Туристік кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 14:15, дипломная работа

Краткое описание

Аталған кейбір мәселелерге қарамастан, мен Астана туристік нарығын барынша зерттеуге және оның жағдайына анализ жасауға, ол үшін негзінен нарықты сегменттеу және болжамдау сияқты құралдардың көмегіне жүгіну арқылы, туристік нарықтың субъектісі ретінде танылған туристік фирманың жағдайын SWOT-анализдің көмегімен талдауға тырысамыз.
Ақпараттық-әдістімелік негізі ретінде көптеген орыс және шетелдің маманданған әдебиеттері болып табылады. Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар туризм бойынша жасалған бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының «Туризм туралы» заңы негізге алынды.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................5
1 ТУРИСТІК НАРЫҚТЫҢ МӘНІ, ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ МЕН ДАМУ
ФАКТОРЛАРЫ
1.1 Туристік нарық – маркетингтік объект ретінде ...........................................
1.2 Маркетингтік зерттеулер арқылы туристік нарықтың жұмысын талдау мен оны жетілдіру арқылы туристік нарықтың дамуы .........................................
1.3 Туристік кәсіпорындардың маркетингтік стратегиясын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі ...................................................................................................
2 ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК СТРАТЕГИЯСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТУРИСТІК НАРЫҚТА БАСЫМДЫЛЫҚҚА ИЕ БОЛУ
2.1 Туристік кәсіпорындардың нарықтағы жағдайына жалпы сипаттама .....
2.2 «Жибек Жолы – АП» кәсіпорнының маркетингтік жүйесіне толық
талдау .........................................................................................................................
2.3 «Жибек Жолы – АП» кәсіпорнының маркетингтік стратегиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы түрде талдау....................
3 ЖШС «ЖИБЕК ЖОЛЫ – АП» ТУРИСТІК АВИААГЕНТТІГІНІҢ МАРКЕТИНГТІК СТРАТЕГИЯСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 ЖШС «Жибек Жолы – АП» маркетингтік стратегиясын дамыту бағытында қажетті іс – шаралар ..............................................................................
3.2 ЖШС «Жибек Жолы – АП» туристік авиаагенттігінің маркетингтік қызмет аясын кеңейту жолдары ..............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.…………….………………………………………….....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............……..........…..................
ҚОСЫМШАЛАР………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломка моя.docx

— 1.99 Мб (Скачать документ)

 



                                                                                    Шетел туристерінің

                     Инвестициялық                                           тұтынушылық           

                          шығындар                                               шығындары           

                                                                                                           

                                                                                                         Сатудан түскен


     Тұтынушылық                                                                         экспорттық пайда                                                                              


          шығындар                                                                                                        

        Инвестициялық                                                                                                                          


           шығындар



 

                                  Инвести                              үкіметтік


                                  циялық                                сатып

                                 шығындар                           алулар


          Салықтар мен                                                                  Салықтар мен


                 алымдар                                                                        алымдар


                                                         Өндіріс факторлар


Әлеуметтік төлемдер                    иелеріне төлемдері             Мемлекеттік

                                                                                                        дотациялар


 

                                                                                                                                  

                                                                                                 Өндіріс факторлар                      

                                                                                                 иелеріне төлемдер 

 

     Сурет 2.  Туристік айналым

 

Барлығымызға белгілі  болғандай, нарық – түрлі тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс  пен ұсыныстың арақатынасын теңестіруге  мүмкіндік беретін механизм. Оның ішінде бір-біріне тәуелді емес түрлі  сатушылар мен потенциалды сатып  алушылар көп саны қамтылған. Олардың  әр қайсысының өз талап-тілектері бар, әр қайсысы түрді нарықтарды қызмет етеді және түрлі туристік өнімдерді  қалайды. Жоғарыда біз көптеген жағдайларға  тоқталып; туристік нарықтың түсінігі, функциялары, ерекшеліктері мен  қызмет ету механизмі сияқты негізгі  сұрақтарын қарастырдық, ендігі жерде  туристік нарықтың дифферениациясын ажыратып, оның даму факторын қарастырған дұрыс  деп санаймыз. Сонымен, туристік нарықтың қандай жағдайда болуына байланысты оның түрлі формалары ажыратылады. Көптеген жағдайларда туристік нарық  қалыптасқан, яғни өндірушілері мен  тұтынушылары анықталған болуы м.мкін. Мұндай нарықты дайын немесе жаулап алынған деп атайды. Бірақ осындай  жағдайдың өзінде адамдар демалыс  орнын және тәсілін таңдауға мүмкіндігі болады, сондықтан туроператор сатып  алушыларды қызықтыру үшін және бәсекелестікті жеңу үшін қимылдар жасауы керек. Басқа  жағдайларда, нарықты құру қажет, яғни туристік өнімге сұранысты қалыптастыру. Потенциалды сатып алушылар жаңа жерлерде демалудың мүмкіндіктері  жайлы хабардар болуы керек, мұндай жағдай мысалы Қазақстанға тән деп  айтуға болады, себебі біздің туристік потенциалымыз туралды әлі көптеген потенциалды туристер білмей отыр.

Туризм нарығы бірыңғай болмайтыны анық. Құрылымында көлемі жағынан  аса ұсақ нарықтар бөлініп шығады. Осыменен байланысты туристік нарықтың классификациялаудың түрлі тәсілдері  бар. Туристік ұйымның кепілдемелеріне  жүгінсек, саяхаттаудың мақсатына қарай  рекреациялы, іскери, ғылыми, мәдени-танымдық, емдеу, діни, этникалық туризм нарықтары  бар. Туристік өнімді пайдаланушыладың сандық сипаттамасына қарай туризм нарығының үш түрін бөліп көрсетуге болады: бұқаралық, әйгілі және дара.

Белгілі бір ауданға(аймаққа, мемлекетке) қатысты келесідей нарықтың түрлері ажыратылады: ішкі туризм, оған осы ауданның тұрғындарының саяхаттауы жатады; кіру – аталған аймақ  бойынша тұрғыны болып табылмайтын  өзгелердің саяхаты; шығу туризмі –  бір аудан тұрғындарының басқа  ауданға саяхаттауы. Ұйымдастыру  сипатына қарай нарықтарды ұйымдастырылған  және ұйымдастырылмаған деп бөлуге болады, ал орын ауыстыру тәсіліне қарай  – жаяу жүру, теміржол, автобустық, әуе, теңіз, көл және де автокөлік  туризмнің нарықтарын бөліп көрсетеді. Ал маркетингтік қызметтің ерекшелігі мен мазмұнына байланысты келесідей  нарықтарды бөліп көрсетеді: мақсатталған, онда кәсіпорын өзінің мақсаттарын  жүзеге асырады немесе асыруға дайындалады; негізгі, онда кәсіпорын өнімдерінің  негізгі бөлігі өткізіледі; қосымша, онда қызметтердің белгілі бір көлемі ғана өткізіледі; өсіп келе жатқан, өсу  үшін нақты мүмкіндігі бар нарық  және т.б.

Туристік қызметтер нарығын  зерттеу және анализдеу түрлі  нарық типтерін сегменттеу қажеттілігін тудырды. Белгілі бір нақты елдің  нарығын зерттегенде мамандар келесі көрсеткіштер бойынша өткізуді жөн  деп санайды:

  • халқы, сегменттрер: жыныс-жастық құрылымы, қызмет етушілер, оқушылар және зейнеткерлер саны, отбасының құрамы мен саны, өсу тепмтері;
  • әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, сегменттері: халықтың табысы мен шығындарының құрылымы, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі, демалыс беру жүйесі, олардың ұзақтығы мен төлеу, днмалыс күндерінің саны;
  • сапарлар мақсаттары, сегменттер: демалудың түрлері, сапардың ұзақтығы, мауысымдылығы, бағыты, бір елдің туристінің басқа елге барғандағы шығындарының құрылымы, елдің имиджі, саяхаттардың қауіпсіздігі;
  • туристік өнімге деген бағалар, сегменттер: дара және топтық сапарлар, стнадартты турлар, бөлек қызметтер, оның ішінде қонақ үйдің тарифі, тасымалдау құны;
  • нарық конъюктурасы, сегменттері: бәсекелес фирмалар, ұсыныстардың түрлері, болу бағдарламалары, баға деңгейі;
  • материалдық-техникалық базаның деңгейі мен жағдайы, сегменттері: орналастыру құралдарының саны мен құрамы, орындар саны, тамақтандыру орындарының , табиғи және мәдени объектілерінің саны, көрсету объектілерінің өткізу қабілеті;
  • көлік құралдары және инфрақұрылым, сегменттері: жер, әуе, су көлігі, көліктік маршруттар классификациясы, аралас тасымалдар;
  • жарнама құралдары, сегменттері: радио, пресса, электронды БАҚ, каталогтар мен буклеттер, жарнамаға кеткен шығындар;
  • ұлттық және халықаралық туризмн ұйымдастырылуы және даму деңгейі, Сегменттері: туроператорлар мен турагенттер ролі, қоғамдық туристік ұйымдар, туризмнің статистикасы, туристік формальдылықтар, кіру және шығу ережелері;
  • туристік сұраныс тауарлары, аудио- және видеоаппаратура, компьютерлер, автокөлік, сағат, парфюмерия, киім, сусындар және т.б.

Туристік нарықты дифференциациялаудың схемасын көптеген мамандар өз жұмыстарында Сурет 3-ке сәйкес келтіреді.


 






 





 






                                                                                                                                       


     Танымдық                                             Круиздік                                Демалыстық


     Оқу                                                        Хобби-туризм                       Шекарамаңындағы


     Сауықтыру                                           Экологиялық                         Таныстыру


     Емдеу                                                    Ауылдық                                Жаяу жүру


     Іскери                                                    Экстремалды


     Шытырман оқиғалы


     Спорттық


 

Сурет 3. Туристік нарық дифференциациясы

 

Туристік сұранысқа, яғни туристік нарыққа бірқатар факторлар  әсер етеді. Таурға сұраныс айтып  кеткендей тұтынушының төлемқабілетіне  тәуелді болып келеді, яғни халықта  ақша құралдары бар болуымен байланысты. Туризм экономиканың бір саласы ретінде  келесідей жағдайларда табысты  қызмет етеді: азаматтарда бос уақыттың қажетті мөлшері және ақша құралдырының болуы.

Туристік нарықтың дамуына  әсер етуші негізгі факторларына халықтың құрылымы, жасы, табыс деңгейі, білімділігі, қызмет айналысы, белгілі  бір нәсілге жатуы, жынысы, уақыт, өмір сүру стилі және т.б. жатқызылады. Аталған көрсеткіштерді жеке-жеке нарықты  сегменттеу сұрағын қарастырған  кезде атап өтеміз. Сонымен қатар, туристік нарықтың дамуына әсер ететін ауқымды факторларды да атап өтуге болады, олардың қатарына саяси-құқықтық, сапарлардың қауіпсіздігі факторы, экономика-қаржылық факторлар, мәдени, әлеуметтік-демографиялық, инфрақұрылым-коммуникациялық факторлар, сауданың дамуы,технологиялық және материалдық-техникалық факторларын жатқызамыз. Аталған факторлар сыртқы факторлар тобын құраса, ішкі салалық факторларға – турөнімді жетілдіру, туроператорлық және қызметтер сферасының дамуы, еңбек факторлары және маркетингті жатқызамыз. Бұлардың ішіндегі аса маңызды және қазіргі кезде қарқын алған ұғымдардың бірі – маркетинг. Бұл сұраққа біз толығырақ дипломдық жұмысымыздың келесі бөлімінде тоқталып кетеміз [7].

 

1.2 Маркетингтік зерттеулер арқылы туристік нарықтың жұмысын талдау мен оны жетілдіру арқылы туристік нарықтың дамуы

 

Маркетинг – нарықта кәсіпқойлы қызметтерді дайындау процесінде негізгі  пәндердің бірі болып табылады. Олар: кәсіпорынның басқарушылары, менеджерлер, өткізу және сауда жұмысшылары, жарнама, нарықты зерттеулер.

Маркетинг функциясы –  іс-қимылдардың өзара байланысты кешені, онда кәсіпорын іс-қимылын  жасайтын, ішкі және сыртқы ортаны талдау, нарықтарды, тұтынушыларды талдау, бәсекелестер мен бәсекені зерттеу  туралы тауарларды (қызметтерді) зерттеу, жаңа тауар тұжырымдамасын қалыптастыру, маркетингтік зерттеулер негізінде  тауар өндірісін жоспарлау, тауар (қызмет) қозғалысын, өткізім мен  сервисті жоспарлау, баға саясатын тұжырымын  іске асыру, маркетингтік бағдарламаларды  әзірлеу, іске асыру, маркетингтік ақпаратты  қамтамасыз ету, маркетингтік басқаруды  қамтиды [8].

Маркетинг – ол өндірісті  басқаруға және өнімді өткізуге кешенді  көзқарас, ол өндірілген тауарлар (қызметтер) өткізілімін ұлғайту мақсатымен нарық талаптарын ескеруге және тұтынушылар  сұранымына белсенді түрде ықпал  етуге бағдарланған. Тәжірибеге сүйенетін  болсақ, маркентингтік үдеріс тігінен  де, көлденеңінен де жүзеге асырылады. Осының негізінде   маркетниг  түрлерін жіктеу белгілері арқылы жүйелендіруге  болады. Ғылыми-теориялық негіздерді талдау және синтездеу негізінде  сонымен қатар маркетинг тәжірибесіне сүйеніп, біз жіктелу белгілерін қолана отырып, маркетинг түрлерін жүйкелендірдік. Аталған маркетиг түрлерінің әрқайсына жалпылама түрде тоқталып кеткен жөн деп ойлаймыз,  оны  кесте 1-де көруге болады.

 

 

Кесте 1

Маркетинг түрлерінің жіктелуі және олардың қолдану аумағы

 

Жіктелу белгілері

Маркетинг түрлері

Қолдану аумағы

пайдалану деңгейі

Макромаркетинг

Макродеңгей

Микромаркетинг

фирмалар, компаниялар

 

 

тұтынушылар

Өнеркәсіптік

ұйымдар мен мекемелер  арсындағы қызмет

Тұтынушылық

негізгі тұтынушы фирмалар арсындағы қызмет

қызмет көрсету

қызмет көрсетудегі іс-әрекет

коммерциялық емес

әлеуметтік сала, мә



Информация о работе Туристік кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру