны түсiру мен тиеуге 
байланысты дифференттi ескере отырып, неғұрлым терең орналасқан кеменiң 
шектi тұнбасына байланысты.

176. Мұнай базаларының  пирстерi мен айлақтарына су өткелдерi 
барлық навигация iшiнде кемелердiң қауiпсiздiгiн және кедергiсiз өтуiн 
қамтамасыз етуi тиiс. Кеме жүрiсiнiң габариттерiн кепiлдендiрудi 
қамтамасыз ету мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар әрбiр күнге кiрудiң 
нақты жай-күйiмен анықталады.

177. Мұнай базаларына  су өткелдерi мерзiмдi түрде қорғалуы тиiс. 
Кеме жүрiстерiнiң белгiленген габариттерiн ұстап тұру, су жолдарын, жол 
құрылыстарын, кеме жүзу жағдайының белгiлерiн тәртiпте ұстау су көлiгi 
органына жүктеледi.

7.8. Желдетуге  қойылатын қауiпсiздiк талаптары

178. Мұнай базаларындағы  өндiрiстiк үй-жайлар қызметкерлердiң 
аймақта болуында қоршаған ауаның жай-күйiн 12.1.005-88 МЕМСТ 
талаптарына сәйкес қамтамасыз ететiн желдеткiшпен жабдықталуы тиiс.

179. Үй-жайларда қоршаған  ауаның параметрлерiн нормалау  кезiнде 
температуралардың рұқсат етiлетiн параметрлерiнiң, салыстырмалы 
ылғалдылықтың, 12.1.005-88 МЕМСТ сәйкес ауа қозғалысы жылдамдығының 
диапазонын негiзге алу керек.

180. Пайдалануға iске қосуға дейiн барлық желдету қондырғылары 
сыналуы және реттелуi тиiс; зауыттық паспорты болмаған жағдайда, оларға 
техникалық паспорттар (формулярлар) жасалуы тиiс.

181. Желдету қондырғыларын iске қосу сынаулары алдында: 
      желдету жабдығын орнатудың дұрыстығын, ауаарналарының, 
каналдардың, желдету камераларының, шахталардың және басқа да 
құрылғылардың жобаға сәйкес дайындалуы мен монтажын; 
      желдету жабдығының, ауа бөлулердiң және басқа элементтердiң бекiту сенiмдiлiгiн; 
      кедергiлiк құрылғылардың орналасуын орнықтыратын тетiктердiң бар-жоғын және осы құрылғыларды басқару қолайлылығын; 
      жобада көзделген шуға қарсы iс-шаралардың орындалуын; 
      регламент талаптарының орындалуын; 
      жобаның арнайы талаптарының орындалуын тексеру қажет. 
      Желдету қондырғыларын тексеру кезiнде анықталған бұзылушылықтар мен кемшiлiктер сынаудың басталуына қарай жойылуы тиiс.

182. Мұнай базаларында  сумен жабдықтау жүйелерi тиiстi сапада 
сумен және қажеттi көлемде өндiрiстiк, тұрмыстық және 3.01.067-97 "Ауыз 
су" СанЕмН талаптарына сәйкес өртке қарсы қажеттiлiкпен қамтамасыз етуi 
тиiс.

8. Мұнай  өнiмдерiн қабылдауға және босатуға 
қойылатын қауiпсiздiк талаптары

183. Мұнай өнiмдерiн  қабылдау мен босатуды мұнай  базалары тек арнайы төгу-құю құрылғылары арқылы жүргiзуi тиiс: 
      Темiр жол цистерналары - жекелеген тiреушiктер немесе төгу қондырғылары арқылы арнайы эстакадаларда; 
      теңiз және өзен кемелерi - айлақтық құрылыстар арқылы немесе айлақсыз тәсiлмен; 
      автомобиль цистерналары - құю станцияларында, автоэстакадаларда, жекелеген тiреушiктер арқылы; 
      бөшкелер, бидондар және басқа ыдыстар - құю және өлшеп-орау пункттерi; 
      магистральдық мұнай өнiмдерi құбырлары бөлулерi бойынша.

184. Құюмен және  вагон-цистерналарда, теңiз және  өзен 
кемелерiнде, автомобильдiк көлiкте тасымалдауға рұқсат етiлген мұнай 
өнiмдерiнiң тiзбесi, буып-түю мен таңбалау, құю мен тасымалдауға 
арналған көлiк құралдарын дайындау 1510-84 МЕМСТ талаптарына сәйкес 
болуы тиiс.

185. Тез тұтанатын  және жанғыш мұнай өнiмдерiн  төгу және құю 
саңылаусыздануы тиiс, құйылатын саңылаусыз ыдыстан буды бөлу тәсiлi 
жобалық құжаттамамен анықталады.

186. Тұтқырлығы жоғары  қыздырылған мұнай өнiмдерiн темiр  жол 
цистерналарына, құю кемелерiне, бункерлiк жартылай вагондарға, 
автобитум тасымалдаушыларға, автогудронаторларға "Темiр жол көлiгi және 
жүктердi тасымалдау объектiлерi бойынша санитарлық-эпидемиологиялық 
ережелер мен нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық 
министрiнiң 2006 жылғы 3 ақпандағы N 43 бұйрығымен көзделген және 
Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4104 
болып тiркелген температураларда құю керек.

187. Тұтқыр және  тұтқырлығы жоғары мұнай өнiмдерiн (май, 
мазуттар, эмультұздар және басқалар) темiр жол цистерналарына төменнен 
төгу аспабымен, сондай-ақ өнiмдi қыздыру құралдарымен жабдықталған 
кемелерге тиеу керек.

188. Мыналарға: 
      айлақтарда, темiр жол және автомобильдiк цистерналарының 
эстакадаларында найзағай кезiнде және желдiң жылдамдығы 15 м/с және 
одан артық болғанда кемелердiң төгу-құю операцияларын жүргiзуге; 
      резервуарларда, темiр жол және автомобильдiк цистерналарда және 
басқа конструкцияларда найзағай кезiнде және желдiң жылдамдығы 12,5 м/с 
және одан артық болғанда биiктiкте жұмыстарды (сынамаларды iрiктеу, 
деңгейдi өлшеу және т. б.) орындауға жол берiлмейдi.

189. Ашық ауада  барлық жұмыстар тоқтатылатын  осы климаттық 
ауданда сыртқы ауа температурасы мен жел күшiнiң шектi мәндерiн 
жұмыстардың жүргiзiлу орны бойынша қаланың (ауданның) әкiмшiлiгi 
белгiлейдi.

190. Резервуарларды  толтырудың (босатудың) ең жоғары  өндiрiмдiлiгi жобада көрсетiлген шамалардан аспауы тиiс. 
      Понтондармен (жүзбелi шатырлармен) резервуарларды толтырудың 
(босатудың) өндiрiмдiлiгi жобаға сәйкес понтонның көтеру (түсiру) 
жылдамдығы 6,0 м/сағ. аспайтындай болуы тиiс.

191. Темiр жол цистерналарында, сондай-ақ төгу-құю құрылғыларында 
қатқан мұнай өнiмдерiн тек бумен, ыстық сумен, жылытылған мұнай 
өнiмiмен (айналымдық әдiс) немесе электр қыздырғышпен қыздыруға болады. 
Осы мақсат үшiн ашық отты (алауларды, темiр пештi, факелдердi, 
дәнекерлеу шамын) қолдануға жол берiлмейдi. 
      Қыздыру уақытында мұнай өнiмi температурасының артуы кезiнде оның цистернадан шығарылмауын қадағалау қажет.

192. Темiр жолдарда  тез тұтанатын сұйықтармен тұрған темiр жол 
цистерналарын стационарлық, қоймалық (шығыстық) ыдыстар ретiнде 
пайдалануға жол берiлмейдi.

193. Төгу-құюға келетiн мұнай құю кемелерi өзiнiң жiктемесi, 
конструкциясы және жабдығы бойынша 1510-84 МЕМСТ талаптарына сәйкес 
мұнай өнiмдерiн тиеуге дайын болуы тиiс.

194. Мұнай өнiмдерiн қабылдау (тапсыру) аяқталғаннан кейiн тарату 
құбырындағы ысырмалар магистральдық мұнай өнiмдерi құбыржолдарының 
пломбаларымен пломбаланады.

195. Мұнай өнiмдерiн  кезектi қотару кезiнде оларды  барынша аз 
араластыру мақсатында физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша бiр-бiрiне 
жақын мұнай өнiмдерiн алу керек. 
      Магистральдық мұнай өнiмдерiнiң құбыржолдары бойынша қотару кезiнде бензиннiң температурасы 300С-тан аспауы, керосин мен дизель отының температурасы 400С-тан аспауы тиiс.

196. Автоцистерналарға мұнай өнiмдерiн босату құюдың 
автоматтандырылған жүйелерi, автоэстакадалар және жеке тiреушiктер 
арқылы жүргiзiледi.

197. Мұнай өнiмдерiн  автомобильдiк цистерналарға, тiркемелер  мен 
жартылай тiркемелерге құю үшiн арнайы, оның iшiнде жоғарғы және төменгi 
құю құрылғыларымен, есептiк-мөлшерлi құрылғылармен, сорғылық 
агрегатпен, қашықтықтан басқару пультiмен, асыра құюдың алдын алуға 
және құю процесiн саңылаусыздандыруға арналған құрылғылармен, сондай-ақ 
бiрлiк массасында (көлемiнде) құйылатын мұнай өнiмдерiнiң мөлшерiн 
өлшеудiң автоматтандырылған жүйелерiмен жабдықталған автоматтандырылған 
құрылғылар қолданылуы тиiс.

198. Автоцистерналарға мұнай өнiмдерiн құюды шашырандысыз, сұйық 
қабатының астынан жүргiзу қажет, ол құю құбыржолшектерi мен 
құбыржолдарын цистернаның түбiне дейiн түсiрумен жеткiзiледi. 
Шеттерiндегi құбыржолшектердiң соққы кезiнде ұшқын түзiлу мүмкiндiгiн 
болдырмайтын металдан дайындалған ұштықтары болуы және жерге қосылуы 
тиiс.

199. Қоршаған ортаның  ластануының алдын алу мақсатында  құю 
құрылғылары тетiкпен жабдықталуы немесе құю операцияларынан кейiн құю 
құрылғыларынан мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын құю мүмкiндiгiне арналған 
ыдыспен жарақтандырылуы тиiс.

9. Мұнай  өнiмдерiн сақтауға қойылатын 
қауiпсiздiк талаптары

200. Резервуарды  таңдау мұнай өнiмiнiң сипаттамасына, 
тұтанғыштықты, өрт қауiптiлiгiн, жарылыс қауiптiлiгiн, буланғыштылығын, 
ұшқырлығын, уыттылығын ескере отырып, буланудан болатын мұнай өнiмiнiң 
шығынын барынша азайтуды ескере отырып пайдалану шарттарына байланысты 
техникалық-экономикалық есептеулерге негiзделуi тиiс. 
      Мұнай өнiмдерiнiң ауамен тұтануының рұқсат етiлетiн шектерi және 
мұнай өнiмдерiнiң өрт және жарылыс қаупi бар қасиеттерiнiң басқа 
сипаттамалары осы регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

201. Төгу-құю және сақтау кезiнде барлық операцияларды ең жоғарғы саңылаусыздандыруды қамтамасыз ету қажет. 
      Мұнай базаларының және жағармай құю станцияларының жұмыс 
аймағында ауада зиянды заттардың мүмкiн шектегi шоғырлануы осы 
регламенттiң 2-қосымшасында берiлген көрсеткiштерден аспауы тиiс.

202. Әрбiр сорттың  немесе марканың мұнай өнiмдерi жеке, оларға 
арналған жарамды, iшкi май-бензиндi және буға төзiмдi қорғанышты 
жабынды, электр статикалық ұшқын қауiпсiздiгiнiң талаптарын 
қанағаттандыратын резервуарларда сақталуы тиiс.

203. Резервуарларда  мұнай өнiмдерiн қыздыру температурасы 900С-тан аспауы тиiс және жабық ыдыстарда мұнай өнiмдерi буларының жарқ ету температурасы 150С-қа төмен болуы тиiс. Мұнай өнiмдерiн қыздыру температурасына нәтижелердi журналға тiркеумен тұрақты бақылау орнатылуы тиiс.

204. Сорт ауысымы  кезiнде мұнай өнiмдерi сапасының  сақталуын 
қамтамасыз ету үшiн резервуардың тазалығы және оны толтыруға дайындығы 
1510-84 МЕМСТ-қа сәйкес болуы тиiс.

205. Мұнай өнiмдерiн  ыдыста сақтауды арнайы жабдықталған  қоймалық 
ғимараттарда, қалқаның астында және ашық алаңдарда жүзеге асырады. 
Сақтау тәсiлiн климаттық жағдайларға, сақталатын мұнай өнiмдерiнiң 
физикалық-химиялық қасиеттерiне, ыдыстың түрiне байланысты қабылдайды. 
      Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн ашық алаңдарда ағаш ыдыста сақтауға жол берiлмейдi.

Информация о работе Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар