Курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 22:33, курсовая работа

Краткое описание

Қазакстан Республикасының «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы» заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 10 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Оқушыларға экологиялық білім берудің мәні...................................................7
1.1 Экологиялық ортаға зиян келтірмеу..............................................................11
1.2 Табиғатты пайдалану және қорғау негәздері................................................16
1.3 Қазақстан Республикасының қорықтары......................................................21
1.4 Ұлттық саябақтар............................................................................................32
ІІ. Табиғатоты қорғаудың негізгі заңдары.........................................................39
2.1 Қызыл кітап ....................................................................................................42
2.2 Қоршаған ортаның қорғау туралы заңының негізгі ережелері..................45
2.3 Жасыл ел...........................................................................................................46
ІІІ. Еңбек қорғау бөлімі.........................................................................................47
IV Экономика бөлімі ............................................................................................50
Қорытынды............................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

Корык.docx

— 83.50 Кб (Скачать документ)

     Екінші –  далалы аймақ. Оған Жезқазған  облысына қарасты Ағадыр селосының  батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 мың гектар болуы мүмкін. Мұндағы негізгі обьектілер жұпар, камшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін сияқты сирек кездесетін аң құс өсімдіктер.

       Үшінші  – шөлейтті аймақ қорықтары.  Бұл  қорықтарда ең көлемділері  -  Үстірттің батыс тік жарлы  қыраттары. Үстірт қорығында   кекілік, құлан болса, гепард, бұлдырықтарда көзге жиі-жиі шалына  шалына береді. Шөлейтті аймақтық  қорықтардың бірі  - Аңдысай қорығы. Оның көлемі 330 мың гектар жерді  қамтиды. Қорғалатын обьектілері  арқар, құлан, қара құйрықкиік, жалман, реликті гүлтобылғы, Регель  қызғалдағы.

     Алматы облысы.  Балқаш ауданындағы күрті өзенінің  Ілеге құя берісіндегі тоғайлы  алқапта да шамамен алғанда  20-30мың гектар жер босқа жатыр.  Ол жерге қорық ұйымдастыратыны  анықталып отыр. Іле өзені Тоғайлы  қорығын ұйымдастыру ғалымдардың  ойында. Мұнда мекендейтін жабайы  шошқа, тоғай бұғысы, шұбар бұғы, сарғыш күзен, қырғауыл және  сирек кездесетін тоғай өсімдіктері  қорғалуға тиіс.

     Қазақстан  Республикасында алдағы уақытта  ұйымдастырылатын қорықтардың бір  тобы – тау қорықтары болуы  тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі  – Жоңғар Алатауы. Басқан өзені,  Сарқанд ауданының территориясын  қамтиды. Қорғалатын негізгі обьектілер  – марал, ақтырнақты аю, барыс,  тас сусары, қызыл қасқыр, арқар,  таутеке, ұлар, сабыншы құр, май  қарағай, шыршалы ормандар, алый  шабындықтары, оларда өсетін сирек  кездесетін өсімдік түрлері. Ал  сауыр тауларында Шығыс Қазақстан  облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі.  Мұнда қорғалатын обьектілер  өте көп – марал, қоңыр аю, таутеке, тұндра шілі, меңіреу  құр, шұбар шіл, тырбақ қайың,  жапырақты орман.

    Ал Шыңғыстау,  Тарбағатай бұл өңірде қорық  ұйымдастыруға келетін көлемі 50-60 мың гектар жер бар. Бұл жерде  қорғалатын обьектілер – бадам,  жабайы алма бағы, субальпі шабындығындағы  өсімдіктердің кейбір түрлері.

    Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болтын жерлердің бар екені дәлелденіп отыр. Өйткені бұл өңірде сирек кездесетін хайуанаттардың өкілдері бар. Олардың ішінде елік, қарақұйрықты жерсіндіруге болатыны толығымен дәлелденіп отыр. Алакөл көліндегі «Реликті шағала» қорғау үшін заказник ұйымдастыру күн тәртібінде тұр.

    Міне,осындай шараларды  іске асырғанда ғана биосфера  байлықтарын ғылыми тұрғыдан  қорғауға болатыны анықталды.                   

       Мемлекеттiк  табиғи қорық — табиғат қорғау  және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи  аумақ, оның қызметiнiң мақсаты  өзiнiң аумағындағы табиғи процестер  мен құбылыстардың табиғи барысын,  өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың  жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық  жүйелердi сақтау мен зерделеу  және оларды қалпына келтiру  болып табылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы

Кез-келген мемлекеттің ең басты ұлттық байлығының, дәулетінің, іргетасының бірі - оның табиғи қорлары, табиғат байлығы. Сондай мақтан тұтар байлығымыздың бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан.

 Сонымен қатар, қорық  құрамына екі палентологиялық  бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда  жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие»,  жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек  ауданында қорықтың негізгі аймағынан  120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында  - 21255 га., Төле би ауданында - 53597 га, Бәйдібек ауданында - 231 га., Жамбыл  облысы, Жуалы ауданында - 10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір  жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы  ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен - Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені  10 метрге жетеді, тереңдігі жарты  метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң  мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден  астам түрі бар. Олардың көпшілігі  Қызыл кітапқа енгізілген. Тау  өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, беткейінде селдір  арша орманы, субальпі және альпі  шалғыны өседі. Шыңдарын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан.

 Өсімдіктер дүниесі  әр алуан. Онда мүіктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас қорғасыны; техникалық өсімдіктерден: арша, рауғаш, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктерден: жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде; эндемик өсімдіктерден: талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, майысқыш қия, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: Минквиц кендіршесі, жалған масақша, Қаратау сетені) түрі бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималау ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарытоғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және өзендерінде балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері бар. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдардың қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектері жарияланды.

 Ақсу-Жабағылы – елімізде  ең бірінші құрылған қорық. Қазақ қорықтарының ең әуелгісі. Алаш ардақтыларының ақыл-парасатына, алыстан ойлап, тереңнен түйсіне білгеніне қайран қаласыз. Орталық Азиядағы, қала берді Қазақстандағы айрықша аймақ, бүкіл дүние жүзіндегі бірегей аумақ саналар Ақсу-Жабағылы қорығының құрылу қайнарының бастау көзінде Тұрар Рысқұлов тұрды. Жиырма¬сыншы жылдың шіліңгір шілдесінде Талас Алатауының тармақтарына Ташкент университетінен ғалымдар жіберіле бастады. “Музейлер мен ескілік ескерткіштерін, өнер және табиғат байлықтарын қорғау жөнін¬дегі Түркістан комитеті” тарапынан 1922-1923 жылдары Түркістан өлкесінің ерекше ендіктері ретінде Тәңіртаудың таңғажайып тұсы жан-жақты зерттеле түсті. Жиырма бесінші жылғы ақпан айында Ақсу-Жаба¬ғылы қорығын құруды жедел түрде қолға алу туралы шешім шығарылды. Жиырма ал¬тыншы жылдың шілдесіне дейін тыным¬сыз жұмыс жүргізілді. Көп ұзамай-ақ Қазақ АКСР басшылығы Ақсу-Жабағылы қорығын құру туралы қаулы қабылдады. Оны Мәскеудегі Михаил Иванович Калинин мен Тұрар Рысқұлов бекіткен.

 Ақсу-Жабағылы қорығының  тұңғыш директоры Орыс географиялық  қоғамының толық мүшесі, табиғаттың  шынайы жанашыры, аса білікті  де білімді маман, ізгі ниетті  ғалым Борис Петрович Тризна  деген кісі еді. Алғашқыда 30545 гектар болған қорық аумағы  осы Тризнаның табандылы¬ғы және  тағы да Тұрардың қамқорлығы арқасында 1935-1937 жылдары 69826 гектар¬ға дейін ұлғайтылды. Бал татыған Балдыберек және Балабалдыберек өзендерінің бойындағы, Майдантал тау қыраттарының беткейлеріндегі, Жабағылы өзенінің оң жақ қапталдарындағы аршалы алқаптардың бәрі дерлік сол кездерде қосылған. Өкінішке қарай, ерен энтузиаст, бұрынды-соңды замандардағы басшылар¬дың ішіндегі ең мықтысы, аса абзалы болған Борис Петрович Тризнаның талқаны отыз жетінші жылы таусылды.

 Өткен жылы “Егемен  Қазақстанда” сіздің тілшіңіздің  “Сайрам-Өгем дегенде, Сайрам-Өгем…” деген дүниесі жария¬ланған. Алғаш Астанада, сонсоң Таразда ұшырасып қалғанымызда ше, Шерхан Мұртаза ағамыз оң жақ қасының ұшын жоғары көтере қарап: “А-а-ал, Ақсу-Жабағылыны қаш-шан жазасың?” – деген. Кейінірек Кенен тойында кездескенде үшінші мәрте: “Ақсу-Жабағылы қайда-а-а?” – деді. Сол жақ қасын шиырса, Шера¬ғаң сұстылау ғой. “Шіркін-ай, Ақсу-Жабағылыны түсінде жиірек көріп жүр екен-ау”, деп түйгенбіз. Ішімізден. Содан бермен қарата қараша күз өтті. Оңтүстікте қары азырақ, көк мұздағы көбірек болған қысыңыз артта қалды. Жауын-шашыны мол көктеміңіздің ортасына жеткенбіз. Жаңбыр-жаңбырдың арасында Ақсу-Жабағылыға қарай жолға шыққанбыз.

 Сәуіріңіз тәуірлеу тұрпат танытса, қызғалдақ мұнда тоғызына таман гүлдейді. Иә-иә, тұп-тура тоғызыншы сәуіріңізде қызғалдақтың шанақтары қақ-қақ жарылар. Сепкілденген жапырақтарынан мөлдір моншақ мәнзелдес тұп-тұнық, тап-таза тамшылар сәулелене сырғанар. Қызғалдақты Тәңіртаудың қазақтары Ақсу-Жабағылының алқызылы деп те атаған. Атам заманыңызда. Қызғалдақ. Ай, айналайын қазағым-ай. Тіліңнен бал тамады ғой. Қызғалдақ деген сөзді қайталап айтыңызшы. Бір сәт үнсіз қалып, қайтадан қайталаңызшы. Ғажап емес пе?! Сіз Ақсудың алқызылы, Жабағылының қып-қызылы – қызғалдақты көрген шығарсыз? Білетін боларсыз? Сарғалдақты ше? Олар осында ғана осылай өседі. Араласып. Жарасып. Жайнап. Сіз осынау Ақсу-Жабағылыдай алтын аймағыңыз Қызғалдақ ханшайымның отаны екенін білесіз бе? Алқызылыңыздың алты түрі арыңыздай Ақсуыңыздың аңғарла¬рында, жаныңыздай Жабағылыңыздың жоталарында жайнайтынынан хабардарсыз ба? Көргеніңіз бар ма?

 Тәңіртау мен Қаратаудың, Қазығұрттың қазақтары қадым  заманнан бұл ғажайыпты қызғалдақ деген. Ал жұрттың көбі кәдімгідей-ақ “қызғалдақ” деп білетін жұқалтаң ғана, жеңілтектеу, желбір-желбең гүліңізді “итқызғалдақ” деп атаған. Рас, алыстан алаулап-алдап, албырап-арбап, адырлардың бәрін жауып кететін итқызғалдақтың да өзіндік орны бар. Бірақ, оны Қызғалдақ ханшайыммен шатастырудың жөні жоқ. Шын қызғалдақтың шанағы жалғыз ғана. Ал итқызғалдақтың бір түбінен бірталайы бытырлай күшіктеп, желіге желпіл қағады.  Биыл бұл өңіріңіздің өзгеше қызғалдағы сәуірдің он бесінен бастап, аздап-аздап қана ашылды. Жабағылы ауылының жоғарғы жағында. Шақпақбабаның төменгі тұсынан тауға қарата қарағандағы қияларда. Күмісбастаудың Иірсу жақ иықтарында. Ақсу мен Жабағылының бастапқы бойлықтарын барласаңыз, бірте-бірте, сәуірдің соңына, мамырдың басына таман, тіпті маусым мен шілдеде ашылатын алқызылдарды аңғарарсыз. Ақыры алқызылыңызды айтқаннан кейін арғы тарихын қозғаңқырап кетелікші. Қорыққа көктемде келіп көрсеңіз, Жаратқан иеміздің әуелден-ақ алқызылды Ақсу-Жабағылыңыздың маңдайына жазғанын сезінесіз. Еуропа елдерінің ерен ғалымдары сіздің Ақсу-Жабағылыңыздан алған. Қызғалдақ пен сарғалдақтың сұрыптарын ең көп өсіретін және күллі әлемге таратқан Голландияңыздың ботаниктері ше? Қызғалдақ пен сарғалдақтың тұқымын Тәңіртауыңыздың текті төрінен әкеткен. Бүгінде бүкіл дүние жүзінің өркениетті елдеріне “Грейг қызғалдағы” және “Кауфман қызғалдағы” деген аттармен белгілі қызғалдақтар – біздікі. Грейгіңізге де, Кауфманыңызға да рахмет! Ғылым жүзінде жазып, қазақтың тауынан қазып алғаны үшін. Сол кездегі салттары солай ғой. Кім алғаш ашса, ғылыми айналымға түсірсе, жаңа дүние соның есімін еншілеген. Әйтпесе, Ақсуыңыздың алқызылын, Жабағылыңыздың қып-қызылын Тәңіртауыңызға теліп атаса да, қазағыңызға еншілеп ныспыласа да, Алатау мен Қаратауды айтса да, болар еді-ау. Дейсіз-дағы. Әттең-ай, әттең!

1988 жылы Алматыдағы “Қайнар”  баспасынан шыққан “Ақсу-Жабағылы”  атты альбом-кітаптың авторлары айтқандай-ақ, төрткүл дүниеге түгел тараған қызғалдақ пен сарғалдақтың отаны – текті төріңіз. Алқызылдың алты түрі де алғаш осында пайда болғаны дәлелденген. Төртеуінен нешеме жүздеген сұрыптар өсірілген. Ақсу-Жабағылыдан апарылып, аудандастырылған Алқызыл аруыңыз – Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда биік бағаланып, дүр дипломмен марапатталған. Содан бері біздің қызғалдағымыздан 200-ден астам түр тараған.

 

 Қызғалдақ пен сарғалдақ  десе, алпауыт, алып мемлекеттер,  шат-шадыман шаһарлар тұрғындарының, бүгінгі өркениетті, мәдениетті есептелер адамдардың ойларына бірден Еуропа елдері, оның ішінде Голландия оралары аян. Ондайларға оян дей алмайсыз. Ақсу-Жабағылыны айтып, тәптіштеп түсіндірмекке мүмкіндігіңіз жоқ. АҚШ-тан, Жапониядан, Канададан, Германиядан, Италиядан, Австрия мен Швейцариядан, жаңағы Голландияңыздың өзінен арнайы келетіндер өркениетті мемлекеттерде өсіп жатқан қызғалдақтар мен сарғалдақтардың төркін төрі көркемниетті қазақ топырағы екеніне көз жеткізіп кетіп жатыр. Там-тұмдап жазылып та жүрген жағдайлар жоқ емес. Айтпақшы, осы сапарымызда ше, Ақсу-Жабағылы қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімін басқаратын Елмира Жұманова қарындасымыз қызықты бір хикаяны әңгімелеп берген. Жабағылы ауылында біраздан бері Ламерт Бис деген голланд жігіті тұрыпты. Келіншегі Елмира – қазақ қызы. Жабағылыда туған. Сағи Қаратаевтың қызы. Мәселенің мәнісі былай екен. Ламерт Голландиядан туристік сапармен келген. Ақсу-Жабағылының атақ-даңқын естіп. Сағи Қаратаевтың қора-қопсысы, мал фермасы, таудың табиғаты – бәр-бәрі Ламерт мырзаға тосын, қызықты көрінген. Қазақылау қалыптағы қора-қопсыны, табиғилық жақтары басымырақ тіршілікті қызықтап жүріп, ары-бері өтіп жүріп, Елмирамен танысқан. Ғашық боп қалған. Мінекиіңіз, енді екеуі Жабағылы ауылында тұрып жатыпты. Екі перзенттері бар. Голландиядағы құда-құдағилар жыл сайын келетін көрінеді. Сәкеңдердің де барыс-келістері жақсы. Біразырақ бұрын “Времяның” тележурналистері Ламерттен арнайы сұхбат алыпты. “Бис мырза, нелерді және кімдерді ерекше ұнатасыз?” дегендейін сауал берген. Күйеу бала: “Ақсу-Жабағылыдағы Грейг қызғалдағын және қазақтың Елмира деген қызын жақсы көремін”, – деп жауап беріпті. “Қызғалдақтың ең ерекше, қалың өсетін жері – Қойлыбайдың жайлауы. Ол – Жабағылы жотасының күнгейі, Кіші Қайыңдының қарсы жақ беткейі, – дейді Елмира Жұманова. – Төле би ауданы аумағы жағынан алсақ, Шуылдақ шатқалының тепсеңдері түгел тұнған сарғалдақ”.

 Сарғалдақтың саршанақтары  сәуір сәулесімен нұрланады. Көктем күш алып келеді. Тү-у төбелерде, құзар шыңдарда сүрі қарыңыздың көбесі сөгіле қоймаған. Ақсуыңыздың арнасы арқырай аққан ақшылтым судың арынынан асып-сасар емес. Міз бақпайды. Қия-қияларда, жартыкештенген жартастардың ықтасында¬рында ақбүрген мен ақжусан бүр жарыпты. Жабағылы жақтың жел тимес жықпылдарында ақгүл бұта ағараңдайды. Шақпақ¬бабаға қарата еңкейер еңістерде ақшуақ жусан желкілдеп үлгеріпті. Шық тұнған шырыш балалапты. Андыз жапырақтары қалқайып қарайтындай. Өзегі өсіп үлгермепті. Бір шаршы аршынның аумағында сасырыңыздың бірнеше түрі самсап тұрыпты.

 Ақсу-Жабағылы флорасының  айрықшалықтарын белгілі ботаник ғалым Н.Х.Кармышева ханым кезінде кереметтей келістіре мәністеп, мазмұндап кеткен. Әрі ғылыми қызметкер, әрі директор болған. Жиырма жыл бойы. 1939-1959 жылдары. Ғылым үшін үлкен жаңалық ретінде танылған, тек текті төріңізде – Ақсу-Жабағылыда ғана өсетін өзгеше өсімдіктер түрін ашқан. Айналайын аршаңызды айрықшалап сипаттаған. Сонысы ұнайды. Арша. Ақсу-Жабағылының аршасы. Біз-дағы бұрынырақта арша туралы жазыңқырағанбыз. Тәңіртаудың төңірегінде, Алатау мен Қаратаудың түйісер тұстарында аршаңыздың алты түрі болған екен. Кейінгі үш жүз жылдың ішінде оның үш түрі мұқым-мүлде жойылып кеткен. Бүгінде қара арша, балғын арша және сауыр арша дейтін түрлері қалған. Аршаны алаш баласы, қазақ жұрты әулие ағаш санаған. Беталбаты балта шаппаған. Тек бесікке ғана, қобызға ғана, онда да абайлап қана, Табиғат-анамыздың таңдау-талғауымен ғана, меңзеуімен ғана мәністеп қиған. Он тоғызыншы ғасырдың басынан бастап аршаға алапат қырғын келген. Қарашекпенділер өздерінің таусылмас қара орманындай, қарағайындай қараған. Отындыққа қырыққан. Үй-жайларына, шошқа қораларына дейін шығындаған. Кендер мен кеніштер ашылса-дағы, аршаға сор боп жабысқан. Темір жолдың табанына тепкілеп тұрып төсеген. Солдаттарының гимнастеркаларын аршадан алынатын бояумен бояған… Жиырмасыншы ғасырыңыздың жиырмасыншы-отызыншы жылдарында отындыққа кесілген арша арбаға, тракторға, мәшинеге тиеліп әкетіліп жатқан. Қаратаудың Құлантау, Жыландытау, Пістелітау, Бозторғай мен Боралдай жағы, Машат шатқалы мен Арыс арналары аршадан осылайша айырылып қалған. Ақсу-Жабағылы қорығы құрылмағанда ше, аршаңыздың тағдыры не болар еді?! Шүкіршілік, қорық аумағының отыз пайызы – арша. Кармышева ханым: “Ғасырлар бойы жасайтын ғажайып арша алқаптары Қазақстан бойынша тек Ақсу-Жабағылы аумағында және Сайрамсу мен Сарыайғыр шатқалдарында ғана сақталып қалған”, – деп жазды. Ғалымдар баяғыдан-ақ баян етіп келеді. Небәрі бір ғана гектар арша алқабы күніне ауа арқылы тарайтын отыз кілә асылзат бөледі. Ол фитонцид деп аталады. Фитонцид ағыны жүрген жерде микроб болмайды. Осы отыз кіләңіз, яғни бір гектар арша алқабынан аңқитын асылзат алып қалаңызды залалсыздандыруға әбден-ақ жеткілікті екен.

Информация о работе Курстық жұмыс