Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 14:49, реферат
Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақтар жеткілікті. Түрлі болжамдар мен салмақты ғылыми ізденістер нәтижесінде жарық көрген сүбелі дүниелер де көп. Оның барлығына тоқталып жатуды былай қойғанда, атауларын тізіп шығудың өзі мол көлемді талап етеді. Сондықтан біз бұл жерде тақырыпқа қатысты негізгі мәселелерді қысқаша тұжырымдап берумен шектелгенді жөн көріп отырмыз. Сонымен, іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі құжат дегеніміз не?
Кіріспе
І. Құжаттану тарихы
ІІ. Құжат ұғымы, жіктемесі
1. Медициналық мекеме жайлы
2.Ақпараттық – анықтамалық құжаттар
3.Медициналық мекемедегі іс-қағаздар түрлері
4.Жеке медициналық кітапшаны беру,
есепке алу және толтыру ережесі
5.Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
6. Медициналық қызметке лицензия және қосымша алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат.
7.Медициналық сақтандыру
8.Жедел жәрдем стансасы және оның бөлімшелерінің әкімшілік басқарылуы.
ІІІ. Жаңалықтар
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
СӨЖ
Тақырыбы:
Медициналық мекемелердегі құжаттардың жіктемесі.
Орындаған: Жәділ Аида
Тексерген: Қошқарбаев.Е.Е
Жоспары:
Кіріспе
І. Құжаттану тарихы
ІІ. Құжат ұғымы, жіктемесі
1. Медициналық мекеме жайлы
2.Ақпараттық – анықтамалық құжаттар
3.Медициналық мекемедегі іс-қағаздар түрлері
4.Жеке медициналық
кітапшаны беру,
есепке алу және толтыру ережесі
5.Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
6. Медициналық қызметке лицензия және қосымша алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат.
7.Медициналық сақтандыру
8.Жедел жәрдем стансасы және оның бөлімшелерінің әкімшілік басқарылуы.
ІІІ. Жаңалықтар
Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақтар жеткілікті. Түрлі болжамдар мен салмақты ғылыми ізденістер нәтижесінде жарық көрген сүбелі дүниелер де көп. Оның барлығына тоқталып жатуды былай қойғанда, атауларын тізіп шығудың өзі мол көлемді талап етеді. Сондықтан біз бұл жерде тақырыпқа қатысты негізгі мәселелерді қысқаша тұжырымдап берумен шектелгенді жөн көріп отырмыз. Сонымен, іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі құжат дегеніміз не?
ҚҰЖАТТАУ, құжаттама – 1) қайсыбір мәселеге, құбылысқа, тұлғаға не мекемеге арналған құжаттардың жиынтығы.
Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат – ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т.б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.
Фабрика өнім шығаратыны секілді, әкімшілік басқармалары құжат шығарады. Мұның айырмасы фабрика үшін өнім шығару оның мақсаты болса, әкімшілік басқарудың мақсаты басқару қызметі болып табылады. Оны іске асыру үшін ол құжатпен ресімделуі керек.
«Құжат» ұғымы білімнің көптеген саласында қолданылып, тұтас бір ғылыми пәндер қатарындағы зерттеу объектісі болып табылады. Бұл ғылымдардың әрқайсысы құжатқа анықтама беруде қандай өлшемдер (құжаттың мәні, нысаны, ақпаратты жазу мен дыбыстап бейнелеу тәсілі т.б.) негіздеме ретінде алынғанына қарай өз тәсілдерін ұсынады.
Құжат ұғымына берілген
ығы.
ІC ҚАҒАЗДАРын ЖҮРГІЗУ
Ісқағаздарын жүргізу – бұл құжаттар дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет саласы. Соңғы кездері басқаруды құжаттандырумен қамтамасыз ету (БҚҚ) деген термин жиі қолданыла бастады. Бұл термин іс жүргізудің ұйымдастыру-техникалық негізін жетілдіруге байланысты, құжаттармен жұмыс жасау саласына есептеуіш техника құралдарын, ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудың қазіргі заманғы ақпараттық технологияларын енгізуге байланысты пайда болды.
Ісқағаздарын жүргізудің негізгі элементтерінің бірі – құжат жасау болып табылады. Құжат жасау дегеніміз – ақпаратты қағазға немесе басқа тасымалдаушыға жазу (түсіру) болып табылады. Ол бекітілген нормативтік-құқықтық актілердің ережелері бойынша жүзеге асырылады және заңдық күші болады.
Заңдық күш құжаттың қолданыстағы заңнамаға, оны шығарған органның құзыретіне, ресімдеудің бекітілген тәртібіне байланысты болады.
Басқару құжаттары мекеме құжаттарының негізін құрайды және ісқағаздарын жүргізудің нысаны болып табылады.
Медициналық мекеме жайлы
Емханада қызметтің келесі түрлері көрсетіледі:
Жүктелген міндеттерді
орындау үшін емхана жүзеге асырады:
1) денсаулығына және ауруының түріне қарай
Емханаға қатынай алмайтын, төсекке тәртібіне
мұқтаж, жүйелі дәрігердің бақылауында
немесе ауруханаға жатқызу туралы сұрақты
шешу бойынша тұрғындарға уақтылы және
білікті дәрігерлік көмекті Емханада
амбулаторлық қабылдауда, сондай ақ үйінде
де көрсету;
2) жіті және кенеттен болған ауруларға,
жарақатта, улануда тағы басқа сәтсіз
жағдайларда ауруларға алғашқы және шұғыл
медициналық көмек көрсету;
3) Емханаға жүгінген емделушілерге ауруын
ерте анықтау, білікті және толық көлемде
зерттеу жүргізу;
4) стационарлық емделуге мұқтаж тұлғаларға
ауруының түріне сәйкес қажетті зерттеу
жүргізумен уақтылы ауруханаға жатқызу;
5) ауруларды қалыпты емдеу;
6) профилактикалық тексерулердің барлық
түрі;
7) тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық
саулығы саласы бойынша алдын алу жұмысы;
8) тұрақты еңбекке қабылетін жоғалтқан
тұлғаларға уақытша еңбекке қабылетсіз
сараптама, жеке тұлғаларды санаторлық
– курорттық емдеуге, Қазақстан Республикасы
еңбек және халықты Әлеуметтік қорғау
Министрлігінің аймақтық орнына жолдама.
І АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық-анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау және бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, әртүрлі хаттар және т.б. жатады. Олар ұйымдастырушылық-бұйрықтық сипаттағы құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс-әрекетті орындауға қозғау салғанымен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.
АНЫҚТАМА
Анықтама – 1) белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат; 2) қызметтік сипаттағы деректерді растайтын құжат.
МӘЛІМЕТ
Мәлімет – белгілі бір мәселеге қатысты кеңінен ақпарат беретін құжат (ұсыныс жөніндегі мәлімет, ескерту жөніндегі мәлімет, талап жөніндегі мәлімет және т.б.).
АКТ
Акт – анықтамалық-ақпараттық құжат. Бекітілген фактілерді немесе оқиғаларды (құралдар жиынтығының, материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру, құжаттарды жою, апат туралы актілер және т.б.) растау үшін белгілі бір адамдар тобы жасайды. Акт оны жасаушылар шығарған қорытындыдан, айтқан кеңестерден, ұсыныстардан тұруы мүмкін (тексеру, зерттеу, тексеріс, бұйымды сынау және т.б.).
КУӘЛІК
Куәлік – қандай да бір оқиғаларды, іс-әрекетті, құқықтық қатынастарды растайтын құжат.
ХАТТАМА
Хаттама – мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін ұйымдастырушылық-өкімдік құжат.
СЕНІМХАТ
Сенімхат – сенімді тұлғаға сенім білдіруші (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқық беруі туралы құжат.
Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ЕҢБЕК ШАРТЫ
Еңбек шарты 15.05.2007 ж. Қазақстан Республикасының №251-ІІІ Еңбек кодексіне сәйкес 01.07.2007 ж. бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін ресми құжат және Еңбек кодексінің 28-бабы мен ісқағаздарын жүргізудің жалпы қабылданған ережелеріне сәйкес рәсімделеді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ІС – ҚҰЖАТТАР
Стационардары медициналық іс
құжаттарының маңызды
Ауру тарихы Денсаулық сақтау
министрлігі бекіткен форма
Ауру тарихындагы
Ауру тарихы —аурухананың
Мейірбике әрбір түскен лабораториялық зерттеулер нәтижелерін немесе сырқат жөніндегі мәліметтерді күнделіктерді ауру тарихына желімдеп отыруы және онын дұрыс сақталуына жауап беруі тиіс. Ауру тарихы мейірбикенің қызмет орнында аузы құлыпталатын жәшікте сақталуы керек және ол науқас қолына түспеуі тиіс. Сырқат қолына оның ауру тарихын беруге, оның ауруы туралы мәліметтерді немесе лабораториялык, зерттеулер нәтижелерін айтуға болмайды. Бөлімшеден ауру тарихы жоғалуы қылмыстық іс деп саналып, ол заң бойынша жазаланады, сондықтан мейірбике ауру тарихын мұқият сақтап, оны ұқыпты ұстауы тиіс.
Информация о работе Медициналық мекемелердегі құжаттардың жіктемесі