Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июля 2015 в 22:22, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
- қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
- қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
- қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................5
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы мен белгілері..........................................................5
1.2 Қылмыстық заңның құрылымы.............................................................................8
1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші...............................................................15
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР......................21
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру...........................................................21
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші.................................................................22
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру ері........................................................................28
2.4 Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері.....................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................36
жалпықҚұқықтық және арнайы пәндер кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
78 тақырыбы: «Заң түсінігі, белгілері»
Орындады:
МАЗМҰНЫ
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ......................
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы мен белгілері.....................
1.2 Қылмыстық заңның құрылымы......................
1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші..........................
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ БОЙЫНША ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАР......................
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру..........................
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші..........................
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру ері...........................
2.4 Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру
ұғымы, түрлері және тәсілдері.....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық кылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
- қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі - қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
- қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
- қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.
Курстық зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлім, алты бөлімшеден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ: ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы мен белгілері
Қылмыстық заң - бұл қандай әрекет қылмыс болып танылатынын, сондай-ақ оларды істегені үшін қандай жаза тағайындалатынын, қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен қағидаларын белгілейтін, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздемелерін реттейтін мемлекеттік биліктің жоғарғы заң шығарушы органының қабылдайтын нормативтік актісі. Басқа заңдарға қарағанда қылмыстық заң құқықтық нормаларының мазмұнына қарай өзгешелікте болады Қазақстан Республикасындағы негізгі қылмыстық заң 1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген (Парламент 1997 жылдың 16-шілдесінде қабылдаған) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі болып табылады. Бұрынғы, 1959 жылдың 22-шілдесінде қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Қылмыстық кодексі қолданыста болған жылдарында көптеген өзгерістерге ұшырап, Қазақстан Республикасы егемендік алып, өз алдына бөлек мемлекет болып құрылғаннан кейін күшін жойып, қазіргі кезде тек қана тарихи тұрғыдан ғана қаралатын құжатқа айналды.
ҚР ҚК 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс». Бұл заңдылықты нығайтуға, қылмыстық заңнамаларды жүйелендіруге жағдай жасайды, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нормативтік материалдарын пайдалануына және халықтық құқықтық сауаттылығын артыруға көмектеседі.
Атап өтетін жай, бұл жөнінен Батыстағы көптеген елдерді республикамызбен салыстыратын болсақ, олардағы қылмыстық кодекстер жалғыз ғана қылмыстық-құқықтық акті болып табылмайды. Мәселен, ГФР-де, мысалы, экономикалық, шаруашьшық, көліктік қылмыстар үшін жауаптылықты қарастыратын кеңейтілген бөлек заңдар бар. Мұнда осы зандардың көптеген қылмыстық-құқықтық нормалары Қылмыстық кодекске қосылмайды, қайта солармен бірге қолданылады. Дегенмен, қылмыстық-құқық нормаларының толық жүйелендірілуімен көрінетін, көп тәжірибе жинақгаған және өзіндік құқық шығармашылық ағымы бар кеңестік қылмыстық құқығынан бас тартуға болмайтын сияқты. Осы сияқты ағымдарды қазақстандық қылмыстық құқықта сақтау қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыруда белгілі бір кепілдіктер береді.
Қылмыстық заңнаманың заңи негізі ҚР ҚК 1-бабының 2-бөлігінде керсетілгендей, Қазақстан Республикасының Конституциясы, сонай-ақ жалпы танымал қағидалар мен халықаралық құқық нормалар болып табылады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері 1997 жылғы Қылмыстық кодексте қылмыстык заңды қолдануға болмайтыңцығы туралы, қылмыстық заңның кері күші туралы, қылмыстың жасалуы туралы хабарламағаны үшін жауаптылыққа тартылмайтын адамдар тобы туралы қылмыстық-құқықтық нормалардың пайда болуына жағдай туғызады. Еліміздің негізгі заңының баптары, сондай-ақ көбінесе Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің құрылымын анықтауға себептер болды. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің Қаз КСР Қылмыстық кодексінен айырмашылығы мынада Қазақстан Республикасы Конституциясымен бекітілген тұлғалардың мүдделерін қорғау артықшылығына келетін болсақ, бірінші орында жеке тұлғаға қарсы істелген қылмыс үшін жауаптылық қарастырылады. Сонымен бірге, кейбір заң әдебиеттерінде айтып өтілгеніндей Қазакстан Республикасының Конституциясы жекелеген қылмыстық-құқықтық институттардың пайда болуына негіз болып табылады дегенді қолдай беруге болмайды. Ол мемлекеттің бүкіл саясатының құқықтық негізі ғана бола отырып, Қазақстан Республикасы қылмыстық саясатының бағытгары мен қағидаларын белгілейді. Осы айтылғандарға орай қылмыстық кұқықтың қайнар-кездеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық баптары жатады деп айтуға болады /4/. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, құқықтың өз алдына бөлек құқықтың қайнар-көздері болып (соның ішінде қылмыстық құқықтар) халықаралық құқықтың кейбір нормалары болып табылады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-бөлігінде «Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» деп жарияланады. Дегенмен, қылмыстық құқықта қолдануға қатысты жалпы конституциялық нормалар нақтылау мен дәлелдеулерді қажет етеді. Мәселе мынада, солардың негізінде кінәлі адамды қылмыстық жазаға тартуға немесе осы адамға жаза тағайындауға болмайды, ойткені бұл нормаларда қылмыстық құқықтық санкциялар жоқ. Алайда, мемлекеттік ішкі қылмыстық-құқықтық нормалар аталған халықаралақ нормаларға қайшы келетін болса, Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтық нормалардың тікелей әрекет етуімен адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты нормативтік қаулыларының заңи табиғаты туралы мәселе осы күнге дейін даулы күйінде қалып отыр, өйткені Жоғарғы сот қылмыстық зандағы қылмыстық-құқықтық нормалардың мәні мен мағынасын ғана ашады, ал жаңа нормалар жасамайды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына құқықтық шығармашылық қызмет тән емес, ал кейбір жағдайларда занды түсіндіруді желеу етіп занға өзгерту енгізуге деген талпынысын оның өз құзыретінің шеңберінен шығып кетуі деп қарауға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясы өзінің 4-бабының 1-бөлігімен республиканың колданыстағы құқық қатарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларын да енгізеді. Бұл қаулы сот тәжірибелерін қорытындылай келе, заңға, соның ішінде қылмыстық заңға, оны қолдануда қателіктерге жол бермес үшін соттық түсіндірме береді. Осы айтылғандар Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларында қайнар-көздер болып табылады деген қорытынды жасуға мүмкіндік береді. ҚР ҚК 3-бабында «қылмыс істеу, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықгың бірден-бір негізі болып табылады», деп айтылған. Осыған байланысты қылмыстық заң қылмыстық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асырудың мызғымас негіздемесі болып танылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасы жоқ жерден пайда бола қалған жоқ, ол тікелей кеңестік қылмыстық кұқықтан пайда болды. Соған қарамастан одан қазақтың әдеттегі құқық ережелері де, сондай-ақ сан ғасырлық тарихы бар ресейлік құқықтық заңнамаларының кейбір институттары да көрініс тапқан.
КСР Одағы тарағаннан кейін және республика өз алдына бөлек нағыз мемлекеттілікке көшкеннен кейін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына ескі идеологиядан бас тартушылықты білдіретін және бұқаралық құндылыққа қарағанда жалпы адамзаттық құндылықтың басымдығын тануды, «социалистік таңдау» жолын қуушылықтан бас тартуды, қылмыстық заңдылық идеясының негізін салушы ретіндегі адамның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды тануға шешімді қадам істеуын білдіретін өзгерістер енгізу мүмкіндіктеріне ие болды.
1948 жылғы 10-желтоқсандағы адам мен
азаматтар құқықтары мен