Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 14:06, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеті:
-Туристік қызметтің мәні және түрлерін анықтау;
-Туристік қызмет сапасының орны мен ролін зерттеу;
-Туристік қызметтің шетел тәжірибесін зерттеу;
-Туристік фирманың туристік қызмет ассортиментін талдау;
-ҚР-дағы туристік қызметтің сапасын жоғарылату жолдарын анықтау;
-Туристік қызмет көрсету сапасын жетілдіру моделін ұсыну.
Кіріспе...........................................................................................................................3
І ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Туристік қызметтің мәні және түрлері...............................................................5
1.2 Туристік қызмет сапасының орны мен рөлі....................................................12
1.3 Туристік қызметтің шетел тәжірибесі...............................................................16
ІІ ТУРСИТІК ЭКСКУСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1 Экскурсиялық қызмет көрсету...........................................................................20
2.2 Туристік қызметтің әлеуметтік функциялары..................................................24
2.3 Туристік қызмет сапасын маркетингтік зерттеу...............................................27
ІІІ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 ҚР-дағы туристік қызметтің сапасын жоғарылату жолдары.........................30
3.2 «ҚР Транслайн» туристік фирмасының қызмет көрсету сапасын
жетілдіру моделі........................................................................................................33
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39
Қосымшалар
Бұдан қорытынды жасауға болады, соңғы он жылдықта Еуропа мен Америка шет елдік қонақтарды қабылдаудан лидерлік позициясын сақтап қалады, өз туристерін шет елге жіберу жағынан да солай болмақ. Белсенді түрде өз азаматтарын шет елге Жапония мен Австралия жіберіледі. Солтүстік Африка, Азия елдерінің Оңтүстік Еуропа елдерімен бәсекелестігі арта түседі, себебі оларда негізгі туристік ресурстар бар (теңіз, күн, жағажай) және қазіргі кезде инфрақұрылымның дамуына көңіл аударылып келеді және т.с.с.
Индустриялды дамыған елдерде халықаралық туристтік алмасудың 2/3-сі ішкі аймақтың саяхаттарды құрайды, ал дамушы елдердің көбінде – керісінше. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады: Еуропа мен Америка сияқты индустриялды дамыған мемлекеттерден шет елдік туристерді қабылдайды.
Әлемде келесі он жылдықта, ішкі аймақтың туристік аймақтың туристік ағымдар сақталады, бірақ аймақтық бағыттардың көлемі ұлғаяды.
Халықаралық туризм ең қарқынды
дамып келе жатқан салалардың бірі,
ол жоғары көлемде табыс әкеледі(10%-
1995 ж. АҚШ – та шет елдік қонақтарға туристік көрсетілетін міндет 58 млрд. доллар алды, Франция мен Италияда – 27 млрд., Испанияда – 25 млрд. доллар.
Бұл периодта негізгі екі туристік нарық қалыптасады - әлеуметі жақсы элитарлы туризм өкіметі және рекреациялық интеллегенциялық туризм. Осы уақытқа дейін отыз алты курорт және алпыс санатории құрылды. Бірақ бірінші дүниежүзілік соғыс бұл процесті тоқтатты. Көптеген туристік мекемелер бөлігі қызмет етпей қойды.
ІІ. ТУРСИТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1 Экскурсиялық қызмет көрсету
Экскурсия (лат. excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық. Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты спектлерді қарастырады.
Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі.. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 ж «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды.
Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б. Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған. Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған. Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу, айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға, шет ел курорттарына саяхат жасаған.Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен. «Экскурсия» сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIXғ енгізген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық», кейіннен «серуенге шығу», «жорық» деп белгіленген.
Экскурсия методикасының негізгі ережелері:
1. Экскурсантқа көруге, тыңдауға және сезуге көмек беру;
2. Экскурсантқа объекті көрудің, түсінудің практикалық дағдысын беру;
3. Тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге бүкіл экскурсия бойы тұрақты назар қамтамасыз ету.
Бұл ережелерді іске асыру үшін экскурсоводтан тек қана экскурсия мазмұнын ғана білу емес, оны өткізу және жүргізу методикасын білуін қажет етеді.
Экскурсия методика жұмысы 2 бөліктен тұрады:
1. Экскурсия дайындау методикасы;
2. Экскурсия өткізу методикасы.
Экскурсия маршрутын жасағанда экскурсиялық топтың қозғалыс кезінде уақытты үнемді пайдалануды есте сақтау керек. Бірқалыпты объектілерді көрсете беруде сақ боду керек. Экскурсияның уақытын көрсетумен, әңгімелеумен және паузалармен толықтыру қажет. Көрсету мен әңгімені пайдаланудың 4 варианты бар:
1. Әңгіме мен
көрсетудің бірге жүріп отыруы
– экскурсанттар бейнеленіп
2. Тек қана
әңгіме айтылады – қалаға
3. Тек қана
көрсету жүргізіледі –
4. Көрсету де,
әңгімелеу де жоқ –
Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы тиіс.Экскурсия жасаған кезде маршрутқа байланысты үзілістерді жоспарлайды. Қала сыртына жасалған экскурсияла үзілістер ұзақтау болады. Үзілістерді дұрыс пайдалану керек. үзіліс кезінде пікір алысуға, көргенді талқылау дұрыс емес. Өйткені, кейіннен аудиоториялық қызығушылығы төмендейді. Лекция тыңдаушыларының зерттеуі бойынша 14-ші, 25-ші, 34-ші минуттарда тыңдаушылардың назары төмендейді екен. Сондықтан экскурсиялық методика осы уақыттарда жаңа объектті енгізеді. Одан басқа назар аударарлық тәсілдерді пайдаланылады (жазылған дыбысты тыңдау, слайдтарды көрсету)
Жаңа экскурсияны дайындау шығармашылық топқа жүктеледі. Оның құрамын экскурсияның қиындығына қарай 3-7 адам кіргізіледі. Топ жетекшісі тағайындалады. Көп жағдайда ол сол мекемелер жұмыс істеп жүрген экскурсоводтар кіреді. Кеңесші ретінде әр түрлі салалардың мамандары шақырылады. Жаңа экскурсияны дайындау 3 кезеңнен тұрады:
1. Алдан-ала
жұмыс – келешек экскурсияға
мәліметтер жинау және сол
мәліметтерді зерттеу, сонымен
қатар экскурсияда
2. Тікелей экскурсия
дайындау – бұл дегеніміз
3. Қорытынды кезең – экскурсияның маршрутты қабылдау мекеменің басшысымен жаңа экскурсияны бекіту және экскурсияның алдында шығармашылық топ экскурсияны қорғайды. Жаңа экскурсияны дайындаудың кезеңдерін бейнелеуге болады. Олардың өзіндік реті бар. экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік бойынша қарастырамыз.
Объект болып
бір оқиғамен байланысты ғимараттар,
түрлі құрылыстар, археологиялық
ескерткіштер, өнер туындылары саналады.
Экскурсия кезінде объекті
Объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:
1. Біздің халқының
өмірінде болған тарихи
2. Ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар: архитектуралық ансамбльдер, қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саласындағы ғимараттар және т.б.;
3. Табиғи объектілер: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар және реликті өсімдіктер;
4. Мемлекеттік
және халық мұражайлардың
5. Археология
ескерткіштері: ежелгі
6. Өнер ескерткіштері: бейнелеу өнерінің туындылары, қолтаңбалы өнер, мүсін және т.б.
Маршрутты тексеріп шығу экскурсия жасалу кезінде негізгі этаптың бірі болып табылады. Маршрутты тексеріп шығуды ұйымдастырған кезде келесі міндеттер қойылады: - Маршруттың жоспарымен, маршрутта қарастырылған көшелермен, алаңдармен танысу; - Объекттің орналасқан жерін анықтау, экскурсиялық автобустың тоқтайтын жерлерін анықтау; - Әрбір объектті көрсеткен кезде жұмсалатын уақытты есептеу (хронометраж); - Белгіленген объектілердің дұрыс таңдалғанын анықтау; - Объектті дұрыс, тиімді көрсететін нүктелерді табу және сол объектінің қасында туристерді орналастыратын орындарды анықтау; - Объектпен танысатын методикалық тәсілдерін анықтау; - Маршрутта қауіпті жерлерді анықтап, туристердің қауіпсіздігіне шара қолдану.
Бақылау мәтіні шығармашылық топпен жасалады. Бақылау мәтіні басқаша «фирма мәтіні» деп аталады. Бақылау мәтінінде әдебиеттен үзінділер, статистикалық мәліметтер, сонымен бірге экскурсия кріспесі, мазмұны және қорытындысы толық жазылады.Бақылау мәтінінде маршрутпен байланысты емес мәліметтерде кіреді. Осы мәліметтер экскурсия басқа варианттарын жасаған кезде көмектеседі.Бақылау мәтіннің көлемі, мысалы 3 сағаттан экскурсия болса 40-50 басылым бет болу керек. ал жаяу экскурсияларда 25-30 бет болу керек.
2.2 Туристік қызметтің әлеуметтік функциялары
Туристік қызметтің әлеуметтік функциялары тұтынушының өзіндік ерекшелігі, туристік қызметтің сапасын бағалаудың субъективтілігімен қорытындыланады, өйткені оған сыртқы факторлар үлкен ықпал етеді: мысалы, топтар мүшелері, жергілікті халық және т.б.
Туристік қызметті өндірушілердің өзіндік ерешелігіне, әртүрлі мақсаттары бар, туристік қызметтің қарапайым құрамаларының көпбейінділігін жатқызуға болады. Осыған байланысты туризмнің барлық құрылымдық бөлімшелерінде жоспарлы үйлестіру қажетті.
Өндірістің ерекшеліктерін
және туристік өнімнің өткізілімін
ескере отырып, туризмдегі маркетингтің
келесідей негізгі
-туристік қызметке
сұраным тұрақты өседі,
-тапсырыскерлерге қатысты
сенімді және факторлық
-мерзім аралық кезеңдегі
туристік қызметтің
-тұтынушының психологиялық, рухтық–эмоционалдық аспектілерін ескеру және зерттеу;
-қызмет көрсету нарығының барлық қатысушыларының маркетингілік зерттеулерінің өзара байланысы, координациясы және реттелуі.
Біздің пікірімізше, туристік
қызметтер сұранымының ерекшелі
Әлуеттік сұранымның көлемі саяхаттағысы келетін тұтынушылар мөлшерімен (санымен) анықталады. Туризм бойынша маркетологтар, әлуетті және нақты сұранымдар арасындағы сандық айырмашылықты жоюға, күш жұмсауы керек.
Туристік сұранымға факторлардың екі түрі ықпал етеді: жалпы экономикалық және әлеуметтік демографиялық.
Жалпы экономикалық фактордың элементтерінің бірі, сатып алу қабілеттілігімен көрсетілетін, қоғамның әл – ауқаты болып табылады.
Сол, жан басына шаққандағы пайданың өзгерісі шоп – турлардың ұйымдасуына және қалыптасуына, рекреациялық және ішкі туризмге сұранымның төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар құлдырау беталысына, кейбір туристік фирмалардың өндірісті әртүрлі тұтыну бойынша саралай бастағанына қарамастан.
Туристік сұранымның қалыптасуына демографиялық факторлар өте маңызды ықпал көрсетеді.
Туристік индустрия үшін маңызды болатын мәселе, жас құрылымының өзгеруі, яғни «демографиялық саңырауқұлақтың» түзелуіне беталыстың пайда болуы.
2008 жылы республикада
ересек жастағылар санының
Туристік сұранымға ықпал ететін демографиялық факторлар арасында, жанұялардың құрылымдық өзгерісі өте маңызды ықпал көрсетеді. Қазақстанда 2008 жылы некеге тұрғандар саны 1998 жылмен салыстырғанда 20,3 % төмендеді, яғни 1/3, ажырасулар саны 43,7 мыңнан (1998 жылғы) 37 мыңға дейін (2008 жылы) төмендеді, бала туу 1/3 төмендеді. Жанұясыз жастардың – «жалғыздар» – санының арту беталысы байқалады. “Жалғыздарға”, заң бойынша, білімнің жоғары деңгейі, жайлылық пен демалысқа жоғары талаптар қою, дербестік сипатты. Жанұялық және балалар туризміне сұраным тұрақты болып қалады.