Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2015 в 07:33, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп –экономикалық бөлім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды.Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады.Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып,оныңтабысы немесе шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайын ашып көрсетіледі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................ 3
1. ЕҢБЕКАҚЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ.
1.1. Еңбекақы және еңбекақы түрлері..................................................................... 5
1.2. Еңбекақы формалары және жүйелері.................................................................. 9
1.3. Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен
шегерілетін ұсталымдар түрлері....................................................................... 10

2. ЕҢБЕКАҚЫДАН ҰСТАЛЫНАТЫН ҰСТАЛЫМДАР ЖӘНЕ АУДАРМА
ЕСЕБІ.
2.1. Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі...................... 13

3. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТАЛДАУ..................................................................................... 30
3.1. Еңбек өнімділігін талдау.................................................................................... 32
3.2. Еңбекақы қорын талдау..................................................................................... 33

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДАЙЫН БАГДАТ. Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар..doc

— 310.00 Кб (Скачать документ)

 

 

10 - кесте нәтижесінен кәсіпорынның  ауыспалы еңбекақысы салыстырмалы  артық шығындалғанын көреміз. Ол кесімді - жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, олардың еңбекақысын төлеудің өсу қарқынынан жоғары болғаны арқылы анықталады. Өндіріс құрылысының өзгерісі арқасында еңбекақының артық шығындалғанын көреміз.

 

Кесте 10

Еңбекақының ауыспалы бөлік қорының өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеу.

Фактор

∆ЕАҚабс

∆ЕАҚтұр

Өнімді өндіру көлемі

Өнімді өндіру құрылымы

Өнім үлесінің еңбек сиымдылығы

Еңбекақының деңгейі

+341

+339

-1100

+1180

-

+339

-1100

+1180

Барлығы

+760

+419


 

Еңбекақы қорының тұрақты бөлімінің өзгеру себебін талдау керек. Оған кесімді – жұмысшылардың, қызметкерлердің, бала – бақшалардың, клубтардың және т.б. жұмысшыларының еңбекақысы кіреді. Бұл категория жұмысшыларының еңбекақысы олардың орташа тізімдік санына және орташа еңбекақыға тәуелді. Кесімді – жұмысшылардың орташа жылдық еңбекақысы бір жұмысшының жыл ішінде істеген күнінің санына, жұмыс ауысымының созылуына және орташа сағаттық табысына да тәуелді болады.

 

Сур. 3

Мерзімді- жұмысшылардың еңбекақы қорының детерменделген факторлық

жүйесі.


                 






 

 


   

 

Жоғарыдағы кестеге сәйкес мерзімді еңбекақы қоры бойынша абсолюттік ауытқуының детерменделген факторлық талдауы үшін келесі үлгілер қолданылуы мүмкін:        ЕАҚ= ЖС * ЖЕА,

ЕАҚ= ЖС * К * КЕА,

ЕАҚ = ЖС * К * С * СЕА.

 

Кесте 11

Еңбекақының мерзімді қорын талдау үшін керекті мәліметтер

Көрсеткіш

Жоспар

Нақты

Ауытқу

Кесімді – жұмысшының орташа тізімдік саны

Бір жұмысшымен істелген күндердің жыл ішіндегі орташа саны

Жұмыс ауысымының орташа созылуы, сағ.

Мерзімді еңбекақы қоры, мың тг.

Бір жұмысшының айлығы, мың тг.:

Орташа жылдық

Орташа күндік

Орташа сағаттық

32

 

 

220

7,95

2772

 

86625

393,75

49,53

33

 

 

210

7,8

2809

 

85121

405,34

51,97

+1

 

 

-10

-0,15

+37

 

-1504

+11,59

+2,44


Кестедегі мәліметтерді қолданып абсолюттік айырмашылық әдәсімен осы факторлардың әсерін есептейміз.

∆ЕАҚжс= (ЖСн – ЖСжосп) * ЖЕАжосп =

= (33-32) * 86625= +86,6 мың тг.,

∆ЕАҚжеа = ЖСн * (ЖЕАн – ЖЕАжосп) =

= 33 * (85121 – 86625) = - 49,6 мың тг.


                                                Барлығы      +37,0 мың тг.

    Соның ішінде:

∆ЕАҚк = ЖСн * (Кн – Кжосп) * Сжосп * СЕАжосп =

= 33 * (210 – 220) * 7,95 * 49,53= -130 мың тг.,

∆ЕАҚс = ЖСн * Кн * (Сн – Сжосп) * СЕАжосп =

= 33 * 210 * (7,8 – 7,95) * 49,53 = -51,5 мың  тг.,

∆ЕАҚсеа = ЖСн * Кн * Сн * (СЕАн – СЕА жосп) =

= 33 * 210 * 7,8 *(51,97 - 49,53) = +131,9 мың  тг.


                                        

                                                         Барлығы    – 49,60 мың тг.

Осыдан, мерзімді еңбекақының артық шығындалуы негізінен мерзімді-жұмысшылар санының өсуімен байланысты. Орташа жылдық еңбекақының, сәйкесінше еңбекақы қорының төмендеуі бір жұмысшымен жыл ішінде істелген жұмыс көлемінің төмендеуінен шығады. Орташа сағаттық еңбекақы өсімі инфляцияға байланысты тарифтік ставканың өсуі нәтижесінде пайда болды. Басқару қызметкерлердің еңбекақы қоры орташа жылдық табысымен  оның  санының есебімен өзгереді. Берілген кәсіпорынның басқару аппаратында бірнеше қысқартулар (сокращение) болды. Олардың саны 40 – 37 адамға дейін. Осы фактор есебінен еңбекақы қоры 285,6 млн теңгеге төмендеді:

∆ЕАҚжс = (ЖСн – ЖСжосп) * ЖЕАжосп =

= (37 – 40) * 95,2 = -285,6 мың тг.

Қызметтік айлықтың өсуінен қызметкерлердің еңбекақы қоры 17,6 мың теңгеге өсті:

∆ЕАҚжеа = ЖСн * (ЖЕАн – ЖЕАжосп) =

= 37 * (95,675 – 95,2) = +17,6 мың тг.


                            Барлығы          - 268,0 мың тг.

Еңбекақы қорын қолдануды талдау кезінде ерекше мән кәсіпорын жұмысшыларының орташа айлығын, оның өзгеруін, сонымен қатар оның деңгейін анықтайтын факторлар туралы мәліметтерді зерттеуге бөлінеді. Сондықтан, келесі талдау категориялар мен мамандықтар бойынша бір жұмысшының орташа еңбекақысының өзгеру себебін зерттеуге бағытталуы керек. Орташа жылдық еңбекақы  жұмыс ауысымының созылуына, орташа сағаттық айлыққа, біржұмысшымен жыл ішінде істелген күн санына тәуелді болатынын ескеру керек:

ЖЕА = К * С * СЕА.

Абсолюттік айырма әдісімен жасалған жұмысшылар категориялары бойынша орташа жылдық еңбекақы дәрежесінің өзгеруіне осы факторлар әсерінің есебі.

 

Кесте 12.

Еңбекақы дәрежесін талдау.

 

Жұмысшылар

Категориясы

Бір жұмысшымен істелген күнінің саны

Жұмыс ауысымының орташа созылуы, сағ.

Орташа сағаттық айлық, мың тг.

жосп.

нақты

Жосп

Нақты

Жосп.

Нақты

Кесімді жұмысшылар

Мерзімді жұмысшылар

220

220

210

210

7,95

7,95

7,8

7,8

58,6

49,53

64,10

51,97

және т.б.

           

 

Кесте  13.

Жұмысшылар

Категориясы

Орташа жылдық еңбекақы, мың тг.

Жұмысшының жоспарлы орташа жылдық айлықтан ауытқуы

Бар

лығы

Соның ішінде, өзгеруінен

Жоспар

Факт

Істелген жұмыстар санының

Ауысымның созылыуы

ның

Орт. сағаттық еңбекақының

Кесімді жұмысшылар

Мерзімді жұмысшылар

 

102500

 

86625

 

105000

 

85121

 

+2500

 

-1504

 

-4659

 

-3938

 

-1846

 

-1560

 

+9005

 

+3994

Және т.б.

           



 

Бұл кестеден орташа сағаттық еңбекақының өскенінен орташа жылдық еңбекақының өсімінің өскенін көреміз. Ал орташа сағаттық еңбекақының өсуі жұмысшылардың біліктілік деңгейі мен олардың жұмыс қарқындылығының өсуіне, өндіру мен бағалау нормасын қайта қарауға, тариф жүйесі мен жұмысшылар дәрежесінің ауысуына және әртүрлі сыйақылар мен, қосымша төлемдерге тәуелді болады. Талдау кезінде өнімнің еңбек сиымдылығын төмендету бойынша жоспарлы шаралардың орындалуын, өндіру мен бағалау нормасын уақытында қайта қарастыруын, тариф бойынша төлемдердің, жұмыс стажы, үстеме сағаттарға және кәсіпорын кінәсімен жұмыстың тұрып қалған сағаттары бойынша төлемдердің дұрыс есептеуін зерттеу керек. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі мен орташа еңбекақының өсу қарқындарының сәйкестігін бақылау керек. Жоғарыда айтылғандай, ұдайы өндірісті кеңейту, пайда мен тиімділікті алу үшін, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны оны төлеу қарқынынан озық болуы керек. Егер мұндай қағида сақталмаса, онда еңбек қоры артық шығындалады, өнімнің өзіндік құны өсіп, оған сәйкес пайда сомасы азаяды. Белгіленген уақыт бөлігі (жыл, ай, күн, сағат) ішінде жұмысшылардың орташа еңбекақысының өзгеруі оның индексімен(Іеа) сипатталады. Ол есептік кезеңдегі орташа еңбекақының (ОЕ1) базистік кезеңдегі орташа еңбекақыға (ОЕ0) қатнасымен анықталады.

Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің индексі (Іеө) былай анықталады:

Іое = ОЕн / ОЕжосп = 106,4 / 102,5 = 1,038 мың тг.

Іеө = ЕӨн / ЕӨжосп = 499 / 480 = 1,04 мың тг.

Талдау нәтижесінде бұл кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының өсу қарқынынан озық екенін көрсетеді. Озу коэффиценті (Коз) мынаған тең:

Коз = Іеө / Іое = 1,04 / 1,038 = 1,0019268227

Үнемдеу сомасын (-Ү), немесе артық шығын сомасын (+Ү) анықтау үшін келесі формуланы анықтауға болады:

Ү = ЕАҚф * ( Іое – Іеө / Іое) =

= 21465 * (1,038 – 1,04 / 1,038) = - 41,4 мың  тг.

      Біздің мысалымыз бойынша еңбек өнімділігінің өсуінің жоғары қарқынын еңбекақының өсу қарқынымен салыстырғанда еңбекақы қорын 41,4 мың теңгеге үнемдегенін көреміз.

     Инфляция жағдайында орташа еңбекақының өсу индексін талдағанда талданатын мерзімдегі тұтыну тауарлары мен қызметтер бағасының өсу индексін (Іб) ескеру керек:

Іеа = ОЕ1 / (ОЕ0 * Іб).

     Жұмысшылардың  есептік кезеңде орташа еңбекақысы  – 106,4 мың тг., алдыңғы жылы – 76 мың тг.,осыкезеңдегі инфляция индексі -  1,5 болып табылады:

Іеа = 106,4 / (76 * 1,5) = 0,933.

      Осыдан, талданатын мерзімде кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбекақысының өскенін емес, ал 6.7% төмендегенін көреміз.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Курстық жұмысымды жазу барысында мынадай сұрақтарды қарастырдым:

    • Еңбекақы   және  еңбекақы түрлері;
    • Еңбекақы формалары және жүйелері;
    • Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар меншегерілетін ұсталымдар түрлері;
    • Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі;
    • Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың синтетикалық есебі;
    • Еңбек өнімділігін талдау;
    • Еңбекақы қорын талдау.

 

Еңбекақы есебі жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі топқа бөлінеді. Негізгі еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданалады. Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақтына сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақтына төленеді. Кесімді еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Еңбекақы аудитінде еңбекақыны тексеру барысында аудитор ең алдымен алғашқы құжаттардың түпнұсқалығын, олардың дұрыс толтырылғанын,  еңбекақы  және оның басқа да түрлерін төлеу мен есептеу бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуін зерттеп алатынын, осы процедура өткізілгеннен кейін қолда бар лауазымды адамдардың қолдары, орындалған жұмыстардың есеп жүргізуіне, барлық реквизиттердің дұрыс толтырылуы, құжатта қаралмаған толықтырулар мен өзгертулер орнатылатынын көрдім. Кейін аудитор берілген шаруашылық жүргізуші субъектіде еңбекақының қандай түрлері (мерзімді, кесімді, аккордтық) мен жүйелері қолданылатындығын; есепке алынған күннен бастап жұмысқа қабылданған жұмысшылардың еңбекақысы туралы ішкі жағдайларының   бар – жоқтығын; қызметкерлермен есептесуді кім жүргізетінін (лауазымы, білімі, бухгалтерлік стажы, туыстық қатынастары); берілген учаскенің бухгалтері қандай нормативтік құжаттарды қолданатындығын, кімге бағынатынын және оның жұмыстарының сапасын кім тексеретіндігін анықтайды. Еңбек өнімділігін талдау барысында нақты орташа жылдық өнімділіктің көлемін жоспармен салыстырғанда 19 мың теңгеге өскендігін байқадым. Ол өнеркәсіпті- өндірістік қызметкерлердің жалпы санының ішінде жұмысшылар санының өсуіне байланысты 10 мың теңгеге, жұмысшылардың орташа сағаттық өнімділігінің өсуіне байланысты 40 мың теңгеге өскен. Ал уақытты жоспардан тыс үнемдеу кері әсерін тигізді, оның нәтижесінде 22,27 және 8,83 мың теңгеге төмендегенін көреміз.

Информация о работе Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар