Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 12:23, курсовая работа

Краткое описание

Ауылшаруашылық өндірісінің жөндеу - техникалық қызметтерге, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, инженерлік, зооветеринарлық, агрохимиялық және агролизингтік қызмет көрсету және т.б. қызметтерге деген тәуелділігі өсе түсуде. Сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерінің қажетті көлемін алуды қамтамасыз ететін салалары мен өндірістерді де, өнімдерді де тиімді пайдалануды және оларды тұтынушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырудың да бірдей дәрежеде дамуы маңызды. Осындай салалар мен қызметтердің жиынтығы экономикада инфрақұрылым деп аталады.
Инфрақұрылым өнеркәсіп пен ұйымдардың тиімді қызмет атқаруының қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнімін көп мөлшерде және жоғары сапамен алуға бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3

І. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІҢ ДАМЫТУДАҒЫ
шаруашылық инфрақұрылым САЛАСЫНЫҢ РОЛІ………....5
1.1. Шаруашылық инфрақұрылым — агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі орны..............................................................................................................................5
1.2. АӨК-нің өндірістік инфрақұрылымның салаларының дамуы......................10
1.3. Агролизингтік дамудың әлемдік тәжірибесі....................................................16
II. Ауыл шаруашылығындағы есептің ерешелігі............................................22
2.1. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есептің мақсаты және ерекшелігі...................................................................................................................22
2.2. Өсімдік шаруашылығыдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру....................23
2.3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі..........................25

III. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................28
3.1. Ауылшаруашылық өндірістік инфракұрылымды жетілдіруде
мемлекеттің ролі................................................................................................28
Шаруашылық инфрақұрылымды маркетингтің маңызы.............................29
3.3. Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары...............................................31

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................37

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Лаура12.DOC

— 261.50 Кб (Скачать документ)

                                                             Мазмұны

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3

 

І. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІҢ ДАМЫТУДАҒЫ

    шаруашылық  инфрақұрылым САЛАСЫНЫҢ РОЛІ………....5

1.1. Шаруашылық инфрақұрылым — агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі орны..............................................................................................................................5

1.2. АӨК-нің өндірістік инфрақұрылымның салаларының  дамуы......................10

1.3. Агролизингтік дамудың әлемдік тәжірибесі....................................................16

II. Ауыл шаруашылығындағы есептің ерешелігі............................................22

2.1. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік  есептің мақсаты және ерекшелігі...................................................................................................................22

2.2. Өсімдік шаруашылығыдағы бухгалтерлік  есепті ұйымдастыру....................23

2.3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік  есептің ерекшелігі..........................25

 

III. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................28

3.1.  Ауылшаруашылық өндірістік инфракұрылымды жетілдіруде

        мемлекеттің  ролі................................................................................................28

    1. Шаруашылық инфрақұрылымды маркетингтің маңызы.............................29

3.3.  Агротехникалық  сервисті жетілдіру жолдары...............................................31

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................35

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................37

 

 

 

                                                     

                                                        КІРІСПЕ

          Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әлемге белгілі "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегінде" "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп, атап көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасында  агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларың, оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті нарық жагдайында әрбір жекелеген аймақтардың өзгешеліктерін еске ала отырып ауыл шаруашылығының қызмет көрсету салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан биік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік.

2003 бастап үш жылды "Ауыл жылы" деп жариялаған Елбасы бұл бағытқа ерекше басымдық танытып отыр. Мемлекет 2004-2005 жылдары ауыл экономикасына 150 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарланады.

2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық саясатында елеулі жеңілдіктер туғызу қарастырылуда. Соның ішінде жеке табыс салығының ең жоғарғы пайызын 30-дан 20 дейін кеміту көзделуде.

Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық - техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.

Ауылшаруашылық өндірісінің  жөндеу - техникалық қызметтерге, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, инженерлік, зооветеринарлық, агрохимиялық және агролизингтік қызмет көрсету және т.б. қызметтерге деген тәуелділігі өсе түсуде. Сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерінің қажетті көлемін алуды қамтамасыз ететін салалары мен өндірістерді де, өнімдерді де тиімді пайдалануды және оларды тұтынушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырудың да бірдей дәрежеде дамуы маңызды. Осындай салалар мен қызметтердің жиынтығы экономикада инфрақұрылым деп аталады.

Инфрақұрылым өнеркәсіп пен ұйымдардың тиімді қызмет атқаруының қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнімін көп мөлшерде және жоғары сапамен алуға бағытталған.

Материалдық өндірістің инфрақұрылымының маңызды мәселелерінің  бірі ауылшаруашылық өнеркәсіптік өндіріске  қызмет көрсету функцияларын орындауда және барлық күш қуатты негізгі өндірістік қызметке жұмылдыру болып табылады. Инфрақұрылым өндіріс көлемін өсіруге және ауылшаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің сапасын жақсартуға қажетті жағдай жасау үшін қажет.

Бұл курстық жұмыста ауыл шаруашылығында қызмет көрсету салаларын мейлінше дамыту жолдары қарастырылған.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы қызмет көрсету саласының ролі қарастырылған.

Екінші бөлімінде ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есептің ерекшелігі.

Үшінші бөлімінде ауылшаруашылығына қызмет көрсету саласын жетілдіру жолдары қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

              

 

     I. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУДАҒЫ шаруашылық  инфрақұрылымның  РОЛІ

    1. Шаруашылық  инфрақұрылымның  - агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі орны

      Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық саласында материалдық өндіріс қарқындап өскен сайын шикізаттарға, энергияға, тасымалдау, материалдық-техникалық, техника жөндеу қызметтеріне, сондай-ақ ғылыми, ақпараттық, зат сақтайтын орындарға деген қажеттілік арта түседі.

Осындай қажеттілік негізгі  өндірістен қызмет көрсетуші сала дамымай  бірден-бір кәсіпорын, бірде-бір  халықшаруашылық саласы өркендей алмайды. Айта кететін бір жағдай халық  шаруашылығының әрбір саласының  дұрыс өркендеуі үшін қызмет көрсететін құрылымдардың қызмет көрсету сапасының деңгейі өте жоғары болуға тиісті, яғни қызмет көрсетуші өрістің жұмысы дұрыстап дамымаса, халықшаруашылығының ешбір саласы, ешбір кәсіпорны өркендей алмайды, басқа сөзбен айтқанда, негізгі өндіріс орындарының нәтижесі қызмет көрсетуші салалардың өркендей өсуімен тікелей байланысты. Осындай өзара тығыз  байланыстылық инфрақұрылымдардың бүкіл халық шаруашылығы салаларына объективтік қажеттілігін тудырады.

Инфрақұрылымдарды негізгі  салалармен салыстырғанда өздеріне тән ерекшеліктері бар. Олар өздігінен ешқандай өнім өндірмейді, бірақ осы инфрақұрылымдардың қатысуынсыз ешбір жаңа өнім өндірілмейді, сондай-ақ түпкі өнім пайда болмайды. Олар негізгі салаларға қызмет көрсетуі арқылы жұмыстың түпкі нәтижесінің тиімді болуына көп жағдайда себепкер болады.

Сөйтіп инфрақұрылымдардың аса ерекше функциясының бірі-негізгі өндіріс орындарын өздерінің шығарған өнімдерін одан әрі қарай ұқсату (тасу, сату т.б.) қызметтері өз қолдарына алып, негізгі салаларға өндіріс өнімін молайтуға, мамандығын тереңдетуге мүмкіндік береді.

Агроөнеркәсіп кешенінің  инфрақұрылымының құрамы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарынан тұрады.

Қазіргі нарықты экономика кезеңінде ауылшаруашылық өндірісін дамыту үшін негізгі салаларға қызмет көрсетуші өндірістік инфрақұрылымның орны ерекше.

Оларға төмендегі жүйелер  жатады:

- техника материалдарымен жабдықтау жүйелері;

- жөндеу жұмыстарымем  қамтамасыз ету;

- тоңазытқыш, элеватор, қойма және жәшіктер шаруашылығы;

- арнайы ауылшаруашылық саласына қызмет көрсетуші орындар   (агрохимиялық, ветеринарлық, мелиоративтік, өсімдікті корғау және т.б.):

- көлік және жол  торабына байланысты мәселелермен  қамтамасыз ету:

- ауылшаруашылық саласына тиісті құрылыс жүйесі, т.б.

Осы жоғарыда көрсетілген инфрақұрылым жүйелерінің көпшілігін атап айтқанда, транспорт және жол торабы, ауылшаруашылық құрылыс жүйелері, қойма, элеватор, ыдыс, тоңазытқыш шаруашылықтары тағы басқалар өнім өндіруге салааралық қызмет атқаратын болса, ал агрохимиялық, ветеринарлық, техника жөндеу және оны күту, өсімдікті қорғау қызмет орындары тек қана өнеркәсіп кешенінің ішінде ауылшаруашылық саласына ғана қызмет көрсетеді.

Инфрақұрылымға кіретін  салалар өндірістік процеске бірдей әсер етпейді және қоғамдық қайта өндірістің жүйесінде тиісті орын табады. Осыған    байланысты    инфрақұрылымның    салалары    оның    негізгі  қасиеттері бойынша классификациялаудың мағынасы маңызды. Ол салааралық байланыстарды зерттеуде және негізгі өндіріспен қызмет көрсетуші салалар арасында оптимальді пропорцияны орнатуға ықпал етеді.

Инфрақұрылымның элементтерінің көп жоспарлы сипатын ескере отырып, оны нақты бір қасиеті бойынша классификациялау агроөнеркәсіп          кешенінің инфрақұрылымының  барлық элементтерін келесідей төрт қасиеті бойынша классификациялауға болады (кесте №1):

 

 

 

 

Өндірістік процеске әсер ету дәрежесіне қарай;

- Территориялық;

- Салалық;

- Функционалды сипатына қарай.

1. Ауыл шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін сфера.

2. Дайын өнімді тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін    сфера.

Ауыл шаруашылығына  тікелей қызмет көрсететін сфераға - машина, құрал-жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет керсететін кәсіпорындармен салалар, сонымен бірге транспорттық ұйымдар, агрономдық, ветеринарлық, ақпараттық Қызметтер, материалдық-техникалық жабдықтау және  электрофикациялау жүйесі кіреді.

Дайын өнімді тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін сфера -өнімді дайындайтын, тасымалдайтын және сақтайтын ұйымдардан құралады.

Өндірістік инфрақұрылымның  құрамында өндіріс құралдарының жақсы жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін және ұзақ уақыт бойы олардың іскерлік қабілетін сақтауға ықпал жасайтын салалар кіреді. Өндірістік инфрақұрылымының тікелей ауылшаруашылығына қызмет көрсететін салалардың құрамына: өндіріс сипаттағы транспорт, жөндеу  шеберханалары, қоймалық және мұздатқыш, шаруашылық коммуникация жүйесі, техникалық қызмет көрсететін станциялар, ғылыми-өндірістік лабораториялар, есептегіш орталықтары кіреді. Сонымен қатар арнайы қызмет көрсету бөлімшелеріне, өсімдіктерді қорғау, агротехникалық, ветеринарлық, жасанды жолмен жөндеу техникалық және т.б. қызметтер кіреді. Оны мына келесі суреттен көруге болады (кесте №2).

        Өндірістік инфрақұрылымның құрылуына  көптеген факторлар әсер тигізеді. Солардың ішінде топырақ климаттық жағдайлары, жердің релефі, сумен қамтамасыз етілуі және жердің конфигурациясы, жолдың    жағдайы,    типі    немесе    түрі,    кәсіпорынның    орналасуы қолданылатын технологиялар, өндірістің мамандандырылуы мен концентрациялау деңгейі ерекше роль атқарады. Берілген факторларға көбінесе жалпы өндірістік инфрақұрылымның құрамы және шаруашылықтың ішіндегі бөлімшелердің көлемі мен кәсіпорынның функционалдық қызметінің ерекшелігіне байланысты.

 

 

       


         


 



                         



 

 

 

 

 

Ауыл  шаруашылығының  өндірістік  имфрақұрылым объектілерінің қамтылу деңгейі өте төмен  болып отыр. Нарық жағдайына өту  кезеңінде өндірістік инфрақұрылымның  бөлімшелерінің құрылу процесі баяулап қалды, ал кейбір түрлері тіптен тоқтап қалды.

Ірі қара мал ұстайтын қораларды енгізу 1991 жылдан 1996 жылға дейін 5 есе, жеміс-жидек сақтайтын қоймалар 8,4 есе, бидай сақтайтын қоймалар 2,4 есе, шөп сақтайтын қоймалар 13,1 есе қысқарды. Минералды тыңайтқыштарды сақтайтын қоймаларды іске қосу және шаруашылықтың ішндегі жолдардың құрылысы баяулауда.

Ауыл шаруашылығының техникалық қызмет көрсететін және механизацияланған бөлімшелермен қамтылуы 355% (пайызын) құрайды. Шаруашылықтың тракторлары үшін гараждармен қамтылуы ойдағыдай емес, шаруашылықтың тек 40% (пайызы) ғана тракторларды сақтау үшін орындар бар.

Өндірістік инфрақұрылымның  экономикалық тиімділігін сипаттайтын  негізгі көрсеткіш инфрақұрылымның  объектілерін, қызметтерін, белімшелерін құру үшін жұмсалатын шығындардың өздерін  ақтауы. Ол үшін мына формуламен есептеледі.

Өндірістік инфрақұрылым экономикалық жағынан өте тиімді. Оның тиімділігі шығындарды азайтуды және соңғы өнімнің сапасын жақсартуда өнім бірлігіне келетін ақшалай  материалды және еңбек шығындарын азайтуда байқалады.

1.2. Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік инфрақұрылымның

салаларының дамуы.

Аграрлық өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оған қызмет көрсететін салалардың даму дәрежесімен де айқындалады, сондай-ақ ауылдың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының даму дәрежесіне байланысты.

Негізгі өндіріске қызмет ететін инфрақұрылым салалары түпкі  дербес өндірмегенмен, елімізде азық-түлік  және әлеуметтік мәселелерді шешуде негізінен халық шаруашылығы қызметінің бағдарына айналатын түпкі нәтижелерді айқындайды, ал бүкіл басқару қызметі осы түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Жалпы өндірістік процестегі өзінше бір аралық буындар инфрақұрылымның элементтері болып табылады. Осы элементтерін жан-жақты қарастырайық.

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстары - ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді кең қолдануға негізделген қоғамдастырылған ірі машиналы өндіріс, бұған қоса электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру, химияландыру. Кең мағынада алғанда өндірістің заттық, субъективтік факторлары қамтылады.

Информация о работе Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары