Заң түсінігі, белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июля 2015 в 22:22, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
- қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
- қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
- қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................5
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы мен белгілері..........................................................5
1.2 Қылмыстық заңның құрылымы.............................................................................8
1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші...............................................................15
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР......................21
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру...........................................................21
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші.................................................................22
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру ері........................................................................28
2.4 Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері.....................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

КЖ-ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

ҚР ҚК 5-бабының 2-бөлігінде «егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын жеңілдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс» екендігі бекітілген. Жазаны жеңілдетуші заң болып, бұрынғы қолданыстағы заңға немесе жазаны неғұрлым жеңілдететін баламалы санкция белгілеген заңға қарағанда белгілі бір жаза (шара) түрінің ең жоғары және (немесе) ең төменгі шегін қарастырытын заң танылады.

Осы ережені мына бір нақты мысалмен талдап көрейік, мысалы Л. мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған. Сот Л.-ды 1988 жылдың 16-қарашасында Р. деген сыбайласымен күні бұрын сөз байласып, автобаза ауласынан 984 шөлмек «Пшеничная» арағы тиелген автомашинаны айдап кеткені үшін айыпты деп таныған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Президиумының 1997 жылғы 23-қаңтардағы қаулысымен Л.-ға қатысты соттың бірінші және кассациялық инстанциясындағы қаулылары келесідей негіздер бойынша өзгертілген. Сол қылмыс істеген кездегі қолданыстағы заң бойынша Л.-дің әрекеті мүлкі тәркіленіп, 5 жылдын 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын карастыратын ірі мөлшерде мемлекет мүлкін ұрлағаны ретінде сараланған. Соттың ҚазКСР ҚК 76-бабының 4-бөлігі бойынша 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы сол кездегі Қылмыстық кодекстің осы аталған бабының санкциясына сай келетін.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12-мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңи күші бар Жарлығына сәйкес, ірі мөлшерде, адамдар тобымен және үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кірумен істелген қылмыс ҚазКСР ҚК 76-бабының 2-бөлігіндегі «а», «в», «г»-тармақтарымен сараланып және ол үшін мүлкін тәркілеп немесе онсыз 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Демек, Л.-дің әрекеті ҚазКСР ҚК 76-бабының 4-бөлігінен 1995 жылғы 12-мамырдағы редакциямен ҚазКСР ҚК 76-бабының 2-бөлігіндегі «а», «в», «г»-тармақтарымен қайта сараланып, тиісінше тағайындалған жаза шарасы жеңілдетіледі.

Осы айтылғандардың негізінде Президиум Л.-ға қатысты сот қаулысын өзгертіп, оның әрекетін ҚазКСР ҚК 76-бабының 4-бөлігінен 1995 жылғы 12-мамырдағы редакциямен ҚазКСР ҚК 76-бабының 2-белігіндегі «а», «в», «г» тармақтарымен қайта саралап, сол бойынша мүлкін тәркілеп 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған және осы тағайындалған мерзім етелгендіктен ол қамаудан босатылған.

ҚР ҚК 5-бабының 3-бөлігінде әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетгі істеген адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері күші болмайтындығы айтылған. Әрекеттің жазаланушылығын белгілейтін заң болып бұрын қылмыс ретіне карастырылмаған әрекетті тиісінше қылмыс деп танитын заң танылады. Жазаны күшейтуші фактор болып жазаның ең жоғары немесе ең төменгі шектерін көтеретін заң көрінеді. Негізгі жазаның шегін езгертпей-ақ оған қосымша жаза косатын немесе бұрынғы қолданыста болған заңға қарағанда соттың неғүрлым қатаңырақ жаза тағайындау мүмкіндігін беретін баламалы санкция белгілейді. Мысалы, жаңа қылмыстық заң Қылмыстық кодекске ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету. (ҚР ҚК 113-6.), медицина қызметкерінің, кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (ҚР ҚК 114-6.), адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру (ҚР ҚК 128-6.) сияқты әрекеттер енгізілді. 1998 жылдың 1-қаңтарына дейін осы аталған әрекеттерді істеген адамдар сол кезде осы әрекеттер қылмыс деп танылмағандықтан қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтын болды.

Қылмыстық заңның қолданылу белгілі бір аумақта қашанда шектеулі. Осыған байланысты қылмыстық заңның кеңістікте әрекет етуінің негізгі қағидасы аумақтық қағида болып табылады. Ол ҚР ҚК 6-бабының 1-бөлігінде Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс істеген адам қазақстандык азамат болып не шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатыңдығына қарамастан осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиіс делінген.

Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20-желтоқсандағы (3.10.1995 ж. және 17.05.2002 ж. өзгертулерімен және толықтаруларымен) «Азаматтық туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы деп осы Заң күшіне енгенге дейін, Қазақстан Республикасының аумағында да тұратын, осы күн өткеннен кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болғысы келмейтіндігі жөнінде мәлімдеме жасамаған бұрынғы КСРО-ның барлық азаматтары танылады. Шетелдік азаматтар деп шет мемлекеттердің азаматтығы бар және Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ азаматтар танылады. Азаматтығы жоқ адамдар деп Қазақстан Республикасының азаматы емес және басқа бір мемлекеттің азаматтығы жөнінде дәлелдемесі жоқ адамдар саналады.

Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының мемлекетгік шекарасына өнетін құрлық, өзен-сулар, жер қойнауы мен әуе кеңістігі жатады. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20-желтоқсандағы (15.07.1995 ж. өзгертулерімен және толықтаруларымен) «Қазақстан Республикасының мемлекетгік шекарасы туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы аумақтың - кұрлық, өзен-сулар, жер қойнауы мен әуе кеңістігі өтетін шекті белгілейтін сызық. Мемлекеттік шекарасы Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімімен анықталады.

Мемлекеттік шекараның өтуі, егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарымен өзге ештеңе қарастырылмаса былайша белгіленеді:

а) құрылықта - сипатты нүктелер мен жердің бедерлі сызықтары немесе айқын көрінетін бағдарлар бойынша;

ә) аумақтық теңіздің сыртқы шегі бойынша;

б) кеме жүзетін өзен арнасы мен аңғарының ортасы бойынша; кеме жүзе алмайтын езендерде, жылғаларда - олардың ортасы немесе негізгі саланың ортасы бойынша; көлдер мен езге де су айдындарда, тең орналасқан, ортадағы, көлдің немесе өзге де айдынның мемлекеттік шекараға шығар жерін қосатын тура немесе басқа да сызықтар бойынша;

в) су торабының қоймалары мен өзге де жасанды су айдындарында - мемлекеттік шекара бағытындағы су басқан жерлер бойынша;

г) өзен, жылға, кел және өзге де су айдындары арқылы өтетін теміржол, автожол көпірлерінде, тоғандар мен басқа да құрылыстарда - осы құрылыстардың ортасы бойынша немесе сумен өтетін мемлекеттік шекарасының өтетін жеріне қарамастан олардың технологиялық білігі бойынша.

Қазақстан Республикасының теңіз аумағына 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясына сәйкес көлденең кеңдігі (ені) 12 теңізден аспайтын милін жағалаулық теңіз сулары жатады.

Қазақстан Республикасының ішкі суларына мыналар жатады:

- гидротехникалық және басқа да айлақ құрылыстарының теңізге қарай еңіскен неғұрлым шеткі нүктесімен жектелген сызық арқылы өтетін Қазақстан Республикасы айлақтарының суы;

- жағалаулары Қазақстан Республикасына жататын өзен сулары мен өзге су айдындары.

Каспий теңізінде ішкі суларға жататын акватория Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары билік органдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралык келісім шарттарымен анықталады.

ҚР ҚК 6-бабының 2-бөлігіне сәйкес, Қазакстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында істелген қылмыс деп танылады. Осында ҚР ҚК күші сонымен бірге Қазаксган Республикасының кұрлықтық шельфінде және ерекше экономикалық аймағында істелген қылмыстарға да жүретіні айтылған. 1982 жылғы Теңіз құқығы жөніндегі БҰҮ конвенциясына сәйкес континентальдык шельфке Қазақстан Республикасының кұрлыктық аумағының бүткіл табиғи ұзынығы бойындағы аумақтык суларының шегінен тыс жаткан материктің су асты шетінің сыртқы шекарасына дейінгі су асты аудандардың теңіз түбі мен қойнаулары кіреді. Материктің су асты шетіне өзіне континентальдық шельфтің, еңіс пен дөңестің үсті мен қойнауларын кіргізетін континентальдық массивтің жалғасы кіреді.

Ерекше экономикалық аймақ аумақтық теңіздің шегінен әрі орналасқан теңіз аудандарында белгіленеді. Мұндай аймақтың сыртқы шекарасы бастапқы сызық пен аумактын теңізден бастап өлшенетін 200 теңіз милі қашықтығына болады.

Жалпы қабылданған нормаларға және халықаралық кұқық дәстүрлеріне сәйкес, ҚР ҚК 6-бабының 3-бөлігінде Қазақстан Республикасының портына тіркелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс істеген адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауапқа тартылатыны жөнінде ереже қарастырылған. Сол сияқты Қазақстан Республикасының әскери кораблінде немесе әскери еуе кемесінде қылмыс істеген адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

1967 жылғы ғарыш кеңістігін зерттеу  мен пайдалану жөніндегі мемлекеттер қызметінің қағидалары туралы Шартқа сәйкес, ғарыш кеңістігіне жөнелтілген объектілері мен олардың экипаждарының қызметін әрбір мемлекет өздерінің заңы бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс істеген барлық адамның жазаланатындығы жалпы қағидатынан ҚР ҚК 6-бабының 3-бөлігінде ерекшелік беріледі. Сондай ерекшелік Қазақстан Республикасының аумағыңда қылмыс жасай қалғанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтарға қатысты қолданылады. Бұл жағдайда тиісті адамдардың иммунитеті, яғни Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жөніндегі соттарының соттылығына жатпайтындығы жайында сөз болып отыр. Халықаралык құқық нормаларына сәйкес, мұндай адамдар «нон грата» (жағымсыз жандар) дәрежелі адамдар деп танылып, елден шығарылып жіберіледі.

Дипломатиялық өкілдерге, дипломатиялық дербестік құқығы барларға мыналар жатады: дипломатиялық өкілдіктердің елші дәрежесіндегі басшылар немесе дипломатиялық өкілдіктер қызметінің сенім артылған кіші елшілері мен мүшелері: кеңесшілер, сауда өкілдері мен олардың орынбасарлары; әскери, әскери-теңіз және әскери-әуе атташелері мен олардың көмекшілері; бірінші, екінші және үшінші хатшылар, атташе мен хатшы-мұрағатшылар, сондай-ақ дипломатиялық өкілдік басшылары мен мүшелерінің өздерімен бірге түратын отбасы мүшелері және онда тұратын қазақстандық азаматтар болып табылмайтын адамдар.

ҚК-тің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген.

Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттің ғана қылмыстылығын және жазаланатынғын анықтауға болады.

Іске асырылудағы, күшіндегі заң деп өзінің күшіне енген және белгіленген тәртіп бойынша өз күшін жоғалтпаған заң танылады.

Республиканың заң және езге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттеледі. Мұндай арнаулы заң Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы болып табылады.

Қылмыстық заңды жариялау және күшіне енгізу тәртібі былайша белгіленген:

а) егер заңның күшіне ену мерзімі сол заңның өзінде белгіленсе, онда заң сол мерзімде көрсетілген күннен бастап (жарияланған күннен немесе нақты көрсетілген мерзімнен бастап) заңды күшіне енген болып саналады;

ә) егер заңда оның күшіне ену мерзімі көрсетілмесе ол Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысында немесе "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда", "Заң", Юридическая газета", газеттерінде ресми түрде жарияланғаннан кейін он күн өткен соң Республиканың барлық аумағында заңды күшіне енеді.

Мерзімдерді есептеудің жалпы қағидаттарына сәйкес белгіленген мерзімнің соңғы тәулігі өтісімен заң күшіне енген болып саналады.

Қылмыстық занды дәлме-дәл, дұрыс қолдану үшін қылмыстың жасалу уақытын анықтаудың маңызы зор.

ҚК-тің 4-бабына сәйкес қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан қылмыс жасалған уақыт деп танылады.

Бұл норма материалдық сондай-ақ формальды қылмыс құрамының жасалу уақытын анықтайтын бірыңғай ережені бекітеді.

Қылмыстық заң мынадай әр түрлі негіздерге байланысты өзінің күшін жоюы немесе тоқтатуы мүмкін:

а) сол заңды басқа жаңа заң алмастыруына байланысты;

ә) заңда көрсетілген мерзімнің өтуіне я болмаса басқа заңдардың болуына байланысты;

б) егер қылмыстық заң белгілі бір мерзімге немесе ерекше мән жайларға қатысты шығарылса, онда ол белгіленген мерзімнің өтуімен немесе аталған мән-жайлардың жойылуымен өзінің күшін жоюы не тоқтатуы мүмкін.

ҚК-тің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық занның күшінің ол заңды күшіне енгенге дейінгі болған әрекеттерге қолданыла беруіне мүмкіндік береді.

ҚК-тің 5-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жөңілдететін заңның кері күші болады, яғни мұндай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

Жаңа қылмыстық заң мына жағдайларда әр кезде де кері күшке ие:

1) әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жойғанда;

2) жауаптылықты немесе жазаны  женілдеткенде;

3) қылмыс жасаған адамның жағдайын  өзге де жолдармен жақсартқанда.

Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын заң болып әрекеттің қылмыс қатарынан (яғни Қылмыстық кодекстен) алынып тасталуын көздейтін немесе осы әрекет үшін оның жазаланушылығын жоятын заң танылады.

Жаңа заңның, ескі заңмен салыстырғандағы жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететіндігін анықтау мәселесі екі заңның да диспозициясы мен санкциясын салыстыру негізінде шешілуі қажет.

Өзгеріске түспеген диспозицияда егер жаңа заң:

1) жазаның бір түрін басқа түрімен - жеңіл жазамен ауыстырса (мысалы, бас бостандығынан айыруды түзеу жұмыстарына ауыстырса);

2) жазаның бұрын көзделген бір  түрінің орнына (мысалы, бас бостандығынан  айыру) жаңа заңның санкциясында  басқа да неғұрлым жеңілірек жазалар енгізілсе (мысалы, бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары немесе айыппұл);

Информация о работе Заң түсінігі, белгілері