Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 19:58, дипломная работа
Кәсіпкерлік қызмет – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Кіріспе 3
І тарау. Кәсіпкерлік қызметке құқықтың ұғымы мен мазмұны 1.1Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және мазмұны 6
1.2.Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны 13
1.3.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі мазмұны 21
ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқтық сипаттамасы 2.1.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті 30
2.2.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті жағының сипаттамасы 35
2.3.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың жіктелген белгілері 43
2.4.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – заңсыз кәсіпкерлікті алдын алудың негізгі құралы 49
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттертізімі 62
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті жағы олардың кәсіпкерлік айналатын заңды тұлға болып табылады. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілІне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды". Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2. елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аудару-мен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық, басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз - қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында кай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің
1044-бабы бойынша мұра
Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі - азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның, дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның, өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің
17-бабына сәйкес әрекет
Бұл арада ескеретін
мынадай бір жағдай бар: Азаматтық
кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес,
заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге
дейін некелесуге рұқсат
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді. Онық өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана
ер жеткен деп саналады (АК-тің,
17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған
соң адам азаматтық құлсық
айналымының толық құқылы
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
— өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер; — ата-анасының (асырап алушының, қамкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы
жасы кәмелетке толмағандар
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық
меншік құқығы бар
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға
және өзінің салымына, оның ішінде
өзінің атына салынған салымдар
14 жастан 18 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандар
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар, Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді, ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылықтарына сәйкес жұмысқа жарамды жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, коммерциялық ұйымдар, шетел азаматтары, азаматтық алмаған тұлғалар, шетелдік ұйымдар кәсіпкерлікпен айналысуға хұқылы. Өз уставының ережелерін орындай отырып, коммерциялық емес ұйымдар да кәсіпкерлікпен шұғылданады. ҚР Конституциясына сәйкес әрбір кәсіпкер өз қабілеті мен білімін заңмен тыйым салынбаған мүмкін кәсіпкерлік іс-әрекеттерде толық пайдалануына құқықтары бар. Бұл конституциялық қағида алғашқы рет еліміздің негізгі заңында бекітіліп, экономикалық еркіндіктің және азаматтардың заңды кәсіпкерлікпен шұғылдануының кепілдігі бола алады. Сонымен, жасы он сегізге толған жеке тұлға бекітілген заңға байланысты жеке өзі немесе заңды тұлға арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға хұқылы. Азаматтық заңдылыққа сәйкес кейбір азаматтарға кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат берілмеуі мүмкін. Заңды тұлға ұйымдастырылмаған жағдайда тәртіп бойынша жеке азамат кәсіпкерлік іспен шұғылдану үшін жеке кәсіпкердің куәлігін алуға міндетті. ҚР МК сәйкес заңды тұлға дегеніміз - өз жеке меншігінде мүлкі бар, өз атынан мүлік басқа да, міндеттері мен хұқы бар сот алдында, жауапты ұйымдар. Заңды тұлғалар белгіленген тәртіпке сай мемлекеттік реестрде тіркелгеннен бастап, өзінің статусына (атағына) ие. Кәсіпкерлердің хұқына байланысты жеке және ұжымдық кәсіпкерлер (кәсіпкерлік ұйымдар)болады. Заңдық шарттарға байланысты кәсіпкерлердің мынадай құқықтары бар: заң бойынша рұқсат етілген кез келген кәсіпкерлік түрімен айналысуға болады; кез келген ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпкерлік ісін құруға болады; кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қажет кез келген мүлікке иелік жасауына болады; мүлік саны мен көлемі шектелмеген. Мүліктік жауапкершілік меншік иесінің өзіне жүктеледі, сонымен бірге өз ісін жоспарлап, бизнес – жоспар дайындауға да құқылы; өз бетімен тұтынушыларды таңдауға, өндіріс факторларын, жеткізушілерді таңдауға, заңдылықтарға байланысты кәсіпкерлік келесем шарт жасауға; өз бетімен жұмысшылардың еңбекақысын белгілеуге, еңбек заңына қайшы келмейтін әртүрлі қосымша ақыларды белгілеуге құқылы, тек қана бұл жағдайлар құжаттарда көрсетілуі тиіс; жалдаған жұмысшыларға қосымша демалыс беруге; еңбек заңына сәйкес жұмысшыларды келісім шарт арқылы жалдауға, жұмысқа алуға; белгіленген тәртіпке сай сыртқы экономикалық, сыртқы сауда қызметімен айналысуға, кез келгенбанктен өз есеп шотын ашуға; ҚР билік ұйымдары қабылдаған заңдарға сай қаржылық – несиелік, мүліктік – материалдық, басқа да мемлекеттік қолдау түрлерін пайдалануға; өнім өндіруге, қызмет көрсету, басқа да жұмыстар орындау үшін мемлекеттен тапсырыс алуға, зейнеткерлік, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыруға, өз құқықтарын қорғауға. Жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлер сияқты жоғарыда айтылғандармен бірге, басқа да құқықтары бар: өздері сенім білдірген серіктермен бірге толық серіктестікке қатыса алады; белгіленген тәртіпке сай арбитражды басқарушы (ішкі, сыртқы, конкурс бойынша) бола алады; бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады; аудиторлық қызметпен шұғылдана алады. Кәсіпкерлердің міндеті: белгіленген уақытта салық органына, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларды тіркелу; бекітілген заңдылықтарға байланысты белгіленген мөлшерде және уақытында салық төлеу; салық органына табыс туралы декларацияны және басқа да мәліметтерді мезгілінде тапсырып отыру; белгілі заңдылықтар мен нормативті актілерге байланысты бухгалтерлік есеп – қисап жүргізіп отыру және қаржылық – шаруашылық есеп дайындау және оның төрт жыл бойы сақтауын қамтамасыз ету; бухгалтерлік есепте салық органдарының тексеруімен анықталған төмендетіп төленген немесе жасырылған салықтар бойынша түзетулер енгізу; салық туралы заңдар бұзылған жағдайда салық органының талаптарын бұлжытпай орындау; ҚР Салық кодексіне сәйкес басқа да салықтық міндеттемелерді орындау; Заңдарға сйәкес лицензия алғанда тек қана орындалуы мүмкін істерге рұқсат алу; өндірілген өнімдер, көрсетілген қызметтер белгіленген стандарттарға сай сертификатталған болуы керек; өндіріс және іс-әрекеттер қоршаған ортаға, тұрғындардың денсаулығы мен өміріне, тұтынушыларға ешқандай зиян келтірмеуі тиіс; қажетті санитарлық – гигиеналық, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі жағдайлары сақталуы тиіс; кәсіби жұмысшылармен немесе ұйымдармен келісімшарт жасап, оны белгіленген уақытында орныдау; тарау нарығында жасанды монополияға, бәсекелестікке жол бермеу, нарықта үстемдігін көрсетпеу, бәсекелестікті шектейтін келісімдер жасамау; монополиялық баға белгілеу, мемлекет тарапынан баға реттеу заңдылықтарын сақтау; белгіленген тәртіп бойынша шығындар мен табысьарды есептеп отыру; келісімдер мен кәсіпкерлік келісім шарттарды заңдылықтарға сәйкес жүргізу; өз тауарларына ғана тән қасиеттерін жарнамалау; әдептілікке жатпайтын, жалған, өтірік, жасырын жарнамаларға жол бермеу; қаржылық – шаруашылық қызметі туралы мемлекеттік огандарға белгіленген мерзімде және толық статистикалық есеп беріп отыру. Табысты, алдағы қатарлы кәсіпкер болу үшін қандай қасиеттер болуы қажет деген сұраққа бірден ешкім де жауап бермейді. Бірақ, табысты кәсіпкерлердің даму тарихы арқылы белгілі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, табысты, өркендеуші кәсіпкерлердің мынандай қасиеттері болуы тиіс: өз ісін адал жүргізуі, білімді болуы, мақсаткер, ынталы болуы, басшылық ісіне икемді болу, басқалардың пікірін сыйлау, үнемі оқып, өзін әруақытта жетілдіру, тәуекел етуге дайын болу, сыртқы орталық кедергілерін жеңе білу, көздеген мақсатына жету жолында табанды болу, жоғары жауапкершілік, еңбекқор болу, қажетті әріптестерді өзіне тарта білу, ақыл – ойының коммерциялық қаржылық қорының болуы, заңды түрде өзіне қажеттіні ала білу
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз
қатысудың
жіктелген бірнеше белгілері бар. Жалған
кәсіпкерлік пен айналусы салықтан жалтарыну
деген сияқты жәйттары бар нарселер. Қылмыстық
құқық бойынша мүліктік және өндірістік
қатынастар, азаматтардың, заңды тұлғалардың
жергілікті және мемлекеттік құрылымдардың
экономикалық құқықтары — ортақ қол сұғу
объектісі болып табылатын қылмыс түрлерінің
бірі. Оларға мыналар жатады:
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы