Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 12:23, курсовая работа
Ауылшаруашылық өндірісінің жөндеу - техникалық қызметтерге, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, инженерлік, зооветеринарлық, агрохимиялық және агролизингтік қызмет көрсету және т.б. қызметтерге деген тәуелділігі өсе түсуде. Сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерінің қажетті көлемін алуды қамтамасыз ететін салалары мен өндірістерді де, өнімдерді де тиімді пайдалануды және оларды тұтынушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырудың да бірдей дәрежеде дамуы маңызды. Осындай салалар мен қызметтердің жиынтығы экономикада инфрақұрылым деп аталады.
Инфрақұрылым өнеркәсіп пен ұйымдардың тиімді қызмет атқаруының қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнімін көп мөлшерде және жоғары сапамен алуға бағытталған.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3
І. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІҢ ДАМЫТУДАҒЫ
шаруашылық инфрақұрылым САЛАСЫНЫҢ РОЛІ………....5
1.1. Шаруашылық инфрақұрылым — агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі орны..............................................................................................................................5
1.2. АӨК-нің өндірістік инфрақұрылымның салаларының дамуы......................10
1.3. Агролизингтік дамудың әлемдік тәжірибесі....................................................16
II. Ауыл шаруашылығындағы есептің ерешелігі............................................22
2.1. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есептің мақсаты және ерекшелігі...................................................................................................................22
2.2. Өсімдік шаруашылығыдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру....................23
2.3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі..........................25
III. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................28
3.1. Ауылшаруашылық өндірістік инфракұрылымды жетілдіруде
мемлекеттің ролі................................................................................................28
Шаруашылық инфрақұрылымды маркетингтің маңызы.............................29
3.3. Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары...............................................31
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................37
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстарына – ең алдымен ауыл шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейтін еңбек құралдары мен заттар құрайды. Оларға жер, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналары, двигательдер, күш қондырғылары, мал және мал өнімі, көп жылдық екпе ағаштар, ирригациялық құрғату жүйелері, жолдар, үйлер мен ғимараттар, тұқым, жем, тыңайтқыштар, жанар майы, құрал-сайман және басқалары жатады.
Жердің ең басты құрал-жабдығы екені ауыл шаруашылығының материалық-техникалық базасының қалыптасып, дамуының аса маңызды ерекшелігі болып табылады. Жерді ұтымды пайдалану, оның құнарлылығын арттыру ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасына қойылатын аса маңызды талаптар болып табылады.
Энергетикалық ресурстарын
пайдалануды жақсарту және ауыл шаруашылығында
энергияны көп қажет ететін өнімді
азайту жолдары. Бұл өндірісті интенсивтендіруі
егіншілік пен мал шаруашылығының ғылыми негізделген жүйелерін енгізу;
өндірісті кешеінді механикаландыру;
қолда бар қорларды экономикалық жағынан тиімді пайдалану;
қор айналымдылығын жеделдету;
озық тәжірибені пайдалану.
Техникалық қызметті жақсарту үшін трактор және ауыл шаруашылығы қосалқы бөлшектерімен кепілді жабдықтау кешенінде мамандандырылған техникалық қызмет көрсету жұмысын барлық жерде енгізу, ауылда өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің кооперативтік формаларын кеңінен енгізу ұсынылды.
Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру. Механикаландыру мен электрлендіру-механикалық және электр двигательдері бар машиналарды ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізіп, пайдалану және осы негізді қол еңбегін механикаландырылған еңбекке айналдыру.
Ауыл шаруашылығын техникалық жағынан қайта жарақтандыру нәтижесінде энергиямен қамтамасыз ету және объектінің энергияның жарақтануы күрт артты. Мұның өзі ауыл шаруашылығы еңбегінің өнімділігін арттыруға жәрдемдесті. Алайда ауыл шаруашылығының бірқатар салаларында энергиямен қамтамасыз етудің, электрмен жарықтандырудың және жұмыстарды механикаландырудың қол жеткізген деңгейі ауыл шаруашылығының өскелең талаптарына, даму үстіндегі осы заманғы ауыл шаруашылығының, әсіресе, мал шаруашылығының қажеттеріне сай келмейді.
Ауыл шаруашылығында үлгілік шеберханалар, автогараждар мен әртүрлі қоймалар жетіспейді. Осындай ішінара механикаландырудың бүкіл нәтижесі басқа қол жұмыстарында жоғалады.
Республикада өнімнің жекелеген түрлерін өндіретін бірыңғай технологиялық тізбек шын мәнінде жоқ. Жетекші және қосалқы жұмыстарды механикаландыру деңгейінде айтарлықтай алшақтық бар.
Мал шаруашылығы мен егіншілік салаларында толық механикаландырудың аяқталмауы машиналардың қажетті жүйесінің жоқтығына байланысты.
Ауыл шаруашылығын кешенді
түрде механикаландыруға арналғ
Қазіргі кезеңде техника әмбебап етілуде, мұның өзі машинаны әртүрлі жұмыстарда пайдалануды қамтамасыз етеді. Әмбебап үлгідегі трактор eric жұмыстарында, жүк тасымалдауда, мал шаруашылығында, жол және басқа жұмыстарда пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығында техниканы фирмалық жөндеуден және оған техникалық күтім жасаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру туралы ұсыныс әзірлеу керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісін автоматтандыру. Өндірісті автоматтандыру-электрмен механикаландырудың жоғары сатысы. Онда барлық өндірістік процестерді жұмысшылардың дене еңбегін толық жоюды қамтамасыз ететін машиналар, құралдар мен тетіктердің өзара байланысты жүйесінің орындалуы көзделген. Автоматтандыру кезінде машиналар да арнаулы құралдардың көмегімен басқарылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісін электрлендіру процесін механикаландыру саласын кеңейтеді, ауыл шаруашылығының экономикасы мен мәдениетін көтеруді қамтамасыз етеді. Техникалық прогресс өндірісті басқаруда механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын кең қолдануға жәрдемдеседі.
Ауыл шаруашылығына электротехникалық қызмет көрсетудің дамуы.
Агроөнеркәсіптік кешенінің жүйесінде барлық еңбек өнімділігін дамытуда, еңбекшілердің әлеуметтік мәдениетін көтеруде ауылды жерде электр қуатын кеңінен пайдаланудың маңызы өте зор.
Республика ауыл шаруашылығында электр күшін пайдалану мөлшері кейінгі 15-20 жылдың ішінде 6 еседен артық өсті. Ауыл шаруашылығында еңбек істейтін әрбір адамның жарақтанғаны өткен жылы 48 ат күшінен асты. Бұл барлық ТМД мемлекеттерімен салыстырғанды ең үлкен көрсеткіш болып есептелінеді.
Нарық экономикасындағы
қарым-қатынастардың дамуына
"Ауыл энергия" жүйесі нарықтық қарым-қатынастарды тауар өндірушілермен дамыта отырып, оларға тек электр жабдықтарын жөндеу немесе қондырумен көмектесіп қана қоймай, акционерлік қоғамдарға, ассоциациялық кооперативтерге сол сияқты жеке шаруа қожалықтарына электр энергиясын тиімді пайдалануға керекті электр техниктерді, электриктерді тағы басқа осы жүйеде қызмет атқаратын маман кадрларды дайындауда оларға электр жабдықтарына керекті бөлшектерімен көмек көрсетіп тұрады.
Болашақта "ауыл энергия" бөлімшелеріне шаруашылықты электрлендіру функциясы шоғырландырылатын болады.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда ауыл шаруашылығына электр техникалық қызмет көрсетудің тиімділігі негізінде төменгі үш көрсеткіштермен анықталынады. Олар: электр энергиясын пайдаланумен тауар өндірушілердің өндіретін көлемінің көбейіп, сапасының артуы электр энергиялық қолдануымен өндірілген өнімдерге шығатын шығындардың кемуі, олардан алатын пайдалардың молаюы, сол сияқты олардың тауар өндірушілердің еңбек өнімділігін арттыруға, халықтың әлеуметтік - мәдениет жағдайын жақсартуға көрсететін ықпалдары т.б.
Мал дәрігерлік қызмет көрсетуді жақсарту шаралары
Мал дәрігерлік қызметтің міндеті-мал шаруашылығын қамтуды жақсарту, малдың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алуға бағытталған жоспарлы мал дәрігерлік профилактикалық және шаруашылық шараларды кезінде жүзеге асыру, тез таралатын індет көтерілгенде оны жойып жіберудің шұғыл шараларын қолдану болып отыр.
Мал мен құстың неғұрлым кең таралып елеулі нұқсан келтіріп жүрген аурулары мыналар: құтыру, лептоспироз, топалаң аусыл, туберкулез, бруцеллез, шошқаның қызылшасы мен дизентериясы, бұзаутаз, ірі қараның тейлериозы, су ауруы және сәйгелі, қойдың эхинококкозы, айналмасы, ішқұрт аурулары, диспепциясы, бронх пневмониясы, сондай-ақ құстың пуллороз қызылшасы, жалған обасы, какцидиозы. Осы аурулардың және басқа аурулардың қоздырғыштары, олардың малға қалай жұғатыны, аурудың жалпы және көзге көрінерлік белгілері, соған қоса емдеу әдістері әбден зерттеліп, белгілі болды.
Мал дәрігерлерінің және мал шаруашылығының басқа мамандарының ең басты міндеті мал дәрігерлік заңды қатал сақтау, әрбір формада, отарда, табында және әрбір шаруашылықта мал дәрігерлік профилактикалық шаралар кешенін толық орындау, ал ауру шыға қалғанда оған шалдыққан малды кезінде бөлектеу, емдеу және аурудың басқа жерге ауысуын болдырмау шараларын іске асыру. Шаруашылықта профилактикалық шаралар жоспарын жасағанда сол шаруашылықтың санитарлық - мал дәрігерлік жағдайының ерекшеліктері ескеріледі, ал емдеу шаралары малдың кездесіп жүрген ауруларын жоюды, шаруашылықты мал ауруларынан толық арылтуды көздейді.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндейтін кәсіпорындарының жүйесі.
Қазіргі нарық экономикасындағы қарым - қатынастың дамуына байланысты ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеумен оларға қажетті қызмет көрсету кәсіпорындары Қазақстан мемлекеттік ауыл шаруашылығы машиналарының көпшілік түрлерін қамтитын агросервистік қызмет атқаратын "Қазақ өнеркәсіпмашиналары" концерннің жүйесіне кіреді. Бұл концерннің құрамы республика бойынша отыз шамалы оның ішінде Түрген, Атбасар, Тоболь, Өскемен тағы басқа сол сияқты зауыттармен, жүзден астам маманданған ірі – ірі шеберханалар ұдайы техникалық қызмет көрсететін облыстық бірлестіктерінің құрамына кіріп, саудалық немесе шаруашылық есептерінің негізінде шаруа қожалықтарына акционерлік қоғамдарға, ассоциация ұжымдарына сол сияқты бірлестіктерге қызмет атқарады.
Сонымен ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу және оларға күту жүйесінің қазіргі уақыттағы басты міндеттері — ауьгл шаруашылық техникаларын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізіп шаруашылықтағы машина - трактор паркін жұмыс істеу қабілетінде оларға техникалық қызмет көрсетуі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу машиналармен тракторлардың, сол сияқты басқа жабдықтардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты үш бағытпен жүргізіледі. Олар:
- Ерекше маманданған үлкен зауыттар мен шеберханалар. Бұларда негізінен машиналардың үлкен түтшшіктерінен, электрожабдықтар, маторлар, сол сияқты машиналар мен тракторлардың қозғаушы күштерінің басқа бөлшектерін жөндеп іске қосу жұмысы ұйымдастырылады.
- Маманданған зауыттар мен шеберханалар. Оларда шаруашылық ұжымдар мен ерте бастан жасалған келісім-шарттар бойынша, машиналардың, тракторлардың белгілі-бір түрі ғана жөндеуден өтеді. Мысалы, Түргендегі - зауыт тек қана автомашина ғана жөңдесе, екінші бір зауыт тек қана "Белорусь" тракторын жөндейді.
- Жер қабатын және жол құрылымы мен мелиоративтік жұмыстармен шұғылданатын машина мен тракторларды, олардың жабдықтарын жөндейтін маманданған шеберханалар мен үлкен жөңдеу орталықтары.
Жоғарыда көрсетілген техникаларды олардың тиісті жабдықтарын жөндейтін жүйелердің жұмыстарының барлығы тауар өндірушілердің құрал жабдықтарының тиімділігін арттырып, олардың алатын өнімдерінің мол және сапалы болуына бағытталған.
Ауылшаруашылық жұмыстар болмаған кезде техникаларды сақтау, машиналарды пайдалану ережесіне сәйкес жасалынады. Машиналарды сақтауды ұйымдастыру, оған бақылау жүргізуді аудандық аграрлық бірлестіктердің мамандарының көмегімен әрбір ұжымдар өздері басқарады.
І.3. Агролизингтің дамуының әлемдік тәжірибесі.
Лизинг — кәсіпкерлік, коммерциялық іс-әрекеттің, қызмет көрсету сферасындағы бизнестің жаңа формасы және әлемдік экономикада өте қарқынды дамуда. Көп жағдайда отандық әдебиетте Лизинг — деп машиналарды, жабдықтарды, транспорт құралдарын және өндірістік сипаттағы құрылыстарды арендалау немесе ұзақ мерзімге арендалауды түсінеді.
Лизинг мәселесімен айналысушы көптеген Ресей экономистері "Лизинг - аренда мен жабдықтарды арендалау төлем ақысын несиелеуді біріктіретін сала" деген пікірді ұстанады.
Е.Кабатова, Е.Чекморева, В.Перов сияқты лизинг ұғымын кең мағынада түсіндірушілер пікірінше лизинг келісім шарт қатынастарының күрделі кешенін қамтиды және екі немесе одан да көп келісім шарт негізінде жүзеге асады. Ең алдымен сатып алу — сату және мүлікті жалға алу келісім шарт негізінде іске асады.
Экономикалық қатынастар
жағынан алғанда лизингтер
Лизинг бүгінгі күні пайда болған жоқ. Венецияда XI ғасырдың өзінде лизингтік операцияларға ұқсас практикада әрекет етті: венециялық кәсіпкерлер сауда кемлерін иелеріне сол кездегі қымбат құрал-жабдықтарды арендаға берген. Қазіргі тарихта лизинг ұғымын алғаш пайдалану 1877 жылдан басталады.
Алғашқы лизингтік компания АҚШ-тың Сан-Франциско (Калифорния штаты) қаласында құралған.
Әлемдік экономикада лизингтің даму тарихы 2 кезеңге бөлуге болады:
I кезең - алғашқы индустриялды еддерде қалыптасу кезеңі (1952-1970жж.);
II кезең - "лизингтік бум", оның қарқынды өсу кезеңі (1971- 1990жж.).
Әлемдік лизингтік қызмет нарығының негізгі бөлігі (шамамен 90%) "АҚШ — Батые Европа — Жапония" үшбұрышында шоғырланған.
Ең дамыған лизингтік қызмет нарығы АҚШ-та қалыптасты.
50-жылдардың соңында
американдық лизингтік
Информация о работе Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары