Туризм туралы тусиник

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:06, реферат

Краткое описание

Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.

Содержание

Кіріспе
1. Туризм индустриясы, туризм - әлемдік экономикада
2. Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау.
3. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары.
4. Қазақстан Республикасы туристік индустриясының экономикадағы перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
4.1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
4.2. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
4.3. «Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру».
5. Қорытынды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Turizm_industriasy_ulttyk_ekonomika_retinde.docx

— 130.62 Кб (Скачать документ)

       Мастер-жоспардың  ұсынымдары Қазақстан Республикасын  үдемелі индустриялық-инновациялық  дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарлама  шеңберінде туризмді дамытудың  одан әрі пайымдауын қалыптастыру  үшін негіз болды.

       Туристік  саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін  талдау

 

 

 

 

  • Күшті жақтары 

 

  • Туризмнің экономикаға нақты үлесін бағалауға мүмкіндік беретін ТҚШ енгізу
  • Туристік индустрия инфрақұрылымының болуы
  • Туристік саланы дамытуға арналған заңнамалық және нормативтік-құқықтық негіз
  • Халықаралық нарықта экотуризмге жоғары қызығушылық (8,9 млн. адам немесе жалпы әлеуеттің 63 %), оны дамыту үшін Қазақстанда әлеует бар:
  • Алматы қаласында Экологиялық туризмнің ақпараттық ресурстық орталығы жұмыс істейді;
  • қоңақжай үйлер құрылуда;
  • МҰТП жұмыс істейді.
  • Мәдени-тарихи туризмді дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстанның бірегей мәдениеті мен тарихы
  • Тау шаңғысы туризмін дамытуға арналған табиғи жағдайлар
  • Кадрлық ресурстарымен қамтамасыз етілу

 

  • Әлсіз жақтары

 

  • Барлық инфрақұрылым қалаларда және ірі елді мекендерде орналасқан инфрақұрылымның халықаралық талаптарға сәйкес келмеуі;
  • Туристердің қызығушылық танытатын объектілерде көп күн болуы үшін жағдайлардың болмауы;
  • Инвесторларға демеу қаржы бөлу, жеңілдіктер беру және салық жеңілдіктерін беру механизмінің жоқтығы;
  • Қазақстандағы экотуризмді дамыту тәсілдері және саясаты қалыптастырылмаған;
  • Туристік объектілерге апарар жолдың сапасының төмендігі болмауы;
  • Кадрлар даярлау бағдарламасының нарықтың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі;

 

  • Мүмкіндіктер 

 

  • Жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде ауылдық жерлерде ашу
  • Халықаралық туристік қызмет нарығында Қазақстанның деңгейінің жоғары болуы, бұл бюджетке инвестицияның және кірістің түсуін қамтамасыз етеді
  • Ұлттық туристік өнімді кұру
  • Сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм бойынша туристердің ағынын көбейту 

 

  • Қауіптер

 

  • Біркүндік бағдарлар санының көбеюі
  • Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі
  • Инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі
  • Қазақстанның туризм үшін қолайсыз ел ретіндегі бейнесінің қалыптасуы, сонымен қатар оның инвестициялық тартымдылығының төмендеуі

 

Шешілмеген күйінде қалып  отырған, бірақ туризм саласының  дамуы үшін негізгі мәселелер  болып табылатын бірқатар проблемалық  мәселелерді атап өту қажет.

Саланы дамытудың негізі ретінде туризм индустриясының инфрақұрылымы  бүгінгі күні 2009 жылдың қорытындылары  бойынша - 1235 бірлік орналастыру орнын  құрап отыр.

     Оның орнықты өсу үрдісі байқалып отырғанына қарамастан, негізінен, орналастыру орындары қалаларда және ірі елді мекендерде орналасқан. Тек шетелдік туристерге ғана емес, сондай-ақ отандық туристерге қолайлы жағдайлар туғызу үшін, елді мекендер арасындағы ұзақ қашықтықтарды есепке алсақ, олардың автомобиль жолдарының бойында белгілі бір учаскелерде орналасқаны маңызды.

       Сонымен  қатар, туристік объектілердің  оқшауланған жерлерінде немесе  туристік бағдарлардың торапты  нүктелерінде орналастыру жағдайларының  болмауы бұқаралық сырттан келушілер  туризмін және ішкі туризмді  дамытуға кедергі келтіреді. Нәтижесінде  ішкі туризмде ұзындығы 400 - 500 км  болатын бір күндік турлар  басым болып келеді, ал бұл  - жолға көп уақыт шығындалатынын  куәландырады. Мұндай сапарлар жалықтырады, туристердің көпшілігінде жағымсыз естеліктер қалдырады.

       Тағы  бір шешімін талап ететін проблеманың бірі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында отандық инвесторлар тәуекелге бармайды және туристік объектілердің құрылысына одан әрі қаражат салмайтын болады. Туризм инфрақұрылымын дамыту үшін туристік ұйымдарға жеңілдіктер беру және ұзақ мерзімді несиелеу механизмін жасау бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға инвестициялар көлемінің өсуіне ықпал жасайды.

       Туризмді дамытуды басты жолға қоятын елдерде әдетте, туристік инфрақұрылымды, оның ішінде қонақ үйлерді дамытуды ынталандыратын заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданады. Бұл ретте, мемлекеттік органдар және қаржы мекемелері туризмге салынған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын ашады, белгілі бір кіріс әкеледі дегенге сүйенеді. Сондықтан да көптеген елдерде шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал жасайтын, айталық оларға салық жеңілдіктерін белгілеу сияқты заңнамалық шешімдер қабылданады.

 

       Қолдаудың  негізгі шараларына, мысалы қонақ үй саласында мыналар жатады:

 

  • құрылыс үшін жер учаскесін бөлуге көмек;
  • маркетингтік зерттеулер жүргізуге көмек;
  • жоғары кредиттік ставкалар бойынша күрделі салымдарды қайтару;
  • жобаның бастапқы кезеңіндегі шығындарды жобадан табыс алу кезеңіне жатқызу (төлемдердің мерзімін ұзарту);
  • жобалар инфрақұрылымын мемлекеттің дамытуы;
  • елде өндірілмейтін жобалау жабдықтарын жеткізу кезіндегі салықтық және кедендік жеңілдіктер.

 

Туристік сала үшін мамандарды даярлау техникалық және кәсіптік білім  берудің 77 оқу орнында 11 мамандық және 33 біліктілік бойынша жүзеге асырылуда, онда 16,6 мың адам оқиды.

  Туризм және спорт министрлігі бизнес-қауымдастықтардың, жұмыс берушілердің, сондай-ақ, туризм индустриясы үшін кадрлар даярлайтын жоғары, техникалық және кәсіптік орта оқу орындары басшыларының қатысуымен Еуропалық білім беру қорының (ЕБҚ) «Орталық Азия елдеріндегі ұлттық біліктілік шеңберлері» жобасы шеңберінде туризм саласының жаңа біліктілік құрылымын әзірледі. Оны бекіту үшін эксперименталды сынақ өткізу керек.

       Осы  мақсатта Туризм және спорт  министрлігінің қолдауымен және  тікелей қатысуымен пилоттық  жоба ретінде туризм саласында  икемді біліктілік құрылымды  енгізу жөніндегі пилоттық жоба  іске асырылуда.

      Соңғы екі  жыл ішінде Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі,  Білім және ғылым министрлігі  мен Статистика агенттігі бірлесіп, Экономикалық қызмет түрлері  жіктегішіне және Салалар бойынша  мамандар даярлау бағыттарының  жіктегішіне Министрлік бастама  жасаған туризмді кластерлік  дамытуды іске асыруға байланысты  өзгерістер мен толықтыруларды  енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді.

      Сонымен  қатар, соның негізінде туризм  статистикасы қалыптастырылатын  және туризм саласының мемлекет  экономикасын дамытуға қосатын  үлесін бағалауға мүмкіндік беретін  Туризмдегі қосымша шот енгізілді.  Алайда, экономикасында туризмнің үлесі 50 %-дан астамды құрайтын елдермен қатар, статистикалық есепке алуды жетілдіруді әлі де жалғастыру талап етіледі.

 

 

5.1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары

және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

 

       Нысаналы  индикаторлар:

       1. Ішкі  және келу туризмі үшін орналастыру  орындарының санын арттыру;

       2. Ішкі  және келу туризмі үшін төсек/тәулік  орнын беру жолымен қонақүйлердің  толтырылуын арттыру.

       Міндеттері:

• бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру;

• Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру;

• туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту.

       Астана  қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық  мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды  және өткізуді ескере отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі  шаралар кешенін іске асыру.

       Бағдарламаны  іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.

       Бірінші  міндетті іске асырудың қорытындылары  бойынша мынадай нәтижелерге  қол жеткізіледі:

       туристік  қызмет саласындағы қызметтерді  ұсынатын ұйымдардың жиынтық  кірісін 2015 жылға 2008 жылдың деңгейінен  кемінде 12 %-ға

       ұлғайту  туризм саласында негізгі капиталға  инвестицияның өсімі 2015 жылға  2009 жылдың деңгейінен 30 %-ға өсіру.

       Екінші  міндетті іске асырудың қорытындылары  бойынша мынадай нәтижелерге  қол жеткізіледі:

       туристік  индустрия объектілерінің құрылысы  есебінен туристік қызмет көрсетулердің  жыл сайын кемінде 10 %-ға өсуі;

       келушілердің  болу ұзақтығының 2009 жылдың деңгейінен 2010 жылы -5 %-ға, 2011 жылы - 8 %-ға, 2012 жылы - 10 %-ға, 2013 жылы - 12 %-ға, 2014 жылы - 15 %-ға өсуі;

       Алматы  қаласындағы Шымбұлақ тау шаңғысы  курорты, Шығыс Қазақстан облысында  Алакөл көлінің жағалауындағы  қонақ үй кешені және Оңтүстік  Қазақстан облысында «Қасқасу»  туристік-рекреациялық кешенінің  құрылыстары есебінен келушілер  саны 2011 жылы - 210 000, 2012 жылы - 225 000, 2013 жылы - 370 000, 2014 жылы - 390 000 демалушыны құрайды.

       Үшінші  міндетті іске асырудың қорытындылары  бойынша мынадай нәтижелерге  қол жеткізіледі:

       2011 жылы  туризм индустриясы саласында  кәсіби стандарттар әзірленетін  болады;

       туризм  саласы үшін мамандар даярлау  2011 жылы - 1 000, 2012 жылы - 1 100, 2013 жылы - 1 200, 2014 жылы - 1 300 адамды құрайды.

       Төртінші  міндетті іске асыру қорытындылары  бойынша мыналарға қол жеткізіледі:

       2014 жылы  экскурсовод-гидтерді даярлау және  сертификаттау моделі әзірленеді, ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған  көрмесінің қатысушылары мен  қонақтары үшін кемінде 4 туристік  пакет дайындалады.

       Қазақстан  Республикасы Индустрия және  жаңа технологиялар министрлігі  – Салалық бағдарламаны үйлестіруші,  әзірлеуші;

       Ішкі  істер, Сыртқы істер, Мәдениет  және ақпарат, Білім және ғылым,  Ауыл шаруашылығы, Экономика және  бюджеттік жоспарлау, Денсаулық  сақтау, Төтенше жағдайлар, Көлік  және коммуникация, Қоршаған ортаны  қорғау,  Қаржы, Өңірлік даму  министрліктері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстардың,  Астана және Алматы қалаларының  әкімдіктері, Қазақстан туристік  қауымдастығы.

 

    1. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

 

o 2010 - 2013 жылдар:

       «Батыс  Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық  көлік дәлізінің бойымен туристік  кластерді жол бойы инфрақұрылымы  объектілерін сала отырып және  оларға инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды жасай отырып  құру.

o 2010 - 2014 жылдар:

       Туристік  орталықтар, кешендер мен орналастыру  объектілерін салу (Бурабай, Жаңа  Іле, Кендірлі, Алакөл);

       Тау  шаңғысы туризмінің инфрақұрылымын  жасау;

       Экологиялық  туризмді дамытуды ынталандыру;

       Қазақстанның  туристік маркетингтік стратегиясын  қалыптастыру;

       Туристік  индустрияның кадрлық әлеуетін  дамыту.

o 2013 – 2014 жылдар:

       Астана  қаласында ЭКСПО – 2017 халықаралық  мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды  және өткізуді ескере отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі  шаралар кешенін іске асыру.

 

 

 

Бағдарламаны іске асыру  жөніндегі шаралар

1. Бәсекеге қабілетті  туристік өнімді қалыптастыру;

       Аталған  міндетті іске асыру үшін мынадай  шаралар қажет.

       1) «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәлізінің бойымен туристік кластер құру.

       Кластерді  қалыптастыру Алматы, Жамбыл, Оңтүстік  Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе  облыстарының аумағы бойынша  мынадай негізгі сипаттамаларға  ие, үш санатты жол бойы инфрақұрылымы  объектілерін салу арқылы жүзеге  асырылатын болады:

       А. Туристік  орталық (мотель, ақпараттық орталығымен  туристік қызмет көрсету бюросы, бағдарлар және демалыс пен  ойын-сауық орындары, мейрамхана/дәмхана,  дүкендер, дәретханалар, жанармай құю  станциясы, жүк машиналарын қоюға  арналған тұрақ, авто жөндеу  шеберханасы, шина жөндеу шеберханасы).

       В. Демалыс  орталықтары (туристік ақпараттық  бекет, мейрамхана/дәмхана, дүкен,  дәретханалар, жанармай құю станциясы,  жүк машиналарын қою арналған  тұрақ, авто жөндеу шеберханасы,  шина жөндеу шеберханасы).

       С. Қызмет  көрсету орталығы (дүкен, дәретханалар, жанармай құю станциясы, жүк  машиналарын қою арналған тұрақ,  жөндеу шеберханасы).

       Ұсынылып  отырған санаттағы жол бойы  инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы  үлгі жобаға сәйкес жүзеге  асырылатын болады.

       «А»  санатындағы инвестициялық жобаларды  дамыту ұсынылып отыр:

       Ақтөбе  облысында «Greenland», «Ырғыз керуен  сарайы» демалыс базалары (2010 - 2015 жж.);

       Қызылорда  облысында «Байқоңыр» туристік  орталығы және Қамбаш көліндегі  туристік орталық, «Ғарыш айлағы»  сауда ойын-сауық кешені, киіз  үйлі қонақ үй, сондай-ақ «Қорқыт  ата» туристік орталығы (2011 - 2020 жж.);

       Оңтүстік  Казақстан облысында «Көне Түркістан», «Көне Отырар» туристік орталықтары  (2011 - 2017 жж.).

       2015 жылға  дейін 24 жол бойы қызмет көрсету  объектілерінің құрылысы қамтамасыз  етіледі.

Информация о работе Туризм туралы тусиник