Стандарттау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 15:22, лекция

Краткое описание

Қазіргі заманғы қоғамдық өндірісті дамыту, жалпыға бірдей үнемге қол жеткізу, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдердің сапасын жақсарту, онімдер сапасын басқару мен стандарттауды пайдаланбау мүмкін емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

4.doc

— 266.00 Кб (Скачать документ)

Заң шығарушы метрологияның метрологиялық ережесі мен нормалары соған сай халықаралық ұйымдардың ұсынымдарымен және құжаттарымен сәйкестендірілген. Бұл халықаралық экономикалық және сауда байланыстарының дамуына ықпал етеді және халықаралық метрологиялық ынтымақтастықтағы өзара түсіністікке қолжеткізуге көмектеседі.

3.2 Метрология негізі мен мазмұны

Өлшеу метрологияның негізгі объектісі ретінде физикалық шамалармен, сол сияқты өзге ғылымдарға (математика, психология, медицина, қоғамдық ғылымдар және т.б.) жататын шамалармен байланысты.

Сапалық қатынас түрғысынан көптеген физикалық объектілер үшін ортақ болып саналатын, осыған орай сандық мәнмен өзгешеленетін физикалық объекті (құбылыс, процесс) қасиетінің бірі физикалық шама болып аталады. Мәселен, "беріктік" қасиет сапалық тұрғыдан болат, ағаш, мата, шыны және көптеген басқа материалдарды сипаттайды, сол уақытта беріктік дәрежесі (сандық мәні) ретінде - олардың әрбірі үшін шама мүлде әртүрлі болады.

Өлшем бірлігін сақтайтын және онымен өлшенетін шаманы салыстыруға мүмкіндік беретін техникалық құралдардың көмегімен орындалатын операциялардың жиынтығы өлшеу деп аталады. Алынған өлшем мәні өлшеу нәтижесі болып саналады. Метрологияның негізгі міндеттерінің бірі - өлшеудің біртұтастығын қамтамасыз ету - негізгі деп санауға болатын келесі екі шарт сақталған кезде ғана шешілуі мүмкін:

  • бірыңғай заңдастырылған өлшеу нәтижелерін білдіру;
  • берілген ықтимал шектен шықпайтын, рұқсат етілетін соған дейін жол беруге болатын) қате жіберушілігін белгілеу.

Өлшенетін шаманың нақты мәнінен өлшеу нәтижесінің ауытқуы қате жіберушілік (погрешность) деп аталады. Өлшеудегі қате жіберушілік әдетте өлшеу құралдарындағы немесе нормативтік құжаттардағы техникалық құжаттамаларда келтіріледі.

Алайда, өлшеу бірлігі қате жіберушіліктің сәйкес келуімен ғана қамтамасыз етілмейді. Сонымен бірге қате жіберушілік алға қойылған өлшеу мақсаттарына сәйкес берілген ауытқу шегінен аспайтындығы туралы айтылатын өлшеу сенімділігін (дұрыстығын) де талап етеді.

Өлілеу дәлдігі қате жіберушіліктің нөлге жақындау дәрежесін, яғни өлшенетін шаманың нақты мәніне жақындау дәрежесін сипаттайды.

Өлшемдердің бірлігі - бұл ретте олардың нәтижелері заңдастырылған бірліктермен білдірілген, ал қате жіберушілік берілген ықтималдылықпен белгілі және белгіленген шектерден шықпайтын өлшеудің жай-күйі.

3.2.1 Өлшеу түрлері

Өлшеу ақпараттар алу тәсілі бойынша, өлшенетін шаманы өлшеу сипаты бойынша, өлшеу ақпараттарының саны бойынша, негізгі бірліктерге қатынасы бойынша ажыратылады.

Өлшеу ақпараттарын алу  тәсілі бойынша тікелей, жанама, жиынтық және бірлескен болып бөлінеді.

Тікелей өлшеу - бұл физикалық шаманы оның өлшемімен тікелей салыстыру. Мысалы, салмақты таразыда өлшеу, ұзындықты сызғыштың көмегімен өлшеу.

Жанама өлшеу - бұл ретте ізделіп отырған шама мәні тікелей өлшеуге жататын осы шама мен шамалар арасындағы белгілі тәуелділік (қатыстылық) негізінде табылатын өлшем.

Өлшеу әдістері – бұл физикалық құбылыстарды және өлшеу құралдарын пайдалану тәсілдерінің жиынтығы.

Өлшеу салалары- өзіндік белгісімен бөлініп тұратын, ғылым мен техниканың қандай да бір саласына тән, физикалық шамаларды өлшеудің жиынтығы.

Физикалық шамалар бірлігініңхалықаралық жүйесі.

Өлшемдер  және салмақтар жөніндегі   Бас конференция (ГКМВ)   1954   жылы   оларды   халықаралық   қатынастарда пайдалану    үшін,    физикалық    шамалардың    алты    негізгі бірліктерін анықтады, олар: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы және электр шамы (жарық күші мөлшері). Өлшемдер және салмақтар жөніндегі XI Бас конференция 1960 жылы 81, ал орыс тілінде СИ арқылы белгіленетін халықаралық бірлік  жүйесін  бекітті.   Бас  конференция  соңғы  жылдары бірқатар толықтырулар мен өзгерістерді қабылдады, соның нәтижесінде   негізгі    бірліктер   жетіге   жетті,    физикалық шамалардың қосымша және туынды бірліктері келесі негізгі бірліктерді анықтады:

  • ұзындық бірлігі ~ метр;
  • салмақ (масса) бірлігі - килограмм;
  • уақыт бірлігі — секунд;
  • электр тоқ күшінің бірлігі - ампер;
  • термодинамикалық температура бірлігі - Кельвин;
  • заттар санының бірлігі — моль;
  • жарық күшінің бірлігі — кандела.

Халықаралық жүйе СИ неғұрлым жетілдірілген және әмбебап болып саналады. Негізгі бірліктерден өзге, жүйеде жайпақ (тегіс) және дене бұрыштарының қосымша бірліктері -радиан және стерадиан, кеңістік пен уақыттың, механикалық шамалардың, жылу, жарық, акустикалық, электрлік, магниттік шамалардың, сондай~ақ иондалған сәулелердің туынды бірліктерінің үлкен саны бар.

Халықаралық бірліктер  жүйесін қабылдағаннан кейін, іс жүзінде бүкіл аса ірі халықаралық ұйымдар, оны метрология жөніндегі өз ұсынымдарына енгізе отырып, осы ұйымның барлық мүше-елдерін оны қабылдауға шақырды, КСРО СИ жүйесін ресми түрде 1963 жылы қабылдады.

3.3 Өлшеу құралдары

    Өлшеу құралдарының түрлері

Шама бірліктерін іс жүзінде өлшеу үшін, нормативтік қате жіберетін және өлшеу құралдары деп аталатын техникалық құралдар қолданылады. Өлшеу құралдарына мыналар жатады: өлшемдер, өлшеу түрленгіштері, өлшеу аспаптары, өлшеу қондырғылары мен жүйелері, өлшеуге қажет керек - жарақтар.

Берілген мөлшердің физикалық шамасын көрсетуге арналған өлшеу құралы өлшем деп аталады. Гір тастары (гирлер), ұзындық өлшемдерінің ұшы өлшеу құралдарының аталмыш түріне жатады.

Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер, сондай-ақ жиынтық және дүкен өлшемдері пайдаланылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердің (гірдің) ғана шамасын көрсетеді. Көп мәнді өлшемдер физикалық шаманың бірнеше мөлшерін (көлемін) көрсетеді, мысалы, милиметрлік сызғыш заттың сантиметрлерді және милиметрдегі ұзындығын көрсету мүмкіндігін береді.

Жиынтық және дүкен өлшемдері шамалардың жиынтық (суммарлы) немесе аралық мәндерін көрсету мүмкіндігін алу үшін бірмәнді немесе көп мәнді өлшемдердің үйлесімін білдіреді.

Өлшемдер жиыны, оларды қажетті үйлесімде (мысалы, жиынтық үйлесімде, зертханалық гір тастарының жиыны) қолдану мүмкіндігін беретін әртүрлі мөшердегі бірыңғай өлшемдер кешенін білдіреді.

Дүкен өлшемі - конструктивті  бір механикалық тұтастыққа біріккен. Стандартты үлгілер мен стандартты заттар бірмәнді өлшемдерге жатады.

Стандартты үлгі - бұл, белгілі бір сипаттаманың сандық мәнін белгілеу мақсатымен метрологиялық аттестациялауға жататын, қажетті деңгейде рәсімделген заттар (материалдар) сынамасы. Мысалы, әртүрлі минералдардағы осы параметрді анықтау үшін қаттылықтың нақты мәніне не минералдар жиыны осындай үлгідерге жатады.

Құрылыс өндірісін метрологиялық  қамтамасыз ету-бұл ұйымдар мен кәсіпорындардың, ғылыми зерттеу және жобалау институттарының, жұмыстарды жекелеген атқарушылардың құрылыс өнімдерін жобалау, жасау және пайдалану процесінде өлшеулердің сенімділігі мен дәлдігін арттыруға бағытталған белгілі бір функцияларды жүйелі орындауы, ережелер мен талаптарды сақтауы.

Квалиметрия. Сапа көрсеткіштері.

Квалиметрия - өлшеу сапасы мәселелерін зерттейтін метрология бөлімі.

Мұнда да физикалық шамаларды өлшеу саласындағы сол заңдар мен ережелер пайдаланылады, алайда, салыстыру кезінде ашық көрінетін кейбір ерекшеліктері де бар. Оларды өлшенетін шамаларды салыстырудан бастау арқылы қарастырып көреміз.

Біздің өмір сүретін  әлемнің алуандығы оның әртүрлі жақтарының қасиеттерімен анықталады. Бұл тірі және өлі материяның қасиеті, физикалық объектілер мен құбылыстардың қасиеті, әлемде болып жатқан әлеуметтік және тарихи процестердің қасиеті және көптеген өзге қасиеттер. Қасиеттердің белгілі бір тобы, сапа сияқты (еңбектің, өнеркәсіп өнімдерінің, өнер шығармаларының, қабылданатын шешімдердің ұйымдық қызметтің және т.б.) жинақталып, қорытылған түсінікке жатады

3.1Тексеруге арналған сұрақтар:

    1. Метрология дегеніміз не?
    2. Метрология қашан пайда болды?
    3. Метрологияның дамуына кімдер еңбек сіңірген?
    4. Метрологияның негізгі объектісі не?
    5. Өлшеу ақпараттарын алу тәсілі бойынша қандай болып бөлінеді?
    6. Тікелей өлшеу, жанама өлшеу, жиынтық өлшеу, бірге өлшеуге сипаттама беріңіз.
    7. Сипаты бойынша өлшеу процесіндегі өлшенетін шаманы өлшеу қандай болып бөлінеді?
    8. Өлшеу әдісі дегеніміз не?
    9. Өлшеу саласы дегеніміз не? Қандай өлшеу салаларын білесіз?
    10. Өлшеу құралдарының қандай түрлері бар?
    11. Эталон дегеніміз не?
    12. Эталондар қалай жіктеледі?
    13. Квалиметрия дегеніміз не?
    14. Өлшеу құралдарын калибрлеу дегеніміз не?

 

3.2Әдебиеттер:

    1. Есенбаева Г.А., какенов Қ.С. Стандарттау, метрология және сапаны басқару негіздері. Қарағанды, 2004ж.

 

 

4 тақырып.Сапа.

 

4.1Дәрістің мақсаты: Студенттерді сапа категориясы түсінігімен таныстыру.

 

4.2Қаралатын сұрақтар және қысқаша мазмұны:

 

  1. «Сапа» категориясы түсінігі.
  2. Сапаны бақару мәселесіне қатысты терминдер мен анықтамалар.
  3. ИСО 9000 топтары сапасын басқару жөніндегі халықаралық стандарттар.
  4. Сапа жүйесінің элементтері.

          Адамзат дамуының бүкіл кезеңі ішінде сапа туралы ойлар онымен қоса ілесіп келеді. Адамның сапаны сезінуі, оған, өзінің күнделікті жеке басы үшін, кесе, садақ және жебе т.б. заттарды жасап шығара бастаған кезінен пайда болды. Меншіктің пайда болуымен сапаны қабылдаушылық та өзгерді, ол мал табындарына ен салу, мүлікті таңбалаудан көрінді. Қолөнері кәсіпшілігінің, сауданың дамуымен клеймо (белгі) кең тарау алды, қол өнер кәсібімен айналысушы, тауар жеткізуші өзінің клеймасымен өз тауарларының сапасына кепілдік берді. Тауарға белгі соғудың бұл түрі бүгінгі күнге дейін сақталған. Сапаны бағалау көрсеткіштер жүйесінің дамуымен қоса жүрді, мұны біздің дәуірімізге дейінг 17-ші ғасырдың аяғы меп 18-ші ғасырдың басында, Вавилон патшасы Хамурапи қабылдаған, өте ертедегі сапа туралы заңдар тарихы растайды, онда былай деп жазылды:

Егер құрылысшы қандай да бір болсын адамға үй салса және оны берік етіп тұрғызбаса, нәтижесінде үй құлайды және оның иесінің өмірін қияды, ондай жағдайда сол үйді салған құрылысшы өлтірілуі тиіс.

"Егер құлаған үйден, сол үйді салғызушының баласы мерт болған болса, онда кұрылысшының бір баласы өлтірілуі тиіс. Егер бұл ретте үй иесінің құлы өлген болса, онда құрылысшы кұны сондай тұратын, орнына өз құлын береді.

Егер үй құлаған кезде үй иесінің мүлкі қираған болса, онда құрылысшы оны қалпына келтіреді (не қираса соның бәрін).

Егер құрылысшы қандай да бір болсын адам үшін үй салып, оның құрылысын берік етіп салмаса, нәтижесінде қабырғасы сөгіледі, мұндай жағдайда ол өз есебінен құрылысты жаңадан салуы тиіс".

Орта ғасырларда тауарларға белгі соғуға мемлекеттік бақылау енгізіледі (әсіресе металмен айналысатын қолөнершілерге).

ХШ ғасырда гильданың пайда болуы, тауарларға мемлекеттік бақылаудың күшеюі нәтижесінде, сарапшы кәсібі пайда болды.

Индустрияландырудың басталуымен, жаппай өңдірудің дамуымен, тауарларға белгі соғудың маңызы төмендейді және XVIII ғасырда заңмен қорғалған тауар белгісіне олардың трансформациялануы болады. Өнеркәсіп өндірісінің одан әрі дамуы ақпараттарды өңдеудің статистикалық әдістері негізінде сапаның сол заманғы қамтамасыз етілуімен оның одан әрі сапа белгісіне жаңартылуына ықпал етті.

Философиялық категория ретінде, объекті сапасы, негізінен, оның жекелеген қасиеттері ғана қамтымайды, оны толық қамти отырып, одан бөлінбейтін, тұтастай түрде объектімен байланысты болады. Сондықтанда сапа заттың, адамның, қоғамның болмысымен де байланысты.

Ауыз екі сөйлеу кезіндегі "сапа" сөзі жиі түрде қандай да бір затты сипаттау үшін пайдаланылады. Алайда, бұл категория одан мейлінше кең: біз тұтынатын өнімдер сапасынан бастап, біз өмір сүретін қоғам сапасына дейінгінің бәрін қамтиды.

Тарихи дамудың барлық кезеңі ішінде философтар әртүрлі кезеңдерде сапаға әртүрлі анықтама берді. Солардың ішінен мынадай анықтамаларды кездестіруге болады:

  • "Сапа — бұл мақсатқа жету үшін жарамдылық";
  • "Сапа - бұл пайдалану үшін жарамдылық";
  • "Сапа - бұл адам қажеттілігін қанағатандыруға тауардың қабілеттілігі";

Сапа - бұл өнімнің талаптарға сәйкестігі.

ИСО 8402 «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету Сөздік» стандартында қазіргі талапқа неғұрлым сәкес келетін анықтамалар қабылданған:

«Сапа» -белгіленген және болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандырудағы оның қабілетіне жататын объектілер сипаттамаларының жиынтығы.

«Объект» жеке сипатталған  және қаралған, соның өзі.

Процесс – кіретін элементтерді шығатын элемент етіп қайта жасайтын (түрлендіретін) қызметтің өзара байланысты ресурстарының жиынтығы.

Информация о работе Стандарттау негіздері