Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 15:44, курсовая работа

Краткое описание

Осы "Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi -
Техникалық регламент) мұнай базаларының және стационарлық,
контейнерлiк, жылжымалы автожанармай құю станцияларының (бұдан әрi -
автожанармай құю станциялары) қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды
белгiлейдi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс2.docx

— 80.69 Кб (Скачать документ)

81. Мұнай базалары  үшiн этилденген, тез тұтанатын  және жанғыш 
мұнай өнiмдерi үшiн тарату құрылғылары жеке ғимараттарда (үй-жайларда) 
немесе жеке алаңдарда орналасуы тиiс. 
      Мұнай өнiмдерiн тарату құрылғыларына беру өздiгiнен ағатын немесе 
жiберу тоқтатылған кезде жұмыс iстейтiн қорғаушы клапандармен 
жабдықталған сорғылардың көмегiмен жүзеге асырылуы мүмкiн. 
Есептеуiштердiң жарамсыздығы кезiнде мұнай өнiмдерiн жiберудi бақылау 
үшiн құю бөлмелерiнде тауарлық таразылар болған жөн.

82. Автотаразыларды  платформасы атмосфералық шөгiндiлерден 
қалқамен қорғалған болуы тиiс. Тек көлденең учаскелерде таразыларды 
орналастыруға жол берiледi.

83. Тарату крандарының  арасындағы қашықтық 1 м-ден кем  болмауы, 
ал еденнен кранды орналастыру биiктiгi - стандартты бөшкенiң 
биiктiгiнен кем болмауы тиiс. 
      Бiр маркалы мұнай өнiмдерiнiң түрлi сорттарын құю үшiн бiр жұмыс 
орнында үш тарату кранына дейiн орналастыруға тек бiр сортты бiр 
уақытта құйған жағдайда рұқсат етiледi.

84. Тарату пункттерiнiң  едендерi этилденген бензиндер үшiн  бензин 
өткiзбейтiн материалдан орындалуы (цементтi басумен бетонды, бетонды, 
плиткамен жабылған және т.б.) және ағындары болуы тиiс.

85. Құю үй-жайының  алдына механикаландыру құралдарымен 
жабдықталған (бөшке көтергiштермен, аспалы кран-балкалармен және 
басқалары) биiктiгi 1-1,1 м тиеу-түсiру алаңын орналастырған жөн, ал 
орау үй-жайлары өнiмдi қоймаға беру және көлiк құралдарына тиеу үшiн 
транспортерлермен жабдықталған болуы тиiс.

86. Жалпы сыйымдылығы 400 м3 аспайтын 
майға арналған резервуарларды бiр қабатты құю және орау төле 
үй-жайларында, сондай-ақ ыдыстағы майлар үшiн олармен бiрiктiрiлген 
қоймалық үй-жайлардың ғимаратында орналастыруға рұқсат етiледi. Бұл 
ретте көрсетiлген ғимарат отқа төзiмдiлiктiң екiншi дәрежесiнен төмен 
болмауы тиiс. Көрсетiлген төле үй-жайларынан шығу тiкелей сыртқа болуы 
және бiрiншi қабатқа қатынамауы тиiс.

87. Көлемi қоса алғанда 100 м3 дейiнгi 
қыздыруды талап ететiн май жiберу үшiн тағайындалған тарату 
резервуарларын олардың шетжағы құю үй-жайларында жататындай етiп 
орналастыруға рұқсат етiледi, ал көлемi қоса алғанда 25 м3 дейiнгi 
осындай резервуарларды үй-жайдан тысқары резервуарлардан бу бұруды 
қамтамасыз ететiн жағдайларда құю үй-жайында орналастыруға рұқсат 
етiледi.

4.7 Электр  мен найзағайдан қорғау

88. Тез тұтанатын  және жанғыш сұйықтықтармен технологиялық 
операцияларда статикалық электр разрядтарының қауiптiлiгiн жою үшiн 
мынадай шараларды көздеу қажет: 
      резервуарларды, цистерналарды, құбыржолдарды, деңгейiн өлшеу және сынамалар алу құралдарын жерге қосу; 
      мұнай өнiмдерiнiң өтiмдiлiгiн арттыру үшiн қосымдарды қолдану; 
      резервуарларға, кемелерге, автомобиль және темiр жол 
цистерналарына ашық түстi мұнай өнiмдерiн құю жылдамдығын азайту 
жолымен статикалық электр зарядтары генерациясының қарқындылығын 
төмендету.

89. Жерге қосу  құрылғыларын статикалық электрден  қорғау үшiн 
электр жабдықтары мен найзағайдан қорғауға арналған жерге қосу 
құрылғыларымен бiрiктiрген жөн. Тек статикалық электрден қорғауға 
арналған жерге қосу құрылғыларының кедергiсi 100 Ом-нан жоғары болуға 
рұқсат етiлмейдi.

90. Ғимараттар мен  құрылыстар найзағайдың тiкелей соққысынан, 
электр статикалық, электр магниттiк индукциядан, жерүстi және жерасты 
метал коммуникациялар арқылы жоғары шаманың енуiнен қорғалуы тиiс.

91. Техникалық құрылғылар  найзағайдың тiкелей соққысынан және электр статикалық индукциядан қорғалуы тиiс.

92. Ғимараттар мен  құрылыстарды найзағайдың тiкелей  соққысынан 
қорғау жеке тұрған немесе ғимараттарға орналастырылған оқшауланбаған 
сырықты немесе арқан жайтартқышпен орындалуы тиiс. Оларды қорғалатын 
ғимараттарда немесе құрылыстарда әрбiр сырықты жайтартқышқа немесе 
әрбiр арқан жайтартқыштың тiреуiне орналастыру кезiнде кем дегенде екi 
ток тартқыш төселуi тиiс.

93. Резервуарлар  найзағайдың тiкелей соққысынан  былайша: 
      резервуарлардың корпустары төбе металының қалыңдығы 4 мм-ден кем 
болғанда - жеке немесе резервуардың өзiнде орнатылған жайтартқыштармен; 
      резервуарлардың корпустары төбе металының қалыңдығы 4 мм және астам болғанда, сондай-ақ сыйымдылығы 200м3 -тан кем жекелеген резервуарлар төбе металының қалыңдығына қарамастан - жерге қосқыштарға жалғастырумен қорғалуы тиiс.

94. Резервуарлардың  жерүстi парктерi үшiн найзағайдың  тiкелей 
соққыларынан, найзағайдан қорғауды жеке тұрған жайтартқыштармен 
орындаған жөн; жобадағы негiздемеге сәйкес резервуарлардың өзiнде 
орнатылған жайтартқыштармен қорғауға жол берiледi.

95. Металл қаңылтырмен iшiнен қапталмаған жерасты темiрбетонды 
резервуарлар парктер жеке тұрған жайтартқыштармен найзағайдың тiкелей 
соққыларынан қорғалуы тиiс.

5. Мұнай  базалары мен автожанармай құю  станцияларындағы құрылыс-монтаж  жұмыстары кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары

96. Мұнай базасының  немесе автожанармай құю станцияларының 
құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмыстарды ұйымдастыру тәртiбi әзiрленедi.

97. Жұмыстарды ұйымдастыру  тәртiбiнде: 
      құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың кезектiлiгi; 
      көтергiш-көлiк құралдарын және басқа да тетiктердi пайдалану мүмкiндiгi; 
      бақылау, пiсiрiлген жiктердi термикалық өңдеу, жабдықтар мен 
техникалық құрылғыларды сынау және диагностикалау жұмыстарының орындалу 
тәртiбi; 
      көтергiш тетiктердi, жабдықтарды көшiру, өрт сөндiру құралдарын орналастыру тәртiбi; 
      жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шаралар көзделедi.

98. Құрылыс жобалық  құжаттамаға сәйкес орындалады.

99. Жобалық құжаттамадан  ауытқу, жобамен көзделмеген 
материалдарды пайдалану анықталған кезде құрылыс-монтаж жұмыстарының 
орындалу сапасы, табылған бас тартулар түзетуге жатады.

100. Техникалық құрылғылар  мен олардың элементтерiн монтаждау 
және жөндеу кезiнде пiсiру қосылыстарының қажеттi пайдалану 
сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн пiсiрулердiң барлық түрлерiн қолдануға 
рұқсат етiледi. 
      Құбыржолдардың пiсiру қосылыстарын бүлдiрмейтiн әдiстермен 
бақылау 7512-82 МЕМСТ, 14782-86 МЕМСТ, 18442-80 МЕМСТ, 21105-87 МЕМСТ, 
23055-78 МЕМСТ, 25225-82 МЕМСТ-ға сәйкес жүргiзiледi.

101. Пiсiру материалдарының сертификаттары болуы тиiс.

102. Монтаждау кезiнде  отпен жұмыс iстеудi орындау Қазақстан 
Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35 
бұйрығымен бекiтiлген Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарын 
сақтаумен жүргiзiледi.

103. Техникалық құрылғыларды  монтаждау кезiнде материалдардың, 
құбырлардың, жабдықтардың, құбыржолдар мен арматуралардың бөлшектерi 
сапасының кiру бақылауы олардың сертификаттарына сәйкестiгiне, 
орындалған жұмыстардың сапасына операциялық бақылау жүргiзiледi. 
Бақылау нәтижелерi актiмен ресiмделедi, мәлiметтер бұйымдар мен 
орындалған жұмыстардың сапасын растайтын барлық құжаттарды қоса берумен 
техникалық паспортқа енгiзiледi.

104. Қолданылу мерзiмдерi өтiп кеткен бұйымдар мен материалдар 
тексерiс жүргiзiлгеннен, ақаулар жойылғаннан, олардың сапасы мен 
қолданылу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн сынау, сараптама және басқа 
жұмыстардан кейiн ғана монтаждауға берiледi. 
      Құбыржол арматурасы зауыттық сынаулар мен кепiлдiк мерзiмiне 
қарамастан, монтаждауға берiлу алдында берiктiк пен саңылаусыздыққа 
сынауға жатады.

105. Тоттанумен ласталған, зақымдалған, түрi өзгерген, қорғаныш 
жабындылары зақымдалған жинамалы бiрлiктердi, құбырларды, бөлшектердi 
және басқа да бұйымдарды монтаждауға рұқсат етiлмейдi.

106. Үйiндiнiң iшiнде  монтаж жұмыстарын орындау үшiн  қазылған 
шұңқырлар мен орлар бұл жұмыстар аяқталған соң көмiлуi және жоспарлануы 
тиiс. Жұмыстарда ұзақ үзiлiстер болған жағдайда уақытша қоршаулар 
орнатылуы тиiс.

107. Құрылыс-монтаж  жұмыстарының процесiнде: 
      құрылыс жұмыстарының сапасын; 
      жабдықтарды, өнiм құбырларын, бу құбырларын және су құбырын, 
кәрiз және жылумен жабдықтау, кәбiлдiк және басқа да коммуникациялар 
желiлерiнiң конденсат-құбырларын монтаждау сапасын; 
      жерасты құрылыстарын, резервуарлар мен құбыржолдарды төсеу тереңдiгiн; 
      жерүстi құбыржолдары төсемдерiнiң биiктiгiн; 
      көлденең және тiк жазықтықтарда құбыржолдың жол берiлетiн иiлу радиустарын; 
      авторлық қадағалауды бақылау жүзеге асырылады.

108. Сорғы агрегаттарын  монтаждау, жөндеу, сынау дайындаушы-зауыттардың  жобасы мен нұсқауларына сәйкес жүргiзiлуi керек.

109. Құрылыс-монтаж  жұмыстары аяқталғаннан кейiн  жиналмаған 
конструкцияларды, жабдықтарды және шұңқырлар мен орлардың көмiлмеген 
учаскелерiн қалдыруға жол берiлмейдi.

6. Жабдықтарды  пайдалануға қабылдау

110. Резервуарларды  пайдалануға қабылдауды сыртқы байқаудан, 
резервуарларды оларға орнатылған жабдықпен бiрге тығыздылық пен 
саңылаусыздыққа сынаудан және ұсынылған құжаттаманың жобалық 
құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн бағалаудан кейiн жүргiзедi. 
      Резервуарлар сынауды жүргiзу уақытына ескерту белгiлерiмен 
қоршалады және олардың маңында адамдардың болуына рұқсат етiлмейдi.

111. Резервуарларды  берiктiкке сынауды тек есептiк гидравликалық 
жүктемеге ғана жүргiзедi. Төмен қысымды резервуарларды сынау кезiнде 
артық қысымның көлемi 25%-ға, ал вакуум, егер жобада басқа нұсқаулар 
болмаса, жобаның шамасынан 50%-ға артық қабылданады. Жүктеменiң 
ұзақтығы 30 мин.

112. Резервуарларды  монтаждан қабылдау кезiнде металл немесе синтетикалық понтондармен төмендегiлер тексерiледi: 
      резервуардың қабырғасы мен понтонның борты арасындағы саңылаудың 
және сақиналық тиектiң, бағыттаушы құбырлар тиектерiнiң, деңгейi мен 
орталық тiреудiң қолмен өлшеу құбырларының орналасу тығыздығының шамасы; 
      жалғанған жiктер мен кiлем материалдарының жай-күйi 
(пiсiрiлмегендер, үзiлулер, сызаттар, бөгде қосулар, қатпарлану және 
кебулерге жол берiлмейдi); 
      қораптардың, қалтқылардың жай-күйi; 
      жерге қосуды бекiтудiң болуы; 
      секциялардың тиегiн қатаңдату сақинасымен бекiту; 
      өз арасында тордың жолағын және периметр бойынша тордың шеттерiн бiтеудi қосу; 
      статикалық электрден қорғаудың болуы; 
      тиек конструкциясының жұмыс қабiлеттiлiгi; 
      дренаждық құрылғылардың жұмыс қабiлеттiлiгi; 
      тегiстiктi өлшеуiштiң, сынамаалғыштың жұмыс қабiлеттiлiгi.

113. Егер понтонды  дайындау немесе монтаждау кезiнде жобадан 
немесе әзiрлеушi-ұйымның ұсынымдарынан ауытқуға жол берiлген болса, 
қабылдау әзiрлеушi-ұйым өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.

114. Понтондармен  резервуарларды гидравликалық сынауды  нығыздаушы 
тиектердi орнатқанға дейiн жүргiзедi. Бұл ретте төбесi қалқымалы 
резервуарларда жылжымалы баспалдақтың, дренаждық құрылғылардың және 
басқа жабдықтардың жұмысын қадағалайды. Гидравликалық сынаулар кезiнде 
понтонды немесе қалқымалы төбенi көтеру (түсiру) жылдамдығы пайдалану 
кезiндегiден аспауы тиiс. Понтонның қозғалысы бiр қалыпты, тұтылусыз, 
жұлқуларсыз, шусыз және понтонның бетiне сұйық тимейтiндей болуы тиiс.

115. Резервуарларды  саңылаусыздыққа сынау оны жобалық 
құжаттамамен көзделген биiктiкке дейiн сумен толтырумен жүргiзiлуi тиiс.

116. Сыртқы тексеру  кезiнде табылған ақаулар резервуар 
элементтерiн саңылаусыздыққа сынау жүргiзiлгенге дейiн жойылады. 
Ақаулар кейiннен пiсiрумен тиiстi учаскелердi кесiп тастау және қорыту 
арқылы жойылады. 
      Пiсiру қосылыстарына бедер салуға жол берiлмейдi.

117. Резервуар түбiнiң барлық пiсiрiлген жiктерiнiң саңылаусыздығын вакуум әдiсiмен тексередi. 
      Резервуар қабырғасының тiгiнен пiсiрiлген жерлерi рентгендiк- 
немесе гамма-жарықтандырумен, ультра-дыбысты ақаутапқышпен, 
магнитографиялық немесе 3242-79 МЕМСТ-ға сәйкес басқа физикалық 
әдiстермен тексерiледi. 
      Резервуарларды сынаулардың нәтижелерi қанағаттанғысыз болған 
жағдайда, табылған ақаулар жойылуы, ал сынаулар қайталануы тиiс. 
      Резервуарларды сынауларды жүргiзу туралы актiлер әрбiр сынау бойынша жасалады. 
      Сынаулардың нәтижелерi бойынша мәлiметтер паспортқа енгiзiледi.

118. Құбырды көзбен  шолып байқау кезiнде: монтаждалған 
құбыржолдың жобалық құжаттамаға сәйкестiгi; бекiткiш құрылғыларды 
орнатудың дұрыстығы, оларды ашу мен жабудың жеңiлдiгi; барлық жобалық 
бекiткiштердi орнату және барлық уақытша бекiткiштердi алу; ауа 
өткiзгiштер мен дренаждардың бұрандаларын қоса алғанда, барлық пiсiру 
жұмыстарының аяқталуы; термоөңдеу бойынша жұмыстарды аяқтау тексерiледi.

119. Берiктiк пен  тығыздыққа сынау кезiнде сыналатын құбыржол 
аппараттардан және басқа құбырлардан бiтеуiштермен ажыратылады. 
Сыналатын құбырды ажырату үшiн жапқыш арматураны пайдалануға жобамен 
негiзделген жағдайларда жол берiледi.

120. Сынауларды жүргiзу кезiнде құбыржолда орнатылған барлық 
жапқыш арматура толық ашық болуы, тығыздамалар нығыздалуы тиiс; 
реттеушi клапандар мен өлшеуiш құрылғылардың орнына монтаждық 
катушкалар; барлық бұрандалар, штуцерлер, бiлiктер бiтелуi тиiс.

121. Сынауларды жүргiзу уақытына бiтеуiштердiң орналасу орны 
ескерту белгiлерiмен белгiленедi және олардың маңында адамдардың 
жүруiне жол берiлмейдi.

122. Сынау кезiнде қысым салыстырып тексеруден өткен және 
пломбаланған екi манометрмен бақылануы тиiс. Манометрлердiң дәлдiк 
сыныптылығы 1,5-тен төмен болмауы, корпустың диаметрi 160 мм-ден кем 
болмауы және шәкiлдiң атаулы қысымы өлшенетiннен 4/3 болуы мүмкiн. Бiр 
манометр жапқыш вентильден кейiн престеу агрегатында, басқасы престеу 
агрегатынан неғұрлым алыстатылған құбыр нүктесiнде орнатылады.

Информация о работе Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар