Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 19:58, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік қызмет – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Кәсіпкерлік қызметке құқықтың ұғымы мен мазмұны 1.1Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және мазмұны 6
1.2.Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны 13
1.3.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі мазмұны 21
ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқтық сипаттамасы 2.1.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті 30
2.2.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті жағының сипаттамасы 35
2.3.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың жіктелген белгілері 43
2.4.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – заңсыз кәсіпкерлікті алдын алудың негізгі құралы 49
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттертізімі 62

Прикрепленные файлы: 1 файл

дип касип кызмет.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

       Экономикалық  қызмет саласындағы қылмыстар  материалдық және басқа да  құндылықтарды, халыққа көрсетілетін  қызметті бөлуге, айырбастауға және  тұтынуға ба йланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.

Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.

Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚҚ-тің 199-бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202,205-баптар), жалған ақша (206-бап), төлем карточкаларымен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).

Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің объективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚҚ-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).

Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол – заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда материалдық құрам болады. Мысалы, ҚҚ-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222 -баптарында көзделген қылмыстар.

ҚҚ-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚҚ-тің 197, 205, 218-баптары.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субъективтік жағынан, өздерінің әдейі қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субъективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚҚ-тің 192, 193, 198, 204-баптары).

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субъектісі тек лауазымды адамдар (ҚҚ-тің 189, 225-баптары), банк қызметкерлері ғана (189, 225-баптар) болады.

Тікелей субъектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:

1) кәсіпкерлік саладағы  және экономикалық қызметтің  басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚҚ-тің 189 бабы), заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық

белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып лау (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК-тің 226 бабы);

 

2) ақша-несие саласындағы  қылмыстар: несиені заңсыз алу  және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194 бабы), несиелік берешекті өтеуден  әдейі жалтару (195-бап), бағалы қағаздарды  шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар  тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207 бабы);

3) қаржылық қызмет саласындағы  қылмыстар: акциздік алғы маркаларын  қолдан жасау және пайдалану (ҚК-тің 208 бабы), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты  шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222 бабы);

4) сауда және халыққа  кызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-саттықтар мен  аукциондарды еткізудің белгіленген  тәртібін әдейі бұзу (ҚК-тін 197 бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз  сыйақы алу (ҚК-тін 224 бабы);

5) экономикалық қызмет  саласындағы баска да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз  кіру. ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды  жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227 бабы).

Несиені  заңсыз  алу  және мақсатсыз  пайдалану

Бұл қылмыстың  негізгі  тікелей  объектісі – банктердің  және  басқа  несиелік  мекемелердің  несиелік  қызметі  саласындағы  қоғамдық  қатынастар.

Қылмыстың  қосымша  объектісі – несие берушілердің  мүліктік  мүдделері.

Қылмыстың заты – несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары.

Несие дегеніміз – ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз, оны қарыз алушы несие берушіге қайтаруға тиіс.

Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы кепе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі — несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәлімет беру.

Қылмыстың құрамы — материалдық. Несиені заңсыз алу бұл іс-әрекет ірі зиян келтірген кезде аяқталады, зиянның мөлшері ҚК-тің 189 бабына берілген ескертуде белгіленген.

Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі, бұл жағдайда айыпкер несие берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды, келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.

Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның бастығы несие, демеу-қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу жалған беріп, не несиелерді, демеуқаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға, не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе басқа несие берушіге хабарламай несие, демеуқаржы нежеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі және соны қалайды.

 

2.4.Сыбайлас жемқорлықпен  күрес – заңсыз кәсіпкерлікті 
алдын алудың негізгі құралы

Сыбайлас жемқорлыққа күрес заңсыз кәсіпкерліктің алдын алу бір құралы деуге болады. Заңсыз кәсіпкерлің өз негізі жемқорлыққа апаратын жол деп айтуға болады. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.

Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.

Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесідей ұғым берілген: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы,жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта ныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл проблемамен жан-жақты айналысып жүрген беделді халықаралық ұйым – Транспаренси Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008 жылы 170-тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 2009 жылы 120 орынға, ал былтырғы жылы 105 орынға дейін көтерілді. Бұл индекс кәсіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәліметтерін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында өз ұсыныстарымды назарларыңызға салсам.

Елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру үшін бізде сыбайлас жемқорлықтың ауқымы жайлы толық мәлімет болуы керек. Ол үшін бірінші кезекте бұл қылмыстардың қатары нақты анықталуы тиіс. Бұл мәселеде ұлттық заңнамада бір олқылықтар бар сияқты. Мысалы, Қазақстан Республикасы ратификациялаған 2003 жылғы 31 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 21-бабына сәйкес, әрбір оған қатысушы мемлекет экономикалық, қаржы немесе коммерциялық қызметтің барысында жасалатын мынадай әрекеттерді қылмыс деп тануы қажет:

1) жеке сектор ұйымында оның  жұмысына басшылық ететін немесе кез келген салада осындай ұйымда жұмыс істейтін кез-келген адамға өзі немесе делдалдар арқылы қандай да бір заңсыз басымдылыққа уәде беру, оны ұсыну немесе беру;

2) жеке сектор ұйымында басшылық  ететін немесе кез-келген салада  осындай ұйымда жұмыс істейтін адам, өзі немесе басқа адам үшін, өзінің міндеттерін бұза отырып, қандайда бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауы мақсатында тікелей өзі немесе делдалдар арқылы қандайда бір заңсыз басымдылықты қорқытып алу немесе қабылдау.

Қысқаша айтқанда, бұл нормаларда жеке сектор ұйымдарында пара беру және пара алу қылмыстары көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы алып қарасақ, Конвенцияда бекітілген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар болып табылмайды. Өйткені, жеке секторда пара алумен күресу үшін қабылданған Қылмыстық кодекстің 224 – «Заңсыз сыйақы алу» және 231 – «Коммерциялық сатып алу» баптары сыбайлас жемқорлық қыл мыстардың қатарында жоқ (307-бап ескертулерінің 5-тармағы). Осы қылмыстар санатын анық таған Қазақстан Республикасы Әділет министрі мен Бас прокурорының 1998 жылғы 16 қазандағы № 110 «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы» Бірлескен бұйрығында 224-бап, ал 2000 жылғы 5 маусымдағы № 27 осындай бұйрығында 224, 231- баптар бар еді. Бірақ соңынан Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 484-ІІ «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңымен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тізімі Қылмыстық кодексте беріліп, оған 224, 231-баптар енбеді. Сондықтан қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген Конвенцияның талаптары мен ұлттық заңнаманы сәйкес тендіру мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қатарын қайта қарау керек.

Әрине, бұл қылмыстармен күресте қылмыстық-құқықтық шаралардың маңызы ерекше. Сөйтсе де, оларды болдырмауда, ал орын алған жағдайда, жасаған адамдарды жазалауда тәртіптік, әкімшілік және азаматтық жауаптылық шараларында кеңінен қолданған жөн.

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады, сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездойсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады. 
     Ескерту.  
      1. Осы Заңда мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар болып көрсетілген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдар танылады. 
      2. Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады.  
      3. Әкімшілік-шаруашылық міндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде мүлікті, соның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі. 
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 № 484, өзгеріс енгізілді - 2007.07.21 № 308, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады. 
     Ескерту.  
      1. Осы Заңда мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар болып көрсетілген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдар танылады. 
      2. Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады.  
      3. Әкімшілік-шаруашылық міндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде мүлікті, соның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі. 
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 № 484, өзгеріс енгізілді - 2007.07.21 № 308, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы