Құқық бұзушылықтың белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 20:20, курсовая работа

Краткое описание

Бұл тақырыптың маңыздылығы қазіргі 21 ғасырда өз мазмұнын жойған жоқ.«Құқық»,«құқықбұзушылық» термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көпеңбек арнаған.Оның себебі, адамзатқандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейін адамзат «заң» мен «жеке құқықты» ойлаптапты. Құқықбұзушылық пен,адамбаласы жербетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: «Құқықбұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі».

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................4
1. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ........................................................................6
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі ........................................................................6
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері .........................................................................7

2. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ........16
2.1 Құқық бұзушылықтың белгілері ......................................................................16
2.2 Құқықбұзушылықтың алдын алу......................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ………..…………………………………….................................... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқық бұзушылық.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

- кінәлі адамның зұлымдығын  бетіне басып, оның іс-әрекетінің  қоғам үшін қауіпті екенін  көрсету;    

- қоғамға, жеке адамға  істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да  күн туатынын дәлеледеу;       

- заңды бұзушылықтан  басқа адамдарды сақтандыру болып  табылады.

 Әрекет – әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіншілік бергенмен де, оның мазмұнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің  жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың заңды құрамы  болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.       

Құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын әрекет-әрекетсіздікті жасау немесе құқық нормаларында көрсетілген құқыққа сай әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.      

Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік, белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиялы келеді.     

1. Объективтік жағы  – құқыққа қайшы (қарсы) әрекеттің (әрекетсіздіктің) сыртқы көрінісі. Құқық бұзушылықтың объективтік  жағынан элементіне әрекет-әрекетсіздікпен  келтіретін зиянның арасындағы  себепті байланыс және келтірілген зала жатады. Заң территориясында себепті байланыс дегеніміз – келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою, азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу т.с.с.[17, 184б]

Зиян – қолайсыз салдар, бұлармүліктік, мүліктік емес, ұйымдық, жекелік (дербес) және басқалай да сипаттар түрінде болуы мүмкін. Зиянның объективтік жағына сондай-ақ құқық бұзушылықтың болған орны мен уақыты да кіреді.

Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.    

Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ, Демек, әрекет-әрекетсіздікпен қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нәтижесі арасындағы байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.     

2. Объект – құқық  нормалары қорғайтын бұзылған  мүліктік немесе мүліктік емес  игілік. Құқық бұзушылықтың объектісі – қандай затқа құқық бұзушылық бағытталып, оған нұқсан келтірілсе сол зат аталған объект болып табылады. Мұндағы тектік объекті – қоғамдық қатынастар, ал түрлік объект – өмір, ар-намыс, денсаулық, т.б. Яғни, құқықпен реттеліп қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.     

Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүделері көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.     

3. Субъективтік жағы – бұған өзінің жасаған әрекетіне және оның салдарына сол тұлғаның субъективтік қатынасын (қарауын) сипаттайтын үлгілердің (нышандардың) жиынтығы жатады. Мұнда басты категориялары болып – кінә, себеп және мақсаттар болып табылады. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын, элементтерді құрайды.  Субъективтік жағынан алып қарағанда  барлық құқық бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқық бұзушылық – құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып табылады.[17, 184б]

Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды – нәтижесін алдын-ала болжағандығы немесе болжамандығына қатысты анықталады және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасақаналықта адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал, абайсыздықта адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтелікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін болжай алмайды. Яғни,  кінә (қасақаналық немесе абайсыздық) адамның еркімен байланысты болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып табылмақ. [9,156б]   

Дегенмен, мұнда құқық бұзушыллыққа жол берген психологиялық факторлар да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп отырғанымыз - құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал мақсат – құқық бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерін тани білу әрекет-әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу және құқықты қорғалатын қоғамның,  мемлекеттің және азаматтардың мүдделерін зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға мүмкіндік береді.    

4. Субъект - әрекет қабілеттігі  бар заңды бұзушы тұлға. Құқық  бұзушылықтың субъектісі – кінәлі, құқыққа қайшы (қарсы) әрекет жасаған  адам. Мұндай субъект деликт қабілеттілігі бар адам және заңды тұлға танылады. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толы керек. Айталық, қылмыстың жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтық жауапкершілік 15 жастан есептеледі.       

Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен практикада біркелкі шешілмеген, құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады. Азаматтық құқық жеке құқық бұзушыларды (жеке адамдар) да, ұжымдық құқық бұзушыларды (заңды тұлғалар) да құқық бұзушылар деп таниды. Қылмыстық және әкімшілік құқық тек қана жеке құқық бұзушыны сондай деп таниды, өйткені істелген әрекеттің ауырлығына және кінәнің нысанына қарай құқықтық жауапкершілікті дараландыру мен саралауды міндетті түрде қажет етеді (дегенмен, жанама түрде, қылмысқа қатысу институты арқылы құқықтың бұл салаларында ұжымдық субъектілерді де бөлу мүмкін).

Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа жол берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі – жауапкершілікке жеке тұлға тартылады. Қылмыс топ болып жасалса да, оның әрбір қатысушысы өзінің істеген жеке әрекеті үшін жауап береді. Өзге құқық салаларында, бір тобы адамдардың тобын құқық бұзушылық субъектісі деп таныса, екіншілері бұлай санамайды.      

Сонымен, құқық бұзушылық - әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің заңды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және кінәлі әрекет - әрекетсіздігі.    

 

 

                             2.2 Құқықбұзушылықтың алдын алу

                                       

        Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиес іжәне спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.Кәмелетке толмағандар құқықбұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқыту да отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрібер екелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуітиіс.Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.Кәмелетке толмағандар құқықбұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашарболуына байланысты бала бақша мен мектептерге бара алмауын әтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқықбұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.Сонымен қатар, әлі де болса біліктілігі жоғары педагог таржалақының төмендігіне байланысты саудамен айналысуға мәжбүр.Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанхалқына Жолдауында жаһандық дағдарысқа қарамастан мемлекеттің әлеуметтік саясаты -  ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, қамқоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр.Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

                                      

 

 

                                                  

 

                                               

 

 

                                                   

 

                                                      ҚОРЫТЫНДЫ  

 

Сонымен, заңның талаптарына теріс пиғыл – құқық бұзушылықтың қайнар бұлағы. Құқық бұзушылық – заңдарға немқұрайлықпен қарау, олардың талаптарын орындамау. Құқықты бұзушылық – құқыққа қарсы қылықтан көрініс табады. Қылықтың екі түрі бар: іс-әрекет және әрекетсіздік. Адам заңды әрекет жасау арқылы да, ешқандай әрекет жасамай да бұзуы мүмкін. Егер адам біреудің денесін жарақаттандырса немесе мүлкін ұрласа – бұл әрекет, заңды бұзатын қылық. Егерде милиционер қызмет орнында тұрғанда бейбастақтықты тоқтатуға рекет жасамаса бұл әрекетсіздік заңды бұзатын қылық. Сондықтан заңның талабын әрекет арқылы немесе әрекетіздік арқылы бұзатын қылық үшін жауаптылық белгіленеді. Егерде заң қандай да болсын әрекетке тыйым салмаса немесе әрекетсіздік үшін жауаптылық белгілемесе, онда құқық бұзушылық та болмайды. Мысалы, адамның ойы үшн, нанымы үшін заң бойынша жауаптылыққа тартуға болмайды.

Қандай да болсын құқық бұзушылықтың маңызды белгісі – оның зияндысалдары. Зиян нақты адамға, ұйымға, қоғамға, мемлекетке келтірілуі мүмкін. Зиян – құқықты бұзушылықтың теріс салдары. Құқық бұзушылықтың нәтижесінде құнды зат жойылады, адам қаза болады, ар-намысқа нұқсан келеді, қоғамдық тәртіп бұзылады, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер туады т.с.с. Құқықты бұзушылықтың ауырлығына байланысты оның салдары да түрлі болады. Сондықтан оның салдарына байланысты заң жазаның әр түрін белгілейді.

Құқық бұзушылықтың маңызды белгісіне құқық бұзушының өз қылығына қөзқарасы жатады. Адам өз қылығының заңды бұзатынын сезінуі, түсінуі қажет. Егер адам заңды саналы түрде бұзатын болса, ол құқық бұзғаны үшін кінәлі деп саналады. Адам өз іс-әрекетімен мәнін түсіну үшін белгілі бір жасқа толуы керек. Өз іс-әрекетімен өзінің құқықтарын пайдалана алса және өз қылығы үшін өзі жауап бере алатын қабілеті болса, оны әрекет қабілеттілігі деп атайды. Әрекет қабілеттілігі ішінара және толық болады. 18 жасқа дейін адамның, әдетте, әрекет қабілеттілігі ішінара болады. Былай айтқанда адам ішінара, нақтылы бір заң белгілеген көлемде әрекет жасап, сол әрекет үшін өзі жауап береді. Ал басқа оған қажетті әрекеттерді оның мүддесі үшін оның заңды өкілдері жасайды (ата-ана, қамқоршы).

Адамның толық қабілеттілігі 18 жасқа толғаннан кейін пайда болады. Кейде, заңда көрсетілген жағдайда ересек адам сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектелген немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылуы мүмкін.

Информация о работе Құқық бұзушылықтың белгілері