Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 15:44, курсовая работа
Осы "Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi -
Техникалық регламент) мұнай базаларының және стационарлық,
контейнерлiк, жылжымалы автожанармай құю станцияларының (бұдан әрi -
автожанармай құю станциялары) қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды
белгiлейдi.
"Мұнай
базалары мен автожанармай құю
станцияларының
қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар" техникалық регламентi
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Мұнай базалары
мен автожанармай құю
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық
регламентi (бұдан әрi -
Техникалық регламент) мұнай базаларының
және стационарлық,
контейнерлiк, жылжымалы автожанармай
құю станцияларының (бұдан әрi -
автожанармай құю станциялары) қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптарды
белгiлейдi.
2. Регламент:
1) мұнай базалары
мен автожанармай құю
жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары,
пайдалану және жою кезiнде
қойылатын қауiпсiздiктiң ең төменгi талаптарын;
2) мұнай базалары
мен автожанармай құю
әсерлердiң тәуекел дәрежесiн, өндiрiстiк
және пайдалану факторларын,
қоршаған орта ластануының ықтимал салдарын
ескере отырып, регламент
талаптарына сәйкестiгiн бағалауды және
растауды белгiлейдi.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Регламентте мынадай
терминдер мен анықтамалар
автожанармай құю станциясы
- мұнай өнiмдерiн сақтауды және
бөлшектеп сатуды қамтамасыз ететiн жабдықтармен
жарақтандырылған
технологиялық кешен;
жерасты резервуары
(жерасты сақтау) - егер резервуардағы
сұйықтықтың ең жоғарғы деңгейi шектесетiн
алаңның төменгi жоспарлы
белгiсiнен кемiнде 0,2 м-ден төмен болса
(резервуар қабырғасынан 3 м
шегiнде), мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған
резервуар;
мұнай базасы - мұнай
өнiмдерiн қабылдауға, сақтауға және көтерме
сатуға арналған ғимараттар мен құрылыстар
кешенi, технологиялық
жабдықтары, резервуарлық паркi, техникалық
құрылғылары мен
коммуникациялары бар ұйым;
мұнай базасының немесе
автожанармай құю станциясының паспорты
-
оның негiзгi сипаттамалары және жауапты
пайдаланушы, жүргiзiлген қайта
жаңартулар мен жөндеулер туралы ақпаратты,
жүргiзiлген тексерулер мен
оның нәтижелерi туралы ақпаратты қамтитын
құжат;
мұнай базасының, автожанармай
құю станциясының қауiпсiздiгi -
адам өмiрiне, денсаулығына және қоршаған
ортаға зиян келтiруiне
байланысты жол берiлмейтiн тәуекелдiң
болмауы;
мұнай базасын немесе
автожанармай құю станциясын пайдалану
-
ғимараттардың (құрылыстардың) техникалық
жай-күйiн бақылау,
диагностика, техникалық қызмет көрсету,
мұнай базасының немесе
автожанармай құю станциясының техникалық
құрылғыларын ағымдағы жөндеу;
мұнай базасындағы,
автожанармай құю станциясындағы қауiптi
заттардың шектi саны - мұнай базаларындағы,
қоймалардағы, автожанармай
құю станцияларындағы олардың болуы декларациялау
үшiн негiз болып
табылатын мұнай өнiмдерiнiң мөлшерi;
мұнай өнiмдерiн сақтау
қоймасы - мұнай өнiмдерiн қабылдауды,
сақтауды және берудi қамтамасыз ететiн
технологиялық құрылыстардың,
жабдықтардың кешенi;
техникалық құрылғылар
- технологиялық жабдықтар (құбыржолдарының
жалғастырушы бөлшектерiн, сорғыларды
қоса алғанда, резервуарлар,
цистерналар, баллондар, бөшкелер, құбыржолдар),
агрегаттар (төгу-құю
құрылғылары, жерасты құрылыстары, шағын
көлемдi қазандықтар), жапқыш,
реттеуiш және сақтандырғыш арматура,
олардың тораптары және құрамдас
бөлшектерi; электр қондырғылар; отын-тарату
бағаналарын, өлшеу және
автоматтандыру құралдарын қоса алғанда,
есепке алу және бақылау
тораптары; мұнай базалары мен автожанармай
құю станцияларында
қолданылатын сүзгiлер-лас ұстағыштар;
тәуекелдi бағалау
- қауiптiлiктiң iске асырылу мүмкiндiктерi
мен
зардаптарын талдау және бағалау, жол
берiлмейтiн тәуекелдiң
өлшемдерiмен салыстыру;
тәуекелдiң жол берiлетiн деңгейi - қауiпсiздiктiң қоғамдық танылған деңгейi.
3. Мұнай
базалары мен автожанармай құю
станцияларын
құру және
пайдалану шарттары
4. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
қолданылатын техникалық құрылғыларды,
материалдарды өнеркәсiптiк
қауiпсiздiк туралы заңнамада белгiленген
тәртiппен Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға
рұқсат етiледi.
5. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
құрылғыларды дайындау үшiн қолданылатын
материалдар мен дайын
бұйымдардың сапасы мен техникалық сипаттамасы
дайындаушының
паспорттарымен немесе сертификаттарымен
расталады.
6. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
техникалық құрылғыларды жеткiзу кезiнде
техникалық құрылғыларды атауын,
елiн және дайындаушы кәсiпорынды (орындаушыны),
рұқсат етiлетiн
пайдалану мерзiмiн, қолданылу тәсiлiн қамтитын
мемлекеттiк және орыс
тiлдерiндегi ақпаратпен сүйемелдеу көзделуге
тиiс.
7. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес
қауiптi қалдықтар
паспорттары, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы
туралы" Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 4
желтоқсандағы Заңына сәйкес санитарлық
паспорты, МЕМСТ 17.0.0.04-90
сәйкес экологиялық паспорты және мұнай
базасы немесе автожанармай құю
станциясының паспорты жүргiзiледi.
4. Мұнай
базалары мен автожанармай құю
станцияларын
жобалау
4.1. Мұнай
базалары мен автожанармай құю
станцияларын
жобалауға
қойылатын жалпы талаптар
8. Жобалау кезiнде ұқсас
объектiлердегi
авариялық статистикалық деректердi, құрылыс
пен пайдаланудың
техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн
ескере отырып, авариялар, жұмыс
iстемеу, сыртқы әсерлер, персоналдың болжамды
қателiктерi кезiнде
барлық болуы мүмкiн қауiптер бiрiздендiрiлуi
тиiс.
9. Барлық бiрiздендiрген қауiптер үшiн тәуекелдi есептiк, тәжiрибелiк немесе талдамалық әдiстермен бағалау жүргiзiледi.
10. Тәуекелге жүргiзiлген
бағалауды ескере отырып, мұнай базалары
мен автожанармай құю станцияларын пайдалану
кезiнде тәуекелдi жою
немесе оны жол берiлетiн деңгейге дейiн
азайту үшiн шаралар кешенi
анықталады.
11. Жол берiлетiн
тәуекелдердi анықтау кезiнде жобалау
ұйымы:
мұнай базаларының, автожанармай құю
станцияларының ерекшелiгiн;
қабылданатын техникалық құрылғылардың
сенiмдiлiгiн;
құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын;
сыртқы табиғи әсерлердi;
мұнай өнiмдерiнiң пайдалану қасиеттерiн;
персоналдың қате iс-қимылдарын;
қоршаған ортаның ластануының, құрылыс,
қайта жаңарту және кәдеге
жарату кезiнде құнарлы топырақ қабатының,
өсiмдiк жамылғысының бұзылуы
салдарының ықтимал әсерiн;
авариялардың (жарылыс, уландырғыш залал,
қоршаған ортаның
ластануы) және аварияларды оқшаулау және
олардың салдарларын жою
кезiнде құнарлы топырақ қабатының, өсiмдiк
жамылғысының бұзылуларының
зақымдайтын тәуекелдерiн ескередi.
12. Тәуекелдi жол
берiлетiн деңгейден төмендету
мүмкiн болмаған
кезде жобада адамның өмiрi мен денсаулығына
және қоршаған ортаға
қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн шаралар
жүйесi көзделедi.
13. Мұнай базаларын
жобалауға, ғимараттарды, құрылыстар
мен
техникалық құрылғыларды орналастыруға
2.09.02-85 ҚНжЕ, 3.02-15-2003
ҚНжЕ, 2.11.03-93 ҚНжЕ, 4.04.10-2002 ҚНжЕ, 2.04.05-2002 ҚНжЕ,
5.03-37-2005 ҚНжЕ, 2.02.-11-2002 ҚНжЕ талаптарына
сәйкес жол берiледi.
Барлық типтегi автожанармай құю станцияларын
жобалауға, оларға
ғимараттарды, құрылыстар мен техникалық
құрылғыларды орналастыруға
4.01-15-2001 ҚН, 3.05-15-2001 ҚН, 1.02.010-97 ҚНжЕ талаптарына
сәйкес
жол берiледi.
Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын
сумен жабдықтауды
және желдетудi жобалау 4.01.41-2006 ҚР ҚНжЕ,
4.01.02-2001 ҚР ҚНжЕ,
4.02.42-2006 ҚНжЕ, 2.02-14-2002 ҚР ҚН талаптарына
сәйкес орындалады.
14. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
торапты автомобиль жолдарына кем дегенде
екi кiру қақпасы немесе мұнай
базасына кiрме жолдары болуы тиiс.
Жаяу жүргiншiлердiң қозғалысы үшiн енi
0,75 м-ден кем емес
асфальттанған және тас төселген тротуарлар
жобалануда. Өтпелер
жұмысшылар үшiн өте қолайлы бағыттар
мен жерлер арқылы орнатылуы тиiс.
15. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
өндiрiстiк объектiлердi жобалауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптарға сәйкес санитарлық-қорғаныс
аймақтары жобаланады.
16. Мұнай базаларын
салуға арналған жобалық құжаттамада
мұнай
базасының аумағын биiктiгi 2 м-ден кем емес
жанбайтын материалдардан
жасалатын қоршаумен қоршау көзделуi тиiс.
Қоршау ғимараттар мен
құрылыстардан (әкiмшiлiктен басқа) кем
дегенде 5 м қашықтықта болуы
тиiс.
17. Мұнай базасының
аумағын функционалды
технологиялық байланыстарды, жүк айналымы
мен көлiк түрлерiн,
санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық,
өртке қарсы және басқа да
талаптарды ескере отырып, аймақтар мен
учаскелерге бөлу қажет.
18. Жарылу қаупi бар
аймақтарда орналасқан электр
жабдықтары мен
автоматтандыру құралдарының орындалуы
үй-жайлардың және сыртқы
құрылғылардың жарылыс-өрт және өрт қаупi
бойынша жiктемесiне сәйкес
келуi тиiс.
19. Қоршаған орта
әсерiнiң агрессивтiлiк
жер үстi резервуарлары мен құбыржолдарының
сыртқы бетiн тоттанудан
қорғау 2.01-19-2004 ҚР ҚНжЕ сәйкес жүзеге асырылады.
4.2. Резервуарлық
парктерге және мұнай базалары мен
автожанармай
құю станцияларының резервуарларына қойылатын
талаптар
20. Резервуарлық
парк:
су басу, көшкiн, тас құлау әсерiне және
басқа да бұзатын геологиялық әсерлерге
ұшырамайтын алаңда орналасуы;
ауа райы жағдайына қарамастан, сақтау
объектiсiне жақын немесе
тiкелей орналасқан тұрақты орнатылған
өртке қарсы жабдықтардың
барлығына қол жеткiзiмдiлiктi қамтамасыз
етуге мүмкiндiк беретiн кiрме
жолдармен жабдықталуы тиiс.
21. Жобалық шешiмдер
резервуарларды тасымалданатын
заттармен
толтырудың қауiпсiз процесiн және олардың
босатылуын, газ кеңiстiгiнде
қысымның артуы мен төмендеуiнен қорғауды,
өртке қарсы iс-шараларды,
оның iшiнде пирофорлы қосылыстар түзiлуiнiң,
түпкi шөгiндiлер мен
қоспаларын (мысалы, "тауарлық" су)
алып тастаудың, газ-ауа
тығындыларының жүргiзiлген құбыржолдардан
резервуарларға түсуiнiң алдын
алу шараларын көздеуi тиiс.
22. Резервуарлық
парк, сорғы станцияларының
сыйымдылықтары авария кезiндегi өнiм ысырабы
мен залалды барынша
азайтуды және жақын орналасқан елдi мекендердiң,
кәсiпорындардың, су
объектiлерi мен көлiк жолдарының аумағына
төгiлу мүмкiндiгiн
болдырмауды ескере отырып, сақталатын
өнiмнiң авариялық төгiлулерiн
оқшаулау жүйесiмен және жою құралдарымен
орналастырылуы және
жайғастырылуы тиiс.
23. Резервуарлық
парктердi жарықтандыру үшiн жобамен резервуарлық
парктiң опырылуы шектерiне тiкелей орналасқан
дiңгектерде орнатылған
прожекторлар көзделуi тиiс.
24. Дәнекерлеу және
басқа да отпен iстейтiн жұмыстар
үшiн арнайы
жабдықталған және белгiлермен көрсетiлген
алаңдар көзделедi. Өрт
жабдықтарына және өрт гидранттарына
кiрме жолдар мен өтпелер әрқашан
бос болуы тиiс: өрт гидранттарына және
өрт су айдындарына олардың
орналасу орындарын тез анықтауға мүмкiндiк
беретiн көрсеткiш жазбалар
iлiнуi тиiс. Түнгi уақытта өрт гидранттары
мен су айдындарындағы
көрсеткiштерге жарық түсiрiлуi тиiс.
4.3. Мұнай
базалары мен автожанармай құю
станцияларының
құбырларына
қойылатын талаптар
25. Мұнай базалары
құбырларының технологиялық
өнiмдерiн айдау бойынша (төгу-құю, мұнай
өнiмдерi құбырларынан
қабылдау, базаiшiлiк айдау, тұнбаны кетiру,
резервуарларды босату және
тазарту), барлық негiзгi және қосалқы операциялардың
орындалу
мүмкiндiгiн, мұнай өнiмiн қажеттiлiк немесе
авария жағдайында бiр
резервуардан басқасына айдау мүмкiндiгiн
көздеуi тиiс.
26. Құбыржолдардың
технологиялық схемасы
өрт қауiпсiздiгiн сақтау, қоршаған ортаны
қорғау кезiнде мұнай
өнiмдерiнiң араласуын, ластануын, сулануы
мен ысырабын болдырмауды
қамтамасыз етуi тиiс.
27. Әр түрлi мұнай өнiмдерiн
құбырлар арқылы айдау жобаға сәйкес
жүргiзiлуi тиiс. Авиациялық техникада қолданылатын
мұнай өнiмдерiн,
сондай-ақ тура айдалатын бензиндi және
басқа да этилденбеген
бензиндердi мұнай өнiмдерiнiң бiр тобына
ғана арналған жеке мұнай
өнiмдерiнiң құбырлары бойынша айдау керек.
28. Құбыржолдар олардың тоқтауы кезiнде босатуды қамтамасыз ететiн еңiстермен жобалануы тиiс.
29. Кедергiлер арқылы
өтетiн құбыржолдардың жерүстi өтпелерi
орындарында көршi құбыржолдардың жылу
және механикалық әсерлерден
олардың бiреуiнiң жарылуы мүмкiн кезiнде
берiк қорғауды қамтамасыз
ететiн конструктивтiк шешiмдер көзделедi.