Курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 22:33, курсовая работа

Краткое описание

Қазакстан Республикасының «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы» заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 10 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Оқушыларға экологиялық білім берудің мәні...................................................7
1.1 Экологиялық ортаға зиян келтірмеу..............................................................11
1.2 Табиғатты пайдалану және қорғау негәздері................................................16
1.3 Қазақстан Республикасының қорықтары......................................................21
1.4 Ұлттық саябақтар............................................................................................32
ІІ. Табиғатоты қорғаудың негізгі заңдары.........................................................39
2.1 Қызыл кітап ....................................................................................................42
2.2 Қоршаған ортаның қорғау туралы заңының негізгі ережелері..................45
2.3 Жасыл ел...........................................................................................................46
ІІІ. Еңбек қорғау бөлімі.........................................................................................47
IV Экономика бөлімі ............................................................................................50
Қорытынды............................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

Корык.docx

— 83.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Марқакөл мемлекеттік  табиғи қорығы

Орналасқан жері: Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы

Координаттары

48.75, 85.7548°45′00″ с. е. 85°45′00″  ш. б. / 48.75° с. е. 85.75° ш. б. (G) (O)

Көлемі: 102 979 га

Құрылған жылы: 1976 жылдың тамыздың 4

Уәкілетті орган

Орман және аңшылық шаруашылығы  комитеті 

 

Марқакөл мемлекеттік  табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде  Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының  арасында орналасқан Алтайға тән  тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449,3 метрлік абсолюттік биіктікте  жатыр. Ең биік нүктесі — 3304,5 метр (Ақсу-Бас  тауы).Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы мұнтаздай  таза және жұмсақ болғанымен балыққа  бай. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы  балық түрлерінің отаны деуге  әбден болады. Жартасты тауларда негізінен  жапырақты және шыршалы ағаштар  өседі. Көркем жартасты таулардың көп  бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Фаунасы түрлі және мол. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурызым мемлекеттік  қорығы

Орналасқан жері: Қазақстан, Қостанай облысы

Координаттары

51.483333, 64.351°29′00″ с. е. 64°18′00″  ш. б. / 51.483333° с. е. 64.3° ш. б. (G) (O)

Көлемі:191 381 га

Құрылған жылы: 1931 жылдың маусымның 30

Уәкілетті орган

Орман және аңшылық шаруашылығы  комитеті

Дүниежүзілік мұра нысаны:2008 жылы

 

Наурызым қорығы– Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта  құрылды. Оған Терсек (көлемі 4,7 мың  га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары  мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері  енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты  континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын  мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне  бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен  бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Үстірт мемлекеттік қорығы

Орналасқан жері: Қазақстан, Маңғыстау облысы

Координаттары

42.466667, 54.53333342°28′00″ с. е. 54°32′00″ ш. б. / 42.466667° с. е. 54.533333° ш. б. (G) (O)

Көлемі: 223 342 га

Құрылған жылы: 1984 жылдың шілденің 12

Уәкілетті орган

Орман және аңшылық шаруашылығы  комитеті

 

Үстірт қорығы — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді  қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық.

Маңғыстау облысыңдағы Ералы  ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттарда орналасқан. Мұндай қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты  өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа  ұқсайды: мұнда пышақ кескендей  тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус  тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі  — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар  ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті. Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті  үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ  тастары бар алаңдар да көп. Бұрын  теңіз түбі болған Үстіртет ежелгі заман жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың  іздері), алғашқы адамдар пайдаланған  қару-жарақтар табылған. Мұнда жануарлар  мекендеген қоршаулар да кездеседі.Қорықтағы  жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі солтүстік шөлді аймақтарға тән.Сүтқоректілердің 27, құстардың 111, бауырымен жорғалаушылардың 30 және өсімдіктердің 300-ден астам түрі мекендейді. Мұнда Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілгенүстірт арқары, қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжолақты қарашұбар жылан;

құстардан: жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді, суық түскенде қорықтан ақ бөкен  үйірлерін де кездестіруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Табиғат құбылысы-найзағаймен  күрес.

         Жорық жағдайларында найзағай түсу нәтйжесінде де күйік пайда болуы мүмкін. Ол жалпылама белгілермен-орталық жүйке жүиесіңің, тыныс алу мен қан айналдоргандары қызметтерінің бұзылуы мен дірілдеқестен тану, тіл байлану, тыныс, жұрек қызметінің тоқтауы т.б. қатар жүреді. Найзағай тигін кезде теріде қызыл жалақтар пайда болады. Найзағай белгілері: найзағайдан жарақаттанған адамға: жасаи демалдыру мен жүреті уқылалад жие жасалады. Оны жерге көмуге неме топырықпен бүркеуге  болмайды. Тыныс алудың, жүрек соғысының және естің қалыпнмкелуінен  соы зақымданумыға ыстық шаи,аналғын 2таб. Беріп, күйген жерін тамып, тер арада мед. Орынға тасымалдау керік. Найзағай күн күліру кейде, аиықдарде, алалдарда, асулар мен аелық кеңістіктерді жағажайларда тікелей түседі неме электр ұшқынын ылғалды беткі қабатпен, металды жерлермен, жартасттардың жарықшақтары мен таралуы нәтижесінде пайда болатын электр ағынына ұшырау болады. Найзағайдан сақтану үшін дер кезінде қауіпсіз жереі таңдап алып оған барып тұру керек. Егер күн күркіреуі жақындай бастаған кезде туриетік топ тік беткейде жолда болса ол жерді тез тастап кетуі қажет. Қауіпсіз жерлер:құрғаң, шығыңды жартастармен, ағаштардан, қуастардан, беткейдің вректерінен кіткене шұққырлардан, үңгір тұбі мен ауғынан алыс метал заттардан амық орындар болып табылады.

 

2. Жұмбақ найзағай

 

«Қымбатты редакция, 1960 жылы 19 августа мен көргең мына оқиғаны  түсіндіріп берулеріңізді өтінемін. Мен автобустан түсіп. Борисовкаға  бара жатқан едім, онда менің әке-шешем  тұрады. Сол жолда орманнан шығып, маған карсы келе жатқан мотоциклдің жарығын көрдім. Бірақ жауыннан кейінгі мына

батпақта мотоцикл қалай  жүре алады?-деп ойладым. Сол  бойда  тоқтай қалып, әлгіні мұқият бақылап  тұрдым. «Шам»маған 300 метрдей жақын  қалғанда тоқтай қалды. Мен бұл келе жатқан көліктің машина екендігінің  ешбір белгісін аңғара алмадым. «шам»  кенеттен маған қарай беттеп, 2-3 қадам  қалғандақайта кідірді. Мен мұның  не екенін білгім келіп,орнымнан жылжығаным жоқ. Одан кейін жаңағы «шам» біріндеп менен алыстай бастады. Енді бірде  мен бұл «шамның» кейін шегініп  бара жатқанын көріп тұрдым. Бұдан  кейін ол Қукшево жаққа қарай  шапшаң жылыстап кетті». Бұл табиғаттың аса қызық құбылыстарының бірі-шар  тәізді, домалақ найзағаймен болған көптеген кездесулердің бірі. Табйғатта  өте сирек кездесетің және ерекше бұл құбылысты ғылым көпке  дейін мойындамай келді. Шар тәрізді  найзағай-тек қана оптикалық елес пен әркімнің көз алдануы, одан басқа  түр те емес деген пікір айтылды. Француз физигі маскар оны «әсіре қиялдың нәтижесі» деп атады. Өткен ғасырдың аяғында-ақ физика жөніндегі  неміс оқулықтарының бірінде: шар  тәрізді найзағай болуы мөмкін емес, өйткені ол «табиғат зандарына сай  келмейтін құбылыс» делінген. Қөріп  отырсыздар, табиғат жұмбақтаррына  кезіккенде кейде ғалымдар да адасады  және де «қыңыр мінезділікетн» қателеспейді, бұл олардың жаңа құбылыстарға, ғылыми жаңа идеяларға белгілі бір дәрежеде мән бере қоймайтындығынан емес, өз ойларына қйашы келет фактілермен  оңай келіспейтіндігінде. Мұның себебі бұдан әлдеқайда тереңде жатады.Соның  ішінде, атап айтқанда, жаратылыс ғылымында  үстемдік құрып тұрған көзқарастарды, дүниенің құрылымы жайындағы ғылыми тұжырымдарды бұлжытпай сақтауға және заңдылықтарға сенуге деген қамқорлық  та бар.  Алайда таным-білім-адамзаттың тіршілігі барда тоқтотуға болмайтын  процесс. Оның негізінде бүгін білмегенімді ертең білермін деген прицип жатады. Бұл принцип діни көзқарастарға  тікелей қайшы бағытталған: діндарлар: білмеймін және маған оны білуге жол жоқ, өйткені түсініксіз нәрсенің бәрі, ғажайып атаулы түгелдей құдайдың әмірімен болып жатады, оның мәнін түсіну, бағдарлап білу мүмкін       емес,-дегенді айтады.   Домалақ найзағай көп уақыттан бері жинақталған фактілердің тегеурінімен ғалымдардың бұған деген  көзқарасының қалайша өзгергенін көрсететін тамаша мысалдардың бірі болса керек. Шар тәрізді найзағай шынында да болып жататын құбылыс, ақиқат екені жайында бірте-бірте көптеген материал жиналды. Онымен кезіккен әртүрліадамдар болған оқиға жайында талай-талай хабар берді. 1975жылы «наука и жизнь» журналы СССР ғылым академиясының жер магнетизмі, ионосфера және радио толқындарының таралуы институтымен бірлесе отырып анкета жариялады, онда домалақ найзағай жайында бірқатар сұрақтар қойылып, бұған осы құбылысты аңғарғандардың жауап беріуі сұралады. Редакция бір мыңнан аса хат алды, оларда шар тәрізді найзағайды көрген адамдардың сипаттаулары баяндалды. Бұл хаттардың авторлары-ғылыми қызметкерлер, инженерлр, мұғалімдер, ұшқыштар, метеорологтар еді... «Табиғаттың бұл ғаламатын» көрген адамдардың әңгімесіне қарағанда, шарәізді найзағайдың үлкендігі кейде футбол добындай, ал кейде оданда көлемдірек болады. Ол ауада мейлінше баяу қозғалады. Оны ешпір құралсыз-ақ көруге болады. Кейде жарықыраған мұндай шар бір орында мүлде тоқтап тұрғандай болады, ал белгілі бір бөгетке кезіккенде көбінесе әр түрлі жарыстар тудырып, өзгеріске түседі.Кей жағдайда шар тәрізді найзағай тырс етіп барып, өзінен-өзі жоқ болып кетеді. Шар жылжып бара жатқанда ауада баяу ғана ысқырық немесе ысылға ұқсас үн естіледі. Шарлардың түсі әр түрлі болатын көрінеді. Оны көргендер: қызыл, көз қарықтырғандай аппақ, көкпеңбек, тіпті қара да болады дейді. Мұның үстіне найзағай әрқашан да доп-домалақ бола бермесе керек. Алмұрт, жұмыртқа тәрізді сопақтары да болады. Кейде адамдар оны фото-суретке де түсіріп үлгірген. Бірқатар фактілер шар тәрізді найзағайдың кәдімгі желілі найзағаймен байланысы барын дәлелдейді. Муромдық П. Гришненков мынандай бір оқиғаны аңғарған:диаметрі отыз-қырық сантиметр шар тәрізді найзағай желілі найзағай түскен жерден жоғары ұшып шыққан. Томск университетінің студенті А.Созонов шар тәрізді найзағайдың үшеуі бірдей жарқ-жұрқ етіп бара жатқанын көрген. Бұлар желілі найзағайдың орталық бөлігінен шығып, бірте-бірте жерге қарай құлдырай бастаған. Электровоз машинисі А. Орлов желілі найзағай элоктр сымдары  ілінген болат бағанаға соғылғанда одан шар тәрізді найзағай аспанға қарай ұшып шыққанын көрген. Жоғары оқу орнының оқытушысы А. Тимощук от шашқан шармен қалай кезіккенін егжей-тегжейлі әңгімелейді. Электр сымдары тартылған бағанаға таяу жерге жай түседі. Тап сол мезетте сымнан жасыл-сары ұшқын көрініп, ол «тұтана» бастайды. Шар пайда болды да, ол бағаналар арасына тартылған сымның бойымен баяу жылжып кете барды. Бірде-бірте әлгі шар қызара бастады. Бұдан соң тартулы сымдардың төменгі желісіне түсіп. Одан кейін теректің жапырағына құлады. Қатты тырсыл шығып, қызыл ұшқындар шашырады. Бірнеше кішкентай домалық шар пайда болып, теректің бұтақтарымен өрмелей жөнелді.  шар тас жолдың үстімен, төңірегіне ұшқын шаша орғытып өтті. Ақыры ол бірнешеге бөлініп, тез сөніп қалды. Осының бәрі шамамен он секундтай уақыттың ішіболып өтті. Оны менен басқа тағы бір адам бақылап тұрған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банктердің пайда  болуы.

Банктердің пайда болуы  мен дамуы.Бірқатар ғалымдардың  пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының  кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде  төлем делдалдары ретінде пайда  болды деп есептейді. 
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «Ьапсо» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы Қызу жүретін аландарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чека-нившихся) эр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімеп нарыктарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер ден аталған, «трапеза» -үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінем тарайды. 
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшіи олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды. 
Алайда ақшаыың табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсак (қате) ұктыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді акшаның әлемдік акша қызметсын орындай бастағанда ғана пайда болган тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек - акшаның ішкі нарықтагы айналыста жүрген кезецде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді. 
Ғалымдардың пікірінше, біздің арамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау жэне осьі акша бойынша пайыз төлеу тэжірибеде кездескен. Мүндай валюталық жэне несиелік операциялар біздің арамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен. 
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құидылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткеиі ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен семімге ие болган еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді акшалай опе-рацияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажететті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды. 
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен катар қарыз (ссуда) берумен де айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай оты-рып ресімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды. Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде жинақталған ақшаның айнапыска түспесе пайда әкелмейтінін ұқты. Сондықтан да ақшаны уақытша пайдалануға беріп, одан пайыз апудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорнын ашудыңтиімді болатынын даұқты. 
Міне, осы уакытша несиені жоғары пайызбен беретін өсімқорлық пайда болды, ссуданың негізіне тараптардың несие беруші қоятын өктем шартымен жасасқан жеке келісімі жатады. Сауда үйі түрінде жеке несие берушілердің пайда болуымен бірге бір мезгілде мемлекеттік сауда-саттық агенттіктері де әрекет етеді. Ежелгі шығыста олар тамкаралар деп аталған. Олар металл қүймалары түріндегі ақшаны сатумен және сатып алумен айналысты, басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізді. Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері жэне сауда-саттық агенттіктері жүзеге асырған барлық акша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды. Банк - бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған несие берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін несие істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы толық болуы кажет. Несие операциялары қалай жүйеге айналады, солай өсімкорлық та тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасында бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер жоғары пайыз белгілейтін болса, қарыз алушы одан бас тартады. Несие мәмілелерін орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу жэне басқа да операцияларды жүргізеді. Банк - несие, ақша, есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылыгының даму деңгейі. Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды. 
1619 жылы Венеция каласындагы қоғамдық серіктестік жиробанк (латынша §іго - айналым) деп аталды. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз серіктестіктеріне ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет құрған экономикалық кызметке, банктердің пайда брлуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банкісінің шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде айқындалды. Банк ісін жүргізудің италияндық тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды. 
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке жэне жиробапкке, ақыр аягында ссуда банкісіне айналды. Германияда италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып, одан алғашқы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды жэне т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.

 

 

 

 

                           

 

Қорытынды

           Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған нормалары негiзiнде жүзеге асырылады.

         Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, табиғат қорғау мекемелерi мен қоғамдық бiрлестiктер бар атқарушы органдар қорық iсi және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша халықаралық байланыстар орнатып, халықаралық ұйымдармен белгiленген тәртiппен ынтымақтастық жасай алады.

         Қазақстан Республикасының ерекше  қорғалатын табиғи аумақтары  халықаралық келісімдер мен шарттарға  сәйкес  халықаралық маңызы бар  табиғи резерваттар санатына  енгізілуі мүмкін.

          Егер Қазақстан Республикасы  бекіткен халықаралық шарттарда  Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан  өзгеше нормалар  белгіленсе, халықаралық  шарттардың нормалары қолданылады. Қорғалжын табиғи қорығы ретінде мемлекет қорғауындағы ЮНЕСКО дүниежүзілік табиғи мұралар Тізіміне енгізілген Теңгіз-Қорғалжын көлдер жүйесі орнитологтар, бёдвотчерлер, сондай-ақ табиғи табиғат сүйішілері үшін үлкен қызығушылық танытуда. Қорық әкімдігі орналасқан және туристер қабылдайтын қонақ үйлері желісі құрылған Қорғалжын кентінде жергілікті сулы-ми батпақты алқаптары, олардың жануарлар мен өсімдік әлемі жөнінде алғашқы түйіндемесін жасайтын визит-орталығы істейді. Визит-орталық – бұл әрі мұражай, әрі экология-ағартушылық орталығы және қорық жөнінде кез келген танымдық та, практикалық та ақпарат беретін туристер үшін ресурс орталығы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Курстық жұмыс