Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 19:58, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік қызмет – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Кәсіпкерлік қызметке құқықтың ұғымы мен мазмұны 1.1Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және мазмұны 6
1.2.Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны 13
1.3.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі мазмұны 21
ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқтық сипаттамасы 2.1.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті 30
2.2.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті жағының сипаттамасы 35
2.3.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың жіктелген белгілері 43
2.4.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – заңсыз кәсіпкерлікті алдын алудың негізгі құралы 49
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттертізімі 62

Прикрепленные файлы: 1 файл

дип касип кызмет.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Кәсіпкерлік қызметтің бір түрң бола тұрып, банк қызметі банктердің кәсіптік және жүйелі негізде жүзеге асырылатын және пайда (табыс) табуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі болып табылады. Банк қызметі өзіне тән өзгешелігі мынада: банктер қызметін жүзеге асыру барысында әртүрлі банк операцияларын және басқа да заңдық маңызы бар әрекеттерді (банктік мәмілелер), сондай-ақ негізгі банк қызметін жүзеге асырудың қолайлы және қауіпсіз шарттарын қамтамсыз етуге байланысты бірқатар әрекеттердіорындайды. Соңғы жағдайда банк қызметіне жататын ақпараттандыру, күзет, қауіпсіздік жүйесі және кредит ұйымының әртүрлі бөлімшелері қызметінің соған құсас басқа қосымша түрлері туралы сөз болып отыр. Демек, банк қызметін негізгі екі түрге бөлуге болады:  1) негізгі (яғни банктің банк операцияларын жүзеге асыру және банктік мәмілелер жасау жөніндегі қызметі); 2) қосымша (яғни банктің банк қызметтерінің тиімділігін және қауіпсіздігін көтеруге ықпал ететін көмекші қызметі).

Банк қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін банкте және банк қызметі туралы заң, 1995 ж. наурыздың 30-ында шыққан «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» ҚР Заңы, сондай-ақ өкілетті орган – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің (ҚҚА) нормативтік қаулылары (мысалы, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007 ж. сәуідің  30-дағы № 121-ші «Банк ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер жүзеге асыратын банк операцияларына және басқадай операцияларға, бағалы қағаздар нарығындағы қызметке лицензия беру ережелерін бекіту туралы» қаулысы) және ҚР Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілері (мысалы, ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2005 ж. қазанның 29-дағы «ҚР-да жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы» № 134-қаулысы; 2003 ж. шілденің 2-дегі «Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметке лицензия беру Ережелерін екіту туралы» № 257-қаулысы және басқалары) анықтайды.

Банк қызметі – оның субъектілері, бір жағынан, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге сыратын ұйымдар, ал екінші жағынан, банк клиенттері (жеке және заңды тұлғалар) болып табылатындығымен сипатталады.

Банк – бұл қызметін жүзеге асыруға өкілеттігі бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктер негізгі үш міндетті орындайды: 1) кредиттік (ақылық, мерзімдік және өтемдік шарттармен  ақша қаражаттарын беру); 2) есептік (клиенттердің ағымдық шоттарын жүргізу, чектерді төлеу және қаражаттарды клиенттердің шоттарына есепке алу); 3) депозиттік (адамдардың белгілі емес топтарынан депозиттер тарту және алынған қаражатты пайда алу мақсатында басқа клиенттер арасында орналастыру).

Банктің ресми мәртебесін мойындаудың міндетті шарттары:

  1. Банк ретінде әділет органдарына мемлекеттік тіркелу;
  2. Банк операцияларын өткізуге уәкілетті орган берген лицензиясының болуы («Банктер және банк қызметі туралы» Заңның 1-ші бабы, 2-тармағы) саналады.

Банктің ресм мәртебесін алмаған барлық қалған тұлғалар «банк» деп атала алмайды немесе банк қызметімен айналысушы тұлға деп сипаттай алмайды, сонымен бірге негізгі және қосымша қызмет ретінде банк операцияларын орындауға құқылы емес.  Жоғарыда айтылғандай, заң шығарушы тек «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйым» деген түсінікті пайдалануға рұқсат етеді, бірақ заңдық шектеуге қарамастан, олар да банк қызметіне қатысушылар деп танылады, себебі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттері бар (мысалы, айырбастау пункті, ломбардтар және т.б.). Мұндай өкілеттер оларға уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық банктің лицензиясымен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға ҚР заң акісіне сай берілген («Банктер және банк қызметі туралы» Заңның 5-ші бабы). Лицезиясыз жүзеге асырылған банк операциялары заңсыз деп танылады. Бұл қызмет өкілетті емес деп танылады және оған тыйым салынады.

Қазақстанның банк жүйесі екі деңгейлі болып табылады: бірінші деңгейде Ұлттық банк, ал екінші деңгейде ерекше құқықтық мәртебеге ие Қазақстанның Даму банкінен басқа банктер орналасқан.

Сондай-ақ айрықша құқықтық мәртебе халықаралық шарт негізінде құрылған және жұмыс істейтін Мемлекетаралық банте бар, ал оның құрылтайщылары осы шартқа қол қойған ҚР Үкіметі және мемлекетің үкіметі болып табылады.

Ұлттық банк өз құзіреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеу және қадағалау әрекеттерін жүзеге асырады. Атап айтқанда, «Ұлттық банк туралы» Заңның 8-бабында ҚР Ұлттық банкінің банктер ашуға, олардың ерікті түрде қайта құрылуына, таратылуына рұқсат беруі, ҚР аумағында, ал банк-резденттер үшін республика аумағынан тыс жерлерде банктердің филиалдары мен өкілдіктерін ашуға (оларды қосуға), жеке және заңды тұлғалардың банк және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуына, банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына, банктерге бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензия беруге рұқсат ететіні, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беретіні қарастырылған.

Екінші деңгейдегі банктер арасынан заң шығарушы «шетелдіктер қатысатын банкі» ерекше бөліп көрсетеді, өйткені оның акцияларының 1/3 бөлігі: ҚР резиденттері еместердің, заңды тұлғалар – ҚР резиденттерінің иелігінде, меншігінде және (немесе) басқаруында, ал акциялардың 50%-дан астамы ҚР резиденттері еместердің немесе соларға парапар заңды тұлғалар – ҚР резиденттерінің; ҚР резиденті еместердің қаражаттарын иеленуші (сенімді адамдары) болып табылатын ҚР резидентерінің немесе жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың иелігінде, меншігінде және  (немесе) басқаруында жатыр («Банктер және банк қызметі туралы» Заңның 3-баба, 5-тармағы).

Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».  

 

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.  
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.  
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.  
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.  
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.  

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін: 
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді; 
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі; 
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің  
жауапкершілігі жүктеледі; 
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен); 
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;

- өндіріс және тұтыну кооперативтері;

- консорциумдар;

- акционерлік қоғамдар. 

 

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.  
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттертізімі

 

1.     Қазақстан  Республикасының Конституциясы. 10.02.2008 ж.

2.     Қазақстан    Республикасының    қылмыстық    іс     жургізу    кодексі. 21.01.2008 жыл.

3.     Қазақстан  Республикасының «Жедел іздестіру  қызметі туралы» Заңы. 25.12.1995 жыл 15.09.1995 ?

4.     Постоновление  Пленума Верховного суда РК  от 03 февраля 2007 года №  2   о  мерах  по  устранению  фактов  необосновоного  осуждения граждан и практике возмещения ушерба, причиненного незаконным о привлечением к уголовной ответсвенности и осуждением.

5.     Постоновление  Пленума Верховного суда РК  от 14 мая 1998 года № 1 о   некоторых   вопросах   применения   законодательства   о   судебной власти в РК.

6.     Бейсенов  А.М. Пределы уголовного преследование. А., 2007 г.

7.     Белкин Р.С. Собирание, исследование и оценка  доказательств. М., 2007 г.

8.     Божьев В.П. Обеспечено ли обвиняемому право  выбора защитника./ Государство и  право, № 2, 2008 г.

9.     А.П. Рыжаков. Уголовный процесс. М., 1998 г.

10.   Баймуханова К. Право  на адвокатскую деятельность (Юридическая  газета от 19 августа 2007 года № 33 (248).

11.   Право адвокатов  расширились. Опубликовано в Юридической  газете №41 (308) 13.10.2007.

12.   Б.Қ. Төлеубекова. ҚР  қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы, 2004 ж.

13.   Сулейменова    Г.    Идеи    не    всегда    совпадают    с    реальностью (Юридическая  газета от 21.10.2007 г. № 33 (248).

14.   Уголовный процесс/ Под ред. К.Ф.Гуценко. М.,1999 г.

15.   Уголовный процесс. М., 2000 г.

16.   Галкин Б.А. Советский  уголовно-процессуальный закон. М.,1985 г.

17.   Рахунов Р.Д. Участники  уголовно-процессуальной деятельности. М., 1998 г.

18.   Капсалямов  К.Л.   Уголовное  преследование  и   способы  собирания доказательств. Астана, 2003 г.

19.   Корнеева     Л.М.     Обеспечение     законности     и     обоснованности привлечения в  качестве обвиняемого. М., 2006 г.

20.   Корнеева Л.М. Превлечение  к уголовной ответсвенности. М., 2005 г.

21.   Коврига   З.Ф.   Свобода   личности   и   ответсвенность   в   уголовном судопроизводсте. М., 1997 г.

22.   Корнеев     А.А.     Уголовное     процессуальное     право     Российской Федерации. М., 2004 г.

23.   Липец А.Я. Законость  и обоснованность предъявления  обвинения. А., 2006 г.

24.   Лукашевич В.З. Установление  уголовной ответственности в  советском уголовном процессе. М., 1989 г.

25.   Мариупольский Л.А. Привлечение в качестве обвиняемого.М.,2007 г.

26.   Б.Қ. Төлейбекова, К.Ж. Капсалямов, Б.К. Шынарбаев, Д.Қ.Бекішев. Қазақстан Республикасының Қылмыстық  іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлім. Сотқа дейінгі сатылар. А., 2005 ж.

27.   Уголовный процесс. Под ред. Тарасов Р. М, 2004 г.

28.   Уголовный процесс. Под ред. Власова Л.А. М., 1998 г.

29.   Уголовное  процессуальное  право Республики Казахстан.  Учебник. Коллектив авторов. А., 2003 г.

30.   Практика ставит  вопросы (Ваше право от 6 ноября 2007 года, № 44.

31.   Фоменко О. Проблемы  отдельного производства. Юридическая газета от 6.01.2008 г. № 1

32.   Нуртаев А.Р. УПК  РК. Нуждается в дороботке. Юридическая  газета от 8 сентября 2007 года.

33.   Касимов Т. Обязоннасти  суда, обвинения и зашиты. Юридическая  газета от 17 октября 2006 года.

34.   Петрухин   И.   Л.   Свобода   личности   и   уголовно-процессуальное пренуждение. Общая концепция. Неприкосновенность личности. М., 1995 г.

35.   Право человека-привыше  всего. Т.Дельмухамбетов // «Юридическая  газета» от 17.03.2008. № 11 (278).

36.   Журсимбаев     С.     Подследсвенным     -     надежную     зашиту     их конституционных прав. Юридическая газета от 27 января 2005 года.

37.   Рыжаков А.П. Краткий  курс уголовного процесса. М., 1997 г.

38.   Савицкий В.М. Очерк  теории прокурорского надзора  в уголовном суду производстве М., 2007 г.

39.   Советский уголовный  процесс/ Под ред. С.В. Бородина М., 1982 г.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы