Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 12:23, курсовая работа
Ауылшаруашылық өндірісінің жөндеу - техникалық қызметтерге, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, инженерлік, зооветеринарлық, агрохимиялық және агролизингтік қызмет көрсету және т.б. қызметтерге деген тәуелділігі өсе түсуде. Сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерінің қажетті көлемін алуды қамтамасыз ететін салалары мен өндірістерді де, өнімдерді де тиімді пайдалануды және оларды тұтынушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырудың да бірдей дәрежеде дамуы маңызды. Осындай салалар мен қызметтердің жиынтығы экономикада инфрақұрылым деп аталады.
Инфрақұрылым өнеркәсіп пен ұйымдардың тиімді қызмет атқаруының қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнімін көп мөлшерде және жоғары сапамен алуға бағытталған.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3
І. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІҢ ДАМЫТУДАҒЫ
шаруашылық инфрақұрылым САЛАСЫНЫҢ РОЛІ………....5
1.1. Шаруашылық инфрақұрылым — агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі орны..............................................................................................................................5
1.2. АӨК-нің өндірістік инфрақұрылымның салаларының дамуы......................10
1.3. Агролизингтік дамудың әлемдік тәжірибесі....................................................16
II. Ауыл шаруашылығындағы есептің ерешелігі............................................22
2.1. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есептің мақсаты және ерекшелігі...................................................................................................................22
2.2. Өсімдік шаруашылығыдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру....................23
2.3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі..........................25
III. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................28
3.1. Ауылшаруашылық өндірістік инфракұрылымды жетілдіруде
мемлекеттің ролі................................................................................................28
Шаруашылық инфрақұрылымды маркетингтің маңызы.............................29
3.3. Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары...............................................31
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................37
Дт 1320/2 Кт8110
Дт 1280/2 Кт2522/2,2523/2
А) табиғи нормемен есептен шықты
Дт 7210,7470 Кт 1280
Б) кінәлі адамдарға апарылды
Дт 1253 Кт 1280
Дт 3350 Кт 1253
Дт 7010 Кт 2522/2,2524/2
Ірі қара мал шаруашылығы бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу. Мұнда өзіндік құнын есептеу өнім, сүт және төл саналады. Негізгі емес өнімнің сомасы шегеріледі. Сүтке барлық шығындардың – 90 %, ал төлге – 10% алынады.
IІI. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Ауылшаруашылық өндірістік инфрақұрылымды жетілдіруде мемлекеттің ролі
Ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу аяқталғаннан кейін жаңадан болған агроқұрылымдардың эволюциялык дамуы басталды. Осы кезеңде оларды мемлекеттік реттеу мен қолдау көрсетудің маңызы зор.
Ауыл шаруашылығы экономиканың күрделі саласының бірі. Біріншіден, ол табиғат — климат жағдайына тәуелді. Екіншіден, өңдірістік циклі ұзақ әрі маусымдық сипатта. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы маусымдық шығындарын несиелеудің дамыған жүйесіне өте-мөте мұқтаж. Төртіншіден, қысқа мерзімді несиелер рыногында шағын ауылшаруашылық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі төмен.
Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызмет көрсеткенде өндірістің осы ерекшеліктерін ескерген жөн. Оның үстіне ауыл шаруашылығы дайындау, ұқсату, қызмет көрсету, сауда және басқа ұйымдардың, сондай-ақ материалды-техникалық ресурстарды жеткізушілердің монопольдық әрекетінен үнемі зардап шегетінін ұмытпау қажет.
Біздің республикада ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратегиясы қабылданған (Қазақстан Рсспубликасы Үкіметінің 1997 жыл 22 желтоқсандағы N1817 Қаулысы). Оның кіріспе бөлімінде мынадай мәліметтер бар:
- ауылшаруашылық машинаның негізгі түрлерімен қамтамасыз етілуі-65-70 процент;
- пайдаланылғанына 5 жылдан асқан машина мен жабдықтардың үлесі-90 проценттен астам;
- содғы 7 жылда топыраққа органикалық тыңайтқыштарды енгізу-10-11 есе, минералды тыңайтқыштарды енгізу-16-17 есе қысқарды.
Ауыл шаруашылығын мемлекетгік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, осы арқылы аграрлық секторда рынокты дамыту кепілі ретінде мемлекеттің ықпалып күшейту.
Мемлекет ауылшаруашылық тауарларына деген сұраныс пен ұсынысқа. агроөнеркәсіп кешенінде салааралық айырбас оның салаларында табыс табу үшін жағдай туғызу мақсатында жанама жолмен ықпал жасау керек. Бұл бағыттарда арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасау жәнә оларды жүзеге асыратын институттар құру қажет.
Қазақаграрлық өнеркәсіп кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының ұжымы жүргізіліп отырған реформаны түзетуге бағыталған кейбір ұсыныстар дайындады. Оларга негіз ретінде нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеу принциптері, республиканың азык-түлік қауіпсіздігің нығайту мақсатында аграрлық секторды мемлекетгік-құқықтық және экономикалық қолдау мәселелері алынып отыр.
Аграрлық экономика үшін келешекте инвестициялық проблема шешуші роль атқарады. Агроөпсркәсіптік кешенінің капитал сиымдылығы өте жоғары, сондықтан ол капиталды көп салғанда және салу қарқыны жоғары болғанда дами алады. Бұндай механизм мемлекеттік экономикалық реттеу тұтқалары мен аспаптары және нарықтық ынталандыруды оңтайлы үлестіруге негізделу керек, инвестициялық ресурстардың толыққанды тауарға айналуына жағдай жасау қажет.
3.2. Ауылшаруашылық инфрақұрылымның маркетингтің маңызы.
Ауыл шаруашылығы саласында маркетингтің атқаратын ролі өте аумақгы. Осыған орай маркетинг өндірістік, өткізу ( сату ) қызметін басқару саласын камтып, оның өнімдерін нақтылы тұтынушыларға бағыттайды. Маркетингтің мақсаты нарық қатынасын дербес пайдалана отырып, тұтынушыларға қажетті сапалы тауарларды ұсыну арқылы, олардың қажетілігін қанағаттандыру, өндірістің дамуына ықпал жасай отырып, шаруашылықтардың нарық экономикасы кезінде дұрыс жұмыс істеп кетуіне жағдай жасау болып табылады. Алдыңғы қатардағы мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, экономика тиімділігіне тек қана маркетинітің көмегі арқылы, сұраныс пен ұсынысты реттеу арқылы жетуге болатыны дәлел. Сондықтан еліміздің нарықтық қатынас жағдайында маркетингтің нарық механизмін реттеуде атқаратын ролі көп.
Маркетинг басқа халық шаруашылығындай, агроөнеркәсіп салаларында да өндіріс аяқталатын жерде жүргізілмейді, керісінше, оның негізгі мақсаты - өндіріс көлемін анықтау, шаруашылықтың өндірістік және техникалық - технологиялық мүмкіншілігін тиімді пайдалану.
Ауыл шаруашылығы саласында маркетинг жөнінде дұрыс шешім қабылдау өндіріс жөніндегі және нарық туралы алынған хабарларға негізделеді. Соңынан қабылданған шешімнің дұрыстығы өндірілген тауарларды сату кезінде тексеріледі.
Сонымен маркетинг туралы анықтамаларды қорытындылай келіп, маркетинг - өндірісті тұтынушыларға бағыттау, олардың мұқтаждығын, қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Тұтынушыларға бағьпталу — нарық қажетілігін зерттеу арқылы тұтынушыларды қанағаттандыру үшін болжау жасау. Нарықтық халық шаруашылығында оның орны-сұраныс пен ұсыныс механизмдерінің дамуына, олардың тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, сұраныс дегеніміз тауарға немесе істелетін қызметке қажеттілік. Қысқаша айтқанда, сұраныс төлеуге қабілетгілігі бар қажеттілік. Ол өңдіріс пен тұтынушылар арасын байланыстыратын бөлім. Сұранысқа ықпал ететін факторлар:
- қоғамдағы саяси жағдайдың деңгейі экономикалық - техникалық, әлеуметтік және мәдениеттің дамуы;
- қоғамдағы өндірілетін өиімдер құрылымы;
- ұлттық табыстың мәлшері жәнс оның бөліну жагдайы;
- тауарды ұқсату механизмі;
- халықтың тұрмыс деңгейі;
- мемлекеттің белгілі-бір уақыт арасында жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясаты.
3.3 Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары.
Агроөнеркәсіп кешенінде реформаны жүргізудің негізгі мақсаты, отандық өндірістің тиімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту және өнімнің өзіндік құнын әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілікке дейін төмеңдету, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету болатын. Осы мақсатқа жету үшін 10 жыл көлемінде құрылымдар қайта құрылып, мемлекет меншігіндегі шаруашылықтар жекешелендіріліп, казіргі қүні шаруашылық субъектілерінің саны республика бойынша 100 мыңға жуық болып отыр.
Қазіргі уақытта ауылшаруашылық өнім өндірушілеріне мыңға жуық кәсіпорындар қызмет көрсетіп, техникалық сервис орталықтары құрылуда, Агроөнеркәсіп кешеніні басқаруды жетілдіру мақсатында облыста ауылшаруашылық қызметкерлерінің білімдерін қайта көтеру үшін, Германияның техникалық ынтымақтастық жөніндегі қоғамымен Израильдың фирмаларымен бірігіп, фермер мен шаруа қожалықтарының басшыларын, нарықтық қатынастағы бизнес, кәсіпкерліктің баскару әдісін жүргізу үшін білімін көтеру жұмыстары қолға алынуда.
Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында Европалық Одақ экспертінің қатысуымен "КазАгро" федерациясымен фермерлік несие қоры құрылған. Бұл аталған шаралар Қазақстанның аграрлы саласын ынталандыруға, кейбір әлеуметтік топтардың жағдайын көтеруге себін тигізуде.
Дегенмен, экономикалық басқа салаларына қарағанда аграрлық салада экономикалық белсенділік байқалмауда. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету деңгейі бойынша ауылдың қаладан кейін қалу каупі күшейе түсуде. Ауьшшаруашылық өнім өндірушілерінің табысының төмен болуына байланысты бұл саладағы әртүрлі төлемдердің көлемі азаюда.
Көп жылдық статистикалық мәліметттерге сүйенсек шаруашылықтардың жаңа техникамен жабдықталғандығына қарамастан, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің еңбек өнімділігі жоғарыламай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдердің жалпы түсімі, техникаға салынған инвестицияларды жаппайды, сондықтан фермерлер мен шаруашылықтардың жұмысында алға басушылық баяу болыл отыр. Мұндай жағдай бір қатар келесідей себептермен түсіндіріледі, еңбектің соңғы нәтижелерін өз еркінше пайдалану мүмкіңдігінің жоқтығыдан, тауар өңдірушілерге деген жеңілдіктердің жоқтығынан, техниканы пайдаланудың төмен деңгейімен қажетті технологиялық құралдардың жетіспеушілігінен, машина технологияларының ғылыми қамтылмаған.
Агротехникалық сервис, жөндеу жұмыстары барысында, тауар өндірушілерді құрал-жабдықтармен және материалмен кепілді түрде жарақтандырып отырады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін, пайдаланған машиналарды сататын және қымбат тұратын машиналарды уақытша пайдалануға беретін орталықтарды ұйымдастыру қажет.
Аталған мәселелерді шешуде, Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтің 8 ақпан 2000 Республикалық АӨК қызметкерлерінің алдына қойған 7 мәселені ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығының өсуіне арналған 2003-2005 жылы бағдарлама қабылданған. Бағдарламада ауыл шаруашылығы жеке салаларының дамуына экономикалық талдау жасай келіп, олардың тиімді шешілу жолынының бірі ретінде облыстық аудандарда машина-технологиялық станциялар құру (МТС), сөйтіп облыс көлемінде бұл станциялардың санын 116-ға жеткізу қарастырылған.
Өйткені ауыл шаруашылығындағы машина-трактор паркі қатты қысқарып, қолда бар техникалар ескіріп, тым тозып отыр. Бұл жөнінде 10 кестеден көруге болады.
"Агротехсервис" МТС-ы қызметінің тиімділігі
Көрсеткіштср |
Өлшем бірлігі |
|
І.Жұмыс көлемі (қызмет) |
мың теңге |
176755,62 |
2.Шығындар: |
мың теңге |
|
а) амортизация |
мын теңге |
3271 |
б) жанар-жағар май |
мың теңге |
120911,66 |
в) жалақы |
мың теңге |
16800 |
г) қосымша |
мың теңге |
14098 |
З.Пайда |
мың теңге |
21673 |
4. Рентабельділік |
% |
13,9 |
Амортизация шығындарын есептеу
Амортизация - жалпы құнының 10% есептелінеді. МТС-ке келесі негізгі құpaлдap жатады:
Аталуы |
Саны |
Баға бірлігі |
Жалпы құны |
Трактор |
556 |
50,000 |
27800000 |
Соқалар |
150 |
10,000 |
150000 |
Дән сепкіш |
86 |
15,000 |
1290000 |
Культиватор |
71 |
30,000 |
2130000 |
Барлығы: |
3370000 |
Жанар-жағар майды есептеу
Төлем соммасын есептеу үшін, ауылшаруашылық өндіріс кооперативнің мақта және астық дақылдарында дизель отынының шығын мөлшерін міндетті түрде анықтау.
Мақта дақылдарының жалпы дизель отынының шығын мөлшері мына келесідей орналысады.
Жырту 27,5 л/га Егу 13,5 л/га
Өңдеу 27 л/га (2 рет) 13.5 л/га
Жинау 45 л/га
1 гектар жерді жыртуға кеткен дизель отынының барлық шығыны -113 л. құрайды.
Астық дақылдарына Жырту 27,5 л/га Егу 13,5 л/га
Өңдеу 13,5 л/га
Жинау 45 л/га
1 гектар жерді жыртуға кеткен дизель отынының барлық шығындары -99,5 л. құрайды.
Жанар-жағар майдың жалпы шығыны ссептеледі 36824 х 99,5 =3663988 л. дизель отыны 3663988 х 33 =120911,6 мың теңге 33 теңге - 1 л. жанар-жағар майдың бағасы.
Есептеу. Еңбек ақы қоры. Негізгі: 12000 мың теңге. Қосымша: 4800 мың теңге. Барлығы 16800 мың теңге.
Қосымша шығындар барлық шығындардың 10% көлемінде алынған. Пайда жұмыс көлемі мен шығындардың арасындағы айырмашылық ретінде есептелінеді.
Пайда 21673
Рентабельділік =----------- х 100% = 13,9%
Шығын 155082
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қазіргі кездегі дамуы елдің экономикасын реттеу механизмдерін жетілдіруде талап етеді. "2030 стратегиясында" Мемлекет Президенті ең басты сфералардың ішінде ауыл шаруашылығын ерекше атап айтты.
Информация о работе Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары