Туризм туралы тусиник

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:06, реферат

Краткое описание

Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.

Содержание

Кіріспе
1. Туризм индустриясы, туризм - әлемдік экономикада
2. Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау.
3. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары.
4. Қазақстан Республикасы туристік индустриясының экономикадағы перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
4.1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
4.2. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
4.3. «Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру».
5. Қорытынды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Turizm_industriasy_ulttyk_ekonomika_retinde.docx

— 130.62 Кб (Скачать документ)

       Бірақ,  толыққанды іс-әрекетке әрбір  90 - 120 км сайын қашықтықта орналасатын  «В» санатындағы 58 жол бойы  қызмет көрсету объектілерінің  құрылысы қажет, оның ішінде:

       Ақтөбе  облысында - 12 бірлік;

       Қызылорда  облысында - 16 бірлік;

       Алматы  облысында - 10 бірлік;— 

       Жамбыл  облысында - 10 бірлік;

       Оңтүстік  Қазақстан облысында - 10 бірлік.

       «С»  санатындағы объектілер бір-бірінен  50 км қашықтықта орналасады.

       Бұл  ретте, осы санаттағы объектілердің  орналасуын ҚР Туризм және  спорт министрлігі ҚР Көлік  және коммуникация министрлігімен  және жергілікті атқарушы органдармен  бірлесіп анықтайтын болады.

       Барлық  жоғарыда аталған жол бойы  қызмет көрсету объектілері шахмат  тәртібімен орналасуы тиіс.

       2) Өңірлерде туристік орталықтар, кешендер мен орналастыру объектілерін салу:

       Республикалық  индустрияландыру картасына енгізілген  Ақмола облысының «Бурабай» АЭА  шекарасында туристік ойын-сауық  кешенінің, сондай-ақ, өңірлік индустрияландыру  картасына енгізілген Шығыс Қазақстан  облысындғы Алакөл көлінің жағалауында  қонақ үй кешенінің құрылысы  жүзеге асырылатын болады.

       Аталған  индустрияландыру карталары индустриялық-инновациялық  саясатты тұрақты түрде өзекті  етудің құралы болып табылады.

       Ақмола  облысының «Бурабай» АЭА шекарасында  туристік ойын-сауық кешенін салу  жобасын іске асыру Қазақстан  Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық  дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламаға  енгізілді.

       Орталықты  құрудың негізгі идеясы - қазіргі  заманғы туризм инфрақұрылымын  кешенді дамыту және құрылысқа  инвестициялар тарту, Шучье-Бурабай  курорттық аймағының аумағында  инновациялық қызметтің артуын  қамтамасыз ету.

       Курорттық  аймақты құру жобасы 2 кезеңге  бөлінген: 1 - 2009 - 2011 жж., 2 - 2012 - 2021 жж.

       Бұдан  басқа, Алматы облысының Қапшағай  су қоймасы жағалауында «Жаңа  Іле» халықаралық туристік орталығын  және Маңғыстау облысында «Кендірлі»  халықарлық курортын, сондай-ақ қонақ  үйлер желісін салу көзделіп  отыр.

       Туризм  индустриясының бәсекеге қабілетті  инфрақұрылымын құру шеңберінде  «Бурабай» мемлекеттік ұлттық  табиғи паркі аумағында гольф  клубын салу және орналастыру  үшін ерекше қорғалатын табиғи  аумақтардың жерлерін қордағы  жерлерге ауыстыру мәселесі пысықталатын  болады;

       белсенді  демалу жағдайларын дамыту үшін  Шығыс Қазақстан облысында туризмді  дамытудың кластерлік бағдарламасының  мастер-жоспарында, сондай-ақ Алматы  қаласының маңындағы тау шаңғысы  курорттарын дамыту; Ақмола облысындағы  Щучинск-Бурабай курорттық аймағын  дамыту; Маңғыстау облысындағы «Кендірлі»  демалыс аймағын дамыту жүйелі  жоспарларында көзделген жобалар  іске асырылады.

       3) Тау шаңғысы туризмінің инфрақұрылымын жасау:

       Жамбыл  облысында «Көксай» тау шаңғысы  базасы;

       Оңтүстік  Қазақстан облысында «Қасқасу»  тау шаңғысы базасы;

       Алматы  облысында «Шымбұлақ» тау шаңғысы  курортын дамыту, сондай-ақ арқан  жолдарын салу;

       Жобаларды  дамыту мүмкіндіктерін және тиімділігін  анықтау мақсатында зерттеу жүргізу  және дамыту тұжырымдамасын әзірлеу  қажет, тұжырымдама есепке алына  отырып, одан әрі іске асыру  жүзеге асырылатын болады.

       Алматы  қаласында Шымбұлақ тау шаңғысы  базасын дамыту жөніндегі жобаны  іске асыру ҮИИДМБ-ға енгізілді  және жобаның мақсаты әлемдік  өндірушілердің жоғары қарқынды  жылдамдығымен және орындықтарының  ыңғайлылығымен ерекшеленетін арқан  жолдарының жаңа жүйесі есебінен, шаңғы трассаларын 7 км-ден 100 км-ге  дейін ұлғайту, жаңа заманауи  мейрамханалар, коммерциялық аймақтар, тұрақтар салу есебінен тау  шаңғысы курортында инфрақұрылым  жасау, шаңғы тебу маусымын 2 айға  ұлғайту болып табылады.

       Жоба  сондай-ақ 2011 жылы Алматыда қысқы  Азия ойындарын өткізуге, Алматы  облысында туризм мен спортты  дамытуға ықпал жасайтын болады.

       4) Экологиялық туризмді дамытуды ынталандыру:

       - ақпаратты тарату және экологиялық туризмді танымал ету;

       - қонақжай үйлер жүйесін құру және дамыту;

       - экотуристік қызметке тарту мақсатында экотуризм мәселелері жөнінде ақпараттық жұмысты жүргізу;

       - қонақжай үйлер үшін стандарттарды әзірлеу және олардың сертификаттау рәсімдерінен өтуі;

       - қонақжай үйлерді құру кезінде энергияның баламалы көздерін  және экотурларды ұйымдастыру кезінде экологиялық таза көлік түрлерін пайдалануға жәрдемдесу;

       - экологиялық туризмді дамыту мәселелері жөнінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.

 

       Сонымен  қатар, экологиялық туризмнің  дамуы мемлекеттік ұлттық парктердің  қызметімен тығыз байланысты  екенін есепке ала отырып, оларды  өздерінің Бас жоспарларына сәйкес  тиісінше жайластыру қажет.

       Аталған  шаралар Қазақстанның халықаралық  нарықта бәсекеге түсуге қабілетті,  табиғи-климаттық әлеуетін ескеретін  толыққанды туристік өнімді қалыптастыруға  мүмкіндік береді.

       Мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары.

       Жоғарыда  көрсетілген жобалардың, сондай-ақ  жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің  құрылысын қамтамасыз ету үшін  жергілікті атқарушы органдардың  жол бойы органдарының келісімі  бойынша белгіленген тәртіппен  көлік дәлізі бойынан жер учаскелерін  бөлуі, туризм индустриясының  қайтадан салынатын объектілеріне  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды  жасау қажет. Сонымен бірге,  «Бизнестің жол картасы - 2020»  бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік  субьектілерінің кредиттері бойынша  пайыздық ставкаларды субсидиялауды  қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық  артықшылықтар, мемлекеттік заттай  гранттар, кедендік баж салығы  мен жер салығынан босату жүйесін  пайдалану талап етіледі. Осылайша, инфрақұрылымдық жобаларды дамытудың негізі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту болуы тиіс.

 

    1. «Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру».

       Мемлекеттік  инвестициялық саясаттың барлық  ықтимал тетіктерін пайдалана  отырып, елдің туристік кластерін  дамыту үшін базалық жағдай  жасау мақсатында жеке инвестицияларды  ынталандыру және мемлекеттік  инвестицияларды жүзеге асыру  жөнінде шаралар кешенін әзірлейді.

       Сектораралық  және ведомствоаралық кедергілерден  өту үшін мүдделі мемлекеттік  органдардың бизнес-құрылымдармен  тығыз серіктестіктегі іс-қимылын  үйлестіру бөлігінде заңнамалық  және экономикалық шаралар арқылы  теңгерімді мемлекеттік саясат  жүргізіледі.

       Жеке  инвестициялар тарту процесін  ынталандырудың экономикалық тетіктері  ретінде инвестициялық салық  жеңілдіктерін, мемлекеттік заттай  гранттар жүйесін пайдалану, туристік  кешендерге арналған құралдар  мен жабдықтарды кедендік баж  салығынан босатуды, жобаны іске  асырудың алғашқы 5-10 жылдарында  қызметтің басым түрлеріндегі  кәсіпорындардың тіркелген активтеріне  салымды жүзеге асыратын инвесторларға  «Инвестициялар туралы» Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы  № 373 Заңына сәйкес берілген  жер салығынан босату жоспарлануда. Сондай-ақ жабдықтар мен технологияны  лизинг бойынша сатып алу және  франчайзингтік қатынастарды кеңінен  тарату тетігін кеңінен пайдаланады.

       Туроператорлар  инклюзив-турлар (inclusive tour) немесе пэкидж-турлар (package tour) деп аталатын турларды  сату арқылы толық қызмет көрсету  кешенін қамтамасыз етуі қажет.  Бірақ бұл үшін ISO 9000 және ISO 14000 халықаралық  қызмет көрсету стандарттарын  енгізу қажет, адал бәсекені  дамытуға және туристік қызметтердің  өркениетті нарығын қалыптастыруға  жағдайлар жасау қажет. Бұған  қоса, туристік қызмет тарифтерін  қайта қарау қажет, тұтастай  алғанда, ұлттық туристік өнімді  қалыптастыру жолдарын өзгерту  қажет, себебі Қазақстан үшін  алдын-ала жарнамаланған бағдарлама  бойынша пэкидж-турларды (турпакеттерді)  сату сипаты тән.

       Міндетті  іске асыру жөніндегі шаралар:

  • саяси тұрақты мемлекеттердің азаматтары үшін визалық және тіркеу рәсімдерін, кедендік бақылауды жеңілдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
  • туризмді дамыту жөнінде халықаралық шарттар жасасу;
  • сырттан келушілер туризмін де, ішкі туризмді де дамыту үшін инвестицияларды, салық салуды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
  • туристік ағынды тарту мақсатында жолаушылар тасымалы саласындағы тарифтік саясатты жетілдіру мәселелерін пысықтау;
  • туристік статистика мен есептілік жүйесін жетілдіру және ұлттық шот жүйесінде туризмнің қосымша шотын одан әрі енгізу;
  • қазақстандық туристік өнімді ішкі де, сыртқы да нарықта қолдау және жылжыту.

      

Туристерге қызмет көрсету  нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында:

       туристік  операторларды ірілету үшін заңнамалық  жағдайлар жасалатын болады;

       Алматы  қаласында Экскурсияшылар бюросын  ашу және туристік әлеуеті  бар өңірлерде туристік ақпараттық  орталықтар құру мүмкіндігі қаралады.

       туризм саласында көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделген мемлекеттік стандарттарды әзірлеп, енгізу қажет және менеджмент жүйесі стандарттарын енгізуге жәрдем көрсету қажет, бұл көрсетілетін қызметтердің санын біршама арттырады.

       Аталған  міндет шеңберінде көрсетілген  шаралар Салалық бағдарламаның  барлық қолданылу кезеңінде іске  асырылатын болады және ұзақ  мерзімді перспективаға (2020 жылға дейін) есептелген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Нарықтық экономика –  туризм дамуы үшін ең қолайлы орта. Туризм рекреациондық, танымдық және емдік қызметтерді орындайды, бірақ сонымен бірге мынадай экономикалық аспектілердің де үлкен маңызы бар: валюталық түсімдер ағыны және елдің төлем баланысының жақсаруы, шектес салалардың дамуы, қазіргі заманғы инфрақұрылым құру.

Қазақстанда соңғы жылдары  туризм сферасында түбегейлі институционалды  және сапалы өзгерістер болды. Нарықтың экономика элементтерін енгізу, мемлекеттік  туристік кәсіпорындардың акционерлік, жеке және бірлескен кәсіпорындарға айналуы шығу туризмі мен шоп-туризмге бағытталған Қазақстанның отандық  туристік өнімін қалыптастыруға мүмкіндік  береді.

Қазақстанның аумақтары  рекреациялық аймақтандыру туризмді жоспарлау  мақсаттары бойынша қайта құрымдауға мүмкіндік береді. Келу туризімінің  дамуы үшін таулық, танымдық және рекреациялық туризм түрлері ерекшелікті болып  табылады. Осы аталған туризм түрлерінің құрылымы елімізде мамандырылған аңшылық  туризмнің, оқиғалы туризмнің, этникалық, діни және жастар туризімінің одан ары кеңеюі мен қызмет етуіне мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді.

Отандық туристік өнімнің  өткізілуіне, оның үйлесімді көркемделуіне, халықаралық туристік нарықта жарнамалануы мен жылжытылуына ерекше баса баса назар аудару керек. Осыған байланысты Туризм және спорт жөніндегі агенттік облыстық, қалалық өкілетті органдардың  туристік компаниялармен және фирмалармен  бірлесе отырып, алыс-жақын шетелдердің  көптеген елдері үшін жолбастаушы болатын  туристік фирмалар мен бағыттардың  жалғыз республикалық каталогын  шығаруды ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. http://malimetter.kz/ekonomika-salasy-retindegi-turizmnin-mani-zhane-erekshelikteri/ бөлімі – Туризм
  2. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100001048/  Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
  3. http://referatkaz.kz/қазақстан-республикасындағы-туризм/

Информация о работе Туризм туралы тусиник