Туризм туралы тусиник

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:06, реферат

Краткое описание

Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.

Содержание

Кіріспе
1. Туризм индустриясы, туризм - әлемдік экономикада
2. Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау.
3. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары.
4. Қазақстан Республикасы туристік индустриясының экономикадағы перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
4.1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
4.2. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
4.3. «Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру».
5. Қорытынды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Turizm_industriasy_ulttyk_ekonomika_retinde.docx

— 130.62 Кб (Скачать документ)

 

 

ЖОСПАР:

Кіріспе

  1. Туризм индустриясы, туризм -  әлемдік экономикада
  2. Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау.
  3. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары.
  4. Қазақстан Республикасы туристік индустриясының экономикадағы перспективалы  бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

4.1.   Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары

        және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

4.2.    Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

4.3.  «Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру».

  1. Қорытынды.
  2. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

"Қазақстан-2030" стратегиялық  бағдарламасында еліміздің келешектігі  дамуына айқынды бағдар берілгені  мәлім. Осы орайда ел экономикасында  өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес  қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.

Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы мен трансұлттануы, нарықтық экономика  жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілетті  ел қатарына қосылуы экономиканың кешенді  дамуына негізделеді. Республика аймақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай  кластерлерді құру маңыздылығы Қазақстан  Республикасының президнті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен халыққа жолдауында бірнеше аталып өтілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Туризм индустриясы, туризм -  әлемдік экономикада.

                                                                                                                                                                                                             

Туризм әлемдік экономикада  басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша  ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің  оннан бір бөлігін, халықаралық  инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік  өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын  қамтамасыз етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы  табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм еңбекшілердің  жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі  адамның демалуға және бос уақытын  өткізуге негізгі құқығын тану болып  табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің  әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.

Қазіргі туризм — бұл  әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін  саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір  немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна  жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа  шығару керек. Бұл ретте, шикізат  сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сейтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм елдің тұтас  аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы  және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық  қызмет көрсетуді дамытумен тығыз  байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы  басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық  тиімділікке ие.

Туризм жеке және ұжымдық  жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы  және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей  араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.

Туризмнің жылдам және тұрақты  өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік  даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осыған орай  туризм саласында тұтас  мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы  бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.

«Туризм және туризм индустриясы» терминінің анықтамасы жалпы қабылданғаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың  айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан және «Туризм индустриясы» терминіне  экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм –  бұл саяхат, ал саяхат – ғасырлардан  қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы-географтармен  жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан  туризм – бұл таза географиялық түсінік.

«Туризм индустриясының»  экономикалық мәні бар. Индустрия сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (л.т. «industria» — қызмет). «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы  мен тиімділігіне аз капиталдың сыйымдылығы  және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты.

Бұл  ретте біз экономиканың дамып келе  жатқан саласының  объектілері  мен  субъектілеріне  тоқталып  қарастырайық.

 

«Туризм индустриясының»  ерекше қасиеттері:

 

Туристік мекемелердің ресурстарға  байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық  және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның  міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп  көрсету керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Туризм индустриясының оң және теріс жақтарына тоқталсақ (1 - сурет)

 

 

 

1 – сурет. Туристік  индустрияның оң және теріс  жақтары

 

Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс  жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының  қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.

Туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның экономикадағы  және қоғамдағы орнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана.

Туризм индустриясының құрылымын  және қазіргі этапта оны басқару  құрылымын анықтау қажет.

Қазақстанда В.Г.Волошин  туризм индустриясының құрылымын көрсетті. Біз Қазақстанның туризм индустриясының альтернативтік, бірыңғайландырылған  құрылымын ұсынамыз.

Біздің берген нұсқамыздың  негізгі айырмашылығы табиғи рекреациялық потенциалды енгізу. Қазақстан үшін табиғи рекреациялық потенциал факторы  оның масштабтылығы, әр түрлілігі және қайталанбайтындығы жағынан тең  келмейтін байлық. Қазақстан экономикасының қазіргі даму этабында туризм индустриясына  құйылатын қаржының жетіспеушілігі кезінде бұл фактор оның құрылымының  басты элементі болуы керек. Көрсетілген  құрылым туризм индустриясының қазіргі  бөлімін қамтиды және Қазақстан  Республикасының жаңа туристік саясаттың  құрылуына негіз бола алады. Демек, туризм индустриясы қиын экономикалық жүйе. Қазақстанда туризм индустриясының дамуы мемлекеттің бюджетіне  қаржы түсіріп, туризммен байланысты және Қазақстан экономикасының басқа  салаларына қатысты қиын әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және басқа  проблемаларды шешуге көмектеседі.

 

Туристік қызмет субъектілеріне біз  келесілерді  жатқызамыз (2 - кесте)

 

2-кесте. Туристік қызмет  субъектілері.

 

Ал туристік қызмет объектілері  дегеніміз — табиғи объектіпер және табиғи-климаттық аймақтар, көрікті  орындар, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету объектілері және саяхат кезінде туристердің қажеттерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер.

Атаулы субъектілер  мен объектілер  туристік  индустрияда  қамтылған. Туристік индустрия — туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы.

 

Сонымен  қатар біз туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлеріне тоқтала кетуіміз  жөн(3 - сурет)

 

 

 

 

 

3- Сурет. Туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлері

 

Турисік  индустрияда  міндетті  түрде туристік  ресурстар (қорлар) қарастырылады.  Осыған орай  Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен    туристік ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар  арнайы  заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.

 

Туризм жалпы алғанда,  мемлекеттің экономикасына 3 оң нәтиже  береді:

 

  • Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге  оң  ықпал жасайды.

 

  • Халықтың жұмыс пен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен Бүкіләлемдік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы  бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір  жұмыс орнына  жұмыс орны  келеді екен.  Туризм  тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына  ықпал жасайды.

 

  • Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

 

Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени  мкңызға  ие. Себебі ол елдер арасындағы  мемлекетаралық  байланыстардың және  мәдени айырбастың  дамуына  ықпалын  тигізеді, аймақаралық  байланыс көлемін  арттырады, халықтың  танымдық  деңгейін  көтереді.

Қазақстанға  туризмнің достық дамуы,  мемлекеттің, қоғамдық-құқықтық  және  жеке құрылымдардың  арасында өзара  байланыстың  жоқтығы, экономикалық механизмнің жетілмегендігі тән. Туризм  сферасындағы  макротенденциялар туризмнің  тек бір  сегментінің  — шығу туризмнің артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге,  Қазақстанда  келу  туризмін  дамытудың да  алғышарттары іс жүзінде  бар, себебі  республикада  табиғи  және  рекреационды  ресурстар, мәдени,  тарихи,  сәулет  және  археологиялық ескерткіштер мол.

 

 

  1. Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау

 

Қазақстандағы туризмнің  тарихи алғышарттары б.э.д. ІІІ мыңжылдықта  қалыптаса бастаған  Ұлы  Жібек  жолының  қалыптасуы  мен  дамуы  болып  табылады.

Қазақстан КСРО-ның  құрамында  болған  уақытта  туризм  де басқа  экономика  салалары сияқты  орталықтан  келетін  қатаң  ережелерге  бағынып,  тек сол  ережелер  аясында  ғана өз қызметін  жүзеге асыратын. Шетелдіктер үшін Қазақстан мешеу  елдердің  санатында  еді.  Себебі, кеңестік  кезеңде  Қазақстандағы  туризм идеологиялық  қызметті  атқарған мәдени-ағарту  жұмысы жүйесі  элементтерінің  бірі болып  саналды және оның  басым  рөліне  қарамастан  қалдықтық  қағидатпен  қаржыландырылды және  елеулі  экономикалық  маңызға  ие болмады.

Қазақстандағы туризм индустриясының дамымай  қалуының негізгі  себептерінің бірі оған  экономиканың  саласы ретінде  мемлекеттік  деңгейде көңіл  бөлінбеді және  шындап  қолға  алынбады. Туризмді  аймақтық  ұйымдастыруға және мемлекеттік  емес туристік  құрылымдарды  кешенді  болжауға, ұзақ мерзімді  жоспарлауға  назар  аударылмады.  Туризм  табысының  үлкен бөлігі  жергілікті бюджетке  түсетіндігіне  қарамастан,  жергілікті  басқару органдарының  туристік  қызметті болашағы бар сала  ретінде  мойындамаулары болып  табылды.

Информация о работе Туризм туралы тусиник