Туризмнің оң және теріс жақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:10, реферат

Краткое описание

Туризм бұл қоғамдық өмірдің күрделі көп жақты және көп аспектілі көрінісі. Қазіргі батыстың экономикалық ғылымы туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық көрінісі деп қарастырады. Мұнда ол туризм индустриясы деп аталатын көп салалы өндіргіш кешен құрушы компоненттердің бірі ғана болып табылады. Экономикалық мәселелер туризм іс-әрекетінің қоғамдық және экономикалық аспектілері контексінде сарапталынады. Туризм кешенді құбылыс ретінде пән аралық зерттеу обьексініе айналды.
Турист – бұл бір елге келуші, яғни өзі тұрақты тұратын жерінен басқа жерге саяхаттап, 12 ай мерзімінде келген жерінде ақылы жұмыс істеу және тұруда басқа мақсатпен (көңіл көтеру, емделу, конференцияға қатысу, туыстарына бару, діни және спорттық және т.б.) саяхаттаушы тұлға.

Содержание

Кіріспе 3

1 Әлемдік туризмнің даму тарихы
Туризм ұғымы, мәні 5
Әлемдік туризмнің қалыптасуерекшеліктері 7
Әлемдік туризмнің дамуындағы мәселелері 12

2 Әлемдік туризмдегі Қазақстанның алатын орны
2.1 Қазақстан туристік компанияларының халықаралық 14
операциялары
2.2. Қазақстан туризмін дамытудағы өзекті мәселелер 19
2.3. Әлемдік туризмдегі Қазақстанның ролі 22
3 ҚР-ғы туризмді дамытудың болашақтары
3.1. ҚР-дағы туристік компания қызметтерін тиімді жетілдіру 25
жолдары
3.2. ҚР туризмді дамытудағы кластерлік саясатын жүргізу
жолдары 27

Қорытынды 30

Пайдаланылған әдебиеттер 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Халықаралық.docx

— 95.59 Кб (Скачать документ)

        Туризмнің түсуі тек ислам аймақтарында ғана емес, сондай-ақ жайлы жатқан Европада да байқалуда. Бұрынғы Югославия республикаларының туристік индустриясы Еуропадағы ең жақсы дамыған аймақтар болатын.  Бес жылға созылған, азаматтық соғыс Хорватияның, Сербияның, Черногорияның, Босня және Герцеговиляның  туристік бизнесін түгелдей дерлік жойып жіберді. Бұл жерлере туристік ағым деңгейі түсіп кетті де, Европалық  Жерорта теңізінде демалушылар әлемнің басқа аймақтарына қарай беттеді.

         Екіншіден, туристік индустрияның дамуына ұдайы шиеленісушіліктер мен  туристік бағыттардағы екі ұштылық (белгісіздік) үлкен  жерін тигізеді. Египеттегі,  Үндістандағы, Израильдегі,  Ямайкадағы, Кениядағы, Терудегі, ОАР-ғы Филиппиндегі немесе Туркиядағы зорлық-зомбылықтың , діни экстрилизмнің көріністері тұрақсыздыққа әкеп соғуы мүмкін және туристік ағымды басқа тыныш  аймақтарға қайта бағыттауға тура келеді.

        Тайландтағы жан түршігерлік оқиғаның өткеніне де біраз уақыт болды.Енді қазір адам шығыны ғана емес, экономикалық шығындар да есептелуде. Тайланд бұл жағдайға төменше деп қарамай, туристерді бұрынғыша қабылдауға дайын екендігін хабарлайды. Басқа шеккен елдерде де өздерінің тек өнеркәсіптік және ауыл шаруалышығы объектілері жағына ғана ауыр тигенін, ал туристік аудандардың аман қалғанын айтады. Бұл елдерді де түсіну керек, өйткені бұл мемлекеттердің экономикалық жағдайында кірістің қайнар көзі, бүкіләлемдік көмектен басқа, тек туризм саласы болып табылады. Курорт – шықпай қалған егістік алқап секілді емес, туристер бұнда жыл бойында табыс әкеледі.

         Дүниежүзілік туризм ұйымы да жапа шеккен елдерге қолдау көрсетіп отыр. Олар өз есептерінде Оңтүстік - Шығыс Азия елдері цунамиден кейінгі шығындардан кейін де экономикалық жағдайының төмендемейтінін көрсетті. Әлемнің туррыногындағы көшбасшысы TUІ концерні үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап-ақ туристерді Пхукет пен Шри-Ланкаға жіберу жолдамаларын жаңартуда.

        Дегенмен, әлемдегі турфирмалардың  атқаратын қызметі мен қызығушылықтары  жапа шеккен елдердікімен бірдей. Оларға цунамиге басланысты келген  шығындардың орнын толтыру керек,  ал бұл милиондаған АҚШ долларын  құрайды.[5]

        Біз Қазақстандық турфирмалардың жағдайын қарайтын болсақ, басқа елдерден жақсырақ болуды. Біріншіден, сауда және туристік қызметті және ҚР Ұлттық туристік басқармасы барлық Қазақстандық турфирмаларға турситік қызмет толық көрсетілмеген тұтынушыларға өз ақшаларын қайтаруына кеңес берді. Екіншіден, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі бар келісім-шарттар туроператорды тұтынушыларға орындалмаған қызметтерінің ақшасын қайтарып беруге міндеттейді. Егер ақшаны қайтармаған жағдайда турфирманың лицензиясынан айырылуы қауіпі бар. Үшіншіден, Қазақстандық турфирмалардың арасындағы қатаң бәсекелестік кезеңде әр тұтынушы үшін күрес ж.руде. Сондықтан келген туристер мен оператор арасындағы келіспеушіліктер фирмаға тиімсіз. Төртіншіден, Қазақстанның шығым сомасы Ресейдікінен азырақ. Бұл Қазақстандықтар Ресейлік демалушылардан шетелдерге аз шығады деген сөз емес (Оңтүстік-Шығыс Азияға 800-ге жуық адам барған.) Бұнда әуе қатынастарының қызметі мен жолдаманың бағасы маңызды орын алады. Ресейліктерге қарағанда Қазақстандықтар жолдаманы төмен бағаға алуда, бұл жерде Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жақын орналасқанына байланысты (тіпті орташа кірісті азаматтар да жолдамаға қол жеткізе алады). Осылайша, саяси шиеленістер шығып,  азаматтық соғыстар жүріп жатқан елдерде жағдай тұрақтанбайынша, туризмнің дамуы  мүмкіне емес.

 

 

 

            2 ӘЛЕМДІК ТУРИЗМДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ  АЛАТЫН ОРНЫ

 

2.1 Қазақстанда туризм  индустриясының қалыптасу ерекшеліктері 

 

        Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында туризм маңызды сала болып тұр. Соңғы (2002-2004) жылдардың өзінде елдегі туристің сапарға орта есеппен 14.3548 мың адам шыққан. Өкінішке орай Қазақстанда туризмнің тиімді жақтары көрінбей отыр.

  Қазақстан Республикасының статистика  жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне  қарасақ, 2004 ж. қызмет көрсетілген  туристердің көпшілігі шығу туризіміне  – 52,9%, ал келу туризіміне –  10,7%-і ғана келген.

       Егер де ТМД елдері мен ТМД-дан  тыс елдерді алатын болсақ, онда  келу туризмі, ТМД –дан –  11,3%, ал ТМД-дан тыс елдерден 88,6 –ды құрайды, ал шығу туризмінде  ТМД-ға – 11,1, ТМД-дан тыс елдерге  88,8-ны құрайды. (2.1.1- кесте). Бұдан  біз негізінен халықаралық туризмнің  дамығанын көреміз. 2004 ж, ішкі  туризмнің үлесі 36ғ4%-ны құрады. (2003 жылмен салыстырғанда  - 7,7%) бұл  еліміздің халқының туған елдің  табиғи әдемілігіне, демалысқа,  жергілікті курорттарда демалуға  қызығушылығының туғанын дәлелдейді.[6] 

 

1 –  кесте - Қазақстан Республикасында туризм түрібойынша туристерге қызмет көрсету (2010 жыл)

 

Туризм түрлері

Қызмет көрсетілген туристер

 

адам

% - бен

% - бен

Барлығы:

29 2738

Туризм түрлеріне қарай

Елдер бойынша

Келу туризмі

   ТМД

 ТМД-дан тыс

 Шығу туризмі

    ТМД

 ТМД-дан тыс 

 Ішкі туризм

31367

3546

27821

154885

17219

137666

106486

10,7

 

 

52,9

 

 

36,4

100

11,3

88,6

100

11,1

88,8

-


 

        Экономикалық құбылыс ретінде қазіргі туризм индустриалды түрде көрініп, ұлттық экономиканы дамытуды жеделдететін катализатор, жаңа жұмыс орнын құрушы, ұлттық кірісті өсіруші, жергілікті инфроқұрылымды дамытушы және жергілікті  халықтың тұрмыс жағдайын көтеруші болып табылды. Туризм индустриясы жоғары деңгейдегі тиімділігімен және оған салынған инвестизияның тез қайтарымдылығымен ерекшеленеді. Яғни туризм өзі дами отыра елдің экономикасына қайырлы әсерін тигізеді. 2006 ж. еліміз туризмнен 19765432 мың теңгемен және 742,4 мың АҚШ долларында кіріс кіргізді, ал 2005 ж.  туристік қызмет ұсынушы фирмалар 1112520,1 мың теңгемен және 623,1 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

 

2 –  кесте - Қазақстан Республикасының туристікфирмаларының кірістері (2010жыл)

 

Туристік фирмалар мен агенттіктердің табысы

Кіру және шығу туризмінің кірісінің  үлесі, %-пен

 

Мың теңге

Мың АҚШ долл

Теңгемен

АҚШ долл.-мен

Барлығы:

1976543,2

742,4

   

Келу туризмі

 ТМД

ТМД-дан      тыс

Шығу туризмі

ТМД

ТМД-дан тыс

Ішкі туризм

 

446221,4

14672,5

 

431548,9

 

878975,7

118849,8

 

760125,9

 

651346,1

 

22,5

 

 

 

 

44,4

 

 

 

 

32,9

 

 

 

 

 


 

        Көріп отырғанымыздай 2- кестенің мәліметтері бойынша 2006 ж. шығу туризмінен табыс үлесі елеулі түрде жоғарлаған. Осыған сәйкесінше кіру және ішкі туризмнің үлесі азайған. Бұл құбылыс біздің көзқарасымыз бойынша 2005-2006 ж.ж. аралығындағы теңге бағасының АҚШ долларына қатысты төмендеуімен және осы жылдарға қатысты Орта Азия аумағындағы тұрақсыздықтың себебінен болғаны анықталып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  бәсекеге қабілеттілікті экономиканың дамуының маңызды факторлары деп  жариялап, “Бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті маман” деген  жолдауынан кейін көптеген фирмалар өз ұстанымдарын, даму бағыттарын өзгертті, осыған орай нарықта туристік фирмалар саны көбейіп, 2006 ж. 751-ге жетті. (3-кесте)

 

3 – кесте - Қазақстан Республикасының туристікфирмалар саны

 

 

2004

2005

2006

Қазақстан Республикасы

612

713

751

Ақмола

10

10

19

Ақтөбе

10

11

16

Алматы

18

29

37

Атырау

4

13

18

Шығыс Қазақстан

23

22

24

Жамбыл

5

13

10

Батыс Қазақстан

2

4

5

Қарағанды

25

25

29

Қостанай

7

5

6

Оңтүстік Қазақстан

4

5

12

Астана қаласы

23

37

26

Алматы қаласы

454

494

500


         Дәл қазіргі кезде Қазақстанда туристік фирмалардың келесі типтері қалыптасқан:

  1. Ішкі және шығу туризмі бойынша қызмет құрамы шектеулі фирмалар, олар 10-15 бағыт ұсынады;
  2. Негізінен шоп-туризмге және виза рәсімдеуге маманданған фирмалар;
  3. Қызмет құрамы толық фирмалар, олардың шарттары. “Қайда болса да және қай уақытта болса да”;
  4. Тұтынушыларға ерекше саяхаттар (бүркітпен ұлттық аң аулау, қазақ үйлерде тұру және т.б.), экзотикалық бағыттар мен қызметтер ұсынатын фирмалар.

        Фирма тобының әр қайсысы белгілі бір нақты стратегияны қолданады. Фирмалардың бірінші тобы өз қызметтерінде төмен бағаларға қатысты бағытталады және жақсы қатнастағы тұтынушылардың санын көбейтуге тырысады. Фирмалардың екінші тобы негізінен шағын бизнесті дамытуда қызмет атқарады және тұтынушылардың тұрақтылығын сақтауға тырысады, сонымен қатар жылына бірнеше рет турларды табады. Фирмалардың үшінші тобы – бұл ірі фирмалар, бұнда фирмалардың екінші тобына қарағанда клиенттері аз болады, бірақ олар әрбір туристік сапардан өте жоғары кіріс кіргізеді. Фирмалардың төртінші тобы негізінен кіру туризміне бағытталған, нарықтың шектеулі сегменттерінде жұмыс атқарады және көбінесе шетелдік туристерді қабылдаумен айналысады.

Сурет 1 - Қазақстанға келген резидент – емес туристерді

Реттеу

 

        2008-2010 ж.ж. кезеңінде Қазақстанға 300-ге жуық елдің өкілдері келген.

       Қазақстанға келуші, резидент еместердің әлемнің бүкіл континентінен белгілі бір жіберуші – елдерден ғана басым келетіндігі қызық жағдай. Осы зерттелген кезең ішінде Қазақстанға туристерді жіберуші елдердің ішінде бірінші орынды Ресей Федерациясы алып отыр. 2008-2010 жыл аралығындағы екінші орынды ҚХР, одан кейінгі орындарды Германия, Түркия және АҚШ алып отыр.

        Көрсеткіштерді талдай келе, Ресей азаматтарының Қазақстанға көптеп келу себебі, географиялық жақындық және екі елдің бұрыннан келе жатқан, дәстүрге айналған қарым-қатнастары болып табылады. Ал ҚХР үлесі бұрынғы 2000-2001 ж.ж. қарағанда өскен. Ол ҚХР-ның Қазақстан мен сауда-саттықтың өсуі және ҚХР-ның азаматы болып табылатын өзіміздің қандастарымыздың өз елінің, жерінің тарихына, мәдениетіне қызығушылық танытуына байланысты. Ал Германияның резидент-емес туристері болса алдыңғы 2002 жылдарға қарағанда азайып өз орнын Ресейге берген. Дегенмен де, Германияның 3-орында болуы, оның Қазақстандағы ірі диаспорасының болуымен түсіндіріледі. Туркия 4-орында бұл түрік елінің біздің елмен тарихи тамырының тіліміздің, дініміздің, мәдениетіміздің бірлігі, сонымен қатар Қазақстанға деген Түркиялық кәсіпкерлердің қызығушылығы сияқты факторлардың болуымен байланысты. АҚШ болса Қазақстанмен негізінен экономикалық қатынасты ұстанып отыр. Басқа елдердің үлесінің көбейіп, өткен жылдармен салыстырғанда мемлекет санының да көбейгенін атап өткен жөн.

        Қазақстанның резидент-еместерге  көрсеткен қызметінен түскен түсімі 2008 жылға 654,0 мың АҚШ доллар қарағанда өскен, 2010 ж. 707,8 мың АҚШ долларын құрады. Бұл азда болса қазақстан туризмінің дамығанын байқатады және әлем елдерінің Қазақстанды туристік орталық ретінде тани бастағанын көрсетеді. Ең қызығы, келген туристердің саны және оларға көрсетілген қызметтен түсетін түсімнің арасындағы дифференцияция. Мысалы, Германиядан келген туристерден түскен түсім 103,0 мың АҚШ долларын құрады, ал Жапонияның резидент еместерінен 125,4 мың АҚШ доллары көлемінде түсім түскен.  Германия туристердің келу саны жағынан Жапониядан алдыңғы орында болса да, кіріс үлесі аз. Бұл жердің шалғайлығы, туристердің төлеу қабілеттілігі, валюта бағасының эквивалентті еместігі және резидент еместердің келу сипаты (демалыс, танымдық, іскерлік немесе басқа мақсаттарда) факторларға байланысты.[7]

        Шет елдік туризмді дамыта отыра оның әсер ету салдарын да, зерттеу қажет болады. Әрине, қазіргі кезде қазақстандағы шетелдік туризмнің дамуынан қандайда бір экономикалық немесе әлеуметтік қатынастағы әсерлер болып жатқан жоқ.Шетелдік туристер тек қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін, бірақ біздің экологиялық жағдайымыз резидент еместер үшін кері факторлар болуы мүмкін. Бұған қарамастан шет елдік туризм әсерлерінің жалпы қабылданған ұстанымдарын келтәрейік. Н.Ю. Малышенко дамушы елдердегі тұтас туризм дамуының жалпы экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерлерін бөліп көрсеткен. Ал, отандық ғалымымыз Ғ.М. Дүйсен шетелдік туризмнің экономикалық әсерлерін келтірген (4-кесте).

 

 

 

 

 

 

4 –  кесте - Дамушы елдердегі шетелдік туризмнің дамуындағыэкономикалық әсерлер

 

Пайдасы

           Зияны

                    1

               2

Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудың  кеңеюі.

Жергілікті ресурстардың қолданылуы.

Шетелдік капитал  мен тұрақты валютаның тартылуы.

Жергілікті іскерлік айналымның ұлғаюы.

Тауар мен қызметтің  ұлттық өндірістегі құрылымның қозғалысы.

Жүмыс орындарының  көбеюі.

Жеке кірістің өсуі.

Аймақтық диспропорцияның  бір қалыптылығы.

Еліміздің шетелде  экономикалық имиджінің қалыптасуы.

Тұрақты валютаның ағыуы.

Импорттың өсуі.

Жұмысбастылықтың  дәстүрлі саласынан (отток).

Жұмыссыздың қауіпі.

Мерзімдік жұмысбастылық

Инфляция

Шетелдік компаниялардың басымдылығы

Саяси жағдайға, халықаралық  экономикалық конъюнктурағы, сәнге  тәуелділік.

Экономикалық кризистердің

Және дамудың  қалыпсыздығының туындауы.

Информация о работе Туризмнің оң және теріс жақтары