Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:03, курс лекций
Кіріспе. Қоршаған ортамыздағы барлық микроорганизмдерді зерттеу ғылымы олардың биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бағыттарға бөлініп кетеді. Адам денсаулығына тікелей қатысты патогенді және шартты патогенді бактерияларды медициналық микробиология зерттейді, ал жалпы микробиология осы ғылыми бағыттардың барлығына ортақ микробиологиялық зерттеу әдістерін қамтиды. Микроорганизмдерді микробиологиялық, биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеу арнайы зертханаларда жүргізіледі, және де олардың құрылымы мен жабдықталуы зерттелетін объектіге (бактерияға, вирусқа, саңырауқұлаққа, қарапайымдыға), зерттеу жұмыстарының мақсатты бағыттамасына (ғылыми зерттеулерге, аурулардың диагностикасына) байланысты болады. Иммунды жауаптарды зерттеу мен инфекциялық ауруларының серодиагностикасы иммунологиялық және серологиялық (serum – қан сарысуы) зертханаларда жүргізіледі.
2. Иммуноферментті талдама. Антиденелерді айқындаудың едәуір сезімтал әдістерінің бірі ИФА деп есептеледі, ол сезімталдылығы бойынша РИА-ге жол бермейді және де қарапайым диагностикалық лабораториялар үшін арзанға түседі. Спецификалы антигенді полистирол (поливинилхлорид) пластиналарындағы ойықтар беткейіне адсорбциялайды. Пластиналарда бекіндірілген антигенді зерттелуші адами сарысумен инкубациялайды. Байланыспаған ақуызтардан шайып алған соң, иммобилизацияланған антигендермен байланысқан иммуноглобулиндерді пероксидаза ферментімен таңбаланған антитүрлік (антиадамдық) антииммуноглобулинді сарысу көмегімен анықтайды. Субстратпен (сутегі пероксиді) және индикатормен инкубациялаған соң боялу интенсивтілігі бойынша ферментативті активтілікті бағалайды. Антигенде сорбцияланған антиденелер санына пропорциянал болатын боялу интенсивтілігін көзбен немесе спектрофотометр көмегімен бағалауға болады. Бұл модификацияда таңбаланған реагент әмбебабтылығы ыңғайлы, ол әртүрлі антигендерге қарсы антиденелерді айқындауға мүмкіндік береді.
3. Иммуноэлектрофарез. Күрделі қоспалар құрамындағы жекеленген антигендер құрамаларына (мысалы, микроорганизмдердің жекеленген антигендеріне) қатысты спецификалы антиденелерді айқындау үшін қоаспалардан ақуызтарды бөліп алу әдістеріне жүгінуге тура келеді. Ақуызтарды бөліп алудың едәуір әйгілі әдістерінің бірі натрий доцицилсульфатының қатысуындағы полиакриламидті гельдегі электрофарез болып табылады. Оның қысқаша аты: SDS-PAGE. Гельдегі ақуызтар фракциясы олардың өлшеміне сәйкес таралады. Одан соң электрофорезді жазықтықта дараланған ақуызтарды нитроцеллюлаярлы пластинаға ауыстырады да, оларды сол жерде спецификалы антисарысумен өңдейді. Спецификалық антиденелер байланысатын ақуызтар жағдайы ферментпен немесе радионуклидпен таңбаланған антииммуноглобулинді антиденелер көмегімен айқындалады. Бұл әдіс Western blot (Бастыс дағы) деген атқа ие болды және қан сарысуындағы адам иммунотапшылықі вирусына қарсы антиденелерді айқындау кезіндегі нақтылаушы әдіс ретінде қолданылады. Ол үшін вирус ақуызтарын SDS-PAGE әдісі көмегімен бөлектейді, бөлектенген ақуызтарды нитроцеллюлоза пластинасына ауыстырып, зерттелуші сарысумен инкубациялайды. Сарысудағы антиденелер әртүрлі антигендік фракциялармен байланысады, адам иммуноглобулиніне қарсы ферментті-таңбаланған антиглобулинді сарысу көмегімен айқындалады.
4. Иммунофлюоресцентті әдіс. Мысалы, мерез серодиагностикасында қолданылады. T.pallidum құймасынан алынған шыныдағы жағындыны құрамында спецификалық антиденелері бар екендігіне күдік туындаған зерттелуші сарысумен өңдейді. Егер сарысуда спирохеталар антигендеріне қарсы антиденелер болса, олар микробпен байланысады. Антиденелердің артық мөлшері шаю арқылы шығарылады. Жағындыны адам иммуноглобулиніне қарсы флюоресценциялауыш сарысумен қосымша өңдейді. Зерттелуші сарысудағы спецификалық антиденелердің айқындалуына жағындыны люминесцентті микроскоппен қарағанда жарқыраған спирохеталардың табылуы себепкер бола алады.
Осыған ұқсас әдіспен бірқатар аутоиммунды аурулар кезіндегі қан сарысуынан антинуклеарлы антиденелерді айқындайды, ол үшін антиген ретінде жануарлардың ядролық жасушаларын пайдаланады.
5. Айқарылған агглютинация реакциясы. Алдыменен сарысудың негізгі сұйылтпасын дайындайды, одан бір шыны түтікшеден екіншіге, екіншіден үшіншіге және тағы жалғастыра 1 мл сұйықтықты ауыстыра құйып, сұйылтпа сериясын жасайды. Біркелкі мөлшер жасау үшін соңғы түтікшеден 1 мл сарысуды алып тастайды. Бақылау түтікшесіне (антиген бақылауы) 1 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін құяды. Сарысу сұйылтпалары бар әрбір түтікшеге және бақылау түтікшесіне пастер тамызғышымен 1 мл-інде 3 млрд микроб жасушысы бар 2 тамшы бактерия құймасын құяды. Түтікшелерді сілкілеп, 2 сағатқа 37°С-тық термостатқа орналастырады да бір тәулік бөлме температурасында сақтайды. Айқарылған агглютинация ракциясының нәтижесін ақырын сілкілей орып әрбір түтікшедегі өзгерістерге бағалау жүргізеді. Бақылау түтікшелерінде агглютинация болмау керек. Агглютинация реакциясының интенсивтілігі мынадай таңбалармен белгілейді: "++++" – толық агглютинация (агглютинат үлпектері айрықша мөлдір сұйықтықта), "+++" – толық емес агглютинация (агглютинат үлпектері әлсіз мөлдір сұйықтықта), "++" – жарым-жартылай агглютинация (үлпектер айқын ажыратылады, сұйықтық аздап лайсаң) "+" - әлсіз, күдікті агглютинация (сұйқытық өте лайсаң, ондағы үлпектер нашар ажыратылады) (сурет 10.2.).
Сарысу титрі ретінде оның агглютинация интенсивтілігі "++"-тен де төмен бағаланатын соңғы сұйылтпасын алады.
6. Тікелей емес гемагглютинация реакциясы. Ұсақ дисперсті ерігіш антигендермен жұмыс істегенде тікелей есем немесе пассивті гемагглютинация реакциясын қолданады (ПГАР, ТЕГАР). Антигендерді алдымен инертті монодисперсті бөлшектерде немесе жасушаларда адсорбциялайды, мысалы, эритроциттерде э р и т о р ц и т а р л ы д и а г н о с т и к у м дайындайды. Мұндай антигенмен тиектелген эритроциттер сол антигенге қарсы антиденесі бар иммунды сарысудың әсерінен бір-біріне жабысады. (сурет 10.2.2).
Сурет 10.2.1. Агглютинация
А – жақсы айқындалған,
Б – нашар айқындалған
Реакция жоғары
сезімталдылығымен
7. Гельдегі преципитация реакциясы. Агарлы гельдегі бір-біріне қарама-қарсы әртүрлі ойықтарға құйылған антиген мен антидене ерітінділерінің иммунодиффузиясы олардың спецификалығының сәйкестілігі жағдайында реагенттер кездескен жерде жолақтар мен доғалар түріндегі спецификалық преципитаттың түзілуіне әкеп соғады.
Сурет 10.2.2. Пассивті гемагглютинацияреакциясы реакциясы
Эр – эритроциттер, Аг – антигендер, Ат – антиденелер
Әдетте, орталық ойыққа
антигеннің стандартты
8. Лизис реакциясы. Комплемент байланыстырушы реакция. Лизис реакицясы мен КБР қою үшін теңіз шошқаларының қан сарысуында болатын комплементті қолданады. Комплементтің гемолитикалық активтілігі термолабильді, және сарысуды 56°С-та 30 минут бойы ысытқанда толығымен жойылады. Комплементтің антиген-антидене кешенінде адсорбциясы жүрген кезде, егер антиген корпускулярлы болса, немесе көрінетіндей өзгерістерге ұшырамаса, егер ол ұсақдисперсті немесе ерігіш антиген болса оның әсері антигеннің лизис реакциясымен айқындалады. КБР нәтижелерін шығару үшін қосымша (индикаторлы) гемолитикалық жүйе енгізеді. Ол натрий хлоридінің изотоникалы ерітіндісіндегі қой эритроциттерінің және сол эритроцитермен иммунизацияланған қоянның гемолитикалық сарысуының қоспаларынан құралған. Оң нәтижелі КБР комплементтің антиген-антидене жүйесімен адсорбциялануы салдарынан болған гемолиз тежелуімен сипатталады (сурет 10.2.3). Теріс нәтижелі КБР гемолиз болуымен сипатталады, өйткені еркін комплемент қой эритроциті мен қоянның гемолитикалық сарысуынан тұратын индикаторлы антиген-антидене жүйесімен байланысады. КБР жоғары сезімталдылық пен спецификалылыққа ие, бұл оны көптеген аурулардың серодиагностикасы үшін қолдануға мүмкіндік береді.
КБР қою үшін
реакцияға қатысушы барлық
КБР қою антиген
препараттары мен зерттелетін
сарысуда антикомплементарлы
К о м п л
е м е н т т і т
и т р л е у. Титрді
және жұмыстық дозаны анықтау
үшін иммундық гемолиз
Сурет. 10.2.3. Комплемент байланыстыру реакциясы.
АГ – антиген; АД – антидене; Эр – эритроциттер; Гем. сарысу – гемолитикалық сарысу.
Теңіз шошқасының
уыздай (свежий) сарысуын натрий
хлоридінің изотоникалық
Антигендерді
өлген микроорганизмдер
Қой эритроциттерінің қоспаларын қойдың дефибринденген қанынан алады. Ол үшін эритроциттерді натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде тұнба үстілік сұйықтықтың толық түссізденуі мен мөлдірленуі пайда болғанша шаяды да, олардан натрий хлоридінің изотоникалы ерітіндісіндегі 3 %-тік қоспасын дайындайды.
Гемолитикалық
сарысуды қоянға қой
К е с т е 10.2.1. Комплементті титрлеу (хаттама қалыбы)
Іс-шаралар |
Түтікшелердің нөмірлері | ||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 | |
Комплементті 1:15 сұйылтпасына енгізу |
0,3 |
0,2 |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
- |
- |
Натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін енгізу, мл |
0,3 |
0,4 |
0,3 |
0,4 |
0,5 |
0,6 |
0,7 |
0,2 |
- |
Түтікшеден артықтарды алып тастау, мл |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
0,3 |
0,4 |
0,5 |
0,6 |
- |
- |
Комплементтің алынатын сұйықтығы |
1:10 |
1:15 |
1:20 |
1:25 |
1:30 |
1:35 |
1:40 |
- |
- |
Гемолитикалық қоспаны қосу, мл |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
37°С-та 30 минут бойы инкубациялаймыз. | |||||||||
Нәтижелерді есептеу |