Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:58, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңдағы мемлекеттік билік институттарының дамуы, реформалануы бірінші кезекте елімізде расында құқықтық, демократиялық, нарықтық экономикасы дамыған мемлекет құруға бағытталған. Осыған орай айтарлықтай өзекті болып мемлекеттік құқық қорғау органдарының, соның ішінде кеден органдарының қызметінің тиімді механизмін құру көрінеді. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық қызығушылықтары мемлекеттік тетіктерді қарқынды және орынды пайдаланылуын талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа распечатка.doc

— 342.50 Кб (Скачать документ)

Бұл заң жинағы әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық нормаларынан, салық және басқа төлемдер ережелерінен, діни көзқарастардан тұрды. Хан басқармасының тәртібі анықталды, хан мен билер мүддесіне жиналатын әртүрлі алымдар мен баждар заңи түрде айқындалып, қылмыс жасағаны үшін жазалар бекітілді. Жалпы әдет нормалары жеке меншікті, қазақ шонжарлары артықшылығын қорғауға тиімді болды. Жеті жарғыны құруда барлық қазақ жүзінің өкілдері қатысты.

Қазақ даласы арқылы Ресей  мен Қытайдан Орта Азяға қарай  тауар жылжитын бірнеше маңызды  керуен жолдары өтті. Жергілікті қазақ  феодалдары керуендерден өз қарауындағы жерлер арқылы өткені үшін үлкен баж талап етті. Сыртқы сауда әрдайым және қазірде де халықаралық қатынастардың жылжытушы күші болды.

Кеден бажы сыртқы сауданы  реттеуде маңызды құрал болды. Мысалы, Бұхара хандығы басқа мемлекеттерден алынатын кеден бажы мөлшерін анықтауда келесі мұсылман құқығының нормаларының алғышарттарын басшылыққа алды:

  • көшпенді халықты екі тараптың да саудаға қатысты сұранысын қанағаттандыру үшін алмасу саудасына тарту;
  • транзиттік сауданы кеңейту;
  • сауда керуенінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • басқа елдермен сыртқы сауда нысандарына қатысқан хан,әмір,көпестердің жоғары табысын қамтамасыз ету.

Негізгі керуен жолдары  келесі бағытта болды:

  • Петропавлдан Ташкент, Бұхара,Қоқандыққа;

Петропавлдан Қытайға;

  • Семейден Қытайға;
  • Семейден Қоқандыққа;
  • Орынбордан Бұхара, Хиваға,Қоқандыққа.

Қазақ феодалдарының  өтуші керуендерден баж жинауы туралы қазақ тайпаларының болмысын зерттеуші  А.И.Левшин де жазған, оның тұжырымы бойынша  «Қазақ сұлтаны қазақ даласы арқылы Орта Азияға өтетін  сауда керуендерін тоқтатып өз көші арқылы өткені үшін өз еркімен белгіленген баж сомасын төлеуді талап еткен, егер төлемесе тауарды тәркілеу қаупімен қорқытқан» . [5, 666 б.]

XVII-XIX ғасырлар аралығында  Ресей˗Қазақстан шекарасы белдеуінде 1,5 миллионнан астам қара мал, 100 мың жылқы, 3 миллион қой, 100 мың бұқа,  өңделген тері, жүн, тері, жалпы сомасы 8  миллион сомға тауар сатылды.

Шоқан Уәлиханов «Қазақ елінің Герадоты» деп атаған қазақ  елінің әйгілі зерттеушісі А.И.Левшин «5-6 жыл ішінде (1748-1755 жылдар аралығында) тек бір Орынбор кеден белесінде кеден құжаты бойынша 50 пұт алтын, 4600 пұтқа дейін күміс өткізген» деп жазған.  Оған қоса кеден бақылауынан тыс қанша өткізілгені бар. [5, 671 б.]

Қазақ хан˗сұлтандарының  сонымен қатар өзіндік халықаралық  және ішкі саясаты Ресей империализмінің отарлау саясаты тұсында жойылған еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев сол кезеңді былай сипаттады: «Қазақстанның Ресейге қосылуы бір жарым ғасыр бойы жүрді. Бұл Ресейдің бейбітшілік және соғыс тәсілдерімен жүргізілген отарлау процессі болды». [6, 74 б.]

Бұл кезеңде Қазақстан  территориясында негізінен ресей  патшалығымен орнатылған заңнама заң  күшінде болды. XVIII ғасырдың орта шамасында  Ресейде 17 кеден алымдары жиналатын. Тауарды қарау және есепке алу  процессі біршама күрделі болды. Мұның бәрі сауда өркендеуіне кедергі болып, тауарды контрабанда жолымен , бекітілген кедендік төлемдерден жалтара отырып енгізіп˗шығаруға түрткі болды.

1956-1991 жылдары өткізілген сыртқы экономикалық реформалар тұсында кеден жүйесі дамуының жаңа кезеңі басталды, оның ерекшелігі монополистік мемлекеттің кеден органдарының басқармасын қайта құрып, оның қызметін еркін нарық және демократиялық режим жағдайына бағыттау болды. Бұл кезеңнің соңы болып 1991 жылы қабылданған кеден кодексімен КСРО˗ның «Кеден тарифі туралы» Заңы болып табылады. Осы заңдардың белгілі өзгерістеріне  қарамастан, олар КСРО тәжірибесінде қағида бар жаңа кеден жүйесін құра алмады. [5, 678 б.]

Ұйымдасқан кедендік қылмыстардың қайта өршуі Ұлы  Отан соғысынан кейінгі жылдар да байқалды. Дегенмен, бұл қылмыс түрі елдің үлкен аумақтарын немес шекараның маңызды үлестерін қамтыған көптік сипатта болмады. Мысалы, төлем бойынша ірі кеден төлемдерін төлеуден жалтару 60-шы жылдары магнитафон мен радиоқабылдағыштардың ірі мөлшерде тасымалдануымен сипатталды, бұл қалыптасқан қылмыстық жүйені Мәскеулік кеден қызметкерлері ашты.  [7, 12 б.]

Қазақстан егемендік  алған кезде кедендік реттеу құралдарының дамымағандығы халықаралық сауда  бойынша әріптестермен жаңа қатынастарды құруды қиындатты, әлемдік нарықтағы  экспортерлер мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін  шектеді.  Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі буыны министрліктер мен ведомствалар емес, жеке шаруашылық субъектісі болған жағдайда, контрабанда және басқа да кедендік қылмыстарға төтеп беру тетігі өз қызметін дұрыс атқара алмайтын болды. Мұның барлығы кеден саласындағы әлемдік тәжірибені ескеретін кедендік реттеудің  кеден саласындағы әлемдік  тәжірибені ескеретін кедендік реттеудің жаңа құралдарына көшуге себеп болды.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып әлем деңгейіне шыққаны жаңа кеден заңнамасының қалыптасуын талап етті. Қазақстандық кедендік заңнама өз іргетасын 1991 жылы 24 желтоқсанда «Кедендік тариф және баж» Заңымен қалады.

Кеден саласы қоғамның, мемлекеттің, азаматтардың экономикаға әртүрлі  тәсілдермен ықпал етуі ескеріліп, кеден заңнамасы кешенді мүдделерден құралды және оның күші бүкіл Қазақстан Республикасының кедендік аумағына таралды.

Алғашқы уақытта 1995 жылға  дейін кедендік заңнама, кедендік реттеу механизмінде бірталай жетіспеушіліктер болды. Мемлекеттің кеден саласындағы құқықтық қамтамасыз ету талабы 1995 жылғы  20 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Елбасының заң күші бар Жарлығында өз орнын алды.

 

    1. Кедендік төлемдер мен алымдардың түсінігі, түрлері және оларды төлеу тәртібі

 

«Қазақстан Республикасындағы  кеден ісі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңының 113 бабына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарға жатады:

1) кедендік әкелу бажы;

2) кедендік әкету бажы;

3) Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына тауарларды  әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;

4) кеден одағының кедендік  аумағына тауарларды әкелу кезінде  өндіріп алынатын акциз (акциздер);

5) кедендік алымдар  (тауарларды кедендік декларациялау  үшін, алып жүру үшін кедендік  алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) [8, 85 б.]

 Кедендік баж - Қазақстан  Республикасының кеден органдарымен  тауарды Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына әкелген кезде  немесе тауарды аталған аумақтан  әкеткен кезде алатын және  осындай әкелу немесе әкетудің  ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі. Кедендік төлемдер мемлекеттік бюджеттің табысты бөлігін құрайтын төлем түрі ретінде «сыртқыэкономикалық қызмет», «экспорттық-импорттық операциялар» түсініктерімен байланысты және экономиканың осы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері болып табылады.

Практикада кедендік бажды есептеу үшін ұлттық және әлемдік  бағалар қолданылуы мүмкін. Баждар әлемдік және ұлттық бағалар арасындағы айырма негізінде анықталады. Әкелу  баждары осы айырмашылыққа сәйкес импорттық және отандық тауарлар үшін бәсекелестік шарттарын теңестіре отырып, еш біреуіне артық жағдай жасамай орнатылған жағдайда тұрақтандыру қызметін атқарады.

Әкелу баждары ұлттық және әлемдік бағалар айырмасынан  жоғары орнатылуы мүмкін. Бұл жағдайда баждар протекционистік қызметін орындайды және ұлттық нарыққа импорттық тауарлардың келуін шектейді, ал жоғары деңгейдегі баждық шектеу кезінде – мұндай әкелуге тыйым салады. 

Кіргізу баждары ұлттық және әлемдік бағалар айырмасынан  төмен орнатылуы мүмкін. Мұндай баждар тауар импортына жақсы жағдай жасайды, оларды  импорттың белгілі шегін ынталандырушы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда баждар ынталандырушы қызметін орындайды.

ҚР Кеден ісі туралы Кодексінің 4 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес кедендік баж – кеден органдары тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем.

Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.

Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдік  баждар Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және, егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын алу үшін Кодексте көзделген тәртіппен алынады.

Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге:

1) салық салынатын  тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген – адвалорлық;

2) заттай көрінісіндегі  физикалық сипаттамаларына (саны, массасы, көлемі немесе өзге  сипататтамаларына) қарай белгіленген - өзіндік ерекше;

3) адвалорлық және  өзіндік ерекше әдістерін   ұштастыратын құрамдастырылған болып бөлiнедi. [8, б.]

Кедендік баждарды салудың  объектісі болып кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар табылады.

Тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай көрінісіндегі  физикалық сипаттамасы (саны, тауар  тұтынылғанға дейін және бөлшек сауда үшін ұсынылғанға дейін тауардан ажырамайтын, оның алғашқы буып-түюі ескерілген массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) тауарлардың түрлеріне және қолданылатын ставкаларының түрлеріне қарай кедендік баждарды есептеуге арналған база болып табылады.

Адвалорлық ставка бойынша кедендік баж сомасы келесі формуламен есептеледі:

 

КҚ * АС =КБ

 

мұнда:

КҚ – заңды күші бар кедендік заңнамаға сәйкес анықталатын тауардың кедендік құны

АС – кедендік баждың адвалорлық ставкасы

КБ – кедендік баж сомасы.

 

Өзіндік ерекше ставка бойынша  кедендік баж сомасы келесі формуламен есептеледі:

 

С * ЕС =КБ

мұнда:

С   – салық салынатын тауар бірлігінің саны

ЕС – кедендік баждың өзіндік ерекше ставкасы

КБ – кедендік баж сомасы.

 

Кедендік баждың құрамдастырылған ставкасын қолданған жағдайда:

- адвалорлық және өзіндік  ерекше ставкаларын бірге қолданған  жағдайда төлеуге жататын кедендік  баж соммасы адвалордық және  өзіндік ерекше ставкаларымен  есептелген кедендік баж соммаларынан  құрылады:

 

(КҚ * АС) + (С * ЕС) = КБ

 

- есептелген кедендік  баждың максималды соммасын таңдау  жағдайында төленуге жататын  кедендік баж соммасын анықтау  үшін кедендік баж адвалорлық  және өзіндік ерекше ставкаларымен  есептеліп, алынған сомманың үлкені  алынады:

 

(КҚ * АС), бірақ (С * ЕС) кем емес = КБ

 

      Кедендік алымдар ˗ тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар, кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала жасалған шешім үшін төленетін ақы.

Кедендік алымдар тауарларды шығарумен, тауарларды кедендік алып жүрумен  байланысты іс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер болып табылады.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым тауарлар мен көлік құралдарын негізгі  ресімдеу негізгі ресімдеу кезінде алынады.

Кедендік алып жүру үшін кедендік алым кеден органдарымен тауарларды кедендік ілесіп алып жүргені үшін алынады.

Алдын ала шешім үшін төлем тауарды шығарған ел туралы және тауардың классификациясы бойынша  алдын-ала шешім қабылдаған үшін алынады.   

Тауарларды шығарумен, тауарларды кедендік алып жүрумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ Кодексте белгіленген өзге де іс-әрекеттер  жасағаны үшін кеден органдары өндіріп  алатын міндетті төлемдер кедендік алымдар  болып табылады.

Төлеушiлер, кедендiк алымдарды  төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп  алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер Қазақстан Республиксының Кодексінде айқындалады.

Кедендік алымдардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Кедендік алымдардың мөлшері кедендік алымдар белгіленген  іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден  органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауға тиіс.

Декларант немесе ҚР Кеден  ісі туралы Кодексіне және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік алымдарды төлеу бойынша міндеттер жүктелген өзге де тұлғалар кедендік алымдарды төлеушілер болып табылады. [9]

Информация о работе Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы