Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 12:23, курсовая работа

Краткое описание

Ауылшаруашылық өндірісінің жөндеу - техникалық қызметтерге, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, инженерлік, зооветеринарлық, агрохимиялық және агролизингтік қызмет көрсету және т.б. қызметтерге деген тәуелділігі өсе түсуде. Сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерінің қажетті көлемін алуды қамтамасыз ететін салалары мен өндірістерді де, өнімдерді де тиімді пайдалануды және оларды тұтынушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырудың да бірдей дәрежеде дамуы маңызды. Осындай салалар мен қызметтердің жиынтығы экономикада инфрақұрылым деп аталады.
Инфрақұрылым өнеркәсіп пен ұйымдардың тиімді қызмет атқаруының қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнімін көп мөлшерде және жоғары сапамен алуға бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3

І. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІҢ ДАМЫТУДАҒЫ
шаруашылық инфрақұрылым САЛАСЫНЫҢ РОЛІ………....5
1.1. Шаруашылық инфрақұрылым — агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі орны..............................................................................................................................5
1.2. АӨК-нің өндірістік инфрақұрылымның салаларының дамуы......................10
1.3. Агролизингтік дамудың әлемдік тәжірибесі....................................................16
II. Ауыл шаруашылығындағы есептің ерешелігі............................................22
2.1. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есептің мақсаты және ерекшелігі...................................................................................................................22
2.2. Өсімдік шаруашылығыдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру....................23
2.3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі..........................25

III. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................28
3.1. Ауылшаруашылық өндірістік инфракұрылымды жетілдіруде
мемлекеттің ролі................................................................................................28
Шаруашылық инфрақұрылымды маркетингтің маңызы.............................29
3.3. Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары...............................................31

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................37

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Лаура12.DOC

— 261.50 Кб (Скачать документ)

Американдық лизингтік фирмалар ассоциациясының мәліметтері бойынша бұл елде лизингтік операциялардың динамикасы төмендегідей сипатталады:

 

Қызмет түрлері

1990

1996

2006

Лизинг   бойынша   көрсетілген қызмет, көлемі, млрд. долл.

78,7

112,7

131.6

Өнеркәсіптік құрал - жабдықтарға жекеменшік фирмалардың күрделі салымдары, млрд. долл.

289,7

 

 

346,8

 

 

396,5

 

 

Күрделі салымдардағы лизинг үлесі, %

27,2

32,5

33,3


 

Европада лизингтік  қызмет 60-жылдардың басында жүйелі түрде жүзеге асырылады. Лизинг әртүрлі болып келеді, сондықтан көптеген европалық елдердің заңдарында оны белгілеу үшін әртүрлі терминдер қолданылады.

Франция, Бельгия, Италия елдерінің заң актілерінде сәйкес мынадай терминология қолданылады: аренда, несие; аренданы қаржыландыру; қаржы арендасы бойынша операциялар. Европада лизингтік операциялар дың белсенді өсуіне көбінде азаматтық, эномикалық, саудалық қаржы және салық заңдары тұрғысынан олардың статусының белгісіздігі Кедергі болды.

Экономикалық    өсудің     ынталандыру    мақсатында    лизингті

дамытуда үлкен рольді мемлекеттік қаржы органдары, сонымен  қатар бірқатар халықаралық қаржы  ұйымдары, оның ішінде дамушы елдер  үшін   лизингті   дамытуда   арнайы   бағдарламасы   бар   Халықаралық  қаржы корпорациясы (ХКК) атқарады.

Францияда лизингтің  операциялардың белсенді дамуына 1966 жылы арнайы лизинг туралы заңның қабылдануы әсер етті. Оның негізгі мазмұны француз экономикасы үшін маңызды лизинг түрлерін бөлуге және сипаттауға келтірілген. Оларға мыналар жатады:

•  Несиелік аренда (қаржы лизингтің бір түрі);

•  Жай жеткізу (басқа сөзбен айтқанда,  оперативтік лизинг келісімі);

•  Сатып алу операциясын жеткізу;

•  Қозғалмайтын мүлік лизингі.

Француздық лизинг практикасы ерекшеліктерінің бірі іс - әрекеттері энергия сақтау технологияларына, жаңа энергия көздері облысындағы өңдеулерге, пайдалы қазбалар қорын қалпына келтіруге жататын лизинг берушілерді қолдау болып табылады.

Барлық жоғарыда аталған  лизингтік қызмет түрлерінің амортизациясы және салықты есептеумен байланысты жеңілдіктері бар.

Ұлыбританияда өткен  жүз жылдықтың 60-жылдарында лизингтік  операциялар көбінесе американдық  фирмалардың филиалдарымен жүргізіледі  және несиені алумен бәсекеге түсті.

Ұлыбританияда 60 - 70 жылдар барысында лизинг кәсіпкерлік іс -әрекеттің қарқынды түрі болды.

Ұлыбританияда лизингтік  операциялардың негізгі бөлігін  қаржы құрайды.

1996 жылы әлемде лизингтің көмегімен сомасы 380 млрд. АҚШ долларынан асатын жаңа құрал-жабдықтармен, машиналармен және механизмдермен келісімдер қаржыландырылды, ал бұл сома шамасы бойынша сол мерзімдегі тікелей шетел инвестицияларына тең келді.

Батыс Еуропа елдерінде  құрал-жабдық лизингі абсолюттік шамада жылына 120 млрд.долл. болады. Жапонияда жылдық лизингтік келісім шарттар 50 млрд. АҚШ доллардан аса болады.

Дамушы елдерде лизинг көлемінің тез өсуі, әсіресе Индияда, Индонезияда, Малайзияда, Оңтүстік Кореяда байқалады.

Халықаралық лизингтік операциялар даму алды. Олардың көлемі жылына 15 - 20 млрд. долл. болды, әлемдік машина және құрал-жабдық экспортының 3 пайызына сәйкес келеді. Шетелдік лизинг АҚШ-та. Жапонияда, Ұлыбританияда дамыды.

Жалпы, экспорттық лизингтік  операциялардың жалпы  инвестиция көлеміндегі үлесі 10-15 пайыз болды.

Әлемнің алдыңғы қатарлы  елдерінде (АҚШ, Жапония, Германия, Франция) лизингтік тауарлық құрылымда құны бойынша үлкен үлесті ЭЕМ және кеңсе кұрал-жабдықтары – 30 – 40% (пайыз), жалпы мақсаттары өнеркәсіптік құрал-жабдықтар 15 – 30% (пайыз) құрайды.

Дамушы елдерде лизингтің  тауарлық құрылымда үлкен орынды өнеркәсіптік құрал - жабдықтар және автокөлік құралдары алады.

Лизингтік фирмалардың  барлық санынан банктердің еншілес  компаниялары және басқа қаржы ұйымдары маңызды рол атқарады (АҚШ-тан басқа).

Қазіргі кезде лизингпен  айналысатын банктердің және басқа  мамандандырылған қаржы ұйымдардың ең көп несие ресурстары бар. Бұл компаниялардың ең ірі объектілерді (зауыттарды, самолеттерді, кемелерді) қаржыландыру мүмкіндіктері бар.

Лизингпен құрал-жабдық шығаратын өнеркәсіптік компаниялар белсенді айналысуда. Ол үшін тек лизингпен айналысатын мамандандырылган филиалдар құрады. Мұндай типті лизингтік компаниялардың ролі әр елде бірдей емес. Мысалы, АҚШ - та лизингтік қызмет нарығының дамуына мұндай компаниялар біршама әсер етеді (әсіресе, ЭЕМ лизингінде).

Келесі фирмалар тобы - қаржылық және мамандандырылған лизингтік фирмалар.

Қаржы фирмалары қаржы  лизингімен айналысады және өзінің іс-әрекетін машина құрылысы өнімінің белгілі-бір номенклатурасымен шектемейді. Бұдан басқа, бұл фирмалар несие беруі, бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуі лизинг тобына қатысуы мүмкін.

Мамандандырылған лизингтік компаниялар құрал-жабдықтар лизингісінің белгілі-бір түрімен айналысады немесе белгілі бір клиенттер тобына қызмет көрсетеді. Бұл фирмалар көбінесе оперативтік     лизингпен     айналысады.     Бұдан     басқа     лизингпен  сақтандыру компаниялары, иивестициялық банктер және кез - келген мемлекеттік ұйымдар айналысады.

Машина және құрал-жабдық лизингімен айналысатын ұйымдардың дәл санын қай елде болса да белгілеу қиын.

Халықаралық қаржы корпорациясының  мәліметтері бойынша жекелеген  елдерде 80 - жылдардың ортасында тіркелген лизингтік компаниялардың саны: АҚШ-та - 802; Германияда — 685, қозғалмайтын мүлікті қосқанда; Францияда - 43; Ұлыбританияда — 63; Италияда -300. қозғалмайтын мүлікті қосқанда; Жапонияда — 195, Индияда — 200 бодды.

Лизингтік қызметті тұтынушылар көбінде шағын және орта фирмалар болып табылады.

Лизингтің қалыптасуының  бірінші кезеңі үшін лизингтік  операцияларды елдің ішінде кеңейту тән.  Қазіргі кезде лизинг  шартымен барлық машина және құрал-жабдықтар түрі алынады. Құрал - жабдық құнының мөлшеріне қатысты шектеу жоқ.

                 

 

 

 

 

 

                    II. Ауыл шаруашылығындағы есептің ерешелігі.

        2.1. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есептің мақсаты және                                                                                                                                ерекшелігі.

   Ауыл шаруашылығындағы  ҚР-ның экономикаың негізгі саласы  болып саналады. Ауыл шаруашылыыың  бухгалтерлік есебін ұйымдастыру  үшін 

мынадай ерекшліктер  білу керек:   

  1. 1. Жер өзгермейтін және басты өндірісқұралы болып саналады. Жер- еңбек құралы ретінде пайдаланады. Сөйтіп ол өңеуді, суландыруды, тыңатқыштарын күтіп бптауды қажет етеі.
  2. 2. Мал және өсімдік шаруашылығындағы тірі оргаизімдер ретінде өндіріс процесінде пайдалаған экономилық және биологиялық факторары бір-біріне байланысты анықталуы қажет.  
    1. 1. Ауыл шаруашылық өндірісі кең көлемдегі алқапта аудандарда жүргізілген, мұнда негізінен үлкен көлемдегі арнайы техникалар пайдаланады.
    1. 2. Ауыл шаруашылық өндірісінде өндірс уақыты мен жұмыс кезінің арасындаелулі өзгеріс болады. Кейінгі салаларда ндіріс процесі календалық жылдан асып кетеді. Сол себепті бухгалтерлік есепте күнтізбелік жылға сәйкес келмейін өндіріс цикылының шығындары ағымдағы жылдың шығындары, лдағы уақытташығындары болып бөлінеді.
    2. 3. Ауыл шаруашылық әсіпорында өсірілетін шаруашылық малдары ретінде пайдаланатын өнім және жұмыс малдары ретінде пайдаланады.
    3. 4. Ауыл шаруашылық өнімнің биологиялық ерекшелігі – бір өнімнен не малдың түрлерінен бір уақытта бірнеше өнім алуға мүмкіндік бар. Осыған баланысты бухгалтерлік есепте шоттары шектеу мен өнімнің түрлеріне байланысты өзіндік құны есептеу қажеттілігі туындайды.
    4. 5. Негізгі жұмысты орындау барысында тұқымды себу, егінді жинау кезеңінде, әсіресе, ескеру қажет.
    5. 6. Бухгалтерлік есептің ерекшелітерінің бірі болып алынған өнімнің көлемін тіркеу, яғни өнімнің көлемін тіркеу болып табылады.

        Әрбір Ауыл шаруашылық  кәсіпорын өзінің есеп саясатында типтік шот жоспарына сәйкес шот жоспарын құрасырады. ХҚЕС бойынша №41 «Биологиялық активтер» атты стандарт негізінде жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте 2500 «Биологиялық активтер» шотында есепеледі.

Оған:  2510 «Өсімдітер»

            2520 «Жануарлар»

            2522 «Жұмыс малы»

            2523 «Өсірілетін жас мал»

            2525 «Борақыдағы ересе мал»

Сонымен қатар: 1318 – «Тұқымдар  және ем азығы»

                             1319 – «Тыңайтқыштар»

    Ауыл шаруашылығының  кәсіпорын салық кодексіне сәйкес  өзінің жұмысын және төлейтін  салықтардың тәртібі, мөлшрін  белгілейді.

     Ауыл шаруашылығының шығындар есебі 8110, 8310, 8410 шоттарда жүргізіледі. Сонымен қатар арайы қосымша шоттар ашылды.

1320 – Дайын өнім  есебі

2423 – Жас мал өсімдері

2521 – Негізгі табы

2.2. Өсімдік шаруашылығыдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.  Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының өнімдерін құрайтын бір сала өсімдік шаруашылығына мынадай топтарға өлінеді және осы топтары бойынша аналитикалық есебі жүргізіледі:

                    Астықтық: бидай, арпа, сұлы.

    1. Техникалық: соя, темекі, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс.
    2. Көкөнс: қияр, бұрыш, қызанақ.
    3. Бақалық: қауын, қарбыз, асқабақ.
    4. Азықтық: жүгері, біржылдық және көпжылдық шөптер.
    5. Жидетер: көпжылдық екпе ағаштары – алма, алмұрт, қарақат.

    Өсімдік шаруашылығының  дән өнімнің есебі алғашқы есепті алғашқы құжаттар бойынша жүргізеді. Өнім қабылдау туралы алашқы есепті қырманда жауапты тұлғалардың өлшп, құжат толтырып, бақылап, қабылдап алғаны арналғаны журналда тіркеледі. Өнімді түсірген кезде қырман  меңгеруші қойма есеп кітабында астықтың қозғалысы ен басқа өнімдердің қозғалысы бойынша ведомость толтырады. Егер де комбайыннан астық қабылданса, әрбір комбайыдарға талон берілді. Бір бункер астық деп бір талон болып саналады. Шаруашлықтың бухгалтерияда, қырманда әр күндік астық салыстырылып не талондарды тексеріп отырады. Қырманға түскен астық кептіруді және іріктіруді қжет етеді. Кепірілген және ірітелген әр партияны өлшеп отырады. Тазартылған бидай кәсіпорынның қоймасына өлшеніп тапсырылады. Қырманнан астық нан пісіруге, басқа да кәсіпорындарға сатқан кезде тауарлы – транспорттық накладной толтырады. Астық қабылдау және астық айналымы бойынша ведомость әр күн сайын бухгалтерияға есепті бақылау үшін қажет.

  Шот корреспонденциясы:

  1. Жыл аяғында өсімдік шаруашылығы бойынша барлық шығындар қорытады шотқа жинақталады:

Дт 8110/1       Кт 2510

  1. Өсімдік шаруашылығынан дайын өнім кіріске алынады:

Дт 1320/1       Кт 8110/1

  1. Өндірістегі жұмысшыларға еңбекақы есептелінеді (тракторшы, машинистерге)

Дт 2510/1        Кт 3350

  1. Өсімдік шаруашылығындағы агрономға еңбекақы есептелді:

Дт 2510/1        Кт 3350

  1. Сатылған бидай өзіндік құнымен есептен шығарылды:

Дт 7010           Кт 1320

  1. Сатып алушыларға шот көрсетілді:

Дт 1210           Кт 6010

 Қырман меңгерушісінің  тапсырған есебі бойынша бухгалтерияда  өндірістік есеп жасады. Өсімдік шаруашылығының өнімнің қозғалысы бойынша шот корреспонденциясы, ведомость толтырды. Бидай өнімін және басқа  өнімдерді алу бойынша акт толтырылады және № 10 журнал – ордер толтырып, барлық ақпаратты бас кітапқа кіргізеді.

       Бухгалтериядағы есептерін өнімдердің саны мен сомасы қоймаға өнімдердің саны мен сомасымен бірдей болу керек.

2.3. Мал шаруашылығындағы  бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. 

Мал шаруашылығының ерекшелігі – бір өнімнен бірнеше өнім алынады. Мал шаруашылығының негізгі өзіндік құнын есептейтін объектілері – ірі қара мал шаруашылығы, шошқа, қой шаруашылығы, жылқы және түйе шаруашылығы, ара шаруашылығы, құс шаруашылығы. Мал шаруашылығының өніміне жатады: сүт, ет, бал, төл, жұмыртқа, малдардың өсу салмағы және тағы басқа өнімдер. Мал шаруашылығының өнімі бөлінеді: негізгі және негізгі емес.

Синтетикалық есебі  № 10 журнал – ордерде жүргізіледі,

Шот корреспонденциясы:

  1. Басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан кіріске алынды:

А) жас малдар Дт 2523  Кт 3110

Б) ірі қара мал бастары Дт 2521  Кт 3110

  1. Мал шаруашылығынан кіріске мал төлі алынды:

Дт 1320/2   Кт 2520/2

  1. Мал төлі жас малдарды өсіруге жіберіледі, өз шаруашылығында

Дт 2523      Кт 1320/2

  1. Жас малдар негізгі табынға аударылды

Дт 2520/2  Кт 2523/2

  1. Басқа өнімдерді алу үшін ірі қара малдарды союға жіберілді:

Дт 8110      Кт 2521/2,2523/2

  1. Мал союдан басқа өнімдер кіріске алынды

Информация о работе Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары