Заң түсінігі, белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июля 2015 в 22:22, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
- қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
- қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
- қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................5
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы мен белгілері..........................................................5
1.2 Қылмыстық заңның құрылымы.............................................................................8
1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші...............................................................15
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР......................21
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру...........................................................21
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші.................................................................22
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру ері........................................................................28
2.4 Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері.....................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

КЖ-ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

Сөйтіп, бұл санкциялар соттың іс бойынша объективті шешім қабылдауына, тиісінше әділ жаза тағайындауына мүмкіндік бермейтіні көзге көрініп тұрған сияқты.

Қолданыстағы Қылмыстық кодекс санкциялардың екі түрімен сипатталады: біршама анықталған және баламалы.

Біршама анықталған санкция белгілі бір жазалардың жоғарғы немесе төменгі шектерін көрсете алады (мысалы, ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігі 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады) және ең жоғары жазаны көрсетумен шектелуі мүмкін (мысалы, ҚР ҚК 98-бабының 2-бөлігі 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын карастырады). Осының кейінгі жағдайындағы жазаның ең төменгі шегі жазаның тиісті түрлерін реттеуші ҚР ҚК Жалпы бөлімінің баптарында қарастырылған. Мысалы, ҚР ҚК 48-бабының 3-бөлігіне жүгіне отырып, бас бостандығынан айырудың ең төменгі мөлшері 6 айға тең, сол сияқты ҚР ҚК 98-бабының 2-бөлігі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның шегін 6-айдан 5  жылға дейінгі жазаны қарастырады.

Баламалы санкцияларда бір ғана емес, екі немесе одан да көп жаза түрлерін қолдану көрсетілді. Мысалы, сайлаушылардың құқығына және сайлау комиссиясының жұмысына заңсыз араласқаны үшін жауаптылықты белгілейтін ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігінің санкциясы екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын қарастырады. Соттардың жаза түрлері мен мөлшерін таңдау мен анықтау кезіндегі көзқарасының ауқымы санкциялардың қалай кұрылғанына байланысты болады. Санкцияларды пайдалана отырып, заңшығарушы соттар үшін жазалардың қолдану шегін белгілейді. Сондықтан кылмыстық заңды және оның бөліктері - диспозициялар мен санкцияларын құру заң техникасының ғана емес, қылмыстық саясаттың да мәселесі.

Қылмыстык заң мен қылмыстық-құкықтық нормаларды бір-бірінен айыра білу қажет. Заң - бұл бүдан бұрын атап өткеніміздей, езінде кылмыстық-кұқықтық нұсқауларды, яғни қылмыстық-құкықтық нормаларды карастыратын нормативтік акті. Сөйтіп, кылмыстық заң - бұл қылмыстық-кұқықтық нормалардың нысаны (құқықтык сауыты), ал соңғысы алғашқысының құқықтық мазмұны. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімі баптарының құрылымы осы бапта көрсетілген кылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымынан айырмашылыкта болады.

ҚР ҚК Ерекше бөлімінің кез келген нормасы өзіне гипотезаны, диспозицияны, санкцияны қосатын құқықтык нормалардың нақтылы құрылымына сай келеді. Тиісті қылмыс құрамының көрінісін бейнелейтін нормалардың диспозициясы Ерекше бөлім баптарының диспозицияларымен шектеліп қана қалмайды, сонымен бірге Жалпы бөлім баптарында да өзінің «жалғасын» табады, мысалы, ниет туралы, қылмысқа қатысу туралы және басқа да баптарда. Қылмыстық-құқыктық нормалардың санкциясы ҚР ҚК Ерекше белімнің тиісті баптарына сай келеді, дегенмен кейбір жағдайларда оны нақты анықтау үшін Жалпы бөлімнің баптарына сүйенуге тура келеді (мысалы, бұдан бұрын атап етілгендей, егер ол Ерекше бөлімнің баптарының санкциясында анықталмаса тиісті жазаның ең аз мөлшерін белгілеу үшін). Қылмыстық-құқықтық нормалардың гипотезасы ҚР ҚК 3-бабында тұжырымдалған қылмыстық жауаптылық негіздемелері туралы ережелер болып табылады.

Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.

Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.

Гипотеза қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлі мге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Ерекше бөлім нормаларында баптар, диспозициядан және санкциядан тұрады. Осы құрылым ішінде басты орынды диспозиция алады. Диспозиция - нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:

Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттін атын ғана атап, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы "Адамды ұрлау", 261-бабындағы "Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға кендіру ", 389-бабындағы "Әскери мүлікті жоғалту".

Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-ақ, нақты көрсететін диспозицияны айтамыз: ҚК-тің 175-бабындағы "Ұрлық", 120-бабындағы "Зорлау ", 237-бабындағы "Бандитизм".

Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай баптардың диспозициясын көрсетеміз: ҚК-тің 152-бабы "Еңбекті корғау ережелерін бұзу", ҚК-тің 284-бабы "Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазакстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы".

Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісіңше қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның белгілеу сілтеме жасайды. Мысалы, ҚК-тің 106-бабындағы "Ұрып соғу", 107-бабындағы "Азаптау", 297-бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу".

Санкция - ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама (альтернативные).

Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгі шегін анықтайтын санкция. Алдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының бірінші бөлігі "Абайсызда кісі өлтіру", 134-бабының бірінші бөлігі"Баланы ауыстыру", және т. б. баптар бола алады.

Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ен төменгі шегі айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас бостандығынан айыру болса - 6 ай, бас бостандығын шектеу болса - 1 жыл, қамауға - 1 ай, айыппұлға - Қазақстан Республикасы Зандарымен белгіленген жиырма бес айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді. Салыстырмалы-айқындалған санкцияның екінші түрінің мысалына ҚК-тің 162-бабы "Жалдамалылық", 181-бабының екінші бөлігі "Қорқытып алушылық", 241-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" сияқты баптарының санкцияларын жатқызуға болады.

Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру үшін балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше бөлімінің баптарындағы диспозицияның бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі мұкият ойластырылған. Оларды қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық нормаларды қолданудың нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.

 

 

1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші

 

 

Қылмыстық заңның қорғаушы, сол сияқты алдын алушылық міндеттерін жүзеге асыру заңшығарушыларды шет елдерде қылмыс істеген казақстандық азаматтарға катысты мәселелерді де реттеуге мәжбүр етеді. Сондықтан қылмыстық заңның кеңістіктегі қолданылу қағидалары ҚР ҚК 7-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде

қылмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар істеген әрекет ол аумағында істелген мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Осындағы соңғы жағдай ҚР ҚК 3-бабымен келісіледі, соған сәйкес, ешкім де бір қылмыс үшін екінші қайтара қылмыстык жазаға тартьшмауы тиіс. Ал егер оларды сотқа тарта қалған жағдайда, ҚР ҚК 6-бабына сәйкес, жаза қылмыс істеген шетелдік мемлекеттің заңымен қарастырылған санкцияның жоғарға шегінен аспауы керек. Азаматтығы жоқ адамдарға да осындай негіздемелерде жауаптылық қолданылады.

ҚР ҚК 7-бабының 2-бөлігіне сәйкес, басқа мемлекеттің аумағында қылмыс істеген адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында істелген қылмыс Қазақстан Республикасы мүдделеріне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында істелген қьшмысы үшін қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.

ҚР ҚК 7-бабының 3-белігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында істеген қылмысы үшін, егер Қазақстан Республикасының халыкаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

ҚР ҚК 7-бабының 4-бөлігінде қылмыстық заңның кеңістіктегі әрекетінің қағидатының әмбебап және шынайы деген тағы да екі түрі тұжырымдалған. Әмбебаптық қағидат халықаралық қылмыстармен және халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес жүргізу қажеттігінен шығып отыр. Қазақстан Республикасының осы қылмыстармен (мысалы, жалған ақша істеумен, әуе кемесін айдап әкетумен, есірткі дайындау, өткізу немесе таратумен байланысқан қылмыстармен) күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға қатысуы шетелдік азаматтар шекараның сырт жағында аталған қылмыстарды істеген жағдайларды (не Қазақстан Республикасының істелген халықаралық шартымен, не қазақстандық қылмыстық заңнамамен тыйым салынған), заң жүзінде реттеуді талап етеді. Әрине, мүндай жағдайда ҚР ҚК 7-бабының 4-белігіндегі ережелер шетелдік азаматтар мен азаматтағы жоқ адамдар шетелдік мемлекетте сотталмаған болса ғана қолданылуы мүмкін және осығын орай Қазақстан Республикасының аумағында кылмыстык жауапқа тартылады.

Қылмыстық заңның қолданылуының аумақтық қағидасы шетелдік азаматгар мен азаматтағы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болмағанымен де Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған елеулі зиян келтіретіндіктерін ескермеген. Сондықтан Қылмыстық кодекстің корғаушылық міндеттерін жүзеге асыру үшін кылмыстық заңның кеңістіктегі әрекетінің шынайы қағидатын заң жүзінде бекіту қажет. Әмбебап қағида сиякты бұл ҚР ҚК 7-бабының 4-бөлігінен көрініп және ол мынаны қарастыруы тиіс, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс істеген шетелдіктер кылмысы Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қьшмыстық жауапка тартылса, ҚР Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.

Атап өтетін бір жай, ҚР ҚК 8-бабы қылмыс істеген адамды беру мәселесін реттейді. Қылмыскерді беру (экстрадиция) деп қылмыс істеген адамды ол тұрған бір мемлекеттен, қылмыс істеген жері - екінші бір мемлекетке беруі танылады. ҚР ҚК 8-бабының 1-бөлігіне сәйкес, басқа мемлекеттің аумағында қылмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралык шартта өзгеше белгіленбесе, ол мемлекетке ұстап берілмеуге тиіс. Осыдан көрініп тұрғанындай басқа мемлекеттің аумағында қылмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматтары егер ол жөнінде халықаралық келісім-шарттарда қарастырылмаған болса берілуі мүмкін емес.

ҚР ҚК 8-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қьшмыс істеген және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматгығы жоқ адамдар Қазакстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қьшмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін. Бұл жағдайда шетел азаматтары мен азаматтағы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шегінен тыс қылмыс жасап және Қазақстан Республикасьшың жерінен табылатын болса, ол өзі қылмыс істеген сол елге берілетін болады. Тек қана Қазақстан Республикасының жерінде саяси баспана тапқандар ерекшеліктерге ие болады.

Қылмыскерлерді қайтарып беру Қазақстан Республикасының қылмыстық істер бойынша құқықтық кемек туралы не қылмыскерлерді қайтарып беру туралы екі жақты немесе көп жақты халықаралық келісім-шарттарының негізінде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, азаматтық, отбасылық құқықтық қатынастар мен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы 2002 жылдың 7-қазанындағы Кишинев конвенциясы.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің 1993 жылдың 22-қаңтарындағы Минскіде қол қойған Азаматтық, отбасылық құқықтық қатынастар мен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы конвенциясының 56-бабы мыналарды белгілейді: «осы Конвенцияда қарастырылған шарттарға сәйкес, келіссөзге отырған тараптар талап ету бойынша өздерінің жерінде жүрген қылмыскерді кылмыстық жауаптылыққа тарту үшін немесе үкімді атқаруды жүзеге асыру үшін бір біріне қайтарып беруге міндеттенеді». Мұндай келіссез болмаған жағдайда қылмыскерлерді беру мәселесі дипломатиялық жолмен шешіледі.

Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң мақсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан қорғау және сактандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен байланысты; екіншіден, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің заңдылық, азаматтардын, заң мен сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық жауаптылықпен жазадан құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық қағидаттарынын іске асырылу міндеттерімен анықталатындығында; үшіншіден, бұл мәселелерді шешуге әсер ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті конвенциялардың болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты азаматтықтың түсінігін беретін конституциялық құқықтың нормалары да елеулі роль атқарады. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және азаматтық қағидаттар жүзеге асырылады.

Информация о работе Заң түсінігі, белгілері