Стандарттау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 15:22, лекция

Краткое описание

Қазіргі заманғы қоғамдық өндірісті дамыту, жалпыға бірдей үнемге қол жеткізу, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдердің сапасын жақсарту, онімдер сапасын басқару мен стандарттауды пайдаланбау мүмкін емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

4.doc

— 266.00 Кб (Скачать документ)
    • мемлекетаралық   стандарттар   қорын,   өзге   елдердің 
      халықаралық, аймақтық стандарттарын қалыптастыру, 
      сақтау  және  енгізу,   келісімге   қатысушыларды   осы 
      стандарттармен қамтамасыз ету;
    • мемлекетгік сынаулардың, метрологиялық аттестациялаудың,   өлшеу   құралдарын   тексеру   мен калибрлеудің, аккредитациядан      өткен      сынау лабораториялары     мен     сертификаттау     жөніндегі органдардың нәтижелерін өзара тану;
    • мемлекетаралық    мүддені білдіретін мемлекетаралық стандарттарды және нормативтік құжаттарды басып шығару және қайта басып шығару, көбейту және тарату;
    • кадрлар      даярлау      және      біліктілікті      арттыру бағдармаларын үйлестіру;
    • стандарттау,      метрология      және      сертификаттау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Қазіргі уақытта балтық жағалауы елдерінен өзге бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары Келісімге қатысушылар болып саналады. Құрамына стандарттау жөніндегі тиісті ұлттық органдардың жетекшілері кірген стандарттау, метрология, сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес құрылған болатын .

Мемлекетаралық кеңес жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Минскі қаласында ұйымдық міндеттерді орындайтын техникалық секретариат құрылды.

ТМД елдерінің стандарттау  жөніндегі ұлттық органдары

Мемлекеттердің аттары

Ұлттық стандарттау  органдарының аттары

1

2

Азербайжан  республикасы

Армения республикасы

Беларусь  республикасы

 Грузия республикасы

Қазақстан республикасы

 

Қырғызстан  республикасы

Молдова республикасы

Ресей федерациясы

Тәжік республикасы

Түркменстан республикасы

Өзбекстан республикасы

Украина

 

Азмемстандарт

Арммемстандарт

Белстандарт

Грузстандарт

Қазақстан Республикасының

мемстандарты

Қырғызстандарт

Мемдепартамент - Молдова.

Ресей мемстандарты

Тәжікмемстандарт

Түркменбасмем инспекциясы

Өзмемстандарт

   Украина мемстандарты

 


 

Мемлекетаралық  стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізудің негізгі принциптері: МЕМСТ 1.0-99 Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Ережесі. Жалпы ережеде баяндалған.

Оған мыналар жатады:

  • өзара жеткізілетін өнімдердің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол жеткізуге Келісімге қатысушы бүкіл мүдделі мемлекеттердің өзара ұмтылуы;
  • мемлекетаралық стандартты әзірлеудің дұрыс екендігі;
  • мемлекетаралық   стандарттардың   халықаралық және аймақтық стандарттармен үйлесімін қамтамасыз ету;
  • өзара    байланысты        объектілерді    стандарттаудың кешенділігі;
  • мемлекетаралық стандарттардың ғылым мен техниканың және озық тәжірибенің қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету.

Мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін бұрынғы КСРО техникалық комитетіне стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитет мәртебесі берілген. Шағын комитеттер, тұрақты және уақытша жұмыс топтары стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитеттің ұйымдық құрылымын құрайды. Қазіргі уақытта оған нақты өнім топтары немесе қызмет бағыттарын бекітіп беру арқылы стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитеттің номенклатурасын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекетаралық стандарт мемлекетаралық стандарттау саласындағы негізгі нормативтік құжат болып саналады.

Мемлекетаралық стандарт (МЕМСТ) - бұл стандарттау жөніндегі мемлекетаралық Кеңес қабылдаған стандарт.

Мемлекетаралық  стандарттардың (МЕМСТ) келесі түрлері ажыратылады:

  1. Негізгі стандарттар;
  2. Өнімдердің (қызметтердің) стандарттары;
  3. Процестердің (жұмыстардың) стандарттары;
  4. Бақылау әдістерінің (сынау, өлшеу, талдау) стандарттары.

Мемлекетаралық стандарттарды құруға қойылатын талаптарды әзірлеу тәртібі МЕМСТ 1.5-99 "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар жүргізу Ережесі. Стандарттарды құруға, баяндалуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптарда" баяндалған.

Мемлекетаралық стандарттарды тіркеудің әзірленген тәртібіне сәйкес, қабылдаған жылын өзгертумен, оның бұрынғы тіркеу номері сақталады. Егер стандарт бұрын қолданылған бірнеше МЕМСТ-тар негізінде әзірленген болса, онда оған осылардың бірінің номері беріледі.

Жаңадан әзірленген стандарттар, техникалық комитет беретін жаңа номермен тіркелуі тиіс. Тікелей қолдану жолымен, экономикалық өзара көмек кеңесі (СЭВ) стандарттарын қолдану туралы шешім қабылданған.

01.01.92-01.01.93 жылы қолдану мерзімі өткен барлық МЕМСТ-тарға оларды қайта қарағанға дейін олардың қолданыс мерзімін шектеу алынып тасталды.

Келісімге қатысушы мемлекеттерді мемлекетаралық стандарттармен қамтамасыз ету, оның алдағы уақыттағы таралымын көбейту үшін, 2 данадан мемлекеттерге беретін әрбір МЕМСТ техникалық секретариат арқылы жүзеге асырылады.

ИСО – стандартау жөніндегі негізгі ұйымдардың бірі.

Стандарттау жөніндегі аса ірі халықаралық  ұйым – ИСО 1947 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 90ел оның мүшелері болып саналады. ИСОның 2700 ден аса техникалық органдарында 100мыңнан артық жетекші мамандар жұмыс істейді.

Хаықаралық  тауар айырбасы мен өзара көмекті  жеңілдету үшін, сондай ақ интеллектуалдық, ғылыми, техникалық және экономикалық қызмет саласындағы ынтымақтастықты  кеңейту мақсатында әлемдік ауқымда  стандарттауды дамытуға көмектесу ИСО мақсаты болып саналады.

ИСО басшы  және техникалық жұмыс органдарынан тұрады.


 

1- сурет. ИСО құрылымы.

МЭК — стандарттау жөніндегі дербес халықаралық ұйым.

МЭК ИСО-мен жасалған келісім бойынша электротехника, электроника және байланыс саласында жұмыс жасайтын дербес халықаралық ұйым болып саналады.

Көптеген ортақ нәрселерге ие және алдына халықаралық стандарттар әзірлеудің бір ғана мақсатын қоятын екі дербес ұйымның өмір сүруі таза тарихи себептер ретінде түсіндіріледі (МЭК ИСОдан 40 жыл бұрын құрылған болатын).

Техникалық комитеттер және жұмыс топтары - барлығы 600-ге жуық техникалық органдар МЭК-тің негізгі құрылымдық бөлімшелері болып саналады.

Комиссия мүшелерінен тұратын Кеңес МЭК-тің жоғарғы басшы органы болып саналады. Кеңес өзінің жыл сайынғы барлық отырыстарында, МЭК қызметінің мәселелерін: жетекші тұлғаларды сайлауды, қаржы, жаңа мүшелер қабылдауды және т.б. қарайды.

МЭК мүшелерінің саны-43. Бұл дамушы елдердің басым көпшілігінде электротехника, электроника және байланыстың өте жеткіліксіз дамуымен түсіндіріледі. Нәтижесінде, олардың комиссия қызметіне деген қызығушылықтары мүлде шектеледі.

Елдердің бұкіл ұлттық комитеттерін білдіретін Кеңес МЭК-тің жоғарғы басшы органы болып саналады. Кеңес өзінің отырысына, кезек бойынша, жыл сайын әр елде жиналады және техникалық, сол сияқты әкімшілік және қаржылық сипаттағы МЭК қызметінің барлық мәселелерін қарайды.

МЭК-тің техникалық комиссиясы мерзімді түрде Кеңес сайлайтын іс-қимыл Комитетінің, көмегімен жұмысын жүргізеді. Іс-қимыл комитеті техникалық комитеттердің жұмысын үйлестіреді, олардың қызмет саласын бекітеді, ТК төрағаларын тағайындайды және т.б. Іс-қимыл комитетіне Кеңеске жетекшілік жасаған сияқты, үш жылда бір рет сайланатын МЭК Президенті жетекшілік етеді.

Іс-қимыл комитеті жанынан екі бөлімше құрылған: электроника және байланыс саласындағы Кеңесші  комитет (АСЕТ) және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіру комитеті (АКОС). Бұл комитеттер МЭК ТК және ПК төрағалары және хатшыларынан тұрады.

 

Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Мемлекетаралық стандарттау дегеніміз не?
  2. «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісімді саясат жүргізу туралы» Келісімнің негізгі міндеттері қандай?
  3. МЕМСТ қандай түрлері бар?
  4. Халықаралық электротехникалық комисия қай жылы құрылды?
  5. Стандарттау жөніндегі ірі ұйым - ИСО қай жылы құрылды?
  6. ИСО ның құрылымына сипаттама беріңіз.
  7. ИСО қандай мәселелермен айналысады?
  8. МЭК дегеніміз қандай ұйым?
  9. МЭК тің құрылымына сипаттама беріңіз.

 

Әдебиеттер:

  1.  Есенбаева Г.А., какенов Қ.С. Стандарттау, метрология және сапаны басқару негіздері. Қарағанды, 2004ж.

 

 

 

 

3 тақырып. Метрология негіздері.

 

3.1Дәрістің мақсаты: Студенттерді метрология негіздерімен таныстыру. 3.2Қаралатын сұрақтар және қысқаша мазмұны::

  1. Метрология негізі мен мазмұны.
  2. Өлшеу түрлері. Өлшеу құралдары. Квалиметрия.
  3. Өндірісті даярлауды метрологиялық қамтамасыз ету.
  4. Өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру.

Өзін қоршаған ортадағы адамның өмірі онда өтетін процестер және құбылыстардың өлшемдерімен тұрақты түрде байланыста болады. Өлшеу әлемді (дүниені) тану тәсілдерінің бірі болып қызмет етеді және сондықтан да ерекше түрде маңызды рөл атқарады. Өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы, медицинадағы, саудадағы кез келген қызмет саласының өлшем ақпараттарын алуы және пайдалануы еңбек процесінің ажырағысыз бөлігі болып саналады.

Өлшеу ақпаратының құндылығы өлшем бірлігі мен дәлдігіне қатысты болады. Өлшеу нәтижелері заңдастырылған бірліктермен берілгенде, ал қателіктер берілген ықтималдылық бойынша белгілі болған кездегі оның жағдайы өлшем бірлігі ретінде түсіндіріледі.

Өлшем бірлігі олардың нәтижелерін өлшеу қайда, қашан, кімнің орындағанына қатыссыз түрде, қандай әдістер және техникалық құралдардың көмегімен орындалғанын салыстыруға мүмкіндік береді. Өлшеу дәлдігі - бұл нәтижелерден өлшенетін шаманың шынайы(нақты) мәніне жақындық дәрежесі. Нәтиже мен өлшенетін шама арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болса, оның дәлдігі соғұрлым жоғары болады.

Физикалық шамаларды өлшеу метрология ғылымының пәні болып саналады. Метрология - өлшемдер, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология өзіне оның үш құрамды бөлігін: заң шығарушы, іргелі(ғылыми) және тәжірибелік (қолданбалы) метрологияны енгізеді.

Метрология ғылым және тәжірибелік (практикалық) қызмет саласы ретінде орта ғасырларда пайда болды. Алайда оның бастаулары, адамдар өлшеу қажетгілігін бастан өткерген өте ерте замандарға кетеді. Алғашқы бетте олар қарапайым санау түрінде ғана болды. Арақашықтық қадамдармен, садақтан атқан жебенің түскен жерімен, жолда кететін күндермен өлшенді. Уақыт тәуліктермен, ай кезеңдерімен, жыл мезгілдерімен есептелді (саналды). Заттар саны даналармен, дюжиндермен    (12    шөлмек),    будалармен    (пачкалармен), теңдермен (тюктермен) өлшенді.

Өндірістің және тауар айырбасының пайда болуымен өлшемдерге - өлшеу бірліктеріне деген қажеттілік туындады. Астық дәндері (гран), " бұршақ дәні (карат), саусақтардың ұзындықтары (дюйм), аяқ табаны (фут) алғашқы бетте осындай өлшемдер болды.

Уақыт өте келе өлшем бірліктері дәлірек және саналуан бола түсті, олардың арасында белгілі бір арасалмақ белгіленді. Бірте - бірте әртүрлі халықтар мен мемлекеттердің өз ұлттық бірлік жүйелері қалыптасты. Ежелгі русь тәжірибесінде ежелгі египет өлшем бірліктері (олар өз кезегінде Ежелгі Греция мен Римнен алған болатын) негізгі өлшем жүйесі болып қызмет етті. Әрбір өлшем жүйесі сол дәуірмен, ұлттық менталитетпен байланысты ол ерекшеліктерімен өзгешеленді. Русьте қарыс, сүйем мен шынтақ негізгі бірліктер болды, оның үстінде қарыс, сүйем, негізгі ежелгі русьтің ұзындық өлшемі болып қызмет етті және адамның үлкен (бас бармағы) және сұқ саусағы аралығын (қарысты) білдірді. Одан, бертініректе, өзге бірлік - аршын пайда болған кезде сүйем (1/4 аршын) бірте-бірте тұтынудан шығып қалды. Шынтақ өлшемі Вавилоннан келді және шынтақтың бүгілген жерінен ортаңғы саусақтың ұшына дейінгі аралықты білдірді. "Табиғат өлшемдерінің" шығу тарихы да ерте замандарға кетеді.

Уақыт өлшемдері солардың, алғашқыларының бірі болды. Астрономиялық бақылаулар негізінде ертедегі вавилондықтар жыл, ай, сағатты белгіледі. Жердің өз осінің төңірегінде орташа айналыс жасау мерзімінің (кезеңінің) 1/86400 бөлігі секунд атауына ие болды. Сол кездерде метрологиялық қызметттің әлі жоқ болғандығына қарамастан, үлгі өлшемдердің қолданылғандығы және олардың шіркеулер мен монастырларда сақталғандығы, сондай-ақ өлшеу құралдарының жыл сайынғы тексерістері туралы мәліметтер сақталған. Мәселен, ұлы князь Святослав Ярославовичтің (1070-ші жылдар) "алтын белбеуі" ұзындық өлшемінің үлгісі болып қызмет етті, ал новгород князі Всеволодтың (1136 ж) жарғысында "сауда таразылары мен өлшеуіштер былғамай, таза өлшейді".. деп жазылды. Ал оны бұзушыға өлімге кесуге дейін жаза қолданылуы мүмкін болды. Заң шығарушы метрология өлшемдерінің бірлігі мен өлшеу құралдарының біртүрлілігін қамтамасыз етуге бағытталған, өзара байланысты және өзара келісілген жалпы ережелер, талаптар мен нормалар кешенін енгізетін метрологияның бөлімі. Заң шығарушы метрология, тәжірибеге Мемлекеттік метрологиялық қызмет пен мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметі және заңды тұлғалар арқылы енгізілетін заңдармен және заң шығарушы ережелермен метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы болып қызмет етеді. Құралдардың үлгілерін сынау және бекіту, оларды тексеру мен калибрлеу, өлшеу құралдарын сертификаттау мемлекеттік метрологиялық бақылау мен өлшеу құралдарын қадағалау заң шығару метрологиясы саласына жатады.

Информация о работе Стандарттау негіздері