Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 14:15, дипломная работа
Аталған кейбір мәселелерге қарамастан, мен Астана туристік нарығын барынша зерттеуге және оның жағдайына анализ жасауға, ол үшін негзінен нарықты сегменттеу және болжамдау сияқты құралдардың көмегіне жүгіну арқылы, туристік нарықтың субъектісі ретінде танылған туристік фирманың жағдайын SWOT-анализдің көмегімен талдауға тырысамыз.
Ақпараттық-әдістімелік негізі ретінде көптеген орыс және шетелдің маманданған әдебиеттері болып табылады. Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар туризм бойынша жасалған бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының «Туризм туралы» заңы негізге алынды.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................5
1 ТУРИСТІК НАРЫҚТЫҢ МӘНІ, ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ МЕН ДАМУ
ФАКТОРЛАРЫ
1.1 Туристік нарық – маркетингтік объект ретінде ...........................................
1.2 Маркетингтік зерттеулер арқылы туристік нарықтың жұмысын талдау мен оны жетілдіру арқылы туристік нарықтың дамуы .........................................
1.3 Туристік кәсіпорындардың маркетингтік стратегиясын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі ...................................................................................................
2 ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК СТРАТЕГИЯСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТУРИСТІК НАРЫҚТА БАСЫМДЫЛЫҚҚА ИЕ БОЛУ
2.1 Туристік кәсіпорындардың нарықтағы жағдайына жалпы сипаттама .....
2.2 «Жибек Жолы – АП» кәсіпорнының маркетингтік жүйесіне толық
талдау .........................................................................................................................
2.3 «Жибек Жолы – АП» кәсіпорнының маркетингтік стратегиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы түрде талдау....................
3 ЖШС «ЖИБЕК ЖОЛЫ – АП» ТУРИСТІК АВИААГЕНТТІГІНІҢ МАРКЕТИНГТІК СТРАТЕГИЯСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 ЖШС «Жибек Жолы – АП» маркетингтік стратегиясын дамыту бағытында қажетті іс – шаралар ..............................................................................
3.2 ЖШС «Жибек Жолы – АП» туристік авиаагенттігінің маркетингтік қызмет аясын кеңейту жолдары ..............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.…………….………………………………………….....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............……..........…..................
ҚОСЫМШАЛАР………………………………
Ерекше атап өтетін жағдай, бұл – туристік нарықтың дұрыс қызмет етуі және оның субъектілерінің эффективті өзара байланысы үшін сәйкесінше инфрақұрылымның қажеттілігі. Туристік инфрақұрылым негізінен субъектілер арасындағы экономикалық, шаруашылық және т.б. қатынастарының іске асуына көмектесетін кәсіпорындар, ұйымдар мен қызметтердің кешенін.
Туристік нарық
Туристік нарық – бұл төрт негізгі элементтердің өзара байланысының экономикалық жүйесі: туристік сұраныс, туристік өнімді ұсыну, баға және бәсекелестік. Туристік өнімге сұраныс – ақша құралдарымен қамтамасыз етілген халықтың туристік өнімге деген қажеттіліктерін көрсету формасы. Сұраныстың мынадай түрлерін ажыратады: потенциалды, құралатын, қалыптасқан, маусымыдық. Сәйкесінше, туристік нарық маусымдық сипатқа ие, оны арнайы маркетингтік шаралар көмегімен игереді. Тұтынушылық сұраныс көптеген факторларға тәуелді болады, оның негізгілеріне тоқталып кетсек:
Туристік нарықтағы ұсыныс
– сатуға бағытталған барлық турлар,
туризм қызметтері мен туристік-жәдігерлік
ұйымдар бұйымдарының мөлшері. Сонымен
қатар, туристік нарықтағы ұсынысқа
сатуға бағытталған және белгілі
бір бағамен қандайда бір уақытта
сатып алушыларға ұсынатын бағыттар
(болу аймақтары) мен турлар (қызметтер)
көлемі жатқызылады. Туристік өнім құны
оның өндірісіне жұмсалған еңбек
көлемімен анықталмайды. Ол тек әр
тұтынушының субъективті
Туристік өнімді өндірушілер санының көбеюі олардың арасындағы бәсекелестікті тудырады, аталған жағдай да туристік нарықтың негізгі құраушысы болып табылады. Бәскелестік – монополия не болмаса туристік нарықтағы ең жақсы мәртебе үшін кәсіпкерлердің арасында болатын өзара күрес. Қоғамда болатын кез келген үрдіс секілді, оның өзінің оң және теріс жақтары болады. Оң жақтарына – өндірушілер тарапынан сапаны жоғарылату мен бағаны азайтуға деген қызығушылығын айтатын болсақ; теріс жақтарына, шиеленістерді, кәсіпорындардың тұрақсыздығы, банкротқа ұшырау мен қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатуды жатқызады.
Бәсекелестік күрес енгізгі екі әдіс арқылы жүргізіледі: бағалық және бағалық емес бәсекелестік. Бағалық бәсекелестік кезінде сатушылар сұранысқа бағаны өзгерту арқылы әсер етеді. Алайда бағалық емес бәсекелестік те үлкен роль атқарады, бұл жағдайда өндіруші қызмет көрсетудің түрлі элементтері мен өнімдерге уникалды қасиеттер беруде көрініс табатын және бәсекелестер өнімдерінен ерекшелейтін амал-тәсілдер қолданады. Оған мысал ретінде, жаңа утристік объектілерге бару, туристер үшін қызықты болатындай түрлі шаралар ұйымдастыру немесе оларға қатысу, яғни туристердің жаңа қызықты турөнім үшін үлкен қаражатты жұмсай алатындай олардың саналық қызығушылықтарын арттыру және назар аударту. Бұдан басқа, нарық көптеген функцияларды атқарады: ақпараттық, делдалдық, реттеуші, баға қалыптастырушы, ынталандырушы, құраушы-қиратушы, дифференциялық. Алайда, туристік нарықтың негізгі функцияларына жатады:
Туристік нарықтың басқа
нарықтарға қарағанда өзіне тән
белгілері бар, оның ерекшеліктері
туристік қызметтің негізгі
Сонымен туристік нарықтың басты ерекшелігі – туристік өнімді өндірушілердің, оны тұтынушы туристер мен сатып алынған қызметтерді атқарушылардың түрлілігі. Кешенді туристік пакет, ережеге сәйкес, туристің тұғылықты жерінде ұсынылады, ал саяхаттау орын, болу елі оның шегінен тыс жерде орналасады. Сондықтан да туристік қызметтер нарығында ерекше рольді жарнамалық, ақпараттық және құқықтық аспектілер атқарады.
Одан басқа, көптеген авторлар туристік нарықтың сандық және сапалық көрсеткіштерін сипаттайтын төрт құраушы қасиеттерін бөліп көрсетеді. Туристік нарық болуы керек:
- құрылымды – оның
құрылымныда көптеген ұсақ
- еркін – мұндай нарық
сатушылар мен сатып
- бәсекелі – бәсекелестік
нарықтық экономиканың ең
- өркениетті – жоғары
экономикалық мәдениеттің бар
болуы, оған бизнесті жүргізу
ережелерін сақтау, серіктестер
мен бәсекелестердің
Туристік нарықтың басты ерекшеліктерін, оның құраушылары мен даму факторларын айта отырып, оның қызмет ету механизимі сұрағын қарастыру маңызды деп санаймыз [5].
Туристік нарықтың қызмет
ету механизмі – туристік өнімге
деген сұраныс пен ұсынысты теңестіруге
бағытталған экономикалық түрткілердің
жүйесі, «ақша – туристік өнім»
айырбасы және ақша мен турөнімнің
ағымы. Туристік сферадағы сұраныс
пен ұсыныс айналымы ресурстардың,
тұтынушы қажеттіліктері мен табыстардың
есебінен нақтыланады. Туристер сұранысы
тұтынушылық игіліктер мен
Осылайша, нақты экономикалық игіліктер ағымы табыс пен шығындардың ақшалай ағымымен толықтырылады және сурет 1-де көрсетілген.
Тұтынушылар
шығындары
Тауарлар және қызметтер Тауарлар және қызметтер
Ақшалай табыс
Ресурстар
Сурет 1. Туристік қызметтер нарығының қызмет ету механизмі
Туристік нарықты сипаттаушы тағы бір көрсеткіш – оның сыйымдылығы, яғни белгіленген уақыт аралығында бар баға мен ұсыныс кезінде туристік өнімнің анықталған көлемін өткізу қабілеті. Нарықтың сыймдылығы халықтың төлемгеқабілетті сұранысына, баға деңгейі мен туристік ұсыныстың мінез-құлқына тәуелді болып келеді. Бағаға байланысты турөнімге деген қажеттілік қысқаруы және керісінше ұлғаюы мүмкін. Нарықтың сыйымдылығын және оның өзгеру тенденцияларын біле отырып, туристік кәсіпорын аталған нарықтың өзі үшін қолайлығын бағалауға мүмкіндік алады. Туристік нарықта ақша мен туристік өнім ағымының үнемі орын ауысу үрдісі өтіп жатады, олар бір-біріне қарсы қоғалады және осылайша туристік айналымды құрайды.
Ол туристік өнім ағымының қозғалыс бағытын, туризм сферасын дамытуға инвестициялар мен туристік қызметтен түсетін пайданың есебінен бюджетке ақша түсімін қамтамасыз етеді.
Сонымен, туристік айналым келесідей схема бойынша жүзеге асады:
Туристік айналым – қызметтің ақшаға және ақшаның қызметке айналу үрдісі жүретін экономикалық қатынастардың жүйесі [6].
Оның негізгі қатысушылары туристер мен туритік қызметті ұсынумен байланысты барлық кәсіпорындар жатады. Оның үлгісін келесі сурет 2-ден жақсы көруге болады.
Информация о работе Туристік кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру