Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 15:44, курсовая работа

Краткое описание

Осы "Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi -
Техникалық регламент) мұнай базаларының және стационарлық,
контейнерлiк, жылжымалы автожанармай құю станцияларының (бұдан әрi -
автожанармай құю станциялары) қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды
белгiлейдi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс2.docx

— 80.69 Кб (Скачать документ)

123. Шартты қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) 
дейiнгi құбыржолдарды берiктiк пен тығыздыққа сынау гидравликалық 
немесе пневматикалық тәсiлмен жүргiзiледi. Артық қысымсыз жұмыс 
iстейтiн, 20 м-ден кем құбыржолдарға сынақ жүргiзiлмейдi.

124. Гидравликалық  сынауды пневматикалық сынауға  ауыстыруға мынадай жағдайларда  рұқсат етiледi: 
      егер көтерушi құрылыс конструкциясы немесе тiректер құбыржолды сумен толтыруға есептелмесе; 
      қоршаған ортаның температурасы 0оС-тан төмен және құбыржолдың жекелеген учаскелерiнiң қату қауiптiлiгi болған кезде; 
      егер сұйықты (суды) қолдану өзге де себептер бойынша мүмкiн болмаса.

125. Құбыржолдарды  гидравликалық сынау әсiресе жылдың жылы 
уақытында қоршаған ауаның қолайлы температурасы кезiнде жүргiзiледi. 
Гидравликалық сынаулар үшiн +50С-тан төмен емес және +400С-тан жоғары емес температурадағы су қолданылады. 
      Егер гидравликалық сынау қоршаған ауаның температурасы 00С-тан төмен кезiнде жүргiзiлсе, судың қатуына қарсы шаралар қабылданады және құбыржолды сенiмдi босату қамтамасыз етiледi. 
      Құбыржолды гидравликалық сынау аяқталғаннан кейiн толығымен босатылады және су толық кеткенге дейiн желдетiледi.

126. Берiктiкке сынамалық  қысымның шамасы жобалық құжаттамамен  белгiленедi және мынаны қамтуы  тиiс: 
      125р [Q]20, бiрақ 0,2 МПа (2 кгс/см2) кем емес, 
           [Q]1 
      мұндағы Р - құбырдың есептiк қысымы, МПа; 
      [Q]20 - қоршаған ауаның температурасы + 20оС кезiнде құбыржол материалы үшiн рұқсат етiлетiн кернеу; 
      [Q]1 - ең жоғары, оң есептiк температура кезiнде құбыржол материалы үшiн рұқсат етiлетiн кернеу. 
      Барлық жағдайларда сынамалық қысымның шамасы құбыржол 
қабырғасында баламалық қысым сынау температурасы кезiнде материалдың 
аққыштық шегi сынамалық қысым кезiнде 90%-дан аспайтындай қабылдануы 
тиiс.

127. Арматураға дайындаудан немесе жөндеуден кейiн сынамалық қысыммен гидравликалық сынау жүргiзiледi.

128. Құбыржолды сумен  толтыру кезiнде толығымен ауадан 
тазартылады. Сыналатын құбыржолдағы қысым жайлап көтерiледi. Қысымның 
көтерiлу жылдамдығы жобалық құжаттамада көрсетiлуi тиiс.

129. Сыналатын құбыржолға  суды кұбыржолда болатын қысым  сынау 
қысымынан аспайтындай жағдайда тiкелей су құбырынан немесе сорғымен 
құюға рұқсат етiледi.

130. Сынау кезiнде  талап етiлетiн қысым сыналатын  құбырға 
гидравликалық преспен немесе екi жапқыш вентиль арқылы жалғастырылған 
сорғымен жасалады. 
      Сынау қысымына қол жеткiзiлгеннен кейiн құбыр престен немесе сорғыдан ажыратылады. 
      Құбырдағы сынау қысымы 10 минут ұсталады (берiктiктi сынау), одан 
кейiн оны жұмыс қысымына дейiн төмендетiп, пiсiру жiктерiн мұқият 
тексерудi жүргiзедi (тығыздылықты сынау). 
      Тексеру бiткеннен кейiн қысымды қайтадан сынауға дейiн көтередi 
және тағы 5 минут ұстайды, одан соң қайтадан жұмыс қысымына дейiн 
төмендетедi және екiншi рет құбырды мұқият тексередi. 
      Тығыздыққа сынау ұзақтығы құбыржолды тексеру және ажырайтын қосылыстардың саңылаусыздығын тексеру уақытымен анықталады. 
      Гидравликалық сынау бiткеннен кейiн құбырдағы барлық ауа 
салқындатқыштар ашық болуы тиiс және құбыржол толығымен тиiстi 
дренаждар арқылы судан тазартылуы тиiс.

131. Берiктiк пен  тығыздыққа гидравликалық сынаулар  нәтижелерi, 
егер сынау уақытында үзiлулер, көрiнiп тұрған деформациялар, манометр 
бойынша қысымның түсуi болмаса, ал негiзiнен металда, пiсiру 
жiктерiнде, арматураның корпустарында, ажырайтын қосылыстарда және 
барлық бұрандаларда ағулар мен тершулер болмаса, қанағаттанарлық деп 
танылады.

132. Сынаулардың  қанағаттанғысыз нәтижелерi кезiнде  табылған ақаулар жойылуы, ал сынаулар қайталануы тиiс. 
      Құбыржол қысымда болған кезде пiсiру жiктерiн бедерлеуге және ақауларды жоюға жол берiлмейдi.

133. Құбыржолдарға сынаулар жүргiзу туралы тиiстi акт жасалады.

134. Құбыржолдар  жұмыстарды ұйымдастыру жобасының  нұсқауларына сәйкес шайылады  немесе үрленедi. 
      Шаю сумен, маймен, химиялық реагенттермен және рұқсат етiлетiн басқа да технологиялық заттармен жүзеге асырылады. 
      Үрлеу сығылған ауамен, бумен немесе инерттi газбен жүзеге асырылады.

135. Құбыржолды шаю  немесе үрлеу уақытында төмен  түсiретiн 
желiлерде және тұйықталған учаскелерде орнатылған арматура толық ашық 
болуы тиiс, ал шаю немесе үрлеу бiткеннен кейiн мұқият тексерiлуi және 
тазартылуы тиiс.

136. Құбыржолдарға берiктiк пен тығыздыққа кәдiмгi сынаулардан 
басқа сынау уақытында қысымның түсуiн анықтаумен саңылаусыздыққа 
қосымша пневматикалық сынау жүргiзiледi. 
      Технологиялық жабдықтың бекiткiшiнде тұрған құбыржолдар осы жабдықпен бiрге сыналады.

137. Саңылаусыздыққа қосымша сынау берiктiк пен тығыздыққа 
сынаулар, шаю және үрлеу жүргiзiлгеннен кейiн ауамен немесе инерттi 
газбен жүргiзiледi.

138. Саңылаусыздыққа қосымша сынау жұмыс қысымына тең қысымда жүргiзiледi.

139. Қосымша сынаулардың  ұзақтығы кемiнде 24 сағатты құрауы және 
сыналатын әрбiр құбыржол үшiн жобалық құжаттамада көрсетiлуi тиiс. 
      Мерзiмдi сынаулар кезiнде, сондай-ақ құбыржолды пiсiрумен және 
бөлшектеумен байланысты жөндеуден кейiн сынаудың ұзақтығы кемiнде 4 
сағатқа белгiленедi.

140. Саңылаусыздыққа қосымша сынау аяқталғаннан кейiн әрбiр 
құбыржол бойынша тиiстi акт жасалады, мәлiметтер паспортқа енгiзiледi.

7. Мұнай  базаларын, автожанармай құю станцияларын  пайдалану

7.1. Жалпы  талаптар

141. Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын  пайдалану 
өнеркәсiптiк, экологиялық қауiпсiздiк талаптарын орындаумен жүзеге 
асырылады.

142. Мұнай базаларын  қауiпсiз пайдалануға: 
      техникалық құрылғыларды, материалдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк 
бойынша заңнамада белгiленген талаптарға сәйкес қолдануға рұқсат 
берумен; 
      мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын қауiпсiз 
пайдалануды қамтамасыз ететiн техникалық және ұйымдастыру шараларын 
жүзеге асырумен: құрылыстарды орналастырумен және iргелес аумақты, 
техникалық құрылғыларды жайластырумен және жұмыс орындарын 
ұйымдастырумен; 
      сенiмдi жұмыс iстейтiн, салыстырылып тексерiлетiн және 
тексерiлетiн өлшеу және автоматтандыру құралдарын, аварияға қарсы 
қорғау құрылғыларын, өрт қауiпсiздiгi мен электр қауiпсiздiгi ақпаратын 
алу, өңдеу және беру құралдарын қолданумен; 
      тез әсер ететiн герметикалық жапқыш және реттеушi арматура мен 
қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторларды оқшауландыру құралдарын 
қолданумен; 
      қызметкерлердiң тиiстi бiлiктiлiгiмен, олардың бiлiмiн және жұмыстарды қауiпсiз орындау дағдыларын тексерумен; 
      қызметкерлердi қорғау құралдарын қолданумен қол жеткiзiледi.

143. Автожанармай  құю станцияларын пайдалану 1996 жылғы 25 
қазанда Қазақстан Республикасының Мемтаукентехқадағалауы бекiткен 
Стационарлық, контейнерлiк және жылжымалы станцияларды техникалық 
пайдалану ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. 
      Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларында жабдықтарды, 
тетiктердi, құрал-жабдықтарды жарамсыз күйде немесе қауiпсiздiк 
құрылғылары (бөгеушi, тiркеушi және сигналдық тетiктер мен аспаптар) 
жарамсыз болған кезде, сондай-ақ жүктемелер мен қысымдар паспорттағыдан 
жоғары болған кезде пайдалануға жол берiлмейдi.

144. Жұмысқа қосу немесе жабдықтарды, аппараттарды, құбыржол 
учаскелерiн тоқтату кезiнде жарылыс қаупi бар қоспалардың технологиялық 
жүйеде түзiлуiнiң алдын алу бойынша шаралар (инерттi газбен үрлеу, 
үрлеудiң тиiмдiлiгiн бақылау) көзделуi тиiс.

145. Жүк көтергiш машиналар мен тетiктерде, қысыммен жұмыс 
iстейтiн бу қазандарында, ыдыстарда олардың шектi жүк көтергiштiгi, 
қысымы, температурасы және кейiнгi техникалық куәландыру мерзiмдерi 
белгiленуi тиiс.

146. Лебедкаларда, крандар  мен басқа да жүк көтергiш тетiктерде 
рұқсат етiлетiн жүк көтергiштiктi шектеуiштер, жүк пен тетiктiң өзiнiң 
өздiгiнен қозғалуына жол бермейтiн тежегiш құрылғылар мен фиксаторлар 
болуы тиiс.

7.2. Резервуарлық  парктер мен жекелеген резервуарларды  пайдалану

147. Әрбiр пайдаланылатын  резервуарда: 
      жобаға сәйкестiгi болуы, мынадай мәлiметтердi қамтитын паспорты 
болуы: резервуардың типi, технологиялық схема бойынша резервуардың 
нөмiрi, пенокамераның бұрандамасына дейiн резервуардың нақты биiктiгi, 
резервуардың базалық биiктiгi, механикалық клапанның өткiзу 
қабiлеттiлiгi, гидравликалық клапанның өткiзу қабiлеттiлiгi, тыныс 
клапандарының типi мен саны; 
      отты сақтандырғыштардың типi мен саны; 
      резервуар паркiнiң технологиялық схемасына сәйкес корпуста айқын 
жазылған реттiк нөмiрi; тереңдетiлген резервуардың нөмiрi арнайы 
орнатылған кестеде көрсетiлуi тиiс. 
      Тұнба беретiн, саңылаусыздығы жоқ, сондай-ақ жабдықтарының ақаулықтары бар резервуарларды пайдалануға жол берiлмейдi.

148. Тыныс арматурасы  жобалық қысымға реттелуi тиiс, ал оның 
дұрыс жұмыс iстеуi пайдалану жөнiндегi нұсқауларға сәйкес тексерiлуi 
тиiс. Жылдың қысқы маусымында тыныс клапандары қыраулардан күнiне кем 
дегенде 4 рет тазартылуы тиiс.

149. Қолданыстағы  резервуарларда оттың (жарылыстың) туындауын 
болдырмайтын шараларды қолданбай, уақытша отпен жұмыс iстеудi жүргiзуге 
жол берiлмейдi.

150. Резервуарлар  мен арматураға мынадай мерзiмдерде техникалық тексеру жүргiзiлуi тиiс: 
      тыныс клапаны - жылдың жылы уақытында айына кем дегенде екi рет 
және қоршаған ауаның қолайсыз температурасы кезiнде кем дегенде 10 
күнде бiр рет; 
      сақтандырғыш гидравликалық клапан - жылдың жылы уақытында айына 
кем дегенде екi рет және қоршаған ауаның қолайсыз температурасы кезiнде 
кем дегенде 10 күнде бiр рет; 
      отты сақтандырғыш - ауаның қолайлы температурасы кезiнде - айына бiр рет, ал қолайсыз кезде - 10 күнде бiр рет; 
      желдеткiш келтек құбыр - айына бiр рет; 
      пенокамералар мен пеногенераторлар - айына бiр рет; 
      деңгейдi өлшеуге және орташа сынаманы iрiктеуге арналған аспап, деңгейдi шектеуiш - кем дегенде айына бiр рет; 
      қабылдау-тарату келтек құбырлары - әрбiр қабылдау-тапсыру кезiнде, бiрақ кем дегенде айына екi рет; 
      қабылдау-тарату келтек құбырында қайта iске қосу құрылғысы - 
әрбiр қабылдау-тапсыру кезiнде, бiрақ кем дегенде айына екi рет; 
      ысырмалар (бiтеу) - әрбiр қабылдау-тапсыру кезiнде, бiрақ кем дегенде айына екi рет; 
      өлшеу қақпағы, жарық қақпағы - әрбiр пайдалану кезiнде, бiрақ кем дегенде айына бiр рет (жабындысыз жарық қақпақтары); 
      имектi кран - әрбiр қабылдау-жiберу кезiнде, бiрақ кем дегенде айына екi рет.

151. Жабдықтар мен  арматураларды тексеру нәтижелерi мен жойылған 
бұзылушылықтар техникалық жетекшi бекiткен нысан бойынша журналға 
енгiзiледi. 
      Металл резервуарлар мерзiмдi түрде: 
      жылына кем дегенде екi рет - реактивтi отын, авиациялық бензин, 
авиациялық май және оның компоненттерi, тура қуылатын бензин үшiн; 
      жылына кем дегенде бiр рет - майлайтын майға қосым және қосымдағы май үшiн; 
      екi жылда кем дегенде бiр рет - қалған майлар, автомобильдiк 
бензин, дизель отыны, парафиндер және басқа да ерекшелiгi жағынан 
оларға ұқсас мұнай өнiмдерi үшiн қорғалады.

152. Мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарынан резервуарларды тазалауды 
өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына жауап беруi тиiс арнайы құралдар мен құрылғыларды қолданумен механикаландырылған тәсiлмен жүргiзу керек.

7.3. Құбыржолдарды  пайдалану

153. Құбыржолдар  мерзiмдi түрде тексерiлуi тиiс. Тексерулердiң 
мерзiмдерiн олардың тозу жылдамдығына, пайдалану тәжiрибесiне, өткен 
байқаулар мен тексерулердiң нәтижелерiне байланысты техникалық жетекшi 
белгiлейдi, бiрақ мұнай өнiмдерiн тасымалдайтын құбыржолдар үшiн кем 
дегенде үш жылда бiр рет және қалғандары үшiн кем дегенде алты жылда 
бiр рет.

154. Құбыржолдарды  тексеру кезiнде сыртқы және iшкi байқауды жүргiзедi. 
      Сыртқы байқау кезiнде: бекiтудi қоса алғанда, пiсiру жiктерi мен 
ернемектiк қосылыстардың жай-күйiн; барлық қосылыстардың 
саңылаусыздығын; тiрек конструкциялары iргетасының және аспаларының 
жай-күйiн; жылжымалы тiректер жұмысының дұрыстығын; ауыстырушы 
құрылғылардың жай-күйi мен жұмысын; дренаждық құрылғылардың, 
арматураның жай-күйiн тексередi. 
      Iшкi байқау кезiнде: тоттанудың, сызаттың бар-жоғын; құбыр мен 
құбыр бөлшектерiнiң, төсемелердiң, ернемектердiң пiсiру жiктерiнiң, 
ернемектердiң бетiмен түйiндесетiн арматураның және арматураның 
қабырғаларының қалыңдығының азаюын тексередi. 
      Құбыржолды бұзуға немесе тексеруге жататын учаскенi кесу арқылы бөлшектейдi. 
      Байқау нәтижелерi актiмен ресiмделедi. Барлық айқындалған ақаулар жойылуы тиiс.

155. Тез тұтанатын  сұйықтықтар (бензин, керосин) тасымалданатын 
құбыржолдарға жүргiзiлген тексерулер мен жөндеу туралы мәлiметтер және 
күнi жазылған паспорт жасалуы тиiс.

7.4. Сорғы  станцияларын пайдалану

156. Редукторды қоса  алғанда, сорты мен қозғалтқыш бiр агрегат 
болып саналады. Әрбiр сорғы агрегатының реттiк нөмiрi болуы тиiс. 
Қозғалтқышта, сорғы мен редукторда айналу бағытын көрсететiн 
стрелкаларды, ал iске қосу құрылғысында - "Iске қосу" және "Тоқта" 
деген жазбаларды орнатады.

157. Әрбiр сорғы агрегатында формуляр болуы тиiс, оған оның 
жұмысын есепке алу деректерi, жүргiзiлетiн жөндеу көлемi енгiзiледi. 
Формулярды сорғы агрегаттарын пайдалануға жауапты қызметкер толтырады.

158. Агрегаттар арасындағы  өту жолдарын материалдармен, жабдықпен  немесе басқа заттармен үйiп тастауға тыйым салынады.

159. Сорғы агрегаттарын  техникалық тексеру мен жөндеудi 
дайындаушы-зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес бекiтiлген кесте бойынша, 
қауiптiлiгi жоғары жұмыстарды жүргiзуге тапсырыс-рұқсатты ресiмдеумен 
жүргiзу қажет.

160. Тез тұтанатын  мұнай өнiмдерiн қотару бойынша  сорғылық 
үй-жайда мерзiмдi түрде кестеге сәйкес мұнай өнiмдерi буларының қауiптi 
концентрациясының бар-жоғын анықтау үшiн қоршаған ауаға талдау жүргiзу 
қажет. Қоршаған ауаны талдау жөндеу жұмыстарының басталуы алдындағыдай 
жүргiзiледi.

7.5. Темiр жол эстакадаларын және кiрме жолдарды пайдалану

161. Электрлендiрiлген  темiр жолдарға жанасатын мұнай 
базаларындағы темiр жолдардың кiрме жолдарында екi оқшаулаушы түйiспе: 
бiрiншiсi - төгу шөбiнiң шектерiнде, екiншiсi - тұйық стрелкасында 
орнатылуы тиiс.

Информация о работе Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар