Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 22:33, курсовая работа
Қазакстан Республикасының «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы» заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 10 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Оқушыларға экологиялық білім берудің мәні...................................................7
1.1 Экологиялық ортаға зиян келтірмеу..............................................................11
1.2 Табиғатты пайдалану және қорғау негәздері................................................16
1.3 Қазақстан Республикасының қорықтары......................................................21
1.4 Ұлттық саябақтар............................................................................................32
ІІ. Табиғатоты қорғаудың негізгі заңдары.........................................................39
2.1 Қызыл кітап ....................................................................................................42
2.2 Қоршаған ортаның қорғау туралы заңының негізгі ережелері..................45
2.3 Жасыл ел...........................................................................................................46
ІІІ. Еңбек қорғау бөлімі.........................................................................................47
IV Экономика бөлімі ............................................................................................50
Қорытынды............................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55
Ақсу-Жабағылының таңғажайып тауларында көшкін болдырмай, жарлауыттандырмай, жақсы сақтап келе жатқан да – арша. Ылғалды ықыласты түрде реттейтін де – арша. Маралыңыз аршаның арасында. Қоңыр аюыңыз бен қабаныңыз және борсығыңыз аршаның айналасында. Қасқырыңыз бен түлкіңіз аршаның ыршып түсер түйірлерін тістеріне басып тұшырқанар. Суырларыңызға дейін сусылдап келіп, аршаның түбінде аялдар. Биігіректегі арқарлар мен таутеке-тауешкілер аршаны кие тұтатынын білдіріп, белгілі бір мезгілдерде айнала-төңірегіне үйіріле еркелейді. Олардан да жоғарырақ жақты мекендеп, аса сирек көрінер қар барысының қалаулы аршалары алабөтен бөлекше болады. Айналайын аршаңыз Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, Жабағылы, Балдыберек және Балабалдыберек сияқты өзендерді, мыңдаған бастау-бұлақтар мен Айнакөл, Қызөлгенкөл сияқты жүздеген көл-көлшіктерді сақтауға септесіп келе жатыр. Ақсу-Жабағылы қорығының мұражайында төрт жүз жылға жуық уақыт жасаған аршаның кесіндісі сақтаулы тұр. Алты жүз, жеті жүз жыл жасаған аршалар аз емес. Мыңдаған жылдардан бері маңғаздана мұнартып көрінер керемет аршалар алыстан менмұндалайды. Оларға жетуіңіз қиын. Аршыл аршаның ақсөңке тартқан сүйектеріне дейін иірқобызданып, шиырлана шуақтанып жататынын қайтерсіз… Тәңіртаудың Ақсу-Жабағылы аймағындағы аршалы алқаптар Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның өз маңайындағы өңірлеріне, кенттері мен шаһарларына аңқыма асылзатын шашыратып тұрғаны анық.
Батыс Тянь-Шаньның
бұл бөлігіндегі бағзыдан келе
жатқан бедер-бәдіздерді
Ата-бабаларымыз Ақсу-Жабағылының тарихи тастарында талай-талай таңбалы жазбалар мен суреттер қалдырған. Сіз бен біздің ежелгі ата-бабаларымыз. Сол жазбалар мен таңбалар және сурет-сызбалар көп жылдардан бері ғалымдарды, мамандарды, саяхатшыларды, жалпы жанкүйер жұртшылықты қайран қалдырып келеді. Жабайы жануарлар, олардың ішінде машат-бұлақ кешкен маралдар, сол маралдардың маңайындағы қайқы құйрық иттер, таутекелер мен арқарлар, сондай-ақ аңшылар айтарлықтай шеберлікпен бейнеленген. Қасқабұлақтағы қоңырқошқыл, жалтыр тастардағы жүздеген жазба-сызбалар жоғары мәдениеттілігімен, талғам биіктігімен бөлекшеленеді. Олардағы маралдар да, таутекелер мен арқарлар да, адамдар да дегдарлықпен, бекзаттықпен бәдізделген. Төбеттері мен түйелерінің тұрық-тұрпаттарына қарап-ақ тауарихтарын тасқа оймыштап қалдырған қазақтардың арғы ата-бабаларының қолтаңбаларын анық аңғарасыз. Жан-жүрегіңіз толқынысқа түседі. Өкінішке қарай, осы жазбалар мен таңбалар, сырлы суреттер жан-жақты, жүйелі зерттеліп-зерделенбеген. Түбегейлі түрде жазылған туындылар, дерек-дәйектері толыққанды дүниелер, сипатты суреттері жетіп-артылып жататындай альбом-кітаптар жоқтың қасы. Қысқартып қайырсақ, Қасқабұлақ құпиялары әлі толық танылып, ашылып біткен жоқ.
Біз жоғарыда Ақсу-Жабағылының қызғалдағы мен аршасын ғана аз-кем айтыңқырадық. Жабайы алмалары – айрықша әлем. Оларды Сиверс алмасы деп атайды. Ғылым жүзінде. Ал, шынтуайтында – Ақсудың алмалары. Ақсу өзенінің арналарын қуалай өседі. Ақсу каньонында деген дұрыс шығар. Каньонның ұзындығы 18 шақырым, тереңдігі 500-600 метр, ені жарты километрге жетеді. Америкадағы атақты шатқалдан кейінгі екінші орында. Ақсудың жабайы алмалары түрлі-түрлі. Түстері ақсары, сарғыш, қызғылт сары, қызыл, т.б. Дәмі де тәтті, қышқылтым, сусілепір деп бірер түрге бөлінеді. Қарашаның соңында сау етіп төгіліп, қуыс-қуысқа жасырынып, жапырақ жамылып жатқан жабайы алманы желтоқсанның соңында қалың қардан аршып алып, қарш-қарш шайнаған қандай! Өгем өзеніндегідей, Сайрамсу мен Қасқасудағыдай қазақы қайың қасқайып тұрыпты. Аққайың емес, қызылқайың емес, жіңішкелеу қоңырқай қайың емес, күреңдеу реңді қазақы қайың. Бұтаның бірқаншасы, тобылғы мен ұшқаттың бірталайы, сары және қызыл доланалар, ақтал, таутал, сәмбітал, өрімтал, қаратал, ақтерек пен көктерек – сізге тағы не керек? Аққурай, қызылқурай… Андызды айттық.
Құстар, құстар. Біз бұл
сапарымызда біраз уақыт
Ақсу-Жабағылы қорығы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы комитетіне қарайды. Елу үш адам еңбек етеді. Күзет бөлімі, экологиялық ағарту және туризм бөлімі, ғылым бөлімі, қаржы және ұйымдастыру бөлімі бар. Он бес кордонның мемлекеттік инспекторлары отбасыларымен бірге тау түкпірлерінде тұрады. “Барлық кордондар күрделі жөндеуден өткізілген, байланыс құралдары, басқа да жағдайлар жасалған, – дейді қорықтың қазіргі директоры Айтбек Меңлібеков мырза. – Қорықтың бас кеңсесін, мұражайды, тағы басқа ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізгеніміз ЮНЕСКО қамқорлығы аясында бөлінген қомақты қаржының арқасы”.
Қорық басшылығының
құрамында Рашид Әбдірайымов,
Вагид Мамедов, Халида
“Аңдарды жылына үш мәрте санақтан өткіземіз, — дейді ғылыми қызметкер Ералы Қаспақов. – Биотехникалық шаралардың ең маңыздысы осы. Көктемде бір күндік санақ жүргізіледі. Бағыттар бойынша. Күзде үш күндік санақ. Бүкіл аумақты атпен аралаймыз. Үшінші санақ алғашқы қардағы аңдардың іздері бойынша өткізіледі. Қанша аю, қанша арқар мен тауешкі, неше елік пен марал, қанша қабан мен қар барысы, тағысын-тағылар бар екенін айтпаймыз (Ералы жымиып қояды). Соңғы бес жылда біраз-біраз өсу байқалуда. Соған қуанамыз”. Баяғы, отыз жетінші жылы аршалы алқаптары ғана қосылған Майдантал аймағы 2005 жылы тұтастай қорыққа қаратылыпты. Ең қиырдағы өңір – осы. Оңтүстігінде Өзбекстан, шығысында Қырғызстан жатыр. Майданталға бару мүмкіндігі тек жазда туады. Ол жақта осы уақытқа дейін толыққанды санақ жүргізілмепті. Былтыр Ералылар Майданталда барыстың аналығын және аланын (күшігін) көріпті. Екі жүз елу метрдей жерден. Бұл жақтың барысына қарағанда сұрғылттау, теңбілдері жиілеу, құйрықтары қайқылау сыңайлы сезіліпті. Сол сапарда қорықшылар арқарды да жиі жолықтырыпты. Бұрын Майданталда арқар жоқ деп есептелетін.
Қорық қызметкерлерінің
арасында атқарар жұмыстарына
қарай ағылшын тілін
Кордондарда жұмыс жүргізудің жауапкершілігі жоғары. “Ақсудың оң жағалауы” кордонындағы Дадабай Шамшилов жиырма жылдан бері осында. Былтыр барыстың бір жұбын жап-жақын жерден көріпті. Ақсу шатқалының шығыс жақ қырқасын қиып, қосақтасып кетіп бара жатыпты. Дадабайдан айылдарын жимапты. Жабағылы кордондағы Cабыр Жүнісбаев, Дарбазадағы Мырзатай Сабаев, Талдыбұлақтағы Орынбек Оразбаев сынды мемлекеттік инспекторлар, инженер-метеоролог Қалдыбек Бекпенбетов, экскурсия жетекшілері Ғабит Мамытов, Талғат Сапаров, Жангелді Әбілов, ботаник Самат Жұманов, жыртқыш аңдар жөніндегі маман Серік Меңлібеков сынды қызметкерлер қорықтың көркеюін көздеп, тер төгіп жүріпті.
Он жылдан астам уақыттан бері Ақсу-Жабағылыңызды Айтбек Меңлібеков басқарып келеді. “Табиғат қорғаудың үздігі” белгісімен, “Құрмет” орденімен марапатталған. “Бүкіл әлем таңырқайтын табиғаттың тамаша түкпірі ғой бұл, — дейді директор. – Бірақ, материалдық жағдай онша жақсы емес. Ең ақыры өрт сөндіру мәшинесі жоқ. Өзге қорықтарда мәшине емес, өрттен қорғау бөлімдері, тұтас техника бар. Бір жыл бұрын Мәжіліс депутаттары Нехорошев пен Мырзахметов мырзалар болған. Өрттен қорғау бөлімі, техника, тағы басқа жағдайлар жөнінде айттық. Депутаттар сауал салып, жәрдемдесу жайында уәде берген. Нәтиже жоқ. Жұмыскерлердің жалақысы жүдә жұқа. Мен – бірінші басшымын. Шошқа да баққам. Құс фабрикасын да басқарғам. Он жылдан бері осындамын ғой. Жекеменшік жерлерім бар. Техникам бар. Әйтпесе, қорықтың айлығы той-томалақтарға апарудан да артылмайды…”
Директор осылай ой
қорытты. Ақсу-Жабағылы үшін
Тап сол түсті металл
қабаттары қат-қат дейтұғын
“Қалжыраған, қанаттары талған бір топ қаз желге қарсы ұшып келеді. Тескентауды айналып, Маймақтаудың сыртынан шығып, Манас шыңын бөктерлей, Ақсай арнасын, Ақсу-Жабағылыны бетке алып, баяу қалықтайды. Тез ұшар еді, жел бар… Қаздар мен қазақтар – қанат аңсағандар”, – деп жазады Шерағаң шығармасында. Атақты “Ай мен Айша¬сында”. Өзге туындыларында да Ақсу-Жабағылыға айналып соға береді. Тұрар Рысқұлов Ташкенттен мәшинемен де келіп тұрған. Еңку-еңку жер шалып, сең¬гір-сеңгір тау асып, атпен де асығып жетеді екен. Ақсу-Жабағылының теңдесі жоқ табиғатына жанарлары жасаурай қарап: “Ақсуым – арымдай, Жабағылым – жанымдай… Айналайын алашым, қазағым, Қазақстаным, аман бол. Түркістаным, түгел бол!” – деген шығар Мәскеу жаққа біржолата кетерде.
Иә, ең алдымен, Ақсу-Жабағылыда еңбек ететін әрбір жан осы ұлағатты ұғынуға парыздар. Тек олар ғана емес, Қазақ елінің, Қазақ жерінің бүкіл жұртшылығы Шерағаң шырылын тереңірек түйсініп, Тұрар тектес тілекте болмағы абзал. Туған ел табиғатының таңғажайыптарынан айырылып қалмау үшін! Баршамыз: “Ақсуым – арымдай, Жабағылым – жанымдай…” десек, бұл – Алакөл мен Алматы, Барсакелмес, Батыс Ал¬тай мен Үстірт, Марқакөл мен Науырзым, Қаратау мен Қорғалжын қорықтарын да, Алтынемел, Баянауыл, Бурабай, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Көкшетау, Шарын, Көлсай көлдері, Сайрам-Өгем сынды ұлттық парктерімізді де қалтқысыз сүйгеніміз. Бүкіл Байтағымызды бағалағанымыз. Ана-Табиғатты аялағанымыз.
Алакөл қорығы
Орналасқан жері
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы және Алматы облысы
Координаттары
46.183333, 81.78333346°11′00″ с. е. 81°47′00″ ш. б. / 46.183333° с. е. 81.783333° ш. б. (G) (O)
Көлемі
65 217,9 га
Құрылған
1998 жылдың сәуірдің 21
Уәкілетті орган
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
'Алакөл мемлекеттік табиғи
қорығы '(lang-ru|Алако́льский госуда́