Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 19:58, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік қызмет – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Кәсіпкерлік қызметке құқықтың ұғымы мен мазмұны 1.1Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және мазмұны 6
1.2.Кәсіпкерлік қызмет құқығының негізгі мазмұны 13
1.3.Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тиым салудың негізгі мазмұны 21
ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқтық сипаттамасы 2.1.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті 30
2.2.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субъективті жағының сипаттамасы 35
2.3.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың жіктелген белгілері 43
2.4.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – заңсыз кәсіпкерлікті алдын алудың негізгі құралы 49
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттертізімі 62

Прикрепленные файлы: 1 файл

дип касип кызмет.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

 

- мемлекеттік қызметте  адам ресурстарын басқарудың  жаңа институттарын қалыптастыру  және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;

- мемлекеттік қызметке  кәсіби және жеке сипаттары  негізінде іріктеудің жаңа әдістерін  енгізу;

- еңбекке ақы төлеудің  және ынталандырудың жаңа принциптерін  енгізу;

- мемлекеттік қызметшілердің  түпкілікті нәтижеге бағдарланған  қызметін бағалаудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу күтіледі.

         Әкімшілік құқықтың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі даму перспективасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты, негізінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы тікелей қолданыстағы мәнін, мазмұнын анықтайтын және заңдарды қолданумен конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс – әкімшілікделиктілік құқық болып табылады.

         Әкімшілік құқық бұзушылықтар  туралы заңнама бұзылған құқықтарды  қалпына келтіруге, әкімшілік-құқықтық шаралармен қоғамдағы құқықтық жанжалдардың алдын алуға барынша бағытталуы тиіс. Бұл ретте әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде олардың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен құқық бұзушылық сипатына сәйкестік принципі мүлтіксіз сақталуы тиіс.

          Әкімшілік құқық бұзушылықтар  туралы істерді қарау жөнінде  сот және соттан тыс инстанциялар  арасындағы өкілеттіктердің аражігін  ажыратудың, яғни әкімшілік істерді  сотта және соттан тыс қарау  тәртібі арақатынасының нақты  тұжырымдамасын айқандаған жөн. Бұл ретте соттың әкімшілік жаза

қолдану жөніндегі өкілеттігін кеңейту мүмкіндігі, сондай-ақ әкімшілік сот өндірісіндегі жарыспалылық қағидатын дамыту туралы тезис өзекті күйінде қала береді.

         Әкімшілік-деликтілік құқық үшін  әкімшілік-деликтілік заңнамамен қорғалатын құқықтық қатынастар ауқымын неғұрлым нақты анықтау және тиісінше әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкциялардың аражігін нақты ажырату мәселелері өткір болып табылады.

         Тағы бір маңызды бағыт әкімшілік-іс жүргізу құқығын дамыту болып табылады, оның нәтижесі Әкімшілік-іс жүргізу кодексін қабылдау болар еді. Бұл ретте әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының реттеудің нысанын нақты анықтау қажет. Бұл тұрғыда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нақты істерді шешу тәртібін заңнамалық регламенттеу мәселелері өзектілігін сақтайды.

          Сондай-ақ әкімшілік-іс жүргізу  құқығын дамытумен байланысты  мемлекет пен азамат (ұйым) арасында  жариялы-құқықтық қатынастардан  туындаған құқық туралы дауды  шешетін әкімшілік әділет мәселесін қараған жөн. Яғни, іс жүргізу оқшаулау мен жариялы-құқықтық сипаттағы жанжалдарды шешу тәртібінің заңдылығы мәселелері қаралуға жатады.

          Осылайша, әкімшілік сот ісін  жүргізу қылмыстық және азаматтық  іс жүргізумен қатар сот төрелігін  жүзеге асырудың толыққанды нысаны болуы тиіс. Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу , меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.

Субъективтік құқық –тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.

Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан , екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады.   Мысалы, әр азаматтың оқып , білім алуға құқы бар.Сол құқықты пайдаланып,азаматоқу орнының ішкі тәртібіне бағынып,оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

       Азаматтық  құқық нормаларымен реттелетін  қоғамдық қатынастар азаматтар  арасында, ұйымда, мемлекет пен әкімшілік - аумақтық бөліністер арасында  қалыптасады. Заңды тұлға терминімен  қатар, жеке тұлға термині қолданылады. Азаматтық кодекстің 12 - бабына сәйкес жеке тұлғаға

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.

         Құқық теориясында жеке тұлға  азаматтық құқықтық қатынастың  субъектісі болып танылуы үшін  онда құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік болуы міндетті.     Құқықтық субъектілік дегеніміз – құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыру мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік азамат туған кезден басталып, қайтыс болғанда тоқтылады.

           Құқық қабілеттіліктің негізгі мазмұнына мыналар жатады: меншік құқығында мүлікті иеленуге, Қазақстан Республикасы аумағында және шекарасынан тыс жерлерде шетел валютасын иеленуге, мүлікті мұраға алуға, мүлікті мұраға қалдыруға, тұрғылықты жерін таңдауға, республика аумағынан тыс жерге кетуге, заң актілерімен тыйым салынбаған кез – келген қызмет түрімен айналысуға, кез – келген мәмілелер жасауға, интелектуалдық меншік құқығында өнертабыстарға, ғылым, әдебиет, өнер туындыларына құқығы бар.

          Сонымен қатар, материалдық, моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге және басқа мүліктік және жеке құқықтарға ие бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың  
қылмыстық-құқтық сипаттамасы

 

2.1.Кәсіпкерлік қызметке  заңсыз қатысудың объективті жағының сипаттамасы

 

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объективті болып оның қызметіне заңсыз жәйттарды батаын органды айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың бірнеше заңнамаларда көрсетілген ережелері бар. ҚР 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” №453-1 заң басқалардың қатарында мемлекеттік қызметте болумен байланысты тыйым салады. Мысалы, заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге тыйым салынады:

  • педагогикалық, ғылыми және басқа творчестволық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға;
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымды,оның ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан, басқаруға, егер коммерциялық ұйымды басқару тікелей оның лауазымдық міндетіне кірмесе (10 бап).

ҚР 1998 жылғы 2 шілдедегі “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” заңда мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті лауазымды және басқа адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, шаруашылық субъектілерді басқаруға дербес қатысуға тыйым салынады, егер шаруашылық субъектілерге билік жүргізу заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттеріне кірмесе (10 бап 2 т.).

Жоғарыда аталған адамдар лауазымға кіріскен соң бір айдан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы міндеттерді орындау кезеңіне сенімдік басқаруға оларға жататын мүлікті беруге тиіс, оған заңды түрде өздеріне жататын ақша, сондай-ақ мүліктік жалға берілген басқа мүлік жатпайды.

“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” заңға сәйкес лауазымды және мемлекеттік міндеттерді орындауға теңелген басқа адамдар, егер олар осы міндеттерді орындаумен қабыспайтын қызметпен айналысса, жұмыстан босатылуға немесе заң белгілеген тәртіпте тиісті міндеттерді орындаудан босатылуға тиіс.

Осылай босатылған адам басқа қызметпен айналысуын қойғанға дейін мұндай міндеттерді орындауға қайтадан тағайындалмайды. Осымен қатар білген жөн: заңға сәйкес, заңнама белгілеген тәртіппен лауазымға кіріскен соң бір айдан кейін осы міндеттерді орындау кезеңіне оларға жататын коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесін (акция пакеттерін) сенімдік басқаруға беруге тиіс, оған заңды түрде өздеріне жататын ақша, сондай-ақ мүліктік жалға берілген басқа мүлік жатпайды.

Мемлекеттік қызметші сенімдік басқаруға берген мүлкінен кіріс ала алады,оның ішінде сыйақы, дивиденд, ұтыс, мүлікті жалға беруден және басқа заңды көздерден.

“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” заңның 10 бабы 8 т. сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарға және оларға теңелген адамдарға өз атынан емес, жасырын, бүркеншік атпен азаматтық-құқықтық келісім жасауға тыйым салынады. Мұндай келісімдер заң белгілеген тәртіпте заңсыз деп мойындалады.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыс жасау үшін қажет шарт пен іс-әрекет—заңсыз кәсіпкерлік қызмет

Бұл қылмыстың объективтік жағы мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе оған теңелген адамның, заңға қайшы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құруында, немесе осындай ұйымды басқаруға тікелей немесе сенімді адамы арқылы қатысуында болып тұр, егер бұл іс-әрекеттер сол ұйымға жеңілдік және басымдық немесе басқа формада қамқоршылық көрсетумен байланысты болса.

Сонымен, сыбайлас-жемқорлық қылмыс жасап, лауазымды адам немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құрады, немесе осы ұйымды тікелей немесе сенімді адамы арқылы басқаруға қатысады, кейде осы әрекеттердің екеуі де болуы мүмкін.

Бұл қылмыстың субъектілері мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті немесе соған теңелген адамдар болып табылады. Қылмыстың бұл құрамы формалды, қылмысты жасау үшін іс-әрекетті жасау ғана жеткілікті, тікелей жымысқылықпен сипатталатын салдардың болуынсыз.Лауазымды адамның ұйымды құрғанына немесе оған белгілі бір жеңілдік пен басымдық беруімен бірге жетекшілік жасауына байланысты іс-әрекетін дәлелдеу қажет. Мысалы, тиімді тапсырмалар, салықтық және басқа жеңілдіктер және преференциялар, несиелер беру, тендерді ұту, тапсырмалар алу, әр түрлі тексерістерден босату және кәсіпкерлік қызмет үшін басқа оңтайлы жағдайлар жасау. Кінәлі лауазымды адамдардың басқа іс-әрекеттері тәртіптік кінарат ретінде бағаланады.

ҚР ҚК 310 бабының 1 т. сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адам, немесе оған теңелген адам қызмет мүддесіне қарсы кәсіпкерлікпен айналысса, немесе өзі не сенімді адам арқылы кәсіпкерлік ұйымды басқаруға қатысса, өзіне немесе басқа адамдар немесе ұйым үшін пайда табу және басымдық алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызметтік құзыретін пайдаланса, егер ол азаматтардың немесе ұйымдардың немесе заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соқса, онда ол бір жүзден екі жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұл салынумен қатар белгілі бір лауазымдарда істеу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айырылады, немесе еңбекақы мөлшерінде немесе бір айдан екі айға дейін сотталғанның басқа кірісімен немесе жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылу немесе үш айдан алты айға дейін тұтқынға алу, немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру қолданылады.

Осындай іс-әрекетті лауазымды адам жасаса (ҚР ҚК 310 бабының 2 бөлімі), онда оған үш жүзден бес жүз айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұлмен қоса белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейін айыру, немесе үш айдан бес айға дейін еңбекақы мөлшерінде сотталғанның басқа кірісімен немесе белгілі бір лауазымдарда істеу, немесе бас бостандығынан екі жылға дейін айыру қолданылады.

ҚР ҚК 310 бабының 3 бөлімінде лауазымды адам лицензиялау бойынша құзыретті мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерге беруге әкеліп соққан іс-әрекет жасаса, бір жүзден екі жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұлмен немесе белгілі бір лауазымға ие болу құқығынан немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айырылатыны айтылады.

Кәсіпкерлік қызмет қазіргі Қазақстан үшін ерекше мағына беретін, экономиканы жасаудың маңызды саласы  болып табылады және ол тиімді азаматтық-құқықтық реттеуді талап етіп қоймай, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық қорғауды қажет етеді, жылдан жылға экономикалық қылмыстың саны артып келеді, жасалған қылмыстың көпшілігі жалғанкәсіпкерлік сияқты криминалдық қызметтің формасын қолданып келеді. Жалғанкәсіпкерлік экономикалық салада көптен, яғни кәсіпкерлік құрылып, дамыған кезден бастап кездеседі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192 бабына сәйкес, «жалғанкәсіпкерлік» - бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеті жоқ, барлық жасалған мәмілелері құқыққа қарсы мақсатты көздеген, азаматқа, мекемеге және мемлекетке үлкен көлемде залал келтіру мақсатында құрылған жеке кәсіпкер немесе басқа заңды тұлғаның акциясын (қатысу үлесін, пайын) иемдену арқылы олардың шешімдерін анықтауға және бірдей басшылық етуге құқылы субъект.

Жалғанкәсіпкерлікпен қарқынды күрес 2006 жылдан бері жүргізіліп келеді. Салық органдары соттың шешімі бойынша жалған кәсіпкердің ҚҚС бойынша есепке қою жөніндегі куәлігінің күшін жоюға уәкілеттілік алды.  Сонымен қатар сот шешімімен жалғанкәсіпкер деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша шығын, сот бекіткен қылмыстық қызметі кезінен бастап, шегерімге жатпайтын, шығынға қатысты болып табылады. Нәтижесінде бөліп алынған бір жалғанкәсіпкер өзімен бірге барлық контрагенттерін салықтық  ілмекке тартады. Соңғы өзара есеп айырысуға қатысты сома, корпоративтік табыс салығының (КТС) шегерім сомасынан және ҚҚС бойынша есепке алу сомасынан алынып тасталынады.  Сондай-ақ жалғанкәсіпкердің барлық шот - фактуралары сәйкес сот шешімінен кейін, жалған болып есептеліп, жазықтының бюджет алдындағы міндеттілігі орындалмаған болып табылады.  Сонымен қатар салық органы ҚР сот шешімімен жалғанкәсіпорын деп танылған салық төлеушілермен болған өзара есеп айырысуы бойынша бұзушылықтарды өз бетімен жоймаған жағдайда, құжаттық тексеру жүргізуге, оның ішінде ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің бұйрығының негізінде кезең бойынша кезектен тыс тексеру жүргізуге құқылы. Аймақтық салық басқармалар ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің web-ресурстарының (портал www.salyk.kz)  сайтын, ҚҚС АЖ-і және САЭБ АЖ-нен жалғанкәсіпкер деп танылған сот шешімдері жөнінде ақпарат алу үшін апта сайын қарап отырады. Жалғанкәсіпкер контрагенттері  бойынша жүргізілген шаралар жалпы ережеде көрсетілген келесідей тәртіппен жүргізіледі: • аймақтық салық басқармалары (алға қарай - аймСБ) жалғанкәсіпкерлік қызметін жүзеге асырғаны белгіленгендігі жөнінде сот актісін алғаннан кейін,  соттың актісінің негізінде анықтаған күнінен бастап, ҚҚС АЖ – де ҚҚС бойынша есепке қою жөніндегі куәлігінің күшін жою туралы шешім шығарады; • шешім шыққан күні аймСБ-ы ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің салықты әкімшіліктендіру басқармасының (алға қарай -  СӘБ)  электронды адресіне (әрбір аймСБ бар) шешімнің көшірмесін, сәйкесінше сот актісін сканерленген түрде, сонымен қатар жалғанкәсіпкердің тіркеу мәліметін қоса жолдайды, артынша қағаз тасығышта жолданады; • СӘБ-ы құжаттардың көшірмесін алған күні құқықтық сараптама жасау үшін сәйкес шешімнің көшірмесі мен сот актісін ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің заң басқармасына (алға қарай - ЗБ) жолдайды; • ЗБ өз кезегінде СӘБ-на ҚҚС бойынша есепке қою жөніндегі куәліктің күшін жою бойынша аймСБ-ның шығарған шешімінің құқыққа сәйкестігіне және ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің ресурстарына жалғанкәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған салық төлеушілердің тізіміне орналастыруға қатысты заңдық тұжырым ұсынады; • осыдан кейін аймСБ-ы жалғанкәсіпорын контрагенттеріне камералдық бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде хабарлама жолдайды. Егер салық төлеуші хабарламадағы бұзушылықтарды өз бетінше жойып, қосымша салық есептіліктерін тапсырмаған жағдайда, аталған салық төлеуші алдағы салық кезеңдерінде салықтық тексеру жоспарына қосылады.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы