Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 15:44, курсовая работа

Краткое описание

Осы "Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi -
Техникалық регламент) мұнай базаларының және стационарлық,
контейнерлiк, жылжымалы автожанармай құю станцияларының (бұдан әрi -
автожанармай құю станциялары) қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды
белгiлейдi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс2.docx

— 80.69 Кб (Скачать документ)

30. Жер үстiнен құбыржолдардың жерүстi төсемдерiнiң биiктiгi жер 
бедерi мен жергiлiктi жердегi топырақ жағдайларына, құбырлардың жылу 
әсерiне байланысты қабылданады, бiрақ 0,5 м-ден кем болмайды.

31. Автомобиль жолдары  мен өтпелердiң қиылысқан жерлерiнде 
автомобиль жолдары мен өту жолдарының үстiнен биiктiгi 4,25 м-ден кем 
емес және өтпелердiң үстiнен 2,2 м-ден кем емес тiреулер жобалануы тиiс.

32. Ғимараттар мен  құрылыстардың және құрылғылардың  астына жерасты құбыржолдардың  төсемiне жол берiлмейдi.

33. Мұз қататын  ортада құбыржолдар құбырдың  үстiне дейiнгi топырақтың қату тереңдiгiнен 0,1 м төмен болуы тиiс.

34. Құбыржолдарды  жерасты төсеу кезiнде екi және  одан да көп 
құбыржолдардың бiр траншеяға бiрдей орналасуы жағдайында олар бiр 
қатарға (бiр көлденең жазықтықпен) орналасады. Олардың арасындағы 
қашықтық жарықта құбырлардың мынадай шартты диаметрлерiнде қабылданады: 
      300 мм-ге дейiн - 0,4 м-ден кем емес; 
      300 мм-ден астам - 0,5 м-ден кем емес.

35. Жерасты құбыржолдарының  орналасу тереңдiгi көлiк қозғалысы 
көзделмеген жерлерде жер бетiнен құбырдың немесе жылу оқшауламасының 
жоғарғы бөлiгiне дейiн 0,6 м-ден кем болмауы тиiс, ал қалған 
учаскелерде орналасу тереңдiгi барлық қолданыстағы жүктемелердi ескере 
отырып, құбыржолдың берiктiгiн сақтау жағдайларына байланысты 
қабылданады.

36. Базаiшiлiк темiр  жолдардың, автомобиль жолдары мен  кiрме 
жолдарының қиылыстарында жерасты құбыржолдары болат құбырлардан 
жасалған қаптамаларда төселуi, оларға төселетiн құбыржолдардың диаметрi 
сыртқы диаметрiнен 100 - 200 мм-ден артық болуы тиiс, ал құбырдың 
шеттерi шеткi рельстен немесе автожол өтетiн шеткi бөлiгiнен әр жаққа 2 
м орын қалдыруы тиiс. Қаптамалардың шеттерi тығыздалуы және битуммен 
құйылуы тиiс. Қорғаныш қаптамалары бар құбыржолдардың учаскелерiнде 
пiсiрме түйiспелерiнiң саны барынша аз болуы тиiс. Барлық түйiспелер 
физикалық бақылау әдiстерiмен тексерiлуi тиiс. 
      Орналасу тереңдiгi болат қаптамалардың үстiнен шпалдардың 
табанына дейiн 1 м-ден кем болмауы тиiс, ал автожолдар мен кiрме 
жолдардың асты - жол жабындыларының үстiне дейiн 0,8 м-ден кем болмауы 
тиiс.

37. Құбыржолдардың  еңiстерi: тез жанғыш сұйық заттар  үшiн 
0,002-ден кем болмауы; газ тәрiздес заттар үшiн 0,003-тен кем болмауы; 
тұтқырлығы жоғары және қататын заттар үшiн 0,02-ден кем болмауы тиiс.

38. Болат құбыржолдардың  сыртқы бетiн қоршаған орта  мен кезбе 
токтардың әсерiнен туындайтын тоттанудан қорғау 9.602-89 МЕМСТ-ға 
сәйкес келуi тиiс.

39. Жылу оқшауламасын  қолданудың қажеттiлiгi құбыржол  төсеу орны 
мен тәсiлiне, технологиялық процестiң талаптарына, еңбек қауiпсiздiгi 
мен жарылыс-өрт қауiпсiздiгiне байланысты әрбiр нақты жағдайда 
айқындалады.

40. Құбыржолдардың  жылу оқшауламасы анықталған ақауларды сынағаннан және жойғаннан кейiн жүзеге асырылады.

41. Құбыржолдың жылу  оқшаулау конструкцияларында мынадай  элементтер: 
      негiзгi жылу оқшаулағыш қабат; 
      арматуралаушы және бекiтушi бөлшектер; 
      қорғаныш-жабынды қабат (қорғаныш жабын) көзделедi.

42. Тоттануға қарсы қорғаныш пайдалану мерзiмi iшiнде 
құбыржолдардың авариясыз (тоттану себебi бойынша) жұмысын қамтамасыз 
етедi.

43. Жобалық құжаттамада  құбырларды жерасты тоттанудан  қорғау үшiн 
олардың сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнiнде шешiмдер көзделедi.

44. Жерасты құбыржолдары  топырақ коррозиясынан арнайы  тоттануға қарсы күшейтiлген қорғанышпен (оқшаулаумен) қорғалуы тиiс.

45. Құбыржолдардың  сыртқы беттерiн тоттанудан қорғау жүйесi мен 
түрiн таңдау олардың төсемдерiнiң тәсiлi мен жағдайларына, сыртқы 
ортаның тоттану белсендiлiгiнiң сипаты мен дәрежесiне, электр тоттану 
қауiптiлiгiнiң дәрежесiне байланысты жүзеге асырылады.

46. Электр-химиялық  қорғаныш (катодтық, протекторлық, дренаждық) жүйесiн жобалау 9.602-89 МЕМСТ-ға сәйкес жүргiзiледi.

47. Құбыржолдардың  электр-химиялық қорғанышы кезiнде оқшаулағыш ернемектiк қосылыстар көзделуi тиiс.

48. Құбыржолдарды  тоттануға қарсы қорғану жөнiндегi iс-шараларды 
жобалау кезiнде конструктивтiк шешiмдер тоттануға қарсы жабындарды 
тексеру мен қалпына келтiрудiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуi тиiс.

49. Құбыржолдарды  жаңғырту мен қайта жаңартуға жобалық 
құжаттаманы (қажеттi сараптамалар мен келiсiмдердi жүргiзумен) 
өзгерткеннен кейiн жол берiледi.

50. Барлық құбыржолдар  сыйымдылығы бойынша өлшемделген  болуы тиiс.

51. Бiтеме, реттеушi, сақтандырғыш арматуралар басқару  мен қызмет 
көрсету үшiн ыңғайлы және оңай қол жетiмдi жерлерде орналастырылуы тиiс.

52. Ернемектiк қосылыстарға құбырларды аппаратқа, арматураға және 
жауап ернемектерi бар өзге де жабдықтарға қосу орындарында сондай-ақ, 
кезеңдi бөлшектеу немесе ауыстырудың пайдалану процесiн талап ететiн 
құбыржол учаскесiнде көздеуге жол берiледi.

53. Кезеңдi бөлшектеудi талап ететiн арматура орналасқан  жерлерде 
және салмағы 50 кг астам, қиын құбыржол тораптарында арматураларды 
монтаждау және бөлшектеу үшiн механикаландырудың жылжымалы немесе 
тұрақты құралдары көзделуi тиiс.

54. Бiтеме арматура  орнатылуы тиiс реттеушi вентильдер  мен 
қақпақтардан басқа вентильдер мен қақпақтарды реттеушi негiзгi бiтеме 
құрылғылар ретiнде пайдалануға тыйым салынады.

55. Технологиялық  құбыржолдар үшiн қолданылатын  фасонды 
бiрiктiрушi тетiктер, ернемектер, төсемелер және тiреу бұйымдары 
материалдың сапасы мен техникалық сипаттамасы бойынша 356-80 МЕМСТ-ға 
сәйкес келуi тиiс.

56. Құбыржолдардағы  төсеменi және бiтеме арматураларды  ауыстыру 
ондағы қысым атмосфералыққа дейiн төмендегеннен, ол мұнай өнiмдерiнен 
толық босатылғаннан және қолданыстағы құбыржолдардан ажыратылғаннан 
кейiн ғана жол берiледi.

57. Айдау және  құю станцияларының құбыржолдарында  жерасты және 
жерүстi құбырлары мен оларға орнатылған бiтеме құрылғыларының 
технологиялық орналасу схемасы жасалуы және бекiтiлуi тиiс.

4.4 Мұнай  базаларының сорғы станцияларына  қойылатын талаптар

58. Мұнай өнiмдерiн  айдауға арналған сорғыларды  ғимараттарда, 
ашық алаңдарда немесе қалқаның астында (егер сорғылар мен 
қозғалтқыштардың конструкциясы ашық ауада пайдалануға жол берiлсе) 
орналастыру керек. Агрегаттың барлық қозғалатын бөлiктерi берiк 
бекiтiлген қоршаулармен қорғалуы тиiс.

59. Бiр үй-жайда  әртүрлi жарқ ету температурасында, мұнай 
өнiмдерiн айдауға арналған сорғыларды орнату кезiнде, бұл үй-жай және 
барлық жабдық жарқ етудiң ең төменгi температурасымен мұнай өнiмдерiн 
айдауға қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс.

60. Сорғыларды қозғалтқыштармен бiрiктiретiн бiлiктердi қабырға 
арқылы өтетiн жерлерде олардың саңлаусыздығын қамтамасыз ететiн 
жанбайтын материалдардан тығыздаманың құрылғыларымен қабырғаның 
(қалқалар) барлық қалыңдығына болат құбырлардан жасалған қаптамаларда 
көздеу керек. 
      Тез тұтанатын сұйықтықтарды айдауға арналған сорғылар орнатылған 
үй-жайда жазық белдiктi берiлiстердi қолдануға жол берiлмейдi.

61. Ғимараттарда  орналасқан өнiмдi сорғы станцияларының  сорғы 
агрегаттарының жетегi үшiн, жалпы залда да, жеке үй-жайда да жанбайтын 
материалдан дайындалған қабырғаның (қалқаның) артына оларды орнатуға 
жол беретiн электр қозғалтқыштар қолданылуы тиiс.

62. Сорғы станцияларында  сорғылардың шығар бөлiктерiнiң 
арасындағы өтпелердiң енi 1 м кем болмауы тиiс; енi 0,6 м дейiн және 
биiктiгi 0,5 м дейiн сорғыларды орнату кезiнде өтпелердiң енiн 0,7 м 
дейiн азайтуға жол берiледi. Сорғылардың екi қатарға орналасуы кезiнде 
қатарлардың арасындағы өтпенiң енi 1,5 м кем болмауы тиiс.

63. Iргетастардың  мұнай өнiмдерiмен бүлiнуiн болдырмау  үшiн сорғылар жиектерiмен металл  тұғырықтарға орнатылуы тиiс.

64. Сорғы станцияларындағы  едендер мен науалар мұнай  өнiмдерiн 
өткiзбейтiн және оларды сiңiрмейтiн материалдан дайындалуы және 
ағындарды қабылдағыш жағына қарай еңiстiгi болуы тиiс. Науалар 
ысырмалардың тораптары орналасқан жерлерде үрлеу шүмектерi мен 
сорғылардың тұғырықтары этилденген бензиндердi айдау үшiн жинақ 
резервуарымен, қалған жағдайларда - мұнай өнiмдерiн бұруға арналған 
кәрiзбен бiрiктiрiлуi тиiс. 
      Төгiлген сұйықтықтарды тазарту үшiн сорғы станцияларының 
үй-жайларда резеңке шлангалы су тiреушiктерiмен жабдықталады. 
Гидравликалық бекiтпелердi кәрiзге сорғы станцияларының ағынды 
арналарын қосу жерлерiнде сорғы станциясының қызмет көрсетушi персоналы 
жүйелi түрде тексеруi тиiс.

65. Жерасты көлденең  резервуарлардың шетжағы будың  жарқ ету температурасы 120оС-тан 
жоғары мұнай өнiмдерiне және мазутқа арналған осы резервуарлар немесе 
бақылау және басқару пункттерi қызмет көрсететiн өнiмдi сорғы 
станциясының үй-жайларында орналастыруға рұқсат етiледi.

66. Сорғы станциясындағы  майлау майын металл немесе  полиэтилендi 
ыдыста тығыз жабылған қақпақпен және тәулiктiк қажеттiлiктен аспайтын 
мөлшерде сақтау қажет.

67. Стационарлық  автоматты газ анализаторлары  тез тұтанатын мұнай 
өнiмдерiн айдау жөнiндегi сорғы станциясының үй-жайында авариялық 
желдеткiшпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай өнiмдерi буларының қауiптi 
қоспаларының болуы туралы дыбыс және жарық дабылдарының құрылғыларымен 
тосқауылдануы тиiс.

4.5. Эстакадалар  қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

68. Төгу-құю эстакадалары темiр жолдардың тiк көлденең учаскелерiнде жобалануы тиiс. 
      Қоймаларда бiржақты төгу-құю эстакадаларын радиусы 200 м кем емес 
жолдардың қисық учаскелерiнде орналастыруға рұқсат етiледi.

69. Темiр жол төгу-құю эстакадаларының ұзындығы бiр уақытта 
өңделетiн цистерналардың санына байланысты, бiрақ темiр жол 
цистерналарының бiр бағытты құрамының ең жоғары ұзындығынан кем емес 
болып белгiленедi.

70. Темiр жол цистерналарын  тиеу-түсiру үшiн мұнай базаларының 
темiр жол тұйығы бiр және екi жақты эстакадалармен, құю немесе төгу 
құрылғыларымен, жүк, ауа-вакуумды коллекторлармен, жинақтармен, мазут 
пен майға арналған аралық резервуарлармен, мұнай өнiмдерiн есептеу 
тораптарымен, қыздыру аспаптарының көтеру және түсiру мен фронтты 
бойлай цистерналарды ауыстыру құралдарымен арнайы жабдықталуы тиiс.

71. Мұнай базаларында  екi жақты эстакадалар орналасқан  темiр 
жолдарда бағытпен төгу-құю үшiн параллельдi басып озатын кiрер жолы 
болуы тиiс. 
      Қолданыстағы эстакадаларды қайта жаңарту немесе кеңейту кезiнде 
және цистерналарды екi жақтан шығаруды қамтамасыз ету мүмкiн болмағанда 
көзделген тұйық жолды пайдалануға рұқсат етiледi.

72. Төгу-құю құрылғыларымен немесе эстакадаларымен тұйық темiр 
жолдардың ұзындығын ұлғайту керек (өрт кезiнде құрамды ағыту мүмкiндiгi 
үшiн): 6-дан астам цистернаны бiр уақытта өңдеу кезiнде - 30 м-дер 3-ға 
тен 6-ға дейiнгi цистернаны қоса алғанда - 20 м, 2 цистернаны бiр 
уақытта өңдеу кезiнде ұзындығы ұлғайтылмайды. Тұйық жолдың есептi 
ұзындығын ұлғайту көлемi соңғы цистернадан арынды брус жағына қарай 
қабылданады.

73. Төгу-құю эстакадаларына енi 0,75 м кем емес қатты жабындармен жаяу сүрлеу салынуы тиiс. 
      Жаяу сүрлеу әр эстакаданың шет жағына әкелуi тиiс, олардың 
темiржолдармен қиылысу орындарында рельстердiң басымен деңгейiнде тұтас 
төсенiштер орналастырылады.

74. Автоэстакадалар  биiктiк габариттi белгiлерiмен жасақталуы тиiс.

4.6. Мұнай  өнiмдерiн автоцистерналарға құю құрылғысына 
қойылатын қауiпсiздiк талаптары

75. Автомобиль цистерналары  үшiн құю құрылғылары алаңдарда 
қалқалардың астында орналасуы тиiс. Жеке құю құрылғылары (3 құрылғыға 
дейiн) ашық алаңдарда орналасуы мүмкiн.

76. Мұнай өнiмдерiн  бөшкелерге және ұсақ ыдысқа құю және орау 
құйғыш және орайтын (май, жағатын май) үй-жайларда жүзеге асырылады.

77. Мұнай өнiмдерiн  ыдыстарға құюға арналған құю пункттерiн 
климат жағдайларына және мұнай өнiмдерiнiң түрлерiне байланысты, 
үй-жайларда немесе ашық алаңдарда қалқалардың астында, ал оралғандары - 
тек үй-жайларға орналастыру керек.

78. Тарататын, орайтын  құрылғыларды негiзгi құбыржолдарға  қосуды 
ғимараттар мен алаңдардан тысқары, бiтеме арматураны олардың негiзгi 
құбырға қосылу орнына орната отырып жүргiзу керек.

79. Тарататын және  орайтын үй-жайлар мұнай өнiмдерiнiң  мөлшерiн 
жiберу және анықтау үшiн құрылғылармен (есептеуiштермен, таразылармен, 
сорғылармен, май және отын тарататын колонкалармен, арнайы оралған 
құрылғылармен, ыдысқа салу желiлерiмен және т. б.), механикаландыру 
құралдарымен, жылыстау жинақтарымен, құюды автоматты түрде тоқтату 
құралдарымен жарақтандырылуы тиiс.

80. Тiкелей арнайы  жабдықталған автомашиналарда орнатылған 
бөшкелерде тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн құюды жүргiзуге жол берiледi. 
      Бөшкелерге құю автоцистерналарға арналған алаңдарда немесе құятын 
жерде орналасқан алаңдарда арнайы құрылғылармен жүргiзiлуi тиiс.

Информация о работе Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар