Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июля 2015 в 22:22, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
- қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
- қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
- қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................5
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы мен белгілері..........................................................5
1.2 Қылмыстық заңның құрылымы.............................................................................8
1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші...............................................................15
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР......................21
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру...........................................................21
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші.................................................................22
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру ері........................................................................28
2.4 Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері.....................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................36
Тарихи түсіндірме құқықтық нормалардың қабылдануына себеп болған жағдайларды, олардың құрылу мақсаттары мен жағдайын түсіндіреді. Сірә, тиісті қылмыстық-құқықтық нормаларды дұрыс қолдану осы мән-жайларды түсіндірмейінше мүмкін емес. Тарихи түсіндірмеде қылмыстық заңдардың жобаларына, оларды талдау материалдарына қараған өте пайдалы.
Ғылыми әдебиеттерде кейде логикалық (қисынды) түсіндірмелер де керініп қалады. Дегенмен, логика зандарын түсіндірменің кез келген тәсілінде (әдісінде) пайдалану онсыз да қажет және осыған байланысты оны түсіндірменің белек бір түрі деп карастыру тым артық сияқты.
Сөз етіп отырған қылмыстық-құқықтық амалдар әрекет ету шеңберіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: а) дәлме-дәл; ә) кеңейтуші; б) шектеуші.
Дәлме-дәл деп заңды бүге-шігесіне дейін оның мәтініне сайма-сай түсіндіру аталады.
Кеңейтуші түсіндірме деп заңның өзінің тікелей мәтінінде аталмаған, алайда оның мағынасына сыйатын жәйттерге қолдануға мүмкіндік беретін түсіндірме таналады. Кеңейтілген түсіндіру мен ұқсас зандардың қатар қолданылуын айыра білу кажет. Ұқсас деп коғамдық қауіпті әрекетке катысты нақты бір қылмыстың дәл істелген сәті заңмен тура қарастырылмаған жағдайда осыған ұқсас қылмысқа белгіленетін жауаптылықты колдану деп түсінуге болады.
Ұқсастық институгы, қылмыстық заңды түсіндіру институтымен сайма-сай келмесе де онымен жакынырақ жанасады. Заңды түсіндіруші адам белгілі бір жауаптылықты тікелей қарайтын қолданыстағы заңды түсіндіргенде заңшығарушының ойын да түсіндіруге тырысады. Ұксастықты қолдану белгілі бір әрекетті қылмыс деп қарастыратын және оған жауаптылық карастыратын заң болмаған жағдайда ескеріледі. Сондықтан тергеуші, прокурор, судья осыны біле тұра заңшығарушы ойластырмаған заңды қолданады.
Шектеуші түсіндірме деп нәтижесінде барлық жағдайларға бірдей кылмыстық заң қолданыла бермейтін дәлме-дәл мәтіндегі заңға ғана колданылатын түсіндіру танылады.
Атап өту керек, кеңейтуші және шекгеуші түсіндірме қылмыстық заңның көлемін өзгертпеуге тиіс, керісінше тиісті заңдағы сөзбе-сөз мәтінге қарағанда кеңірек немесе мейілінше шекгелген түрде заңның тиісті сөзбе-сөз мәтінмен берілуі керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Заң түсінігі мен белгілері» атты курстық жұмыстың 1 тарауында «Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы» деп аталып, онда мынадай мәселелер қаралды: қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.
Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Казақстан Республикасының 1993 жылғы 13 каңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" заңының 1-бабына сәйкес, Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
2 тарауында «Қылмыстық заң бойынша қолданатын шаралар» деп аталып, онда мынадай мәселелер қозғалды: Қылмыстық заңның мезгілдегі күші Қылмыстық кодекстің 4 және 5-баптарымен реттеледі.
ҚК-тің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген.
Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттін ғана қылмыстылығын және жазаланатынғын анықтауға болады.
Іске асырылудағы, күшіндегі заң деп өзінің күшіне енген және белгіленген тәртіп бойынша өз күшін жоғалтпаған заң танылады.
Республиканың заң және езге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттеледі. Мұндай арнаулы заң Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ