Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Оқушыларға экологиялық
білім берудің мәні...................................................7
1.1 Экологиялық ортаға зиян
келтірмеу..............................................................11
1.2 Табиғатты пайдалану және
қорғау негәздері................................................16
1.3 Қазақстан Республикасының
қорықтары......................................................21
1.4 Ұлттық саябақтар............................................................................................32
ІІ. Табиғатоты қорғаудың негізгі
заңдары.........................................................39
2.1 Қызыл кітап ....................................................................................................42
2.2 Қоршаған ортаның қорғау
туралы заңының негізгі ережелері..................45
2.3 Жасыл ел...........................................................................................................46
ІІІ. Еңбек қорғау бөлімі.........................................................................................47
IV Экономика бөлімі ............................................................................................50
Қорытынды............................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55
Кіріспе
Қазакстан Республикасының
«Ерекше қорғауға алынған табиғи
территориялар туралы» заңы бойынша елімізде
ерекше қорғалатын 13 табиғи территория
анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда
10 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи
парк, 66 қорықша, республикалық маңызы
бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк,
5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк,
халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты
алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми
құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып,
жұмыс істеуде.
Қорықтар, қорықшалар, ұлттық
парк және табиғат ескерткіштері
алқаптары мемлекет территориясының
2,8%-ін алып жатыр. Барлық 9 қорық
ғылыми және табиғат қорғау
мекемесі мәртебесіне ие және
республикада ерекше қорғауға
алынған жоғары дәрежелі табиғи
территория болып саналады. Олар
дәл сол өңірге тән бірегей
табиғат кешендерін қаз қалпында
сақтау мақсатына қызмет етеді.
Бұлардың ішіндегі ең көнесі
батыс Тянь-Шань таулы аймағындағы
көркем де келісті табиғат
мүйісі - Ақсу мен Жабағылы өзендерінің
бастауы маңындағы Талас Алатауының
батыс сілемін қамтып жатқан
Ақсу-Жабағылы қорығы болып табылады.
Тянь-Шанның шығыс бөлігінде,
Іле Алатауының тау жоталарында
- Алматы қорығы, солтүстіктегі далалық
өңірде - халықаралық маңызы бар
су төңірегі құстарының көптеген
түрі ұя салып, сулы-батпақты
алқабын мекен еткен Қорғалжын
қорығы орналасқан. Қостанай облысындағы
Наурызым қорығы көкке бой
түзеген көрікті қарағай ормандары
мен сан алуан дала өсімдіктері
дүниесін құрайды. Үстірт қыратындағы
шөл қорығы Үстірт арқарларын,
итаю және бағалы өсімдіктер
дүниесін қорғау мақсатында құрылған.
Суы тартылып, құрғап бара жатқан
Арал теңізіндегі Барсакелмес
қорығы республикадағы аралда
орналасқан бірден-бір қорық болып
табылады. Аралда 300-дей құлан, қарақұйрық,
ақбөкендер мекендеп, тіршілік етеді.
Шығыс Қазақстан тауларында сондағы
күміс сулы Марқакөлдің атымен
аталған қорық бар. Республикадағы
ең жас қорық - Алтайдың қылқан жапырақты
ну ормандары мен оның мекендеушілерін
сақтап, қорғауға арналған Батыс Алтай
қорығы.
Қазақстанда шөл, шөлейт
және тау экожүйелерінің ұлан-ғайыр
территориясын алып жатқан 5 мемлекеттік
ұлттық табиғи парк құрылған.
Олар - «Алтынемел», «Баянауыл», «Іле
Алатауы», «Көкше-тау» және «Қарқаралы»
ұлттық парктері. Қорықтардан айырмашылығы
- олардың территориясында қоршаған
ортаны қорғау шараларын жүзеге
асырумен қатар, табиғаттың кейбір
түрлерін пайдалануға және экологиялық
туризммен айналысуға рұқсат
етілген. Кең - байтақ Қазақ жерінде он
қорық бар. Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы,
Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғалжын,
Марқакөл, Науырзым, Үстірт. Қайран Қазақстаныңызда
он ұлттық парк бар. Алтынемел, Баянауыл,
Бурабай, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай,
Көкшетау, Шарын, Сайрам-Өгем, Көлсай көлдері.
Бұларға қоса үш табиғи резерв (қор) құрылған.
Олар Ертіс орманы, Семей орманы және Ырғыз-Торғай
орманы деп аталады. Бір қарағанда, бұларыңыз
аз емес секілді. Ал майталман мамандардың
меңзеуіне мән берсек, қазақ жері үшін
әлі де жеткіліксіз көрінеді. Көбейте
түсу керек, деседі.
Қорықтар және
табиғат қорғау мәселесі
Қорық – ерекше қорғауды
қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан
өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін
табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы,
Барсакелмес қорығы – құланды, Қорғалжын
қорығы – қоқиқазды, Үстірт қорығы
– дала қойын, Алматы қорығы - Тянь-Шань
шыршасын сақтап, көбейту мақсатында
құрылған.Көптеген ғалымдардың еңбектерінде
VІ-VП ғасырларда қазақ жерінде
ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады.
Мысалы, В.В.Бартольд еңбектерінде "Жер
жанаты - Жетісу" аталған мекенде
өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы,
көк шалғынды, бау-бақшалы салқын
жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз
мал жаймағандығын, мезгілсіз аң
ауламағандығын жазған. Бұдан бабаларымыз
ерте кезде-ақ келешек ұрпақ үшін
туған табиғаттың әсем жерлерін аялай
білгенін байқаймыз.Ал Ұлттық парктердің
қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық парктерде
өсімдіктер мен жануарлардың сирек
кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен
қатар, адамдардың мәдени демалысын
ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға
мүмкіндік жасайтын орындар бар.Қазақстанда
алғаш рет ұлттық парк Баянауыл таулы
орман алқабында ұйымдастырылды.
Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден
аса құстардың түрлері қорғалады.
Олардың көпшілігі "Қызыл кітапқа"
енген.Табиғат ескерткіштері деп
сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың
әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан
ғылыми, тарихи және мәдени жағынан
құнды табиғат обьектілерін айтады.Табиғат
ескерткіштерін қорғау – бұл жанды
табиғатқа тән затты қорғау деген
сөз. Табиғат ескерткіштері дүние
жүзінің көптеген елдерінде бар.
Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші
бар. Олардың ішіндегі аса маңыздыларына
"Жетісу маржаны", "Шың түрген"
шыршасы, Павлодардағы "Жыл құстары"
табиғат ескерткіштерін жатқызуға
болады.
Қорықтар – биосфера эталоны.
Мұндағы орман-тоғай, жай алған
жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын
шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер
мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем
қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман
болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн
тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені
биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу
жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін
қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық
білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде
қорықтар өте маңызды роль атқаратыны
белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру
бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында
үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ
кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды
қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз
қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ,
Барса-келмес қорығыда айтарлықтай
үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында
құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес
аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы
құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел
ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің
жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар
жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның
бірнеше табиғи-географиялық аймақтары
– солтүстүгінен оңтүстүгіне
қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді
өңірлерді қамтиді. Қазақстан
жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі
химиялық элементтердің бәрі
дерлік кездесетін біздің республикамыз
табиғи ресурстарға аса бай
өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің
5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен
жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің
12 түрі тіршілік ететін айтпай
кетуге болмайды. Бұл бай өлкені
шын мәннінде табиғи байлықтың
қайнар көзі деп ғалымдар бекерден
-бекер айтпаған болар. Бірақ,
бұл інжу-маржандар қанша мол
болғанымен, ол сарқылмайтын дүние
емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі
өне беретін зат емес. Сондықтан
да оны пайдаланумен бірге,
ұқыпты түрде қорғап, байлығын
молайта беруге барлық мүмкіндікті
жасау керек. Осы бағыттағы
шаралардың бірі – «Жер жанатты»
деп орынды аталып кеткен небір
тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді
қорыққа айналдыру керек екекнін
өмір көрсетіп отыр.
Бұл салада
Қазақстан Республикасында соңғы
жылдарда қыруар ғылыми – зерттеу
жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж
Қазақстан ССР Жоғары Советінің
биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи
ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары
анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер,
заказниктер мен табиғат ескерткіштерді
сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ
ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі
жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда
қорықтар мен табиғат ескерткіштерін
ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері
және биосфераны қорғау тәртібі айқын
көрсетілген.
1969 жылғы 9 шілдеде
«Наурызым мемлекеттік қорығының
орманын қалпына келтіру мен
қорғау шаралары туралы», 1972 ж
2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік
қорықтарының қызметін жақсарту
шаралары туралы», 1976 ж 12 шілдеде
«Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын
жақсарту туралы» қаулылар жарыққа
шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі
қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың
ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын
жақсартуда зор маңызы болғанын
айтпай кетуге болмайды. Қазақстан
Республикасының Қорықтарында қол
жеткен табыстары мен орны
алып отырған емшіліктерде олардың
жоюдың нақты жолдарында айқын
көрсетілген.
Осы кезде Қазақстан
Республикасы жерінде (1980 жылғы
мәлімет бойынша) 531 мың гектар
алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы,
Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын
және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға
жететін 50-дей аңшылық заказниктер,
көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық
және ботаникалық объектілер, қорғалатын
заказниктер және 3 табиғат ескерткіші
бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный
перелет» , шарын бойындағы көне
заманнан бері қарай жойылып
кетпей өсіп-өніп келе жатқан
ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар).
Қорғауға алынған учаскелерде,
әсіресе, қорықтарда , бұрын осы
аймақты мекендеген, бірақ соңғы
жылдары саны азайып кеткен
жабайы хайуанаттар мен сирек
кездесетін өсімдік түрлері есепке
алынған. Мұндай түрлердің, мәселен,
Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында
өсімдіктердің 1600 түрі тек осы
аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін
айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында
15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер,
Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің
15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы
өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың
басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ,
Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі
кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында
2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500
түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана
тән сирек кездесетін турлер. Адамның
үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса,
мұндай бағалы түрлердің биосферадан
жойылып кетуі мүмкін екендігін естен
шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар
өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда
өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен
де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның
жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық
Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы.
Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып
кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі
мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана
қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен
бірге Қазақстан Республикасының ежелден
бері әйгілі болған таңғажайып көрікті
орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра
беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының
қорықтарында алдағы уақытта
табиғи ресурстарды пайдалану
және олардың қайталанбас сұлулығын
сақтаудың ғылыми негізін жасау
жөніндегі үлкен мақсат пен
міндеттер тұр. Бұл мақсат пен
міндеттердің биосфера компоненттерін
қорғап, оларды халық шаруашылығына
рационалды түрде пайдалану үшін
зор маңызы бар. Бұл мақсат
пен міндеттердің Қазақстан Республикасы
жағдайында да көкейтесті екендігі
аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр
жерді алып жатқан байтақ өлке
өзінің саялы да а ялы қалың
орман-тоғайы оны мекендеген сан
түрлі хайуанаттары, өзендері мен
көрікті өлке. Қазақстан Республикасы
территориясында 34-35 миллион гектар
егін егуге, бау-бақша өсіруге
жарайтын құнарлы жер бар. 186-187
миллион гектар шабындықтар мен
жайылымдықтар 22 миллион гектар орман
(оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы
сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің
периодтық кестесінің барлық элементтерін
жинақтаған түрлі қазба байлықтардың
ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам
көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ,
туған өлкеміз менің Қазақстаным елім
менің, алуан түрлі жан жануарларға өте
бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің
қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан
Республикасындағы жоғарыда айтылған,
Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес,
Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт,
Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың
маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан
мемлекетінің территорияларында келешекте
де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық
көбее берсе екен деген ойдамыз.
Жер көлемі 2754
мың шаршы километр ұлан-байтақ
жерде алып жатқан Қазақстан
Республикасында небары 10 қорық
бар дегенге сенудің өзі қиын.
Республикамыздың
табиғи ресурстарын қорғайтын
жаңа қорықтарды ұйымдастыру
үшін алдымен ол маңда арнайы
түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды
ұйымдастыру үшін ғылыми деректер
керек. Табиғи қорықтардың бірін
Бетпақ дала шөлді аймағында
ұйымдастырған жөн деген ғалымдар
бір ауыздан шешімге келген.
Бетпақ
дала қорығы территориясында
Шу өзенінің солтүстігінде жатқан
ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу
жоспарланып отыр. Бетпақдаланың
шөлді даласында жусан, баялыш,
бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде
қараған, теріскен өседі. Өте
көне заманның ескерткішіндей
болып реликті бұта көзге шалынады.
Ауа-райы өте құбылмалы жазы
ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-шашын
жерге өте аз түседі. Небары
90-100 мм. Бұл қорықта сүтқоректілердің
40, құстардың 150-200-дей түрі. Бауырымен
жарғалаущылардың 15-тен астам түрі
тіршілік етеді.