Стандарттау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 15:22, лекция

Краткое описание

Қазіргі заманғы қоғамдық өндірісті дамыту, жалпыға бірдей үнемге қол жеткізу, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдердің сапасын жақсарту, онімдер сапасын басқару мен стандарттауды пайдаланбау мүмкін емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

4.doc

— 266.00 Кб (Скачать документ)

1 тақырып. Стандарттау негіздері.

1.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге стандарттаудың мақсаттары, міндеттері мен маңызы туралы мағлұмат беру.

1.2Қаралатын сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Стандарттау саласындағы негізгі терминдер мен анықтамалар.
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі (ҚР МСЖ).
  3. Стандарттаудың заңнамалық және нормативтік базасы.
  4. Стандарттау талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау.

Қазіргі заманғы қоғамдық өндірісті дамыту, жалпыға бірдей үнемге қол жеткізу, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдердің сапасын жақсарту,   онімдер   сапасын   басқару   мен   стандарттауды пайдаланбау мүмкін емес.

Өнімдер мен қоғам  мүшелерінің қызмет аясы үшін бірыңғай нормалар, ережелер мен талаптарды белгілей отырып, стандарттау сол арқылы өндіріс талаптары мен оны пайдалану жағдайлары арасындағы байланысты анықтайды.

Стандарттау нәтижелерін экономикаға енгізу, барынша аз шығын жұмсай отырып, қоғамды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге, өндірістің мамандануын дамытуға, шикізат пен ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануға ықпал етеді.

Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым ұсынған (ИСО) анықтамаға сәйкес:

Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты іс жүзіндегі немесе әлеуметті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей және көп рет пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы регке (тәртіпке) келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізугс бағытталған қызмет.

Өнімдердің, процестер мен қызметтердің олардың функционалдық тағайындалуына сәйкестік дәрежесін арттыру, саудадағы кедергілерді жою және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа көмектесу - стандарттау жөніндегі қызметтің аса маңызды нәтижелері болып саналады.

Нақты өнімдер (шикізаттар, материалдар, отын, толықтыратын бөлшектер, дайын өнімдер); терминдер мен белгілер; физикалық шамалардың бірліктері; өлшеу және бақылау әдістері; құжаттамалар жүйесі; өндіріс технологиясы және ұйымдық - әдістемелік және жалпытехникалық сипаттағы өзге объектілер стандарттау объектілері болып саналады. Осыған орай стандарттау кез келген объектінің белгілі бір аспектілерімен шектелуі мүмкін. Мысалы, аяқ киімнің мөлшері, беріктігі жеке стандартталады.

Тұтыну тауарларын стандарттаудың халықтың тұтынымын қанағаттандырудағы маңызы зор. Ол тауарлардың тұтыну қасиеттері мен сапасының деңгейін, оларды сақтау және тасымалдау, стандарттау жағдайларын бағалау құрамын, көрсеткіштері мен әдістерін қалыпқа келтіре отырып, тұтынушыға дейін тауарларды жоғары сапада жеткізуді қамтамасыз етеді, өндірілетін өнімдердің өзін-өзі ақтамаған түрлерін  жоюға  және  өнімдердің  тиімді   номенклатурасын белгілеуге, тұтынушыға тауарлардың толық болушылығы мен өзара алмасымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Стандарттауды практикалық қызмет ретінде, ғылым ретінде және басқару жүйесінің элементі ретінде (1-сурет) қарастыруға болады.

Қызметке қатынасу формасы бойынша халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттауға ажыратылады.

Халықаралық стандарттау — оған қатысу бүкіл елдердің тиісті органдары үшін ашық болып саналатын стандарттау.

Аймақтық стандарттау - оған қатысу әлемнің тек бір ғана географиялық немесе экономикалық ауданындағы елдердің тиісті органдары үшін ашық болып саналатын стандарттау.

Ұлттық стандарттау - бір елдің деңгейінде жүргізілетін стандарттау. Ұлттық стандарттаудың негізгі мақсаттары болып мыналар саналады:

  • ғылыми-техникалық   прогресті   жеделдету,   қоғамдық 
    өндірістің тиімділігін арттыру;
  • өнімдердің сапасын жақсарту және тауарлардың бәсеке 
    қабілеттілігін арттыру;
  • өндірілетін    тауарлардың    тиімді    номенклатурасын 
    белгілеу;
  • барлық       қызмет       салаларында       халықаралық 
    ынтымақтастықты дамыту.

Стандарттаудың  негізгі припциптері болып мыналар саналады:

Жариялылық.

Жұмыс ашық жүргізілуі тиіс. Стандарттардың жобалары жарияланып, пікірлер талқыланып, пікірлер алшақтығы жойылуы тиіс.

Барлық мүдделілік танытқан шеңбердегілердің қатысуы

Мөлшерлеу жұмыстарына қатысуға әркімнің мүмкіндігі болуы тиіс. Өнеркәсіп, сауда, ғылым, мемлекеттік мекеме, тұтынушылар стандарттарды енгізуге көмектесуі тиіс. Осыған орай мемлекет маңызды әріптес болып саналады.

Қайшылықтардан біркелкілік және еркіндік.

Жобаларға талдау жасау жолымен анықтауға және қайшылықтарды жою шараларын қолдануға назар аударуы үшін бейтарап бақылаушы мекеме құрылуы қажет.

Келісу

Стандарттар дүниетаным болып саналмайды. Олар техникалық тәжірибенің даму деңгейін және шындықты айнадай, объективті көрсетуі тиіс. Стандарттың мазмұны заңды келісімге және ортақ көзқарасқа қол жеткізуге ұмтылу, өзара-түсіністік жолмен анықталуы қажет.

Техниканың даму деңгейіне бағыттаушылық.

Стандарттардың мазмұны жаратылыстану білім шеңбері мен техникалық жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс. Жаңа әзірлемелер мен тәжірибе стандарттарды қайта қарау жағдайында енгізілуі қажет.

 Экономикалық жағдайларға бағытталушылық.

Стандартты мөлшерлеу, қабылдау тар аядағы мақсат болып саналмайды. Әрбір стандарттың жобасы бүкіл қоғамға әкелетін тиімділік тұрғысынан зерттелуі тиіс. Мүлтіксіз түрде тек қажеттілері ғана мөлшерленуі тиіс.

Ортақ пайдаға бағытталушылық

Стандартты қабылдау мақсаты ортақ пайдаға қол жеткізу болып саналады. Барлығы үшін пайда, жекелеген кәсіпорындардың немесе тұлғалардың мүдделерінен жоғары тұруы тиіс.

Интернационалдық

Стандарттар "аралдық" шешімдерді сипаттамауы тиіс, қайта ол саудадағы техникалық кедергілерді алып тастауға бағытталуы қажет.

ҚР МСЖ мақсаттары мен міндеттері

Экономиканың қазіргі даму кезеңінде онда болып жатқан өзгерістермен   және   мемлекеттердің   сыртқы  экономикалық белсенділігінің артуымен байланысты ТМД елдерінде мемлекеттік стандарттау жүйесін құру мен дамытудың өзектілігі арта тусуде.

Осы саладағы ТМД елдері алдында тұрған аса маңызды болып мыналар саналады:

  • тұтынушылар   құқығын   қорғау,   стандарттау   және метрология бойынша заң актілерінің жүйесін жасау;
  • халықаралық және аймақтық стандарттау жуйелерімен үйлестікте жаңа Мемлекеттік стандарттау жүйесін құру, қолданысқа енгізу және одан әрі дамыту;
  • жалпы техникалық стандарттар жүйесі мен кешендерін, отандық заңдылықтар   мен   халықаралық   тәжірибе талаптарына сәйкес келтіру;
  • түпкі - құрастырылатын  (комплектующие)  өнімдердің шикізат   пен    материалдардың   жалпы    техникалық стандарттарына, сондай-ақ технологиялық процестердің, ақпараттық  технологиялар   мен қызметтердің,   онын ішінде отандық стандарттар қорларының халықаралық, ұлттық және аймақтық стандарттармен үйлесімділігін 
    қамтамасыз   ету,   сараптау   саласында   нормативтік құжаттар  құруды  қамтамасыз  ету  арқылы   кешенді ғылыми-техникалық сараптаулар жүргізу;
  • технологиялар  мен  технологиялық  процестердің  аса маңызды      түрлеріне      ғылыми-техникалық      және кұжаттамалар кешенін жасау;
  • мемлекеттік   бақылауды   жетілдіру   және   аумақтық органдардың қызметін дамыту;
  • халықаралық қамтамасыз ету жүйесі бойынша ғылыми -әдістемелік және ұйымдық құжаттар кешенін жасау және қолданысқа енгізу;
  • өнімдер сапасын басқару, стандарттау және метрология саласындағы кадрлар даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін жасау;
  • ақпараттық     ресурстарды      кешенді     пайдалануды қамтамасыз ететін стандарттау және сапаны басқару бойынша интеграцияланған автоматты акпараттық жүйе құру;
  • технологиялық   процестерге,   онын   ішінде   материал сыйымдылықты, энергия сыйымдылықты және еңбек сыйымдылықты төмендету, аз қалдықты технологияларды қолдануды қамтамасыз ету үшін талаптар белгілеу;
  • техникалық-зкономикалық ақпараттарды жіктеу және шартты белгілеу жүйесін жасау және енгізу;
  • мемлекетаралық және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және  ғылыми-техникалық бағдарламалар мен инфрақұрылымдар кешендерін (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, халықтың қауіпсіздігі және т.б.) нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • өнімдердің негізгі көрсеткіштері мен номеклатурасы туралы тұтынушыларды ақпараттармен қамтамасыз ету үшін өнімдерге каталог жасау және штрихтік шартты белгі беру жүйесін құру;
  • стандарттау құралдары арқылы Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуына көмектесу.

Стандарттауда заңнамалық және нормативті базасы

Қазақстанның мемлекеттік құрылысының өзгеруі мен нарықтық қатынастар негізінде Республикада болып жатқан экономикалық қайта жаңаруларға сәйкес халықаралық тәжірибені ескере отырып, өнімдердің қауіпсіздігі мен сапа саласында мемлекеттік саясат тұжырымдамасын әзірлеу кажеттігі пайда болды. Бұл бағыттағы жұмыстар толықтай түрде құқықтық негіздерде жүзеге асырылады және "Стандарттау туралы", "Сертификаттау туралы", «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" "Өлшемдердің бірлігі туралы" заңдармен және бірсыпыра өзге заң актілерімен реттеледі. Бұл құжаттар құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерді белгілейді Мемлекеттік стандарттау жүйесін одан әрі дамыту халықаралық жүйелерге сәйкес аккредитациялау, сертификаттауды стандарттық жүйелерін үйлестіру қажеттілігімен байланысты туындайды.

1999 жылғы 16 шілдеде "Стандарттау туралы" Заң қабылданды. Аталмыш Заң шаруашылық жүргізуші субъекті мен мемлекеттік басқару органы арасындағы стандарттау; өлшем бірлігі мен қауіпсіздігін, өнімдердің өзара алмасушылығы мен техникалық сыйысушылығын қамтамасыз ету, техникалық кедергілерді жою, сондай-ақ мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында, стандарттау бойынша нормативтік актілерді әзірлеу мен қолдану саласындағы қатынастарды реттейді.

Бірнеше рет пайдаланылатын және ұдайы өндірілетін өнімдер, қызметтер, жұмыстар стандарттау объектілері болып танылады. Стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар мен стандарттау саласында тиісті құзырлы өзге де мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың техникалық бөлімдерінің буыны мемлекеттік стандарттау жүйесіне кіреді.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар (мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіштері мен халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар) стандарттау, метрология және сертафикаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік стандарттау жүйесіндегі реестріне міндетті түрде тіркеу және бекіту керек. Аталған процедуралардан өттпеген құжаттар жарамсыз және қолдануға жатпайды.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар өнімдерді жасау, өндіріске қою, өткізу, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу, сондай-ақ процестер (жұмыстар) мен қызметтер көрсету кезінде қолдануы тиіс. Мемлекеттік қадағалау барлық атап көрсетілген сатыларда жүзеге асырылады. Республика аумағына әкелетін шетелдік фирмалар өнімдерінің міндеті мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігін бекіту, белгіленген заңдылықтар тәртібінде жүзеге асырылады.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын бұзу анықталған жағдайда:

  1. заң бұзушылықтарды жою туралы;
  2. келесі жағдайларда:
  • өнімдердің стандарттарға сәйкес келмеуі;
  • тіркелген құжаттамалардың жоқ болуы;
  • өнімдерге сәйкестік сертификатының болмауы; оған құқығы жоқ бола тұра, өнімдерге сәйкестік белгілерін соғу жағдайларында өткізуге тыйым салу туралы.

1.3Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Стандарттаудың пайда болуы мен дамуына үлес қосқан зерттеушілерді атаңыз.
  2. Стандарттаудың маңызы мен міндеттері қандай?
  3. Төмендегі негізгі терминдерге анықтама беріңіз: нормативтік құжат, стандарт, техникалық шарт, аймақтық стандарт, халықаралық стандарт, мемлекетаралық стандарт.
  4. ҚР МСЖ мақсаттары мен міндеттері қандай?
  5. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға не жатады?
  6. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың категориялары дегеніміз не?

1.4Әдебиеттер:

    1. Есенбаева Г.А., какенов Қ.С. Стандарттау, метрология және сапаны басқару негіздері. Қарағанды, 2004ж.

 

 

 

 

2 тақырып. Халықаралық стандарттау.

 

2.1Дәрістің мақсаты: Студенттерді халықаралық стандарттардың түрлерімен таныстыру.

2.2Қаралатын сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Мемлекетаралық стандарттау туралы түсінік.
  2. ИСО- стандарттау жөніндегі негізгі ұйымдардың бірі.
  3. МЭК – стандарттау жөніндегі дербес халықаралық ұйым.  

       Мемлекетаралық стандарттау туралы түсінік.

Мемлекетаралық стандарттау - бұл Мемлекетаралық мүддені білдіретін обьектілерді стандарттау.

Стандарттаудың халықаралық сипатын атап өте отырып, өнімдердің сыйысушылығын, өзара алмасушылығын, адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның қажеттігін тани отырып, 1992 жылғы наурызда ТМД елдерінің үкімет басшылары "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісімді саясат жургізу туралы" Келісімге қол қойды.

Келісімге қатысушылар алдында тұрған негізгі міндеттер:

  • мемлекетаралық   мүдделерді   білдіретін   стандарттау,метрология және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізудің ортақ (жалпы) ережесін қабылдау;
  • адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін олардың қауіпсіздігін, сыйысушылығы мен өзара алмасушылығын, сондай-ақ сынаудың, біртұтас әдістерін қамтамасыз ететін өнімдер мен қызметтерге бірыңғай міндетті талаптар белгілеу;
  • мемлекетаралық     мүдделерді      білдіретін     жалпы 
    техникалық талаптарды стандарттау;
  • техникалық-экономикалық   ақпараттар    мен   шартты белгілеу (код беру) жүйесінің сыныптауыштарын енгізу мен дамытуды ұйымдастыру;
  • келісімге қатысушы-мемлекеттердің қолдануына рұқсат ететін физикалық шамалар бірлігін белгілеу;
  • мемлекетаралық қызмет уақыты мен жиілігін, өлшеу құралдарының    ақпараттық    қорларын,    стандарттық үлгілері мен стандартты анықтамалық деректерін енгізу;

Информация о работе Стандарттау негіздері