Туризмнің оң және теріс жақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:10, реферат

Краткое описание

Туризм бұл қоғамдық өмірдің күрделі көп жақты және көп аспектілі көрінісі. Қазіргі батыстың экономикалық ғылымы туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық көрінісі деп қарастырады. Мұнда ол туризм индустриясы деп аталатын көп салалы өндіргіш кешен құрушы компоненттердің бірі ғана болып табылады. Экономикалық мәселелер туризм іс-әрекетінің қоғамдық және экономикалық аспектілері контексінде сарапталынады. Туризм кешенді құбылыс ретінде пән аралық зерттеу обьексініе айналды.
Турист – бұл бір елге келуші, яғни өзі тұрақты тұратын жерінен басқа жерге саяхаттап, 12 ай мерзімінде келген жерінде ақылы жұмыс істеу және тұруда басқа мақсатпен (көңіл көтеру, емделу, конференцияға қатысу, туыстарына бару, діни және спорттық және т.б.) саяхаттаушы тұлға.

Содержание

Кіріспе 3

1 Әлемдік туризмнің даму тарихы
Туризм ұғымы, мәні 5
Әлемдік туризмнің қалыптасуерекшеліктері 7
Әлемдік туризмнің дамуындағы мәселелері 12

2 Әлемдік туризмдегі Қазақстанның алатын орны
2.1 Қазақстан туристік компанияларының халықаралық 14
операциялары
2.2. Қазақстан туризмін дамытудағы өзекті мәселелер 19
2.3. Әлемдік туризмдегі Қазақстанның ролі 22
3 ҚР-ғы туризмді дамытудың болашақтары
3.1. ҚР-дағы туристік компания қызметтерін тиімді жетілдіру 25
жолдары
3.2. ҚР туризмді дамытудағы кластерлік саясатын жүргізу
жолдары 27

Қорытынды 30

Пайдаланылған әдебиеттер 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Халықаралық.docx

— 95.59 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

                                                                                                         Бет

 

Кіріспе                                                                                                            3

 

       1  Әлемдік туризмнің даму тарихы

    1. Туризм ұғымы, мәні                                                                     5
    2. Әлемдік туризмнің қалыптасуерекшеліктері                                   7
    3. Әлемдік туризмнің дамуындағы мәселелері                              12

 

       2 Әлемдік туризмдегі Қазақстанның алатын орны

       2.1 Қазақстан туристік компанияларының халықаралық         14

операциялары

       2.2. Қазақстан туризмін дамытудағы өзекті мәселелер                  19

       2.3. Әлемдік туризмдегі Қазақстанның ролі                                     22

       3 ҚР-ғы туризмді дамытудың болашақтары

        3.1. ҚР-дағы туристік компания қызметтерін тиімді жетілдіру    25

жолдары

        3.2. ҚР туризмді дамытудағы кластерлік саясатын жүргізу

          жолдары                                                                                                        27                  

 

        Қорытынды                                                                                          30

 

        Пайдаланылған әдебиеттер                                                                32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

        Туризм бұл қоғамдық өмірдің күрделі көп жақты және көп аспектілі көрінісі. Қазіргі батыстың экономикалық ғылымы туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық көрінісі деп қарастырады. Мұнда ол туризм индустриясы деп аталатын көп салалы өндіргіш кешен құрушы компоненттердің бірі ғана болып табылады. Экономикалық мәселелер туризм іс-әрекетінің қоғамдық және экономикалық аспектілері контексінде сарапталынады. Туризм кешенді құбылыс ретінде пән аралық зерттеу обьексініе айналды.

        Турист – бұл бір елге келуші, яғни өзі тұрақты тұратын жерінен басқа жерге саяхаттап, 12 ай мерзімінде келген жерінде ақылы жұмыс істеу және тұруда басқа мақсатпен (көңіл көтеру, емделу, конференцияға қатысу, туыстарына бару, діни және спорттық және т.б.) саяхаттаушы тұлға.

Берілген  дефиниция (анықтама) саяхаттаушы тұлғаларды нақты бөліп көрсетуге мүмкіндік  беріп, туризмдегі статистикалық зерттеулердің  обьектісі болып тұр.

        Ал, туристер қатарына мына категориядағы адамдар жатпайды:

  • белгілі бір елге барып, онда тұрақты тұрып жатқан адамдар;
  • контракт бойынша келіп жұмыс істеп жүрген адамдар;
  • ұзақ мерзімдегі оқу және мамандығын толықтырып жатқан адамдар;
  • босқындар;
  • әскери континген құрамындағылар;
  • иммигранттар;
  • консулдық және елшілік (дипломаттар, қызметкерлері). 

        Туризмнің мағыналы анықтамасы. Туризм туралы білімнің ғылыми дамуы жүйелі зерттеу обьектісі ретінде кенже қалған сала. Жұмыс дефинициясы, бұл қоғамдық-экономикалық құбылыстың ішкі және сыртқы әралуандығын ашпайды және аз салалық шеңберде шектейді. Сондықтан, туризмнің ұғымының концептуалдылығы немесе мағыналылығы, қажеттілігі туындайды. Ол зерттеу туралы кешендік түсінік қалыптастырады. Туризмнің көптеген түрі бар. Олар осы феномен ұғымына байланысты, ұстаным құрылымына, түрлерінің қолданбалы мәселелеріне байланысты ерекшеленеді. Бастылары ішкі және халықаралық туризм болып табылады.[1]

        Ішкі туризм халықаралық туризмнен шекараны кеісп өтпейтіндігімен және туристік халықаралық құжаттардың талап етілмеуімен айрықшаланады. Ішкі туризм халықтардың өз мемлекеттері ішінде туристік мақсаттарда уақытша жер ауыстыруын білдіреді. Күнделікті қолданыста жүрген ұлттық ақша бірлігі қолдану қаржысы болып қала береді. Бұндай саяхаттарды ұйымдастыру жеңілірек болып келеді. Кейбір бағалаулар бойынша барлық туристік сапарлардың 80-90%-ы ішкі туризмнің үлесіне тиеді екен, ал туризмге қарағанда ішкі туризмде 5-10 есе көп болады.

Экономикалық  құбылыс ретінде қазіргі туризм индустриалды түрде көрініп, ұлттық экономиканы дамытуды жеделдететін катализатор, жаңа жұмыс орнын құрушы, ұлттық кірісті өсіруші, жергілікті инфроқұрылымды дамытушы және жергілікті  халықтың тұрмыс жағдайын көтеруші болып  табылды. Туризм индустриясы жоғары деңгейдегі тиімділігімен және оған салынған инвестизияның тез қайтарымдылығымен ерекшеленеді. Яғни туризм өзі дами отыра елдің экономикасына қайырлы әсерін тигізеді. 2006 ж. еліміз туризмнен 19765432 мың теңгемен және 742,4 мың АҚШ долларында кіріс кіргізді, ал 2005 ж.  туристік қызмет ұсынушы фирмалар 1112520,1 мың теңгемен және 623,1 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

        Қазақстан Респубдикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында туроператорлық қызмет көрсету фирмалары лицензия алған.

Туроператор – бұл қызмет ұсынушы компанияның  шарты және туристердің сәйкес қажеттіліктері бойынша турды кешендеумен айналысатын  туристік фирма. Туроператор – бұл  туристік пакетті шығарушы. Ол туристік бағыттарды өңдеумен және тутрларды  кешендеумен айналысады; олардың  қызмет етуін қамтамасыз етеді, жарнама  ұйымдастырады, жасалған бағыттың құнын  есептейді, турды тікелей туристерге немесе туристік агенттіктер арқылы өткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

    1. ӘЛЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1.  Туризмнің ұғымы, мәні, маңызы

 

        Туризм қазіргі уақытта жоғары мөлшерде кіріс кіргізетін және экономиканың тұрақты бір саласы екені белгілі жағдай. Туризм саласында 250 млн. астам адам жұмыс істейді, басқаша айтқанда, әлемдегі әр 10-шы жұмысшы осы салада. Оның үлесіне инвестицияның жалпы көлемінің 7%-ы, әлемдік тұтынушылар шығындарының 11%-ы, барлық салық түсімдерінің 5% және әлемдік сауда қызметтерінің үшеуі кіреді. Туризм әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып алға шығып, шаруашылықтың, көлік және байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халықтық тұтыну таурларын өндіру және т.б. көптеген секторларына зор ықпалын тигізеді. Мамандардың болжауынша ХХІ ғасыр туризм ғасыры болмақ.

        Туризм өз ішінде өте күрделі құрылым болып табылад. Біртұтас ұғым ретінде ол ең алдымен барлық қоршаған макросалармен: әлеуметтік, экономикалық, саяси, технологиялық және экологиялық саламен байланысады. Сыртқы қоршаған орта туризмге тікелей әсерін тигізеді,  бір жағдайлар оның өрлеп дамуына мүмкіндік берсе, екінші – жаңа қауіптер туғызады. Тұрақты даму мақсатында ол сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделуге мәжбүр.

Туризмнің көптеген түрі бар. Олар осы феномен  ұғымына байланысты, ұстаным құрылымына, түрлерінің қолданбалы мәселелеріне байланысты ерекшеленеді. Бастылары ішкі және халықаралық туризм болып табылады.

         Ішкі туризм халықаралық туризмнен шекараны кеісп өтпейтіндігімен және туристік халықаралық құжаттардың талап етілмеуімен айрықшаланады. Ішкі туризм халықтардың өз мемлекеттері ішінде туристік мақсаттарда уақытша жер ауыстыруын білдіреді. Күнделікті қолданыста жүрген ұлттық ақша бірлігі қолдану қаржысы болып қала береді. Бұндай саяхаттарды ұйымдастыру жеңілірек болып келеді. Кейбір бағалаулар бойынша барлық туристік сапарлардың 80-90%-ы ішкі туризмнің үлесіне тиеді екен, ал туризмге қарағанда ішкі туризмде 5-10 есе көп болады.

        Халықаралық және ішкі туризмнің айтарлықтай айырмашылығына қарамастан, олар бір бірімен өте тығыз байланысты. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып табылады. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аймақтарды игеруге, базалық туристік инфрақұрылымның қалыптасуына, мамандардың дайындығына және әлемдік туристік кеңістікті құруға ықпалын тигізеді.Халықаралық туризмде саяхаттаушы тұлғалардың өз тұрғылықты жерінен шет елдерге туристік мақсатпен шығуын қамтиды. Мемлекеттік шекараны кесіп өтуі олардың белгілі бір құжаттарды алуымен байланысты: халықаралық паспорт пен виза рәсімдеу, кедендік процедуралардан өту, валюталық және дәрігерлік қадағалаудан өту. Бұл ережелерді мемлекет заңсыз миграциямен, халықаралық терроризммен, наркотик саудасымен күресу мақсатында және елге кіру мен одан шығу тәртібін сақтау үшін енгізеді. Арнайы қызметкерлер саяхаттаушы тұлғалардың паспорт, визаларының дұрыс болуын тексереді, медициналық талаптарға сай егілгенін, шекара арқылы заттардың, валютаны өткізу ережелері мен шарттарын және ақша айырбастау операциясынан өткендігін қадағалайды.[2]

        Халықаралық туризмнің тағы бір ерекшелігі оның экономикалық маңызға ие болуы және халықаралық туризмнің елдің төлем балансына қандай ықпалы бар екендігін ашып көрсететіндігінде. Шетелдік туристер, тауар мен қызметке төлей отырып, қабылдап отырған елдің бюджетін толтырады және оның төлем балансын активтендіреді. Сондықтан шетел туристерінің келуі активті туризм атына ие болған. Керісінше, туристердің өз тұрғылықты тұрған жерінен басқа елге шығуы, елдің ұлттық ақша бірлігінің ағып кетуіне әкеліп соғады. Осы сияқты туристік операциялардың халықаралық төлемдерді елдің пассивті төлем балансында бекітіледі – олар туристерді шығарушылар, ал туризмнің өзі пассивті деген атқа ие болады.

        Пассивті және активті деп бөлу тек халықаралық туризмге қатысты, ал ішкі туризмде бұндай ұғымдар жоқ.

        Халықаралық туризм екі түрлі формада болады – кіру және шығу, олар туристік ағымның бағыты бойынша айрықшаланады. Бір турист кіруші де, шығушы да болып жіктеле алады, ол оның қай елде жүргеніне байланысты. Туристің кетіп бара жатқан тұрғылықты жерінен, баратын, белгіленген елін ажыратады. Бірінші жағдайда шығу туралы, ал екіншіде – кіру туризмі туралы айтылған. Бұл терминдер сапардың басында шетелдік саяхатқа қолданылады. Қайтар жолында турист бар болғаны өз еліне қайтушы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Әлемдік туризмнің қалыптасу  ерекшеліктері

 

        Туризм және туристік қызмет туралы ілімнің дамуы туризмнің тарихымен тығыз байланысты. Туризм ілімімен ежелден бері ғылыми пән ретінде саяхатшылардың өздері айналысқан, және олардың жазбаларын «туризмы››  ұғымы сол кезеңдегі туризмге сай сипатталған. Сондықтан, туризм ғылымының тарихи фундаменттік дамуын қарастырған. Оның басты мәселелерін шешу және оның басқа ғылымдар арасындағы үлесінің қаншалықты екендігін білу маңызды.

        Халықтар әрқашан және әрдайым саяхаттаған. Орта және Таяу Шығыс Азия және Жерорта теңізінің маңайын мекендеген, ежелгі халықтар өздерінің саяхаттары туралы жазба мәлметтерін қалтырған. Бұл тарихи мәлімдемелер жаулаушылықтар мен сауданы кеңейтуден басқа Греция, Рим және Қытай сияқты елдерінің атақты топтарының өкілдері көңіл көтеру үшін, сонымен қатар сауда немесе дипломатиялық мақсаттарда, саяхаттауға жиі шығып отырғандығын байқатады. Мысалы, Геродот өзінің қысқа мерзімді сапарлары мен ұзақ саяхаттары туралы маңызыды қолжазбалар қалдырған. Осыған ұқсас, өмірді сипаттау мазмұнындағы және тарихи бағыттағы, әдебиеттерде басқа елдердің саяхатының философиялық мағынасы, тілі, діні көркем өнері, салт-дәстүрі, жергілікті тұрмыстық ерекшеліктері мен халқының қонақжайлылығы қарастырған.Туристік саяхат сауда-саттық сапарлары жойыла бастаған кезде пайда болады деуге болады. Ең бірінші саяхат жасаған адам Египет ханшайымы Хат, ең алғаш осы ханшайым хош иісті. әйгілі Пунт еліне бару үшін саяхат жасайды. (1501-1484 ж).Осыдан 200 ж. бұрын Египетші Синухит шығыстағы Кедем еліне саяхат жасайды. Б.э.д. 6 ғасырда Египетші Неахо 3 жылға африкаға саяхат жасайды.Рим және Грек елдерінде осыдан 2300 ж. бұрын туристерден келетін қаржыны есептей бастаған. Грек саяхатшысы Ксенофонд Перей Грек портында сауда орталығын, мемлекет үйлерін тұрғызу керек, олар мемлекетке көп пайда әкеледі деген. Осы Гректер мен Римдіктер басқа елдерге бару үшін танымдық, елдік, сауықтыру мақсатында саяхат жасады.Келе Грек саяхатшылары б.э. дейінгі 8-ғасырда саяхат жасай бастаған. Әр саяхат барысында көрген жақсы орындарды өз еліне әкеліп салып, әдет-ғұрпын жеткізіп отырған.

        Орта ғасырда туристік қозғалыс бәсеңдей бастады, Рим империясы құлағанына байланысты. Тек б.э.д. 7 және 8-ғасырда туризм діни мақсатта дами бастады.

        Діни мақсаттағы туризмде саяхатшылар Еуропа елінің көптеген киелі, қасиетті жерлеріне бара бастады. (Италия, Испания, Палестина). 18-ғасырдың басында Европада сауықтыру, танымдық мақсатта сапалы саяхаттар түрі пайда болды. 18-ғасырда Европаның кей мемлекетіндегі мектептерде жаяу саяхатқа, серуенге шыға бастады. Еуропада 17- ғасырда «Ұлы тур›› атты мектеп бітіруші жастарға арналған ұйым құрылды.Осы ұлы турда мектеп бітірушілер 2-3 жылға басқа елге саяхатқа кетіп отырған. Осыдан 150ж. бұрын жалпы саяхат Англияда өтілді. Осы саяхатты ең алғашқы ұйымдастырушы Томас Кук болған.

Информация о работе Туризмнің оң және теріс жақтары