Медициналық мекемелердегі құжаттардың жіктемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 14:49, реферат

Краткое описание

Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақтар жеткілікті. Түрлі болжамдар мен салмақты ғылыми ізденістер нәтижесінде жарық көрген сүбелі дүниелер де көп. Оның барлығына тоқталып жатуды былай қойғанда, атауларын тізіп шығудың өзі мол көлемді талап етеді. Сондықтан біз бұл жерде тақырыпқа қатысты негізгі мәселелерді қысқаша тұжырымдап берумен шектелгенді жөн көріп отырмыз. Сонымен, іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі құжат дегеніміз не?

Содержание

Кіріспе
І. Құжаттану тарихы
ІІ. Құжат ұғымы, жіктемесі
1. Медициналық мекеме жайлы
2.Ақпараттық – анықтамалық құжаттар
3.Медициналық мекемедегі іс-қағаздар түрлері
4.Жеке медициналық кітапшаны беру,
есепке алу және толтыру ережесі
5.Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
6. Медициналық қызметке лицензия және қосымша алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат.
7.Медициналық сақтандыру
8.Жедел жәрдем стансасы және оның бөлімшелерінің әкімшілік басқарылуы.
ІІІ. Жаңалықтар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жәділ Аида.docx

— 198.56 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында. Медициналық сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады. Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналарын жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорынның, ұйымның, басқа да жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыс сыздар үшін тиісті деңгейдегі бюджеттерден қаражат аударылады. Ерікті медициналық сақтандыруда сақтандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен медициналық мекеме арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Сақтандыру шарттарын азаматтар жеке өзі жасайды немесе олар сақтандыру жарнасын кәсіпорынның, ұйымның, тағыда басқа пайдасынан төлеу жолымен ұжымдық нысанда жасалуы мүмкін. Еңбекшілердің өз қаражатынан төленетін ерікті медициналық сақтандыру бойынша неғұрлым жоғары деңгейде медициалық көмек көрсету көзделеді. Арнаулы медициналық сақтандыру қорларына аударылатын міндетті не ерікті сақтандыру жарналары денсаулық сақтау мекемелерінің сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетуін қаржыландыру көзі болып табылады. Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін дербес коммерциялы емес қаржы ұйымдары ретінде жалпы ұлттық не аумақтық міндетті медициналық сақтандыру қорлары құрылады. Әрбір сақтандырылушы елдің кез келген аумағында медициналық көмек алуға кепілдік беретін медициналық полис алады. Мемлекеттік және жергілікті денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыруға аударылған қаражатқа салық салынбайды.

Медициналық сақтандыру - бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджеттік қаражаттар есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін жәнемедицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.

Медициналық сақтандырудың  екі түрі бар: міндетті және ерікті.

Міндетті медициналық  сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюджетке төленетін аударымдардың бірдей мөлшерлемесі белгіленеді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл нысан, оның барлық артықшылықтарына қарамастан, Қазақстанда іске асырылмайды.

Міндетті медициналық  сақтандыру дамыған елдердің көпшілігінде бар және азаматтардың денсаулығын  қорғауға арналған конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған.

Міндетті медициналық  сақтандырудың құндылығы келісімшарт  тәртібінің болуы, демек, келісімшарт  орындалмаған кезде, сақтық қорғау мүмкіндігі, емделген ауру адамдардың санына қарай  медициналық мекемелердің кепілденілген  ақша алуы, медициналық жәрдем жақсы  болса, бұл медициналық мекемеге аурулар көп келетіндіктен медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға ұмтылуы және т.б. болып табылады. Дәрігерлер ауруды емдеуге ынталы болады; сөйтіп, медицинаға қалыпты рыноктық қатынастар енгізіледі.

Ерікті медициналық  сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақталған және жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жәрдем алу мүмкіндігі болып табылады.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,ең дұрысы міндетті және ерікті медициналық сақтандырудың  үйлесімі болып табылады.

Мысалы, АҚШ-та «Медикор» жүйесі - егде адамдар үшін, «Медикэйд» жүйесі - кедейлер, жұмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де - сыркатты сақтандыру. Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттегідей, өзін-өзі сақтандыру қағидатында (жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және мемлекеттің негізінен төменгі әкімшілік буынның қатысуы) жұмыс істейді және нысандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Медициналық сақтық қорғаудың ұжымдық (сапалық), қоғамдық (мемлекеттік) және жеке (жекеше) жүйелері бар. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақтық қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтаушылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сарапанған.

Қазақстанда медициналық  сақтандыруды ұйымдастырудың белгілі  бір тәжірибесі жинақтапған еді, бірақ жүйені басқару сапасының  төмендігінен және міндетті медициналық  сақтандыру қорының жұмылдырылған  қаражаттарын мақсатты және тиімді пайдалануды  бақылаудың жеткіліксіздігінен ол беделін  жоғалтқан болатын. Қор жойылды, емдеу мекемелері қаржыландырудың  басты көздерінің бірінен айырылды, ал ақысыз медицина экономикалық қиыншылықтарға қарай толықтай дерлік ақылыға ауысты.

Міндетті медициналық  сақтандыру медициналық жәрдемнің  сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты - міндетті медициналық  сақтандырудың базалық бағдарламасымен  жәнемедициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету.

Медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың жұмыс істеуі медщиналық қызмет көрсетудің рыногын тудырады, онда бұл қызметтер  көрсетуді жасаушылардың - медициналық  мекемелердің, олардың жұмыскерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің  нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің  саны мен сапасына тікелей мүдделігі  пайда болады. Басқа жағынан, медициналық  көмекті тұтынушылар ретіндегі пациенттердің емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан пациенттердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады.

Сөйтіп, медициналық сақтандыру сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды  буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы - еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылуының әлеуметтік-экономикалық үдерістерінде оның рөлі салмақты. Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының жұмыс істеунің қағидалық ерекшеліктеріне негізделген: қалыптастырудың қоғамдық ынтымақтастығы, іс-әрекеттің орталықсыздандырылуы (бөлшектенуі), ұйымдастырудың міндетті нысаны - бұлар барлық азаматтарға қажетті медициналық көмек берудің кепілдіктерін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

Жедел жәрдем стансасы және оның бөлімшелерінің әкімшілік  басқарылуы.

Стансаны бас дәрігер  басқарады және ол барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастырады. Медициналық қамсыздандырумен, жабдықтаумен және мекемеге байланыстышығындар жергілікті қаражатпен қамтамасыз етіледі.

Қосалқы стансалар жоспарланған аймақтар санын ескеріп қала аумағында  орналасқан. Негізгі талап ол бригаданың шақыру қабылдағаннан бастап, шақырған жерге 15 минуттан кешіктірмей келіп жету мүмкіншілігі болып табылады. Атап айтсақ, Астана қаласының жедел медициналық жәрдем қызметінің тиімді ұйымдастырылуын төменде аталғандар көрсетеді:

    • -қызмет құрамында мамандырылған бригадалардың болуы (кардиореанимациялық, кардиологиялық, педиатриялық, ҮТБ).
    • - Шақыруларды қабылдап, бригадаларды шақыруға бағыттауды жүзеге асыратын диспетчерлік қызметтің тиянақты жұмысы.
    • - Қосалқы стансалардың тиімді орналасуы.
    • - Ауруханалардың ургенттілігін ескеріп, госпитализациялаудың нақты жүйесі.

Қалалық жедел медициналық  жәрдем стансасы, Астана қаласының  тұрғындарына ауруханаға дейінгі кезеңде  шұғыл медициналық көмек көрсетуді  қамтамасыз етеді.

Стансаның бөлімшелері  мен қызметтері.

Қалалық жедел медициналық  жәрдем стансасы орталық қосалқы  стансасынан және қала орталығынан  алыстатылған аймақтарда орналасқан 5 қосалқы стансадан тұрады.

Стансада құрамына диспетчерлік және мәлімет-ақпараттық қызмет кіретін  жедел орталық бар. Орталықтың басшылығын кезекшіліктің аға дәрігері мен аға диспетчері жүзеге асырады.

Қосалқы станса төменде  аталғандардан тұрады:

1. диспетчерлік бөлім;

2. байлап-таңу бөлмесі,  онда тікелей стансаға жолыққан  науқастар мен

зақымданғандарға медициналық  көмек көрсетіледі.

3. заттар сақтайтын бөлім,  дәрі-дәрмектердің, құрал жабдықтардың  және байлап-таңу заттардың қорымен.

4. Медицина қызметкерлері  мен жүргізушілерге арналған  демалысбөлмелері.

Материалдық қамтамасыздандыру  үшін жауапкершілікті меңгерушілер мен қосалқы стансалардың аға  фельдшерлері атқарады.

Орталық қосалқы бөлімшеде  әкімшілік-шаруашылық қызметі, байланыс қызметі, техникалық қызмет көрсетуге  және көлік жөндеуге арналған гараждар орналасқан.Сонымен қатар, жеке автоклав пен кір жуатын бөлімдері бар.

Стансаның және қаланың  амбулаторлы-емханалық мекеме жұмыстарының өзара байланысы.

Барлық шақырулардың  үштен бірі емханалардың жұмыс уақытына сәйкес келеді, дәлірек айтқанда, сағ.8:00 ден сағ 18:00 ге дейін. Әрбір үшінші шақыру созылмалы науқастарға, олардың ішінде көбісі емханада емделуге немесе диспансерлік бақылауға жататын науқастар.

Жедел жәрдем шақыруларын  талдау барысында бірқатар жағдайларда, осы науқастарға лайықты көмекті емханада немесе жанұялық дәрігерлік амбулаторияда көрсетілуі тиіс екені анықталды. Сондықтан күнделікті шақыру түскен кезде 103 диспетчерлері шақыру себебін талдап, олардың ішінде учаскелік терапевттің кеңесі, егер шұғыл медициналық көмек қажет болмаған жағдайда базисті ем тағайындауға  көрсетілген науқастардың шақыруларын емханаға қайта жолдайды.

Шақыртулардың түсу заңдылықтарын  апта күндері бойынша зерттеуі, жұмыс  күндерімен салыстырғанда сенбі  мен жексенбі күндері  шақырулардың 10-40% артқанын көрсетті. Тәуліктік сағат бойынша шақырулар жиілігін талдау кезінде, шақырулар ең аз кезең сағат  01ден таңғы 06 сағ. дейінгі уақытқа сәйкес келеді, ал ең ауыр кезең сағ.16дан  24 сағ. дейін.

Қазіргі шақта науқастарды емдеуде аймақтық емханалармен өзара байланыс жөнделген, өйткені жедел жәрдемді жиі шақыртатын созылмалы аурулары бар науқастар. Оларды кезекшіліктің аға дәрігері, бөлім меңгерушілері журналға тіркеп, күнде осындай науқастар жайлы ақпарат емханаға беріліп жатады. Тоқсан соңында бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары  және бөлім меңгерушілері емханадағы жиналысқа қатысып, олармен бірге осы науқастар тобымен жасалған жұмыстар талданады.

Жедел жәрдемнің  мақсаттары.

«Жедел медициналық көмек» атауы, қысқа мерзім ішінде көмек көрсету-жұмыс принципін куәландырады.

Жедел жәрдем жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері:

- тұрғындарға толық қол жетерлік;

- жұмыс шапшаңдығы мен  дер кезілік;

- көлем толықтығы мен  жоғары мамандылық;

- медициналық мекемелерге  сәйкес кедергісіз госпитализациялауды  қамтамасыз ету.

 

 

 

            Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Құжаттану және мұрағат ісі бойынша ғылыми техникалық ақпарат орталығы республикалық орталық болып табылады. Оның мақсаты: құжаттану және мұрағат ісі саласындағы ғылыми техникалық ақпараттың салалық жүйесін ұйымдастыру, құжаттану және мұрағат ісі саласындағы ғылыми техникалық қызметті жетілдіру, мұрағат мекемелерінде құжаттану және мұрағат ісі саласындағы ғылыми техникалық жетістіктермен және алдыңғы қатарлы тәжірибемен бөлісу, мемлекеттік мұрағат мекемелерін қорға жаңа түскен материалдар туралы хабардар ету, ақпараттық анықтамалық басыламдар шығару. 
Сайт құрылымын қарай отырып, Сіз қор туралы ақпаратпен таныса аласыз, құжаттану және мұрағат ісі саласындағы соңғы жаңалықтармен таныса аласыз. МІҚЖҒТАО қызметкерлері Қазақстан Республикасының мұрағат саласына, өздерінің тәжірибесі мен біліктілігімен үлестерін қосуға дайын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2
  3. Интернет көздері
  4. www.google.kz

Информация о работе Медициналық мекемелердегі құжаттардың жіктемесі