Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:58, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңдағы мемлекеттік билік институттарының дамуы, реформалануы бірінші кезекте елімізде расында құқықтық, демократиялық, нарықтық экономикасы дамыған мемлекет құруға бағытталған. Осыған орай айтарлықтай өзекті болып мемлекеттік құқық қорғау органдарының, соның ішінде кеден органдарының қызметінің тиімді механизмін құру көрінеді. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық қызығушылықтары мемлекеттік тетіктерді қарқынды және орынды пайдаланылуын талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа распечатка.doc

— 342.50 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Қазіргі таңдағы мемлекеттік  билік институттарының дамуы, реформалануы бірінші кезекте елімізде расында  құқықтық, демократиялық, нарықтық экономикасы  дамыған мемлекет  құруға бағытталған. Осыған орай айтарлықтай өзекті болып  мемлекеттік құқық қорғау органдарының, соның ішінде  кеден органдарының қызметінің тиімді механизмін құру көрінеді.  Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық қызығушылықтары мемлекеттік тетіктерді қарқынды және орынды пайдаланылуын талап етеді.

Қандай да бір тәуелсіз мемлекетті алып қарасақ, өз елдеріндегі шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын  өткізудің тәртібі мен шарттарын құрайтын кеден ісіне ерекше көңіл бөледі. Себебі , кеден жүйесі қызметінің маңыздылығы кеден төлемдері мен салықтар мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің ең тұрақты көзі болатындығы. Сондай ˗ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу біздің елдің әр азаматының міндеті болып табылады. Бірақ өкінішке орай , еліміздің кейбір азаматтарының осы міндетті  орындамауы еліміздің экономикасының дұрыс дамуына да кері әсерін тигізіп отырғаны бізге айқын. [1,11 б.]

Соңғы 20 жыл шамасында Қазақстан егеменді ел болып, құқықтық реформаларды ұқыптылықпен өткізуді, құқықтық норманың нысаны мен әдісін қолданудың сапасын жаңартуда, сонымен қатар  айтарлықтай мемлекеттің құқықтық саясатының бағыты кеңейтілді. Осы әрекеттердің бірі қылмыстық саясатты реформалауға алып келді, Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Концепциясы ұсынылды. [2] Бүгінгі күні Қазақстан қылмыспен күресудің және оны азайтудың жолдарын дамытып әдістерін кеңейтіп өзінің жеке жолын анықтап алды. Соның бір өте маңызды саласы, жаңа қазақстанның экономикасының құрылуында маңызды ойнайтын рөл, біздің мемлекетіміздің сыртқы экономикасы болып табылады.

Осыны ескере отырып, сыртқы экономикалық қатынастарды либерализациялау бойынша шаралар қолданылды және аса негізгі жүк кеден органдарына  түсті, бұл, өз кезегінде, мемлекеттің  кеден саясатын қайта қарастыруын негіздеді.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында: «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ  құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам.

Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек. Мұның бәрі қоғамдық өмірдің нормасы болуға тиіс» деп қоғамға қауіпті қылмыстардың бастауы ұсақ құқықбұзушылық екенін атап көрсетеді. [3]

Кедендік төлемдер мен  алымдарды төлеуден жалтару мемлекеттік  бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың  түспеуімен мемлекеттің экономикасына  зиян келтіреді.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі: Қарастырылып отырған қылмыстың тәжірибеде тергеу мен ашуда бірталай қиындықтар туғызатынын атап өткен жөн. Бұған себеп бұзылып отырған кеден заңнамасының өз алдына күрделілігінде.  Өкінішке орай, тергеушілер мен жедел қызметкерлер кеден заңнамасын толық игермеген, бұл жағдай қылмысты тергеуде, ашуда және қылмысты саралауда қиындықтар туғызады.

Тақырыптың өзектілігі, оның практикалық маңыздылығы дипломдық  жұмыстың тақырыбын, зерттеу мақсатын және берілген материалдың құрылымын  айқындап берді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Кедендік салықтар мен төлемдерден жалтарумен күресу бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Кедендік  салықтар мен төлемдерді жалтарудың қылмыстық құқықтық және криминологиялық мәселелерімен еліміздің қылмыстық құқық ғылымында санаулы ғалымдар ғана айналысады, оның өзінде арнайы монографиялар жазылмаған, тек ғылыми мақалаларды кездестіруге болады. Аталған ғалымдардың қатарынан Г.А. Абдумажидов,Б.А. Абдрахманов,А.Н. Ағыбаев, А.Қ. Айқымбаев,Т.К. Айтмұхамбетов, Т.К. Акимжанов, Е.О. Алауханов, М.М. Алиев, А.Н. Ахпанов, З.О. Ашитов, Н.М. Әбдіров, С.Т. Әлібеков, М.А. Әлжаппаров, Ғ.И. Баймурзин, Қ.Ж. Балтабаев, Б.М. Бишманов, И.Ш. Борчашвили, Р.Е. Джансараева,, Н.О. Дулатбеков, Ж.Р. Ділбарханова, С.Е. Еркінов, А.Ш. Ещанова, Р.А. Жандарбекова, Д.С. Жақашев, Ү.С. Жекебаев, Б.Ж. Жүнісов, А.А. Исаев, Қ.Ж. Капсалямов, К.Ж. Карбузов, С. Каракушев, С.М. Куставлетова, Е.І. Қайыржанов, М.Ш. Қоғамов, Р.Б. Құлжақаева, М.А. Қызылов, С.С. Молдабаев, Қ.А. Мәми, Ғ.С. Мәуленов,.Н. Ә.Х.Меңдіғұлов, А.А. Смағұлов, М.С. Нәрікбаев, Б.М. Нұрғалиев, Р.Т. Нұртаев, М.О. Нүкенов, Е.А. Оңғарбаев, Р.О. Орынбаев, С.Ж. Оспанов, С.М. Рахметов, И.И. Рогов, В.В. Роот, Г.Р. Рүстемова, Г.Б. Саматова, Н.А. Сартаев, Қ.Р. Сарықұлов, Б.С. Сәрсеков, М.А. Сәрсенбаев, Т.Е. Сәрсенбаев, А.Б. Скаков, Л.Ч. Сыдыкова, Р.Т. Тілеухан, Ә.А.Темірбеков, Б.Х. Төлеубекова, Н.Н. Турецкий, Р.Т. Тусупбеков, Г.Д. Тіленшиева, Қ.Ш. Уканов, К.Х. Халиков, Д.А. Шестаков, Д.С. Шуақмайтов, И.Н. Юрченко сияқты өзімізге таныс ғалымдар бар.

Кеден саласында жасалған қылмыстар  үшін қылмыстық жауаптылыққа  байланысты теориялық және тәжірибелік мәселелер  бұрынғы КСРО  елінде де, Қазақстан Республикасында да ешқашан арнайы және жан˗жақты зерттеуді, әсіресе теориялық тұрғыдан іргелі зерттеуді талап етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты арнай әдебиеттерді, нормативтік құқықтық базаны зерттеу  және де Қазақстан Республикасының  кеден органдарының тәжірибесі негізінде кедендік салықтар мен төлемдерден жалтару қылмысын құқықтық реттеудің жолдарын айқындаудан тұрады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына  жету келесілерді міндеттейді:

1. Кедендік салықтар мен төлемдерден жалтарудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын қарастыру; 

2. Кедендік салықтар мен төлемдерден жалтарудың криминологиялық сипаттамасын зерттеу;

3. Кедендік салықтар  мен төлемдерден жалтарумен күресудің жолдарын табу.

Зерттеу объектісі кедендік салықтар мен төлемдерден жалтару қоғамдық қатынастар.

Зерттеу заты Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының 214˗бабындағы кедендік салықтар мен төлемдерден жалтару қылмысының құрамы.

Зерттеу пәні:  кедендік салықтар мен төлемдерден жалтарудың түсінігі, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы, себептері мен салдарлары, қылмыскер тұлғасының сипаттамасы.

Дипломдық жұмысты  орындаудың әдістемелік негізі болып қазақстандық, сондай-ақ ресейлік заңгер-ғалымдардың еңбектері, нормативтік-құқықтық база, және де Қазақстан Республикасының кеден органдарының статистикалық материалдары табылады.

Ғылыми жаңашылдығы  және практикалық маңыздылығы:

Кедендік салықтар мен  төлемдерден жалтару қылмысы  үшін жауаптылыққа байланысты теориялық және тәжірибелік мәселелер бұрынғы КСРО елінде де, Қазақстан Республикасында да ешқашан арнайы және жан-жақты зерттелмеген. Демек, кедендік салықтар мен төлемдерден жалтару қылмыстарына қарсы күрес қазіргі таңда өткір тұрған мәселе, яғни жан-жақты зерттеуді, әсіресе теориялық тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ТАРАУ  КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР  МЕН АЛЫМДАРДЫ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ

 

 

    1.  Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтаруға тарихи˗құқықтық талдау

 

 Қазақ даласында  құқықтық нормалардың пайда болуы және қалыптасу тарихы қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше кезең.

 Кеден нормалары  мен баждары және оларды бұзғаны  үшін жауаптылықты айқындайтын  құқықтық нормаларды, қазақ мемлкеттігінің  қалыптасуы және бекітілуінің  негіздеуші талаптарды  түсіну және ұғыну үшін қазақ даласының  құқықтық  әдет˗ғұрыптық тарихын жай ғана білу маңызды емес, сондай˗ақ  мемлекеттерде қызмет еткен заңдар мен әдет˗ғұрыптың, құқық нормаларының дамуы мен тарихын терең ұғыну қажет.

Өкінішке орай, қазіргі  кезге дейін құқық тарихы, әсіресе қазақтың құқықтық әдет ғұрып тарихы туралы еш сөз жүрмейді немесе өткен кезеңнің керек емес, маңызсыз өтілімі ретінде қарастырылды. Ал  қазақ даласында қызмет еткен құқықтық жадымдар ақылдың, әділет пен кек алудың заңды түсінудің, адам психологоясы білімінң, данышпандықтың тұнып тұрған бұлағы емес пе.

 Сонымен, Қара теңізден Алтай тауларына дейін созылған зор дала жазығында, біресе көркейіп, біресе құлдырауға шалдығып ғұндар, сақтар, үйсіндер, түрікиер, қарлұқтар, қарахандықтар, Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті˗қыпшақ мемлекеттері пайда болды. Еуразияның барлығын өз қолында шоғырландырып отырған барлық дерлік хандықтар билеушілері егер сәйкесінше заңнамалық база болмаса билікті ұстай алмас еді.

Біздің ата˗бабаларымыз  көшпенді өмір сүрсе де белгілі жүріп˗тұру ережелерін еш өзгеріссіз ұрпақтан˗ұрпаққа қалдырып отырды. Шындығында қазақ даласының құқықтық жүйесіне зор үлес қосқан Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Әйгілі болғандай соңғы рет қазақ құқығы жүйесіне елеулі өзгеріс енгізген Тәуке хан, оның белгілі бір тәртіппен жүйеленген құқық нормаларын қазіргі кезде «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаймыз. Бұл құқықтық жинақта көптеген прогрессивті құқықтық алғышарттар белгіленген.

 Қазақстандық мемлекеттің құрылуының белгісі ретінде осы күнге жетпеген «Қасым ханның қасқа жолы» және жоғарыда айтылған «Тәуке ханның Жеті жарғысы» секілді екі заңнамалық ескерткішке көрініс тапқан.

 Әлемге әйгілі «Жібек жолы» дипломатиялық және сауда жолы елдің күрке тамыры ретінде біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың ортасынан бастап қызмет ете бастады. Жібек жолы арқылы сауда және әкімшілік көшінің негізгі мөлшері өтті. Жібек жолының қазақстандық учаскесі, егер сол бойынша батыстан шығысқа бет алсақ, Шаштан (Ташкенттен) Тұрбат көпірі арқылы Исфиджаб, Сайрамға (Сарьям) дейін созылады. Қаланың ерте замандағы атауы әлі күнге дейін сақталған. Ол қазіргі Шымкент аумағында орналасқан ауыл, оның орталығында Жібек жолының ірі орталығы болған ортағасырлық қаланың қалдықтары орналасқан.

Жібек жолы бастапқыда Қытай жібегі экспорты үшін қызмет етті. Өз кезегінде Римнен, Византиядан, Ираннан, Үндістаннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Ресейден мирра мен ладан, ақтамақгүл суы мен амбра, кардомон мен мускат жаңғағы, кілем мен мата, балшық пен мениралады шикізаттар, кәріптас пен маржан, күміс пен алтын құймалары, тері мен шақа, садақ пен жебелер, піл сүйегі секілді тағы да басқа құндылықтар өтетін. Жібек жолы бойынша сатуға әйгілі «қандытерлі» Ферған аттары, араб және ниссий тұлпары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, құстардың небір түрлері тасымалданатын. Жібек жолы Орта Азия мен Қазақстан арқылы XIV ғасырға дейін, қала мәдениетінің құлдырауына әкелген соғыстар мен қақтығыстарға дейін қызмет етті. Тіпті Қытай мен Үндістанға дейінгі теңіз жолдарының игерілуі оның өшуін туғызбаған болатын.

Орта Азия мен Қазақстан  территориясында болған әскери әрекеттер, америка мен Үндістанға дейін  сауда жолының ашылуы, сондай˗ақ  әлемдік сауда орталығының шығыстан Еуропаға көшуі, бұрынғы әйгілі құрлықтағы сауда жолы «Жібек жолының» шөлдеуі˗Орталық Азияның халықаралық сауда жолдарынан шектеліп, әлемнің қуыс бұрышы бола бастауына дейін жеткізді.

Сондықтан әлем өркениетінің қазіргі кезеңде дамуындағы кейбір Еуропа мемлекеттерінің Ұлы Жібек  Жолын жандандыруға ұмтылыстары түсінікті.

Сонымен, халықаралық, қала, аумақаралық сауда мөлшері бойынша  тарихи қазба материалдарынан, әсіресе  Түркістан және Отырар қазбаларынан XIV  ғасыр мәресінде˗ақ қазақ ханы, сұлтаны, билерінің өз территориясы шегінде жылқы, мал, тауар кіріс˗шығысына баждар бекіткендігі туралы шешімге келуге болады. Ясы және Ташкент шахар сарайлары көсетілген мыс шахарлар бірегей кешен құрып, Түркістан мен Отырар шахар қазынасының негізін салады. [4, 418 б. ]

Қазақстан тарихын Орта Азия тарихынан ажырата қарауға болмайды,  өйткені олар мемлекет шекаралары болмаған бір аумақты құрды. Қазіргі кездегі мемлекеттердің көптеген территориялары (мысалы Ташкент қаласы және т.б.) қазақ хандарының заңнамасында болды... «XV ғасырдың 70-ші жылдары басында Өзбек ұлысы территориясының үлкен бөлігінде билікті қармалау нәтижесінде Көшпенді өзбек мемлекеті, Ұрыс хан ұрпағының хандары Керей мен Жәнібек басқарған саяси құрылым пайда болды».

Қазақстан арқылы Орта Азиялық  мемлекеттерімен транзитті сауда  жолдарының дамуына қызығушылық танытқан және көпес керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылған орыс мемлекеті Қазақстан хандықтарының көрші елдермен қарым-қатынасына және саяси жағдайына қызығушылық білдірді. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар Қазақ хандығымен тікелей байланыс орнатуға ұмтылды. XV-XIV ғасырлар аяғында экономикалық саяси дамуда белгілі жетістіктерге жеткен орыс мемлекеті саяси мақсаттарды көздей отыра шығыс межесіндегі сауданы қолдады. 1514 жылдың мамыр айының 30-да Иван Грозный IV Яков пен Григорий Строгоновтарға жазған марапаттау хатында Қазақстан және Орта Азия елдерімен сауда жасасуға рұқсат берді. Сауда экономикалық қатынаста екі жақ бірегей қызығушылықта болды. Тауар алмасу арқылы қазақтар тұрмыс заттарын, қару-жарақтарын алса, орыстар әртүрлі шикізат пен малға иемденді. Орыс мемлекетінде Кучума ұрпағымен күресте кеңесші күш, Орта Азия сауда ошағына еркін рұқсат, Қазақстан территориясы арқылы өткен керуен бағдарының қауіпсіздігі керек болды.ал өз кезегінде Орта Азиялық хандықтардың үнемі құлдырататын шабуылына ұшыраған қазақтар Мәскеумен байланыстың кеңейуінің қызығушылығында болды. Орыс мемлекеті Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиялық мемлекеттерімен сауда байланысының қауіпсіздігін қамту үшін әскери отряд, көпес, жаһанкездерді дамытумен қоса Қазақстан шекарасында бекіністер құрылысын салуға кірісті. Феодалды ˗патриархалды қатынастың ерекшелігі қазақ хандығының саяси˗әкімшілік құрылымына әсерін тигізді. Хандық бірнеше хан руының тумысынан шыққан сұлтандар басқарған ірі әкімшілік ұлыстық бірлестіктерден тұрды. Ұлыс территориялары жұрт деп аталды. Ибн Рузбихану Исфахани зерттеулеріне сәйкес XV ғасыр ортасында бұндай ірі ұлыстардың саны оншақты болған. Мемлекеттік басқарманың жүйесі әдет˗ғұрып құқығына негізделген. Әдет ˗ғұрып құқығымен бірге мұсылман құқығы нормалары қолданылды. Әдет ˗ ғұрып құқығымен бірге мұсылман құқығы нормалары XVI ғасыр аяғында Тәуке хан тұсында « Жеті жарғы» атты бірегей заңнамаға кодификацияланып толтырылды.

Информация о работе Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы