Құқық бұзушылықтың белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 20:20, курсовая работа

Краткое описание

Бұл тақырыптың маңыздылығы қазіргі 21 ғасырда өз мазмұнын жойған жоқ.«Құқық»,«құқықбұзушылық» термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көпеңбек арнаған.Оның себебі, адамзатқандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейін адамзат «заң» мен «жеке құқықты» ойлаптапты. Құқықбұзушылық пен,адамбаласы жербетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: «Құқықбұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі».

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................4
1. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ........................................................................6
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі ........................................................................6
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері .........................................................................7

2. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ........16
2.1 Құқық бұзушылықтың белгілері ......................................................................16
2.2 Құқықбұзушылықтың алдын алу......................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ………..…………………………………….................................... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқық бұзушылық.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыскерлікті сипаттау үшін пайдаланылатын криминологиялық санаттарға қылмыскерліктің жай-күйі, құрылымы, серпінділігі және географиясы ұғымдары пайдаланылады.

Қылмыскерліктің жай-күйі – белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт ішінде жасалған қылмыстардың сан тұрғысындағы сипаттамасы.

Халқының саны бірдей емес әртүрлі аймақтардағы қылмыскерлік деңгейін салыстыру үшін қылмыскерлік коэффиценті пайдаланылады. Ол белгілі бір аумақта тұратын халықтың 1000, 10 мың немесе 100 мың адамға шаққандағы қылмыс санының негізге ала отырып анықталады.

Қылмыскерлік коэффицентін есептеп шығарған соң қылмыскерлік деңгейі жоғары немесе төмен аймақтарды анықтауға, уақыт өте келе бұл деңгейдің өзгеруін анықтауға болады.

Қылмыскерлік құрылымы – қылмыстардың қауіптілік дәрежесіне және олардың жалпы қылмыскерліктегі үлесіне қарай қылмыскерліктің түрлері бойынша сапалық сипаттамасы (кісі өлтірушілік; бұзақылық; ұрлық; қызметтік қылмыстар және т.б.).

Қылмыскерлік құрылымы қасақана және абайсызда жасалған; ашкөздік және күш қоладанылған; айқын және патенттік; қылмыскерлердің жынысы мен жасы бойынша; қылмыстың жасалған уақыты мен орны бойынша қылмыстар болып бөлінеді.

Қылмыскерлік серпінділік –қылмыскерлікке қозғалыс үстінде, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде болған сан және сапа өзгерістері арқылы заңдардағы және халық санындағы өзгерістерді ескере отырып берілетін сипаттама.

Қылмыскерлік қоғам мен жеке адам өмірінің мейлінше сан алуан жақтарымен байланысты. Сондықтан қылмыскерліктің жай-күйіндегі қоғам үшін ойдағы немес керексіз бағыттағы өзгерістерді туғызатын себептер немесе факторлар да мейлінше әртүрлі болуы мүмкін. Мұндай факторлар көп, бірақ олардың қылмыскерлікке әсер ету дәрежесі бірдей емес. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. Көшіп-қону, халықтың жыныстық жас құрылымының өзгеруі, аймақтардағы еңбек молшылығы сияқты демографиялық сипаттағы факторлар;
  2. Тұрмыс деңгейінің төмендеуі, өндірістің құлдырауы, жұмыссыздықтың өсуі сияқтыэкономикалық сипаттағы факторлар;
  3. Жеке мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасаудың дәстүрлі нысындарының әлсіреуі, ажырасулар мен отбасыларының ыдырауы санының өсуі, балалардың бақылаусыздығы, халықтың білім және мәдени деңгейінің төмендеуі, маскүнемдіктің, уытқұмарлық пен нашақорлықтың өсуі сияқты әлеуметтік және әлеуметттік-психологиялық сипаттағы факторлар;
  4. Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес жөніндегі органдарының ұйымдастарылуы мен қызметінің деңгейі, тәрбие алдын-алу жұмысының сапасы мен тиімділігі, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңдары жүйесінің қоғамдағы қылмыскерліктің жай-күйіне дәлме-дәл келуі, мемлекеттің кешірім жасау туралы актілер қабылдауының оңтайлылығы және басқалар сияқты ұйымдық-құқықтық сипаттағы факторлар.

Жалпы ел бойынша қылмыскерліктің жай-күйіне талдау жасау қалалық және ауылдықжерлердегі, үлкен және шағын қалаларындағы, белгілі бір аудандар мен облыстардағы қылмыскерліктің деңгейі мен құрылымында елеулі айырмашылықтар бар екенін әрқашан көрсетіп келеді. Мұның қылмыскерліктің әртүрлі, белгілі бір аймақта басым факторларының әрекет етуіне байланысты екені айқын. Елдің нақты жерлеріндегі қылмыскерліктің жай-күйіне ықпал жасаудың ерекшеліктері қылмыскерліктің географиясы деп аталады.

Қылмыстардың себептерін олардың жасалу жағдайларымен және дәлелдерімен теңестіруге болмайды. Қылмыстардың себептері қылмыстық нәтиже туғызады, яғни салармен қажетті байланыста болады. Қылмыстардың жағдайлары салдардың басталуына жәрдемдеседі, белгілі бір себептердің әрекетін күшейтіп немесе әлсіретіп, оларды тікелей туғызбауы мүмкін. Қылмыстардың дәлелі субъектіні құқыққа қарсы нақты әрекеттер жасауға тікелей итермелейді.

Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда әлеуметтік зияндылығы мен қоғамдық қауіптіліг біршама төмен дәрежеде болатындығымен ерекшеленетін және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.

Бұлардың нұқсан келтіретін объектілері мен заңдық салдары да түрлі-түрлі болып келеді және де олар қоғам болмысының әр түрлі салаларында кездеседі. [8, 89б]

Теріс қылықтардың қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтауда төмендегідей айырмашылық белгілері ескеріледі:

  1. Нұқсан келтірілген қоғамдық қатынастардың объект түріндегі маңыздылығының дәрежесі;
  2. Келтірілген зиянның мөлшері;
  3. Құқыққа қарсы (қайшы) әрекеттің жасалу тәсілі, уақыты мен орны;
  4. Құқық бұзушының өз баса.[17,182-183б]

Жекелеген қылмыстың тікелей себебінің пайда болуына әкеп соққан мән-жайлар кешенін криминологтар мынадай үш топқа бөледі:

  1. Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу жағдайлары;
  2. Қылмыс жасалған кездегі нақты жағдай, қылмыстың дәлелдері;
  3. Қылмыстық нәтиженің болуына себепші болған мән-жайлар.

Тежеу бағыттары мен қылмысқа қарсы күрестің әдістері қоғамда осы құбылысты туғызатын жағдайлардың себептері мен ерекшеліктердің сипатымен анықталады.

Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласына жасалуы, келтірген зиянның сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне баланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.

Теріс қылықтардың жіктелуі:

  1. Мүліктік және кейбір жекелік мүліктік емес қатынастар аясындағы құқық нормаларын бұзу – азаматтық құқықтық нормаларды бұзушылықтар деп аталады.[17,183б]

Азаматтық құқықбұзушылық азаматтық құқық нормаларымен реттелетін және оны мен баланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет, әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді.

Шартты – азаматтық құқықтың артқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.

Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы олардың заңды тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмілені өзгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.

Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ адамдардың құқықтық нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз.

Әлеуметтік жағдайлар – отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уаймсыз, тоқтықта өскендер де заңды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. «Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз» - деген мақал айғағы болса керек.

Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі болатыны белгілі. Біреуі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысының әртүрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық тұқым қуаламайды, бірақ, адамның жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.

Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы да олардың талаптарын орындамауға себебн тигізетіні сөзсіз. Шынында да мемлекетімізде жүздеген өаңдар қабылданған. Оларда азаматтарға сан алуан құқықтар беріліп, көптеген міндеттер жүктелген. Азаматтар ол заңдардың бәрін біле бермейді. Әрине заңды білмей бұзғанмен, біле тұрып қасақана немесе абайсызда бұзғанның салдары арасында өте үлкен айырмашылық бар. Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған заңды құжаттар баспасөз бетінде жариялануы қажет. Егер жарияланбаса, оның күші болмайды. Ондай құжаттың талаптарын орындамаған адам жауапқа тартылмайды. [1]

Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананың төмен деңгейлігі.

Ал объективтік себебі – өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы қайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға оның субъективтік және объективтік себептерінің орнын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады.

Құқық бұзушылық қашан да жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз.

К.Маркс былай деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың ара байланысы мен қарым-қатынасын бейнелейді (К.Маркс, Ф,Энгельс) [3, 3б] .

Сондықтан да құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер арқылы түсіну мүмкін емес.

Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктері мен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылықта деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағадайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, тұтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайда бұлар бір-бірімен сәкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды. [9,67б]

Жеке адамның әлеметтік мәртебелерінің бір-бірінесәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси-экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдай сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекеттерге барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатқын жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттігін өтемесе қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады.

Жоғарыда айтып өткен құқық бұзушылықтың негізгі себептерін тұжырымдай келе байқайтынымыз заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.

Заңды мінез-құлық құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.

Азаматтар құқық нормаларының талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:

  1. Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделеген заңды әрекеттері оның түрлері сан алуан.
  2. Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтық пен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әрине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлық қоғам да ештеңе ұмытпайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса мемлекетке зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын немқұрайлығын пайдаланып, теріс ниеттің лауазымды тұлғалар мемлекет органдарының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін.
  1. Заң белгілеген қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару-орындау саласындағы қатынастарға нұқсан келтіру әкімшілік құқық бұзушылықтар деп аталады.

Жеке адамның құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыздық) іс әрекет жасаған әрекет немесе әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. [4]

Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Әкімшілік құқықытық нормаларды талдау барысында барлық әкімшілік құқық бұзушылықтарға тән, жалпы белгілерді анықтауға болады және осы белгілері арқылы заңсыз мінез-құлықты, заңды мінез-құлықты, сонымен бірге басқа да құқық бұзушылыққа тән (қылмыстан, тәртіптік қылықтар және т.б.) ерекшеліктерді айырға болады. Бұл белгілердің қатарына  мыналарды жатқызуға болды:

  • Теріс қоғамдық;
  • Құқыққа қарсылық;
  • Кінәлілік;
  • Әрекеттің жазалануы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшеленеді.

Мәселен ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін оның заңдылық құрамынан айыра білу қажет. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына, мынадай элементтерді құрайды:

Информация о работе Құқық бұзушылықтың белгілері