Туристік қызмет көрсету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 14:06, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеті:
-Туристік қызметтің мәні және түрлерін анықтау;
-Туристік қызмет сапасының орны мен ролін зерттеу;
-Туристік қызметтің шетел тәжірибесін зерттеу;
-Туристік фирманың туристік қызмет ассортиментін талдау;
-ҚР-дағы туристік қызметтің сапасын жоғарылату жолдарын анықтау;
-Туристік қызмет көрсету сапасын жетілдіру моделін ұсыну.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
І ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Туристік қызметтің мәні және түрлері...............................................................5
1.2 Туристік қызмет сапасының орны мен рөлі....................................................12
1.3 Туристік қызметтің шетел тәжірибесі...............................................................16
ІІ ТУРСИТІК ЭКСКУСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1 Экскурсиялық қызмет көрсету...........................................................................20
2.2 Туристік қызметтің әлеуметтік функциялары..................................................24
2.3 Туристік қызмет сапасын маркетингтік зерттеу...............................................27
ІІІ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 ҚР-дағы туристік қызметтің сапасын жоғарылату жолдары.........................30
3.2 «ҚР Транслайн» туристік фирмасының қызмет көрсету сапасын
жетілдіру моделі........................................................................................................33
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Тогжан.doc

— 288.00 Кб (Скачать документ)

   Ұлы отан соғысынан  кейiн “Горельник” тау шаңғышылары  мен альпинистер кадрларын даярлайтын  базаға айналды. Адамдардың белсендi  демалысы мақсатында 1952 ж. Қазақстанда  Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ)  құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж. кәсiподақтардың Қазақ республикасының кеңесi жанынан туризм жөнiндегi республикалық басқарма ұйымдастырылды. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты.

     Әлеуметтік  – мәдени объектілерге мұражайларды, кітапханаларды, тарихи – археологиялық   ескерткіштерді, киелі орындарды,  ескерткіштерді т.б. жатқызуға болады.            

      Тарихи  – археологиялық ескерткiштердiң  туристiк-экскурсиялық сапарлардағы  орны ерекше. Археологиялық ескерткiштердiң  кез-келген нысандары туристiк-экскурсия  жұмыстарында маңызды орын алады.  Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ  қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердiң қызығушылығы мол. Археологиялы – тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегi Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi VI — III ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскерi киiмiн киген “Алтын адам”, 2001 — 2002 ж. Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергiел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археологиялық туристiк нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып табылады. Түркiстан — қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жерленген.

    Түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы, Қожа  Ахмет Иасауи кесенесi, Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам ауданының маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба ауданында — Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар.

     Райымбек  пен Қарасай батыр ескерткiштерi (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi, Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi орындар санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш — Баян сұлу, Еңлiк-Кебек кесенелерi, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, I.Жансүгiров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелiк орындар жатады.

Турист ел ішінде саяхат жасап жүргенде отандық немесе шетелдік көлік құралымен (ұшақ, автобус, поезд және т.с.с.), сапар шегіп жүрген кезде пайдалана алатын қызметтер туралы мәлімет туристік мемлкеттің шекарасынан өткен кезден бастап туристік немесе курортты кешендерге бара жатқан  жолдағы көрсетілетін қызмет. Ұйымдаспаған туристерге қазмет көрсету мыналарды қамтиды: жергілікті шекара және кеден қызметтері жүргізетін бақылау- тексеру әуежайдан нмесе темір жол вокзалынан қонақ үйге жеткізу үшін такси жалдау , туристің жүгін кедендік тексеруден өткен жерден такси тұрағына дейін тасуға көмектесу т.с.с. Ал ұйымдасқан туристер үшін  бұл көрсетілетін қызметтің үлкен толық жиынтығы – оларды күтіп алу және олар араласатын жерлерге дейін шығарып салу. Мұндай қызметтерді ұйымдастырудың деңгейі және оның сапасы шетелдік туристерге сол елдегі қызмет көрсету деңгейі туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Туристің қонақ үйде немесе басқа бір орналасқан  жерде болған кезіндегі  көрсетілетін қызмет түрлері, қоғамдық тамақтану  орындары, мәдени сауықтыру орындарында  және т.с.с.. Осындай қызметтердің сапасы  туристердің ойында  ең күшті ойлар қалдырады. Себебі  мұндай қызмет түрлері  күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандырып отырады.

Қосымша қызмет түрлері: ақша айырбастау, пошта, телефонды пайдалану, әр түрлі мәдени-сауықтыру орындарына билеттер сатып алу,  спортпен айналысу үшін  спорт залдарға бару, экскурсияларға қатысу және т.б..

Тұрмыстық қызметтер. Мұндай қызметтерді туристік кешендердің  бөлімшелері, жергілікті атқару орындарының  мекемелері, жергілікті тұтыну қоғамының көрсететін қызметтері. [2. 54б]

 Шетелдерге азғантай  киім-кешек алып баратын  туристер мұндай қызметті пайдалануға мәжбүр. Туристердің қажеттіліктерін  өтеу үшін әсіресе  негізгі саяхат маусымында  осындай қызмет көрсететін орындардың толық кешендерін  ұйымдастыруға тура келеді. Олар: киім тазалау, киім жуу, химиялық жолмен тазалау, шаштараз және басқа да қызмет түрлерін  көрсетеді. Қорыта айтқанда туризмдегі кешенді туристік қызмет көрсету бес түрлі қызметтен тұрады. Мұндай қызмет көрсету орындарының жұмысы қажеттіліктердің екі тобын  қанағаттандыруға бағытталған.

 Бірінші топ. Адам  баласының жаңа елдер мен жерлерді  көру, ол жерлерде мұра жайлар, көрмелер т.с.с. көру арқылы  басқа халықтың  өмірімен танысу, өз көзімен тарихи, сәулет және мәдени көрнекті жерлерді көруге деген қызығушылықпен  пайда болған қажеттіліктер. Сондай-ақ саяхат кезінде табиғаттың сұлулығын  тамашалау мүмкіндігін  пайдаланып қалу (таулар, теңіз жаға-жайлары және т.б.). Осындай және басқа да қажеттіліктерді  қанағаттандыру басқа мемлекетте туристік сапармен жүрудің мақсаты болып табылады.

Екінші топ. Бұл топтағы  қажеттіліктер негізінде  туристік сапардың мақсатымен ешқандай тікелей  байланысы жоқ, бірақ барған жердегі  мемлекеттің немесе аймақтың экономикасына  әсер ететін әрекеттер. Бұған әртүрлі өнімдерді тұтыну (тамақ өнімдері, сусындар, сувенирлер және т.б.) және қызмет түрлері кіреді. Мұндай өнімдер мен қызмет түрлерін  пайдаланбай туризмнің мақсатына жетуге қажетті материалдық алғышарттар жасалынбайды. Осындай тұтынудың екі тобының  нәтижесінде екі түрлі қатынас пайда болды.

Бірінші материалдық  қатынастар,  турист сатып алған  өнімдер үшін және пайдаланған өнім үшін өзінің  тұрғылықты жерінен  алып келген қаржысын жұмсайды.

Бірінші материалдық  емес қатынастар, яғни,  тұрғылықты халық пен байланыс орнату, қоғамдық және мәдени мекемелерге бару, танысу. Табиғатты және әртүрлі ерекшеліктерді  қорғаумен айналысатын қызметтермен танысу және т.с.с..

Қажеттіліктердің және көрсетілетін  қызметтің осы түрлерін  бірнеше түрге бөліп, алып қарауға болады:

 Тыныш демалысты  сүйетіндер. Бұл топтың өкілдері демалыстарын өткізуде қоятын мақсаттары күнделікті күйбең тіршіліктен құтылып  тыныш жайлы жағдайда демалу. Мұндай адамдар үшін бейтаныс адамдардың және жалпы адамдардың  көп болғаны жақсы емес. Бұлар үшін қажетті заттар теңіз, құм, жаймашуақ, күн сияқты табиғи факторлар.

Ләззат алғанды сүйетіндер. Туристердің мұндай типі  демалыс  кезінде сан түрлі  ләззат іздеп  зайырлы қоғам түрлерімен  көңілді  демалыс өткізгенді қалайды.

Белсенді демалуды жақсы  көретіндер. Мұндай туристер табиғатта демалуды  қалайды және жүктерін  өз денелерімен тасиды. Олар көбіне қимылдап, таза ауада болғанды сүйеді.  Оларың демалысы емделумен бірге жүреді.

Спортпен байланысты демалысты сүйетіндер. Мұндай туристердің жоғарыдағылардан  айырмашылығы - олардың барлық көңілі жарыстар өткізуге қойылған. Олардың сүйікті ісі – спорт өте маңызды. Олар тіпті дене ауыртпалықтарынан да қорықпайды.

Үйрену, зерігу және байланыстырылған демалыс. Осындай демалыс өткізетін туристер өзінің білім деңгейін жоғарылатуды  көздейді, жаңа нәрселерді үйренгісі келеді. Бұл типтің ішінде үш топ байқалады:

-жол туралы бағыт - бағдар беретін қағазда көрсетілген жерлерге бару;

-бүкіл және маңындағы көрнекті жерлерге  болуға мақсат қоятын;

-мәдени және әлеуметтік- ғылыми мүдделері бар, табиғатқа ынтымақтығы бар туристер.

Қызықты оқиғалар сүйетіндер. Жеке жарым саяхатқа асығып нағыз  қызықты оқиғаларды  іздейтін туристер өте көп емес. Мұндай туристер өз мақсаттарына жету үшін  тәуекелге бел буа алады. Олар үшін тәуекелге бару  өздерін сынап көру мүмкіндігі.

Туризм дегеніміз адамдардың тұрғылықты жерінен тыс  жерлерге қызмет бабына байланысы жоқ жағдайда басқа жерлерге сапар шегіп сол  жерлердегі  жасайтын байланыс, қатынастар және содан пайда болатын құбылыстардың жиынтығы.

Туризм дегеніміз қызмет көрсету, мұнда сатушы мен сатып  алушының арасындағы қатынастар күрделілеу. Себебі сатып алушылар өнімді сатып  алып оны тұтыну кезінде сатушыға тәуелді болады.

Туризм дегеніміз адамдардың  әртүрлі туристік бағыттары бойынша қозғалу процессі және оның нәтижесі.

Турист (ВТО бойынша) дегеніміз  бірінші рет мемлекетте уақытша  тоқтаған және онда 24 сағаттан кем емес  уақыт өткізетін тұлға.  Оның ол жерде көңіл көтеруі, кәсіби шеберлілігін шыңдау, денсаулығын жақсарту, оқу,  конференцияларға қатысу,  достары және туысқандарымен кездесу сияқты міндеттері болуы мүмкін.

Турист дегеніміз білімге  құмарлылығын қандыру үшін, немесе «уақыт өлтіру» үшін саяхат жасап жүрген  әрбір адам. Бұл ұғым француздардан келді (фр. Tour- саяхат)  және әдебиетке XVIII ғасырдың аяғында енді; кең көлемде ХІХ  ғасырда қолданыла бастады .

Туристер дегеніміз  өзінің тұрғылықты  елі (жері) болып  табылмайтын  елге барып , ақы төленетін  қызметтен басқа мақсаттарды  жүзеге асыратын тұлғалар.

Туризм 1954 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымы анықтамасы бойынша – тұрақты өмір сүретін жерден тыс, адамның денсаулығын жақсартуға ықпалын тигізетін  активті демалыс .

1981 ж. Мадридте өткен  туризм бойынша  әлемдік конференцияда  келесі анықтамалар берілген: Туризм - басқа аймақтарды, елдерді тану мақсатымен байланысты активті демалыс .

1993 ж. БҰҰ кеңірек  мағыналы анықтама қабылдады:  «Туризм - бұл қалыпты ортадан тыс демалыс, іскерлік  және басқа да мақсаттармен саяхат жасайтын  адамдар қызметі. Қазақстан заңында туризм деп - басқа мемлекеттермен, олардың мәдениетімен, әдет- ғұрпымен танысу мақсатымен өткізген адамның активті демалыс жүйесі мен нысаны және осыған байланысты тұрғылықты жерінен тыс жылжулары ,- көрсетілген .

 

1.2 Туристік  қызмет сапасының орны мен рөлі 

   

Туризм – бұл туристке ақылы түрде түрлі қызметтерді көрсететін экономика бөлімі. Сол себепті туризм экономика салаларының ішіндегі тез дамып келе жатқан, келешегі зор қызмет көрсету аясы болып отыр.

Туристік  фирмаларда  қызмет көрсету дегеніміз бір жақтың екінші жаққа ұсынатын қандай да бір іс-шаралары немесе пайдасы болып табылады, олар көбіне білінбейді және ешқандай материалдық нәрсені алуды меңземейді.

Туристік  фирмаларда  қызмет көрсету нарығы басқа нарықтардан  негізінен екі себеппен ерекшеленеді:

1. Қызмет көрсетуді  өткізгенге дейін оның барлығы  білінбейді. Бұл жағдай қызмет  көрсетуді өткізгенге дейін оның  салыстырылуы мен бағалануына  мүмкіндік бермейді. Сол себепті,  тек күтілетін және алынған  пайданы бағалауға болады. 

2. Қызмет көрсетуге белгісіздік тән болады, бұл клиентті тиімсіз жағдайға қояды да, сатушыларға көрсететін қызметтерін нарыққа жылжытуын қиындатады.

Туристік  фирмаларда  қызмет көрсету нарығының бұл  ерекшеліктері және қызмет түрлерінің өзгешеліктері, атап айтқанда, олардың көзге түспейтіндігі, сақтауға жарамсыздығы, сапасының өзгергіштігі, жасалынуы мен пайдаланылуының ажырамастығы қызмет көрсету маркетингінің өзгешелігін айқындай түседі.

Туристік  фирмаларда  қызмет сапасының орны мен роліне терең тоқталып өтсек сапа көпшіліктің естіп, білетін ұғымдарының қатарына жатады. Бұл термин мағынасының тым субъективті пайымдалуын күшейтеді, себебі әрбір адам оған өз тәжірибесінен алған нәрсесін қосады.

Сапа ұғымының мағынасын  ашуда «сапа» мен «құндылық» ұғымдарының  өзара өте тығыз байланысынан туындайтын басқа да қиындықтар орын алады. Сапалы болған нәрсенің құнды болуы заңды, бірақ бұған кері түсінік әрқашан дұрыс бола бермейді, аталған екі ұғымның айтарлықтай айырмашылығы осында.

Информация о работе Туристік қызмет көрсету