Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:10, реферат
Туризм бұл қоғамдық өмірдің күрделі көп жақты және көп аспектілі көрінісі. Қазіргі батыстың экономикалық ғылымы туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық көрінісі деп қарастырады. Мұнда ол туризм индустриясы деп аталатын көп салалы өндіргіш кешен құрушы компоненттердің бірі ғана болып табылады. Экономикалық мәселелер туризм іс-әрекетінің қоғамдық және экономикалық аспектілері контексінде сарапталынады. Туризм кешенді құбылыс ретінде пән аралық зерттеу обьексініе айналды.
Турист – бұл бір елге келуші, яғни өзі тұрақты тұратын жерінен басқа жерге саяхаттап, 12 ай мерзімінде келген жерінде ақылы жұмыс істеу және тұруда басқа мақсатпен (көңіл көтеру, емделу, конференцияға қатысу, туыстарына бару, діни және спорттық және т.б.) саяхаттаушы тұлға.
Кіріспе 3
1 Әлемдік туризмнің даму тарихы
Туризм ұғымы, мәні 5
Әлемдік туризмнің қалыптасуерекшеліктері 7
Әлемдік туризмнің дамуындағы мәселелері 12
2 Әлемдік туризмдегі Қазақстанның алатын орны
2.1 Қазақстан туристік компанияларының халықаралық 14
операциялары
2.2. Қазақстан туризмін дамытудағы өзекті мәселелер 19
2.3. Әлемдік туризмдегі Қазақстанның ролі 22
3 ҚР-ғы туризмді дамытудың болашақтары
3.1. ҚР-дағы туристік компания қызметтерін тиімді жетілдіру 25
жолдары
3.2. ҚР туризмді дамытудағы кластерлік саясатын жүргізу
жолдары 27
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер 32
Біздің пайымдауымызша Қазақстанға туристер қызығушылығының төмендеуі 2001 жылдың 11 қыркүйектегі оқиға мен Орта Азиядағы күрделі саяси жағдайдың туындауымен тікелей байланысты. Шығу туризмінде әлі де алыс шет елдерге аттанатын резидент туристтердің саны басым (8,8%), яғни осы туристердің біраз бөлігі шөп-туризммен айналысатыны күман келтірмейді. 2004 жылы ішкі туризмнің үлесі 36,4%-ды құрады (1999ж. – 31,6%). Бұл Қазақстан халқының әл-ауқатының артуы мен еліміздің көректі табиғаты бар жерлерге қызығушылықтың артуымен байланысты деп білеміз.
3 БОЛАШАҚТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасындағы туристік компания
қызметтерін тиімді жетілдіру жолдары
Қазақстан Респубдикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында туроператорлық қызмет көрсету фирмалары лицензия алған.
Туроператор
– бұл қызмет ұсынушы компанияның
шарты және туристердің сәйкес қажеттіліктері
бойынша турды кешендеумен
Әр фирманың өзінің қызметтері болады. Олар:
Осы қызметтерді жүзеге асыра отырып фирма жетістіктерге жетеді және бұл функциялар экономика жағынан кемшіліктер жібермеуге әсерін тигізеді.
Жоспарлау – кәсіпорынды басқарудың маңызды қызметі. Сондықтан қазіргі мамандар жоспралаудың негізгі қағидалары мен әдістерін маңызды жоспралы көрсеткіштер мен оларды есептеу жолдарын, шаруашылық ішіндегі жоспар жүйесін және жаңа нарықтық қатнастағы олардың өзара әрекеттесу механизмін білу керек. Сонымен қатар әртүрлі жоспар жобаларды өзі жасап, өндірістің қазіргі жағдайларындағы олардың жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау керек.
Кез келген туристік фирма өзінің шаруашылық іс-әрекетін жүргізу барысында шешім қабылдау кезінде көптеген қойшылықтарға кезігеді. Ал бұл өз алдына фирманы, қоршаған ортаны, өзгерістерді, болжауға мүмкіндіктерді азайтады. Осы жағдайға байланысты ағымдық және болашаққа деген жоспарлау қажеттілігі туындайды. Мұның өзі белгілі бір дәрежеде қиыншылықтарды азайтып, бизнес бағытын жоғарлатуға септігін тигізеді. Фирманың ішіндегі жоспарлау мүмкіндіктері, әсіресе, егер ол кіші фирма жағдайында болса, субъективті және объективті факторлар шектеулі болады. Кіші фирмадағы жоспарды ұйымдастырудың арықшылықтары ол:
Жоспарлау басқарудың негізгі
қызметі болғандықтан фирманың ағымдық
және болашақ жағдайына тікелей
әсер етеді. Жоспарлау барысында
кәсіпкер алдыға қайған міндеттерді
ойластырып, кейін жоспарлы шешімдерді
қабылдап, оларды орындайды. Фирма ішіндегі
жоспарлау тиімділігін
Стратегиялық жоспарлау – фирманың қабылдаған стратегиясының негіздегі стратегиялық мақсаттарға байланысты орындалады. Яғни фирма бастапқыда сыртқы және ішкі ортаны талдау мен болжау факторларының өзгерістеріне байланысты стратегия жасайды. Стратегияны және стратегиялық мақсаттарды орындау кезеңді бекітеді, ал одан кейін стратегиялық жоспар корпоративті және функционалды. Негізінен стратегиялық жоспарлау болашаққа негізделген, және ұзақ немесе орта мерзімді қамтиды.Стратегиялық мақсатқа жету белгілі бір дәрежедегі қаржылық материялдық және еңбек ресурстарын қажет етеді. Сондықтан мақсатқа жету – кезеңдік қозғалыс аз оырндалуы керек. Яғни тактикалық немесе ағымдық жоспарлау жүйесі.
Тактикалық жоспарлау – белгілі бір мерзімде стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған жоспарлау шешімдері мен міндеттемелер жиынтығы. Мақсатқа жетудің кезеңдік қозғалысы стратегиялық мақсаттарды, олардың сандық көрсеткіштерін нақтыландыра түседі.Тактикалық жоспарлау процесі кезінде кезеңдік мақсаттар нақтылана түседі, ал бұл өз алдына стратегиялық жоспарға қарағанда белгісіздік жағдайының дәрежесін төмендетеді. Фирма ұжымының күнделікті шаралар бағыттылығын күшейту үшін оперативті жоспарлау қолданылады.
Оперативті жоспарлау- қысқа мерзімге арналған тактикалық жоспарлау мақсатына құрылған. Бұл жоспарлау процесі кезінде күндік, апталық, декадалық, айлық міндеттемелер қойылады, және осы міндеттерге күнделікті бақылау жүргізіледі. Оперативті кеңес кезінде фирманың барлық жұмысшылары бақыланады.
Кәсіпорынның сыртқы ортасы мен ішкі мүмкіндіктерін талдау қызметіне келер болсақ, қызмет көрсетуші туристік фирманың стратегиясын анықтау үшін жағдайлық талдау жүргізу қажет.
Туризмді дамыту барысында туристік фирмалардың атқаратын рөлі өте үлкен. Туристік фирмалардағы еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін арттыра түседі. Әркім өз міндетін дұрыс түсініп, бірлесе отырып қызмет атқарғанда ғана жұмыс тиімді орындалады. Осыған орай ұйымдастыру қызметінің міндеті, еңбек әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен рөлін белгілеу, оларды бөлімшелерге орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппараттағылардың барлығының, жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Ұйымдастыруды басқару қызметі туристік кәсіпорынды дамытудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: а) мамандандыру; ә) пропорционалдық; б) параллельдік (қатарластық); в) дәлділік; г) үздіксіздік және д) ырғақтылық.
3.2. ҚР туризмді дамытудағы кластерлік саясатын жүргізу жолдары
Қазақстанның Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі қарсаңыңда еліміздің бәсекелестік (артықшылық) басымдылығын зерттеу және қалыптастыру өте өзекті мәселе болып отыр. Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша “Қазақстан халқына Президенттің жолдауында”, еліміз бәсекеге қабілетті экономиканың приоритетті салаларынан таңдап, жоғары бәсекеге қабілетті экономикалық потенциалы бар, қазақстандық кластерлік жүйеде даму бастамасын алды.
Майкл Портердің теориясы бойынша, кластер - бұл географиялық көршілес орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы компаниялар тобы (жабдықтаушы, өндіруші және т.б.) және белгілі бір салада қызмет атқарып, бірін- бірі толықтырып отыратын, бір-бірімен байланысты ұйымдар (білім беру орындары, мемлкеттік басқарма органдары, инфроқұрылымды компаниялар).
“Президенттің Қазақстан халқына жолдауында” ел басшысы елдің тұрақты салаларында экономикалық ұзақ уақыт мамандануын анықтайтын приоритетті кластерлердің бір қатарын белгіледі, туризм де осындай салалардың бірі бола алады.[10]
Туризм әлемдік экономикада өте маңызды роль атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) мәлметтерінде туризм әлемдік жалпы ұлттық өнімнің оныншы бөлігін қамтамасыз етеді, 11% - тен жоғары халықаралық инвестицияны әлемдік өндірістегі әр 9-шы жұмыс орнын қамтиды.Бір шет елдік турист беретін эквивалентті өнімнің кірісін анықтау үшін 9 тоннаға жуық көмір, немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік нарыққа шығаруымсыз керек. Осылайша, шикізатты сату бұл өзіндік ерекшелігі бар экономикалық тоқырау, ал туризмді дамыту – ұзақ уақытқа созылатын, экономикалық тиімді перспектива.
Туризмнің дамуы баратын жаңа көрнекі жерлердің ашылып тұруын қажет етеді, өйткені әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі рекреациялық аудандар сиымдылығы шарықтау шегіне жеткен. Осыған байланысты Қазақстан әлемдік туристік нарықта өз орнын табуына өте үлкен мүмкіндігі бар.Туристік кластердің ядросы – қызмет жабдықтаушылары, шетелдік туристерді Қазақстанға тартумен айналасатын, туристік агенттіктер; қонақ үйлер, демалыс үйлері, көліктік компаниялар. Туристік қызметпен қосымша жабдықтаушылар – мейрамханалар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдар. Туристік кластерді дамыту үшін білім беру мекемелері,- салалық ассоциациялар және мемлекеттік ұйамдар қызмет етуде. Аталмыш сала бойынша мамандарды дайындаумен “Спорт және Туризм академиясы”,“Тұран”, КазМемҚызПИ, Т.Рысқұлов ат. ҚазЭУ университеті т.б. мемлекеттік жоғарғы оқу орындары айналысады.
Кластердің болашағы қолдағы және бәсекелестік артықшылықтың тартымдылығымен, ел экономикасына әсер етуімен бағаланады.Осындай ерекшеліктерімен компаниялар өз ішінде бәсекеге түседі.2006-2010 жылдарға арналған республикалық туризмнің даму бағдарламасы жасалды, онда туризмді кластерлеу саясаты қаралды.Кластер негізінде барлық туристік индустрияны бір жүйеге біріктірсек, онда елдің мықты экономикалық катализаторы бола алатын туристік өнімді құруға болады.Елде алғашқы туристік кластер құрылды – Алматы және Алматы облысында туризмді дамыту жобасы, кейінірек республиканың басқа аймақтарына осы жобаны енгізу қарастырылған. Бұл үшін туризмнің инфроқұрылымын жақсы деңгейге көтеру үшін ұсыныстар жасайтын және туристік кластердің әрі қарай дамуына жағдай туғызатын жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы тобының құрамында шетелдік маркетингтік компаниялардың, жеке меншік секторларының, туристік қоғам мен Сауда және туристік қызметті реттеу комитеті ҚР индустрия және саудаминистрлігінің өкілдері кіреді. Алматы және Алматы облысының бәсекеге қабілеттілік артықшылығы бұл, керемет мәдени мұраларының (мәдени- танымдық), табиғат кешендерінің (экологиялық туризм ) және іскерлік қатынастардың болуы, сонымен қатар спорттық және экстрималды туризм сияқты демалыстың белсенді түрімен айналысуға мүмкіндіктің болуы болып саналады.Туризм кластерінің қүрылуындағы алғашқы жобалық шара заңдылықтардың жетілдірілуін қарастырылады, инвестицияны тарту, туризм саласы үшін ммандар даярлау. Заңға өзгертулер енгізу, мысалы, шетелдіктер келгенде әр қандай әкімшілік кедергілерді алып тастауға байланысты.
Қазақстанның туристік ассоциациясы мен спорт және туризм Агенттігі біріге отырып, визалық процедураларды қысқарту шараларын қолданған. 57 мемлекеттің азаматтарына келу тәртібі қысқартылған, олар Астана мен Алматының халықаралық әуе жайларында виза ала алатын болды. 28 экономикалық тұрақты және саяси табанды елдер қазақстандық визаны арнайы шақырусыз, дипломатиялық өкілеттілікке өтініш жазу арқылы да ала алады, рәсімдеудің уақытша процедураларын қысқарту мәселесі өз шешімін тапты. Қалған құжаттарды рәсімдеуді арнайы құралдармен жабдықталған қонақ үйлерде аяқтауға болады, 2006 жылдан бастап, есептеудің компьютерлік жүйесін енгізу қолға алынды.
Мамандарды даярлау мәселесі де өте өзекті мәселенің бірі. Мамандар дайындау, ұстаздардың Қазақстан туризмінің потенциялы жайында білімінің жетіспеушілігінен және туризм саласында тәжірбиесінің аздығынан жоғары деңгейдегі мамандар даярлай алмайды. Сонымен қатар, Қазақстан туризмінің индустриясы, даму деңгейі жайында оқулықтардың аздығы, және көбі тек орыс тілінде шығатындығы әсерін тигізуде.Турситік кластерлік сала және ұйымдар мәселелерін шешу жолдары мынадай:
-Туризм инфроқұрылымы мен материалды – техникалық базаны дамыту: туристік объектілер салу үшін және әрқандай реконструкциялар жасау үшін жергілікті және шет ел инвесторларын тарту; әуетасымалдау нарқындығы қызмет көрсетудің бәсекеге қабілетілігін жоғарлату, автомобиль және темір жол көлігінің жолаушы тасымалдауларын жоғары деңгейде дамыту; жоғарғы класқа жататын қонақ үй қызметтерін құру.
-Маркетинг стратегиясын өңдеу:
-Қазақстанды туристік орталық, сапалы туристік қызмет ұсынушы
ретінде таныстыруды қалыптастыру; ішкі және сыртқы нарықта
туристік өнім жайында хабарламалар мен жарнаманың жүруін дамыту;
-Қазақстан Республикасында туризмнің арнайы түрін дамытудың
жобаларын жасау.
-Маман және ғылыми қамтамасыз етуді дайындау: “Туризм” мамандығы бойынша жаңа буынға арнап жоғарғы профессионалды білімнің мемлекеттік стандартын өңдеу, мамандықтың түрлі туристік қызмет бағытында сұраныс пен даму деңгейін анықтау.
Туристік индустрия тұтас
салааралық кешен, ал туристік қызмет
және тауар нарығының күрделі
құрылымы және өзіне ғана тең экономикалық
көрсеткіштері бар. Туристік нарық
көптеген бөліктерден және сегменттерден
тұрады. Сұраныс пен ұсыныстың
негізгі құраушыларын айқындағанда
бiз нарықты сегменттеумен
Халықаралық туризмнен келетін табыстың мөлшері ұдайы өсуде. 1950 жылдан 2001 жыл аралығында ол 200 еседен артық өсті, яғни 2,1 млрд американдық доллардан 463,6 млрд долларға дейін. Туризмнен түсетін табыстан Еуропа бірінші орынды алады (230,4 млрд. доллар, 2001 ж), ал Америка екінші орында(122,5 млрд доллар, 2001 ж) тұр.
Халықаралық туризмнен келетін табыс – ол елге уақытша келген шетелдіктердің ішкі тасымалға және сатып алуға кеткен шығындары. Халықаралық көлік тасымалына кетерін ақша қаражаты турдың шығын және табыс статистикасында жеке ескеріледі.Туризмнен түсетін табыстан Еуропа бірінші орынды алады (230,4 млрд. доллар, 2001 ж), ал Америка екінші орында (122,5 млрд доллар, 2001 ж) тұр. Халықаралық туризмнен келетін табыс – ол елге уақытша келген шетелдіктердің ішкі тасымалға және сатып алуға кеткен шығындары. Халықаралық көлік тасымалына кетерін ақша қаражаты турдың шығын және табыс статистикасында жеке ескеріледі.