Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Экскурсиялық іс-халық арасындағы мәдени ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі.Экскурсиялық іске жүз жылдан астам уақыт болса да,оның тез қарқынмен дамуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында басталды.Экскурсиялық істің дамуы әдістемелік және теориялық негіздер жоспарын талап етті.Ресейдің экскурсиялық басқару туризм және экскурсиялық Кеңес Орталығы және туристік экскурсиялық ұйым жұмысшыларының білім жетілдіру институты басты рөл атқарды.Экскурсия – ұжыммен немесе жеке түрде көрікті жерлерге, мұражай және т.б. жерлерге бару,оқыту және мәдени-сауаттандыру мақсатында болатын жол сапарлар. Одан басқа экскурсия дегеніміз қоршаған ортада болып жатқан процесстерді тану, оларды қабылдау.

Содержание

Кіріспе 3
І. Экскурсия жүргізудегі тақырыптың ерекшеліктері 4
1.1 Экскурсияға кіріспе,оның құрылымы:ұйымдастырулық және ақпараттық бөлімдері 4
1.2 Эксурсияның негізгі функциялары 7
ІІ.Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде 9
2.1 Экскурсияның жіктелуі 9
2.2 Экскурсия жүргізудегі даярлау үшін әртүрлі пәндер білімдерін қолдану 12
ІІІ.Экскурсияны өткізу тәсілдері 14
3.1 Экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу 14
3.2 Экскурсияны өткізу техникасын анықтау 20
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экскурсиядан курстық жұмыс.docx

— 95.91 Кб (Скачать документ)

   Экскурсиялық іс әрекетте психологияның элементтерін қолдану.

   Адамның психикалық  күйі,бұл психикалық іс- әрекеттің  анықталған деңгейі,ол жеке тұлғаның  белсенділігі нәтижесінде айқындалады.Экскурсия  жүргізуші мен экскурсанттардың  әр түрлі психикалық түрде  болуының негізі,ол:өмір мен еңбектің  қоғамдағы рөлі,ұжымдағы микроклимат,денсаулық  күйі,физиологиялық фактор,және  атмосфералық процесстер.

   Экскурсия жүргізушілер мен методистері экскурсия жүргізбес бұрын мінез-құлық,темперамент,қаблеттілік,табиғи жетімтіктері,ес,байқағыштық,қиял,және ойлау сияқты адамның жан дүниесімен алдын-ала танысқан жөн.

   Экскурсия барысында  экскурсанттардың көңіл-күйі,психикалық  жайы, белсенділігі,экскурсия жүргізушісінің  дайындығына байланысты болады. Сонымен қатар,танымдық процессті  де ұмытпаған абзал болар.

   Танымдық процесс  экскурсанттардың абстрактілі ойлау  нәтижесінде жалғасады.Экскурсия  танымдық процессте екіге бөлінеді:

   1)Сезімдік таным;

   2)Логикалық таным.

   Экскурсия ұйымдастыруды  даярлау кезінде экскурсия жүргізушісі  өзін-өзі ұстай білуге,дұрыс мағлұматтандыру  өнеріне психологикалық тұрғыдан  дайын болу қажет[7].

   Кез келген экскурсия,экускурсия жүргізушіден немесе жаңа ғасыр термині- мен айтатын болсақ,гидтің тілдесуінен ,белсенділігінен, коммуникативтілігі- нен,өмірлік тәжірибесінен байқалады.

   Логикалық және  психологикалық заңдылықтарды бойына  сіңірген методист- тер,немесе экскурсия  жүргізушілері келесі логикалы-психологикалық  сұрақтарды  ешбір қиындықсыз  шеше алады:

   1)Экскурсиондық материалдың  айғақты мазмұндамасымен қамтамасыз  ету;

   2)Тарихи оқиғалардынақты логикалық жүйелікпен сараптай білу;

   3)Қоғамдық аргументтерді  қиындықсыз қолдану;

   4)Әрбір әңгімені  немесе тарихи баяндаманы құлаққа  жағымды етіп мәлімдеу;

   5)Кез келген контингент  жайлы толық хабардар болу;

   6)Әр түрлі темпераментті  адамдармен тез тіл табысу.

   Қорытындылайтын  болсам,экскурсанттарды даярлау  барысында логикалық және психологиялық  заңдылықтар зор рөл атқарады.Сондықтан  да,алдын-ала даярлау кезінде  өзін-өзі логикалық тұрғыдан моральды  дайындау қажет деп ойлаймын.Менің  ойымша,экскурсиядағы логикалық  құрылым және хронологиялық-экскурсиондық  материалды тез ұғынудың тиімді  жағдайына әсерін тигізеді.

   Назар аударуға  ықпал ету,көңіл бөлудің кризистік  жағдайлары және оларды экскурсия  жүргізу уақытында ескерту.

   Кез келген экскурсияның  қызықты болуы керек екендігін  барлығы да жақсы біледі.Экскурсияның  қызықты да танымды болуы үшін  экскурсия жүргізуші,экскурсанттарға  тек жақсы жағынан көрінуі  қажет.

 

 

 

                                                      Сурет 3

 

   Экскурсанттардың  назарын өзіне аудару үшін,экскурсия  жүргізушілері көркем әдеби сөздерді  қолданып қана қоймай,эстетикалық  ұғынуына,мәдени мағынасына көңіл  бөлген дұрыс.

   Экскурсияның қызықықты өтуінің негізгі принциптері.

   1)Экскурсияның өтілу  уақыты академиялық сағат,яғни 45 минуттан бір тәулікке дейін  созылуы;

   2)Экскурсанттардың жеке немесе ұжымы болуы;

   3)Қызықты гидтың  болуы;

   4)Көрнекілік құралдары  мен экскурсиялық объектілердің  көптеп болуы;

   5)Объектілердің көрсетілім  мақсаты;

   6)Берілген контингент  төңірегінде мәлімдемелер қорының  болуы;

   7)Экскурсияға қатысушылардың,белсенділік  көрсетуі.

   Статистика бойынша,назар  аударушылардың төменгі деңгейі 18-21 жас аралығында,орташа деңгей 22-25 жас аралығында,және жоғарғы  деңгей 23 жастан ары қарай байқалады[8].

        Экскурсия дайындау 15 негізгі кезеңнен тұрады:

   1)Тақырып таңдау, соған орай тақырыпты ашу үшін  экскурсия мақсаттары мен міндеттерін  анықтау;

   2)Әдебиеттерді таңдау ;

   3)Экскурсиялық материал  қайнарларын сұрыптау және кітапнама  құрастыру;

   4)Тақырып бойынша  мұражай қорларымен, экскурсияға  қатысты экспозициялармен танысу;

   5)Экскурсия бағдарын (маршрутын) құру және бағытта  кездесетін экскурсиялық нысандарды  зерттеу;

   6)Экскурсияның бақылау  мәтінін жазу;

   7)Экскурсияның бақылау  мәтіні бойынша бағдарды жүріп  өту;

   8) "Экскурсовод  портфелін " дайындау ;

   9)Әдістемелік қабылдауларды  жинақтау;

   10)Экскурсия өткізу  анықтамасы ;

   11)Экскурсия барысындағы  қөауіпсіздік ережелерін анықтау;

   12)Дара мәтін жазу;

   13)Экскурсия құрастырушысы;

   14)Экскурсияны тиісті  органдарға бекітуге беру;

   15)бекіту . 

 

       

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

                               ІІІ Экскурсияны өткізу тәсілдері

           3.1 Экскурсиялық жұмысты ұйымдасыру әдістерін зерттеу

   Тәжірибе барысында  әдістердің көп түрлері қарастырылады:индуктивті, дедуктивті,аналитикалық,синтетикалық,абстракциялау әдістерін үлгілеу, аналогты,сараптамалық,және т.б.экскурсия өткізу барысындаосы әдістердің барлығы қолданылады.

   «Әдіс» терминінің  көптеген анықтамалары бар:

   1)Табиғат және  қоғам құбылыстарына ақиқатпен  жақын келу;

   2)Мақсатқа бағытталған  айқын жұмыс өткізу,алға қойған  мақсатқа тәжірибелік тұрғыда  жете білу және теориялық дәлел барысындағы қабылдау жүйесі;

   3)Әдіс-тәсілдің немесе  практикалық әрекеттердің бейнесі[9].

   Экскурсия – экскурсанттардың  көз алдында тұрған объектілерге  талдау жасау арқылы көрнекті  жерлерді,тарих және мәдениет  ескерткіштерін әдістемелік жағынан  ойластырып көрсету,сондай-ақ олар  жайында шебер әңгімелеу.

   Экскурсиялық қызмет  – азаматтардың уақытша болатын  елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.Ол туристерді орналастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.Қызмет – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған адамның белсенділігі болып табылады.Экскурсия бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын әрекеттердің қосындысы.Бұл әрекеттер әр түрлі болып келеді:

   1)Топтың бағыт  бойынша қозғалысы;

   2)Объектілерге қатысты  қозғалысы (оларды аралау);

   3)Бағытқа кіргізілген  ескерткіштерді бақылау.

   Экскурсовод кеңестері  экскурсанттардың әрекетін бағыттандырады.    

   Экускурсия барысындағы әрекеттер екіге бөлінеді:

   1)Экскурсанттың қызметі: экскурсанттың қызметі бақылау, меңгеру, объектілерді зерттеу сияқты  белсенді формаларда көрініс  табады.

   2) Экскурсоводтың  қызметі:экскурсоводтың қызметі  бір қатар әрекеттерден тұрады,олардың  бастысы экскурсияны дайындау  және өткізу.

   Экскурсия – экскурсовод  маман қызметінің ерекше түрі.Кейбір әдіскерлер экскурсия,экскурсоводтардың жұмысы,ал экскурсанттар экскурсия барысында демалады деген пікірді ұстанады.Бұл қате пікір.Экскурсиялық үрдіске қатысу өтк қиын жұмыс болып табылады,сондықтан екі жаққа да оңай тимейді.

   Экскурсия белгілі  бір автордың шығармасы болғандықтан,әдеби  шығарма қойылатын талаптарды  есекре отырып,құралды және барлық  экскурсиялық материал бағынатын  сюжеті болады.Өзінің міндеттерімен  өткізу формасы бойынша шолу экскурсияға қарағанда өзінің құрылымы,мазмұны,өткізу әдістемесі бойынша қиынырақ болып табылады.

   Алғашқыда экскурсия  белгілі бір тәжірибелік мақсаттағы  серуен тәрізді болды.Мысалы:дәрілік шөптерді іздеу.Кейін ғылыми міндеттерді атқара бастады.Мысалы:өлкетану мұражайы үшін экспонаттарды іздестіру.Тәрбиелік жұмысты жақсарту ұмтылысы экскурсияны мәдени-ағартушылық жұмыстың бір түріне айналдырды.

   Қазіргі кезде  экскурсия өзінің арнайы функциялары  мен белгілері өзіне ғана тән,жеке  әдістемесі бар,аяқталған,біртұтас  құбылыс ретінде қарастырылады.

   Экскурсия функциялары оның негізгі қасиеттері болып саналады:

   1) Ғылыми насихаттау  функциясы;

   2) Ақпарат  функциясы;

   3) Мәдени демалысты  ұйымдастыру функциясы;

   4) Мәдени ой өрісті  кеңейту функциясы;

   5)Адамның қызығушылықтарын  қалыптастыру функциясы.

   Әр экскурсия бір  уақытта бірнеше  функцияны атқара  алады.Бұл экскурсанттардың қандай тобымен өткізіліп жатқанына байланысты:

   1) Балалармен жастар  үшін экскурсия – ол,мәдени-техникалық  ой-өрісті кеңейту функциясы;

   2) Мамандық таңдап  жатқан жасөспірімдер үшін экскурсия  – ол, қызығушылықтарын қалыптастыру  функциясы;  

   3) Шет ел туристері  үшін экскурсия – ол,ақпарат  функциясы және т.б.

   Экскурсияның,мәдени-ағартушылық  жұмыстың басқа да формаларындай (дәріс ,тематикалық кеш,ауызша журнал,оқырмандар  конференциясы) өз ерекшеліктері,және  өткізу әдістері бар.

  Экскурсиянын міндетті компоненттері :

   1)Экскурсия жүргізетін  экскурсоводтың болуы;

   2)Экскурсиялық топтың  болуы(топ немесе жеке адамдар);

   3)Экскурсия қатысушыларының  алдын ала құрастырылған бағыт  бойынша жылжуы.

   4)Объектілерді көрсетуде  бірізділік болуы,белгіленген тақырыптың  болуы;

   5)Көрнектілік , көзбен  көру,экскурсиялық объектілерді орналасқан жерінде көрсету;

   6)Өткізу уақытының ұзақтығы бір академиялық сағаттан (45 минут ), бір тәулікке дейін;

   7)Қатысушылардың белсенді қатысуы(бақылау,меңгеру,объектілерді зерттеу).

   Жоғарыда айтылған  жеті белгінің біреуі жоқ болған  жағдайда өткізіліп жатқан іс-шараны  экскурсия деп айту құқығынан  айырылады.

   Экскурсоводтың негізгі парыздары ( Райковумен ):

   1)Экскурсия барысында демалуды жаңа ақпараттық мағлұмат берумен  байланыстыра өткізу;

   2)Экскурсияның маңыздылығын зерттеу, тақырыбын белгілеу, тақырыбын ашатын нысандарды бекіту;

   3)Экскурсия басталарда экскурсанттарға сұрақтарды экскурсия соңында қою керектігін ескерту және экскурсия барысында тек экскурсияның тақырыбын ашуға ұмтылу, сыртқы орта жағдайларына алаңдамау;

   4) Адамдарды зеріктіріп алмау;

   5) Экскурсия соңында қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысу;

   6) Экскурсанттарды назарсыз қалдырмау: оларды белсенді және дербес жұмыс істеуге ынталандыру;

   7) Нысандармен таныстыру кезінде даталармен, сандармен, өзге тілден енген қиын атаулармен экскурсанттарды жалықтырып алмау;

   8) Экскурсанттарға  нысандарды дұрыс көрсету;

   9) Экскурсанттарды шаршатпау .

   Экскурсия өткізудің негізгі әдіс тәсілдері.

   «Әдіс»ұғымы грек  тілінің «метод»сөзінен шыққан,мағынасы «бір нәрсеге бағытталған жол»дегенді білдіреді.Сонымен қатар зерттеудің немесе таңдаудың,теориямен оқудың жолы.Кейінірек мағынасы – алға қойған мақсатқа жетудің,белгілі бір міндеттердің орындалуына көмектесетін жиынтық.

   Әдіс тәсілдерді  жалпы және жеке даярлайды.

   Жалпы әдістер  көптеген ғалымдарды зерттеу,оқу,талап  ету тәсілдерінің негізін құрады.

   Жеке әдістер объектілерді  зерттеуді,балалармен ересек адамдарды  тәрбиелеуде,бақылау әдістерін анықтайтын  әдіс тәсілдер.

   Экскурсиялық әдіс  бірнеше аспектілерді қамтиды:

   1)Негізі ретінде;

   2)Механизм ретінде;

   3)Процес ретінде.

   Әдіс,оқылатын дәрістен  қарағанда,экскурсанттарға көруге,түсінуге,есте  сақтауға көмектеседі.

   Экскурсиялық жұмыстың әдісі келесі сұрақтарға жауап береді:

   1)Не үшін экскурсия  жүргізіледі?(мақсаты мен міндеті)

   2)Экскурсия барысында  қандай сұрақтар ашылады?

   3)Экскурсияны қалай  өткізу керек?

   4)Экскурсанттардың  назарын қалай аудару керек?

   Экскурси өткізудің екі бөлімі бар:

   1)Көрсету әдісі;

   2)Әңгімелеу әдісі.

Экскурсиялық әдіс осы түсініктермен тығыз байланыста.Олар экскурсияның негізгі элементтері,экскурсоводтың кәсіпкерлігінің түрлері.

   Кез келген экскурсияның  эффектифтілігі оны жүргізудің техникасымен әдістемесіне байланысты.

   Экскурсия жүргізудің әдісіне келесі талаптар қойылады:

   1)Экскурсоводтың  топпен танысуы;

   2)Экскурсанттардың  автобустан шығуы,автобусқа қайта  оралуы;

   3)Экскурсоводтың  микрофонды пайдалануы;

   4)Уақытты бақылауы;

   5)Экскурсанттардың  сұрақтарына жауап беру,және т.б.

Экскурсовод автобусқа кірісімен топпен танысады.Ол  барлық адамдармен амандасады,өзінің тегін,аты-жөнін,өзі ұсынатын экскурсия мекемесін, экскурсанттарды көлік жүргізушісімен таныстырады,яғни экскурсияны кіріспеден бастайды.

   Экскурсовод өзінің  іс-әрекеттерін белгіленген топпен  қарым-қатынас ережелеріне бағындыруы  өте маңызды.Ол бірден сөйлей  бастамайды.10-20 минут созылатын үзіліс  болады.Бірінші танысу басталады, одан ары қарай экскурсия жүргізуші мен топтың арасындағы  қарым-қатынасқа тәуелді болады.Экскурсанттар бірте-бірте тынышталады,ыңғайласып отырады,олардың назары экскурсоводқа ауысады.Экскурсанттар,экскурсоводтың тәжірибелігін  бағалайды, оның қандай қызықты әңгіме айта алатынын ойластырады,ал экскурсовод экскурсанттарды немен қызықтыра алатынын ойластырады.

   Экскурсиялық жұмысты  дұрыс ойластыру кезінде оған  дайындық алдын-ала өткізілуі  тиіс.Мұны экскурсияны ұйымдастырушылар  немесе турагенттер жасайды.

   Экскурсия сюжеті  экскурсантқа алдын-ала белгілі  болуы тиіс.Экскурсант экскусия  тақырыбын білуі тиіс.Жарнамалық  қызметпен экскурсиялық жолдаманы  сатып алу экскурсиядан 1-2 күн  бұрын болғаны шұғыл маңызды.Бұл уақыт аралығы кезінде экскурсанттардың белгілі психологиялық нұсқауы орнатылатынымен маңызды,Ол экскурсия сюжетін ойлануға және түсінуге үлгереді.

Информация о работе Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде